А. Бейсегулова



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата12.12.2023
өлшемі316,48 Kb.
#196440
1   2   3   4   5   6
Мәселенің әдістемесі
Этникалық бірегейлікті зерттеуде қол да-
натын әдістер отандық және шетел ғалым да-
рының теориялық тұжырымдарына негізделеді. 
Тақырыптың нәтижесіне жету үшін жалпы 
ғы лыми жинақтау, жүйелеу, салыстырма
-
лы талдау сияқты әдістер арқылы жазылды. 
Соны мен қатар, этнология, этносоциология 
ғылым дарының эмпирикалық әдістер, салыс-
тыру, анализ синтез, дедукция және сапалы 
және сандық, бақылау әдістері пайдаланылды. 
Этнология ғылымындағы бұл әдістер көтеріліп 
отырған тақырыпты толыққанды ашуға мол 
мүмкіндіктер береді. 
Этникалық бірегейліктегі сыртқы және 
ішкі бірегейлік теориясы
Этникалық бірегейлік пәнаралық мәселе 
болып табылады. Этникалық бірегейлікті эт
-
нологиямен қоса, социология, философия, 
мәдени антропология, психология және т.б. 


202
ХХI ғасырдағы этникалық бірегейлікті зерттеудегі жаңа теориялар: сыртқы және ішкі бірегейлік теориясы
ғылымдар зерттейді. Этникалық бірегейліктің 
этнологиялық тұрғыда зерттеудің эмпирикалық 
әдістері мен зерттеу әдістемелері бар. Соны
-
мен қатар, этникалық бірегейлікті әлеуметтік 
құбылыс 
ретінде 
қарастыратын 
болсақ 
этносоциологиялық бағыттың ұтымды тұстары 
жетерлік. 
Этникалық үрдістерді интерпретациялауды 
негізгі үш бағытқа бөліп қарастырсақ болады:
Примордалистік (эссенциалистік) бағыт. 
Оның негізгі өкілдері П.И. Кушнер, С.А. Ар
-
тюнов, Ю.В. Бромлей, Л.Н. Гумилев, Э. Смит, 
К. Гирц, К. Калхун және т.б. болып табылады. 
Олар адамның бастапқы, яғни примордиалды 
этникалық бірлігінің болғандығын қолдайды. 
Ғылымдағы мұндай қадамнан екі бағыт бөлініп 
шығады: социобиологиялық және эволюциялық-
тарихи бағыт. Алғашқы бағытты жақтаушылар 
зерттелу құбылысты адамдардың туыстық 
топтарының кеңейтілген (Калхун, 2006) және 
адамдардың табиғатпен немесе белгілі бір ланд
-
шафтпен байланысын қараcтырады (Гумилев, 
1993). Эволюциялық-тарихи бағыт этникалық 
үрдісті мәдениет пен тарихтың жетістігі ретінде 
қарастырып, этносты адамзат қоғамының та
-
рихи кезеңде кешенді атрибуттары – террито
-
риясы, тілі, діні, дәстүрі, мәдениеті және т.б. 
қалыптасқан бірлігі деп түсінеді (Бромлей, 
1983).
Примордиалистік көзқарасты америкалық 
ғалым Исаев социологиялық және антропо-
логиялық әдебиеттегі ең ескі тәсілдің бірі дей 
келе, этникалық тиістілік – бұл дүниеге келген 
кезінде берілетін нәрсе, ол адам қоғамының тегі 
мен кландық құрылымынан және, демек, көп не
-
месе аз тіркелген және тұрақты.
Біз төрт негізгі тәсілді және бірқатар 
тәсілдерді бөліп аламыз, олардың кейбіреулері 
негізгілермен қиылысады. Бұл: (1) Бастапқы 
құбылыс ретінде ойластырылған этникалық 
тиістілік, (2) эпифеномен ретінде ойластырылған 
этникалық тиістілік, (3) жағдаяттық құбылыс 
ретінде ойластырылған этникалық тиістілік, 
(4) таза субъективті құбылыс ретінде ойлас-
тырылған этникалық тиістілік деп келтіреді 
(Isajiw, 1974, p. 122). Конструктивизм. Оны 
негізінен батыс әлеуметтанушылары мен ан
-
тропологтары қолдайды. Сонымен қатар, 
қазіргі кезде ресейлік ғалымдардың бірқатары 
осы бағытты ұстанып келеді. Бұл жерде 
этникалық болмыстың (территория, мәдениет) 
объективті емес субъективтілігіне мән беріледі. 
Конструктивизмнің 
мағынасы 
этникалық 
бірлікті жекелеген индивидтердің мақсатты 
түрде ұйымдастырған институттары арқылы 
қалыптасады деп ұғынады. Яғни этникалық 
бірлікті әлеуметтік құрылым ретінде түсінеді. 
Оның өкілдері Б. Андерсон, Э. Геллнер, 
Ф.Барт, Э. Хобсбаум, М. Биллиг және ресейлік 
зерттеушілер В.А. Тишков, В.М. Воронков, 
В.С. Малахов, О. Бредникова және т.б. болып 
табылады. Бұл бағыттағы зерттеулердің негізгі 
бағыттары этникалық бірліктің қалыптасуы 
мен оны қалыптастырудағы элитаның рөлі мен 
мәдени шекаралардың қызметін қамтиды.
Конструктивизмнің тағы бір түрі инструмен
-
тализм болып табылады. Оның негізгі өкілдері 
Л.М. Дробижева, М.Н. Губогло, Ю.В. Артюнян, 
В.А. Ядова, А. Коэн, К. Дойча, Х. Ортега-и-
Гассет және т.б. зерттеушілер болып табылады. 
Олардың пікірі бойынша этникалық топқа бірігу 
үшін мықты саяси мобилизация болуы қажет. 
Ол этникалық топқа өзінің құқықтарын қорғауға 
мүмкіндік береді. Этникалық бірегейлікті саяси
күрес пен экономикалық бәсекенің құралы 
ретінде қарастыру көптеген далалық зерттеулер
-
де көрініс тапқан (Губогло, 2003).
Зерттеудің бұл бағыттары бірқатар шек
-
теулерден тұратыны белгілі. Сондықтан, 
примордиалистік, 
конструктивистік 
және 
инструменталистік методология синтезінде 
қалыптасқан аналитикалық еңбектер жазылуда. 
Осындай интеграциялық еңбектерді жазудың 
қажеттігі жөнінде М.О. Мнацианский (Миацака
-
нян, 2008), И.Ю. Зарипов, Б.Е. Винер, А.М. Мо
-
наков, Дж. Фишман және басқалары жазды (За
-
рипов, 2000). Алайда, интегралды методология 
өзінің бастапқы қалыптасу кезеңінде тұр екенін 
атап өткеніміз жөн.
Біздің зерттеу тақырыбымыздың ерекшелі-
гіне қарай, этникалық бірегейліктің методология-
лық ұстанымдары әртүрлі қалыптасып келеді. 
Соның ішінде әлеуметтанулық тұрғыда жан-
жақты қарастырылады. Оның көш басында 
М. Вэбер, Э. Дюркгеймдер тұрды. Онда әлеу-
меттік жүйенің «Этникалық бірегейлік» және 
«этни калық сана сезім» түсінігінің этносоциоло
-
гия ғылымында өзінің тарихы қалыптасқан. 1990 
жылдарға дейін ғылыми айналымда этникалық 
немесе ұлттық сана сезім деген түсінік этностың 
жалпы территориясы, тілі және мемлекеттілігі 
деген ұғымдарды қамтып келді (Арутюнян, 
1999). Ал, заманауи пәнаралық әлеуметтанулық 
және психологиялық тілде этникалық бірегейлік 
түсінігі қалыптасты. Этносоциологияда оны 
«этникалық сана сезім» ретінде түсіндіріледі.
1960–1970 жж. этнология ғылымында «эт-
ни калық немесе ұлттық сана сезім» ұғымы 


203
А. Бейсегулова
этникалық топ пен ұлттың өзін өзі қай ұлт пен 
топқа жатқызуында жетекші орында болды. 
