© 2020 Al-Farabi Kazakh National University
ISSN 1563-0269, еISSN 2617-8893 Journal of history. №2 (97). 2020 https://bulletin-history.kaznu.kz
200
ҒТАМР 03.61.21
https://doi.org/10.26577/JH.2020.v97.i2.22
А. Бейсегулова
PhD докторанты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Қазақстан, Алматы қ., e-mail: aika_n75@mail.ru
ХХI ҒАСЫРДАҒЫ ЭТНИКАЛЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ ЗЕРТТЕУДЕГІ
ЖАҢА ТЕОРИЯЛАР:
СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ БІРЕГЕЙЛІК ТЕОРИЯСЫ
Мақала қазіргі күнгі өзекті тақырыптардың бірі этникалық бірегейлік мәселесінің кейбір
ұғымдары мен концепцияларына арналған. Бұл ұғымның негізі батыстық әлеуметтанушылары
мен антрополог ғалымдарынан бастау алатындықтан солардың тұжырымдамаларымен
қатар орыс және отандық ғалымдарының да еңбектеріне саралау жасалды. Олар бірегейлік
мәселесін әлеуметтік құрылым ретіндегі примордиализм, конструктивизм, инструментализм үш
интерпретациялауға бөліп қарастыратын осы бағыттардың өкілдері П.И. Кушнер, С.А. Артюнов,
Ю.В. Бромлей, Л.Н. Гумилев, В.И. Табаков, В.Д. Соловей, Н.Н. Целишев, Э. Смит, К. Гирц,
К. Калхун, Б. Андерсон, Э. Геллнер, Ф. Барт және В.А. Тишковтардың теорияларына тоқталып
өтілді. Сонымен қатар, этникалық бірегейліктегі мәдени шекараларға түбегейлі жаңа серпін
берген ғалым Ф. Барттың тұжырымдамалары сарапталған. Оның этникалық феноменді
түсінудегі әртүрлі жолдарына этникалық белгілердегі мәдени айырмашылықтарды әлеуметтік
ұйымдастырудың нысаны және топтың өздері белгілейтін маңызы бар мәдени сипаттамалары
туралы концепциясын қарастырған. Оның мәдени шекараның белгілі бір этникалық топқа
жатқызылу екі түрлі шекарамен, яғни, ішкі шекара – әлеуметтену үрдісі арқылы болса, екіншісі,
сыртқы шекара топаралық қатынастар негізінде қалыптасқаны туралы.
Түйін сөздер:
этникалық бірегейлік, ішкі бірегейлік, сыртқы бірегейлік, мәдени шекара,
этникалық топ.
А. Beysegulova
PhD Student of al-Farabi Kazakh National University,
Kazakhstan, Almaty, e-mail: aika_n75@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |