§20 БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 1. Жалпы
ережелер 1. Ережелер университеттегі оқытудың кредиттік жүйесі бойынша іске асырылатын
жоғары білімнің кәсіби оқыту бағдарламасы мен жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімнің бірыңғай
талаптарын айқындайды.
2. Білім алушылардың өзіндік жұмыстары (БӨЖ)
- өз бетінше оқуға берілген, оқу- әдістемелік
әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары,
коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде
ақыланатын тақырыптардың
нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің өзіндік
жұмыстары (СӨЖ)....; БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күнсайын өзіндік жұмыстарды
талап ететін тапсырмалармен расталады
3. білім алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің
өзіндік жұмысы (ОСӨЖ). Білім алушының өзіндік жұмысы оқу жоспарына сәйкес белгілі бір
пәнді меңгеру барысында алған білімнің сапасын, тереңдігі
мен беріктігін арттыруға, сонымен
болашақ кәсіби қызметінде де қолдана алатын студенттің өзіндік іздену, өзіндік даму мен өзіндік
жетілудағдыларын қалыптастыруғабағытталған оқу үрдісінің маңызды бөлігі болып табылады.
4. Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру оқу үрдісін ұйымдастырудың басқа да түрлерімен
өзара байланысын көздейді, атап айтқанда: - пән тақырыптарын меңгерудегі білім алушының
өзіндік жұмысы орнының айқындалуы; - дәрістік және тәжірибелік сабақтардың білім алушының
өзіндік жұмысына бағытталуы; - білім алушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру түрінің, әдіс-
тәсілдерінің
таңдалуы; - білім алушыларға өзіндік жұмыс тапсырамаларын орындау бойынша
әдістемелік нұсқаулықтардың жасалуы; - білім алушының өзіндік жұмысын сабақтардың басқа
түрлерімен үйлестірілуі.
5. Білім алушылар өзіндік жұмысты ұйымдастыру ережелерін, нормалары
мен талаптарын білуі
тиіс.
6. Өзіндік жұмыс барысында білім алушы оқу үдерісінің белсенді қатысушысы ретінде еркін түрде
сыни және креативті ойлау, өзінің пікірін дәлелдеп қорғау дағдыларына ие болады.
7. Өзіндік жұмыс түрлері, олардың еңбек сыйымдылығы, формалары мен бақылаумерзімдеріәр
пәннің силлабусында көрсетіледі. БӨЖ түрлері мен формаларының мысалдары:
1) Реферат – әдебиеттерге міндетті түрде шолу жасай отырып,
мәселені жазбаша мазмұндау
немесе ғылыми жұмыстың, кітаптің мазмұнын талдай отырып баяндау.
2) Коллоквиум – оқу материалын меңгеру сапасын анықтау мақсатымен пәннің оқылған
тақырыптары бойынша сұхбаттасу түрінде өткізілетін білім алушының өзіндік жұмысын бақылау
формасы.
3) Эссе – сын, публицистика және сол сияқты т.б. жанрдағы өзекті мәселе бойынша өзінің жеке
көзқарасының жазбаша тұрдегі мазмұндамасы.
4) Мақсаттар ағашы – мәселені таңдап, деңгей бойынша мақсаттарын белгілеуді;
барлық
деңгейдегі тапсырмалар мен оларды орындау алгоритмін анықтауды; мақсатқа жету жолдарын
анықтауды; жұмыс сапасының көрсеткіштері мен тапсырманы бақылау түрлерін таңдауды
көздейтін тапсырма.
5) Презентация – белгіленген мәселе бойыншанегізгі қағидаларды слайд,бейнеролик және т.б
материалдар арқылы көрсете отырып жасайтын ауызша баяндама.
6) Жағдаяттық тапсырма – әртүрліжағдайлардың сипаттамасы
мен оларға байланысты
тапсырмалар тізімдемесі.
7) Іскерлік ойындар –білім алушының болашақ кәсіби қызметіне байланысты дағдыларды
қалыптастыруға бағыттылған және алдын-ала дайындық пен өз бетінше аяқтауды талап ететін кез-
келген процестің имитациясы.
8) Топтық жоба – 3-5 білім алушыдан тұратын топтың жоба жасауына арналған тапсырма.
9) Жеке жоба – дайындық деңгейі жоғары білім алушылар үшін өзекті тақырып бойынша зерттеу
жобасын әзірлеуге арналған тапсырма. 10) Глоссарий (тізбек сөздер) – берілген тақырып бойынша
терминдер мен түсініктердің қысқаша анықтамасы.
8. Әр пән бойынша өзіндік жұмыс түрлері мен формалары пәннің ерекшелігіне, мақсат-
міндеттеріне, күрделілігі мен өзектілігіне, білім алушылардың дайындық деңгейіне, пәннің еңбек
сыйымдылығына қарай анықталады.
9. Білім алушының өзіндік жұмысының технологиялық элементтері ретінде өзіндік жұмысты
жоспарлау
мен ұйымдастыру, оның орындалуын бағалау мен бақылау, БӨЖ-ді талдау мен
жетілдіру болып табылады.