Этникалық сана сезімді теориялық талдаулардың 
маңызды бөлігі 1960 жылдың екінші жартысын
-
да «Вопросы истории» журналындағы мақа ла-
лардан көрініс тапты. Бұл талдаулардың қоры-
тындысы ретінде ұлттық немесе этникалық сана 
сезім «ұлт» ұғымымен тоқтамға келді. Кеңестік 
этнология ғылымындағы ұлттық сана сезімді 
зерттеу оның құрылымдық ерекшеліктеріне де 
тоқталды. Ю.В. Бромлей өзінің «Очерки теории 
этноса» атты еңбегінде мынадай құрылымдық 
элементтерді көрсетті. Оған: тіл, мәдениет, та
-
рих және территория, діни және таптық сананы 
кіргізді (Бромлей, 1983: 176; 183).
Этникалық сана сезім ұғымының мәнін 
түсіну үшін кеңестік этнология және этносоцио-
логиялық мектептерін этнос, мәдени біріктіруші, 
әлеуметтік және саяси-идеологиялық формалар
-
да интеграциялануына жағдай жасады.
Л.М. Дробижева өзінің теориялық еңбек-
те рінде этникалық сана сезімнің құрылымы 
мен қызметінің инструменталды функциясы
-
на мән беріп, оның идеологиялық, әлеуметтік-
психологиялық, топтық және мемлекеттік 
дең гейіндегі функциясын бөліп көрсетеді (Дроби
-
жева, 2003: 41). Сонымен қатар, этникалық мүдде 
мен құндылықтар түсінігінің айырмашылығын 
анықтайды. Бұл тұрғыда посткеңестік елдердегі 
ұлт-азаттық қозғалыстарда ұлт зиялылары мен 
элиталық топтың рөлін қарастырады (Дроби
-
жева, 1996: 251; 263). Қазіргі кезде этносты 
зерт теуде примордалистік, инструменталистік 
және конструктивистік ғылыми теорияларға 
сүйенеміз. Осыған сәйкес тілдік, мәдени, терри-
ториялық және құндылықтар ұғымын жалпыла
-
ма «этникалық бірегейлік» деп атаса болады.
Батыстық зерттеулердің Ресейлік зерт
-
теулерге тигізген әсерінен ұлт теориясы мен 
ұлтшылдық мәселесі «этникалық бірегейлік» 
терминімен ауысып келді. Бұл Қазақстанның 
қоғамдық ғылымдарына да өз әсерін тигізбей 
қоймады. Қазіргі кезде көпшілік зерттеулер
-
де этникалық бірегейлік мәселесі өзекті мәселе 
ретінде көрініс тауып отыр. Зерттеулердегі 
методологиялық фокустың этникалық сана 
сезімнен «этникалық бірегейлікке» ауысуы, 
объектінің атауы «этностан» «этникалық топқа» 
ауысуына алып келді. Ол конструктивистік және 
инструменталистік тұрғыда өзін мәдениеттің 
құрамында субъективті факт ретінде қарауға 
мүмкіндік берді (Тишков, 1997: 28). 
Э. Смит этникалық топты этноним, мәде-
ниет, ортақ шығу тегіне қарай, туған жерімен 
немесе территориясымен байланысына және 
ынтымақтастығына қарай тануды ұсынады 
(Smith, 1991: 21). Ал, А. Сусоколов бұл мәсе-
леге ақпараттық қадам жасауды жөн көріп, 
этникалық топ немесе этнос қазіргі жедел ау
-
малы төкпелі жаһандық әлемге өз мүшелерінің 
тез бейімделетін «ақпараттық сүзгі» болуы шарт 
деп көрсетеді (Сусоколов, 1991: 13).
Этникалық 
категориялар 
әлеуметтік-
мәдени жүйенің барлық саласын қамтиды. Ол 
әлеуметтік өмірге кіріге алады. Бұл Барт бойын
-
ша мәдени ерекшеліктерді таратудың қолдаушы 
факторы болып табылады. Полиэтникалық 
қоғамда барлық этникалық топтардың мүше-
лері дихотомия мен мәдени ерекшелікті 
қолдайды. Мәдени толықтырушы үрдістер 
этникалық топтардың өзара байланыстылығын 
күшейтіп симбиотикалық сәйкестікке не
-
месе үйлесімдікке алып келеді. Ал, мәдени 
толықтырушылар болмаған жағдайда этникалық 
негізде өзара әрекеттесулер болмайды немесе 
этникалық бірегейліксіз қалыптасады. Барттың 
пікірінше күрделі әлеуметтік жүйелер өзара 
ірі толықтырушы құндылықтарды түсіндіреді. 
Яғни, мәдени ерекшеліктер мен әлеуметтік 
негіздердің формаларын анықтайды. Әлеуметтік 
жүйедегі мәдени әркелкілік біріншіден тұрақты 
болуы шарт, екіншіден, этникалық топ ішінде 
жүйеленген болуы тиіс. Басқаша айтқанда топтың 
әр мүшесінің әлеуметтік рөлі стереотипті болуы 
керек. Осы кезде этносаралық ықпалдастықтар 
этникалық бірегейлікке негізделеді. Барт тұ-
жырымдамасының негізгі ұстанымы этникалық 
топтар мен мәдени көптүрлілікті зерттеуде 
ұлттық сананың қызметі мәдени ерекшеліктің 
әлеуметтік формасы ретінде қарастырылады. 
Этникалық топ индивидтің танымы мен өзін-
өзі қандай топқа және категорияға жататынына 
қарай қалыптасады. 
Ф. Барттың этникалық бірегейлікті зерттеу 
әдістері этникалық және мәдени ерекшеліктерді 
зерттеуде күрделі өзгерістер алып келді. Ол 
этникалық бірегейліктегі мәдени шекаралардың 
объективті тарихи сабақтастығынан гөрі 
этникалық бірегейлікке индивидуальды сана 
мен әлеуметтік жағдайды түйсіну шарттарына 
мән береді (Барт, 2006). 
Енді «этникалық топ» түсінігін қарастыратын 
болсақ, қоғам мүшелерінің ортақ мәдениетті 
бөліп жармай өзін сол мәдениеттің өкілі ретінде 
және сол мәдениеттің мұрагерімін деп есептейтін 
адамдар тобын атайды. 
Этникалық топты анықтауда ата-баба мен 
ұрпақтар арасында салт-дәстүр, әдет-ғұрып 


204
ХХI ғасырдағы этникалық бірегейлікті зерттеудегі жаңа теориялар: сыртқы және ішкі бірегейлік теориясы
және ырымдардан тұратын ортақ құндылық бо
-
луы шарт. Осы құндылықтар арқылы этникалық 
топтың бірегейлігі қалыптасады. Бұл мәдени 
құндылықтар атадан балаға жалғасуы керек.
Этникалық топты анықтау Ф. Барттың 
еңбектерінен бастау алатыны белгілі. Оның 
пікірінше этникалық топтың этникалық шека
-
расы анықталуы тиіс. Этникалық шекаралардың 
екі типі, «ішкі» және «сыртқы» болып бөлінеді. 
Яғни, этникалық топ ішіндегі шекара ішкі бол
-
са, этникалық топ сыртындағы шекара сыртқы 
болып табылады. Көп жағдайда этносаралық 
қатынастар осы екі шекараға байланысты болып 
табылады. 
Ішкі шекара – топқа өздігінен қосылу. Ол 
өзін өзі тану процесінде қалыптасады. Бұл өз 
сезімінің белгілі бір этникалық топқа сәйкестен-
діру болып табылады. Сыртқы шекаралар 
белгілі топ мүшелігінен сырттап қалу неме
-
се өзгелердің кеңістігі. Көпұлтты қоғамдағы 
этникалық топтардың әртүрлі өкілдерінің өзара 
бәскелесуі мен ішкі шекараның болуы сыртқы 
шекаралардың қалыптасуына алып келеді. 
Бұл белгілі бір топтың өзгелер арқылы белгілі 
бір этникалық топқа жатқызылуын көрсетеді. 
Аталмыш топ ол этникалық топтың мәдени 
ерекшеліктерін көрсетпесе де жүзеге аса береді. 
Өзгелер арқылы белгілі бір топқа теліну неме
-
се танылу өзін өзі тануда әлеуметтік ұйымның 
жаңа формасын қалыптастыруы мүмкін. 
Жалпы алғанда белгілі бір этникалық топқа 
жатқызылу екі түрлі шекараның мәселесін 
көтереді, біріншісі, ішкі шекара – әлеуметтену 
үрдісі арқылы болса, екіншісі, сыртқы шекара 
топаралық қатынастар негізінде қалыптасады. 
Бұл екі топтың өзара қатынасының Канада 
мен АҚШ тағы этникалық топтардың қарым-
қатынасын мысалға келтіруге болады. Менің 
ойымша негізгі ерекшелік сыртқы шекаралар
-
да болады. Себебі, кейбір этникалық топтар 
өзге қоғамда өзгелер ретінде екі қоғамда да та
-
нылып кетеді (Мысалы, Қарақалпақстаннан 
келген қазақтарды біз қалпақ дейміз, оларды 
Қарақалпақстанда қазақ дейді, осы мәселені 
көрсетіп отыр). Оның ішінде оларды саяси билік 
және басқа да органдардың атауы қалай бола
-
тыны маңызды болады. (Осыған байланысты 
кезінде бізді патшалық Ресей қырғыз деп атады 
ғой, немесе сарттардың көпшілігін ұйғыр бо
-
лып кетуі, немесе құрамалардың өзбек болып 
кетуі деген сияқты мәселе). Сонымен сыртқы 
шекараның қалыптасуы саяси мәдениеттің және 
иммиграциялық саясаттың бағытына байланыс-
ты болып табылады (Isajiw, 1974: 122).
Сонымен қатар, сыртқы шекаралар сая
-
си мо билизация мен бірліктің маңызды бөлігі 
ретінде қарастырылады. Алайда, бұл бірлі к-
ті ішкі шекараның қалыптастыратын бірлік-
пен шатастыруға болмайды. Бұл жерде этни-
калық бірлік емес, жалпы этностардың бір лігі 
меңзеліп тұр. Мысалы, оны АҚШ тағы афро-
американдықтар, карибтіктер және латынаме-
рикалықтар ретінде қарастырса болады. 
Ал, этникалық ішкі шекаралардың көлемі 
этникалық және аймақтық топтардың ерекше-
ліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Оны 
калабреси және итальяндықтар мысалында 
қарастырсақ болады. Аймақтық топ өмір сал
-
тын мәдениет ретінде қарастырса болады. 
Бірақ, ол үшін аймақтық топтың бірегейлігі 
этникалық бірегейліктің бір бөлігі деп та
-
нылуы керек. Осылайша Калаберезилер өзін 
Фриуланд, Тоскана және басқа аймақтарға 
қарағанда итальяндық ретінде есептейді. Бұл 
тұрғыда аймақтық бірегейлік кең көлемде 
итальяндық этникалық бірегейліктің бір 
бөлігі ретінде қарастырылады. Алайда, кей-
бір аймақтарда өзіндік төл тарихы мен мәде-
ниетін ұстанып отырған топтар бар. Олар өзге 
этникалық топ ретінде өзінің бірегейлігін 
сақтап қала береді.
Индивуалды деңгейде этникалық тиістілік 
– әлеуметтік психологиялық үрдіс. Ол адамға 
тиістілік пен бірегейлік сезімін тудырады. 
Этникалық бірегейліктің ішкі және сыртқы 
аспектілерін бөліп қарастыруға болады. 
Сыртқы аспектілері мәдени және әлеуметтік 
тұрғыда көрініс табады: 1) этностың өз тілінде 
сөйлеуі, этникалық дәстүрлерді ұстануы; 
2) этникалық желіге қатысуы, отбасылық және 
достық қатынастар; 3) этникалық институцио-
налды ұйымдарда, яғни мешіт, шіркеу, мек
-
теп, ұйымдарға қатысуы; 4) ерікті этникалық 
ұйымдарға қатысуы, яғни, клубтар, қоғамдық 
ұйымдар, жастар ұйымдары; 5) этникалық 
ұйымдардың қаржыландыратын ұйымдарына 
қатысу, пикниктер, концерттер, қоғамдық лек
-
ция, митинг, би және т.б. кіреді.
Этникалық бірегейліктің ішкі аспектілері 
идеяларға, көзқарастар мен сезімге қарай 
қалыптасады. Ішкі аспектінің сыртқы аспектімен 
байланысы болғанымен оларды бір форма
-
да қарастыруға болмайды. Соған сәйкес ішкі 
аспектіні когнитивті, моральді және аффективті 
типке бөліп қарастыру қажет.
Бірегейлікті когнитивті типі біріншіден өз 
тобының өзінше бағалауынан тұрады. Сонымен 
қатар, ол өз тобының тарихи мұрасы жөніндегі 


205
А. Бейсегулова
білімінен және өз тобының құндылықтары 
жөнінде білімінен тұрады. 
Бірегейліктің моральді типі топтық міндет-
терден тұрады. Жалпы, топтық міндет сезімі 
адамның өз тобының алдындағы борышымен 
байланысты. Көпшілігінде борыштық сезім 
адамның өз балаларын ана тілін үйретуге, топ 
арасындағы өкілдерге үйлену (өз ұлтынан 
үйлену), топ мүшелеріне көмектесіп тұру және 
т.б. тұрады. 
Аффективті немесе катетті типке адамның өз 
тобының ортасын қауыпсіз сезінуі және мәдени 
ерекшелікке қарамастан өз тобында басқа топқа 
қарағанда қорғаныш сезімінде болуын атайды 
(Isajiw, 1993).
Осыған ұқсас ғылыми талдаулар көптеген 
зерттеушілердің еңбектерінде де кездесіп жата
-
ды. Соның ішінде әлеуметтану мен этнология 
ғылымының ортақ мәселесі ретінде қаралатын 
зерттеулерде кездеседі. Мысалы, Ю.В. Артю
-
нян және Л.М. Дробижевалардың еңбектері 
(Русские, 1992) материалдық мәдениеттен гөрі 
этностар арасында этносоциологиялық зерттеу-
лер жүргізіп, сол арқылы этникалық мәдени 
үрдістерді анықтауға тырысты. Оның ішіне 
халықтың тұрмыстық, қоғамдық-саяси, бос 
уақытын өткізу және этникалық өзін-өзі тану 
үрдістерін ашуға мүмкіндік алды (Русские, 1992: 
142). Бұл зерттеушілердің халықтың еңбек ету 
барысында этносаралық қатынастың кең орын 
алатындығына көз жеткізді. Бұл әсіресе өндіріс 
саласында белсенділікке ие болды. Сонымен 
қатар, өндіріс саласында адамдардың әр түрлі 
мәдени ерекшеліктері соционормативті сипатта 
жақындап, сәйкестенетіндігін байқауға болады. 
Жалпы, этникалық бірегейлікті зерттеу мәсе-
лесінде Ф. Барттың бұл ұстанымдарына қарсы 
уәж айтқан зерттеушілер көп емес. Керісінше 
көптеген ғалымдар оның ұстанымдары мен 
ғылыми пікірлерін қолдап, оны өз зерттеулерінде 
кеңінен пайдаланды. Соның негізінде этникалық 
бірегейлікке негізделмеген мәдени шекара
-
лар инстенсивті этносаралық қатынастарда 
әлсірейтіні жөнінде тенденциялар қалыптасқан. 
Мысалы, жұмыста, бос уақытты пайдалану 
кезеңінде, отбасы және тұрмыстық жағдайда 
мәдени ерекшелік арта түседі. Көпшілік автор
-
лар мәдени айрықша ерекшеліктердің әлеу-
меттік қызметтерін қарастырмайды. Алайда, 
этникалық бірегейлікті зерттеуде материалды 
мәдениеттен гөрі әлеуметтік ұғымдарды зерт
-
теу тиімді екені анықталып отыр. Бұл тұста 
этносаралық қатынастардағы мигранттардың 
мәдени ерекшеліктері мен бейімделуі өзге 
этникалық ортада өзін-өзі қай ортаға жата-
тындығын сезінуі маңызды болып табылады. 
1990 жылдардан кейінгі посткеңестік елдердегі 
миграциялық үрдістердің күшеюі, әртүрлі 
елдерде этноәлеуметтік қатынастардың ар
-
тып, этносоциологиялық зерттеулерге деген 
сұранысты күшейтті. Нәтижесінде жаппай 
жүргізілген этносоциологиялық зерттеулер 
мигранттардың жергілікті ортаның мәдениеті 
мен тәртіптерін игерген мигранттар үшін 
бейімделу үрдісі жеңіл жүретіндігі айтылады. 
Ф. Барттың еңбектеріндегі мәдени шека
-
ра мәселесін посткеңестік ғылыми кеңістікте 
алғаш болып енгізген В.А. Тишков болды. Ол 
Барттың тұжырымдары посткеңестік қоғамдағы 
мәдени шындықты саралауға сәйкес келетіндігін 
дәлелдеді. Сонымен қатар, Тишков мәдени 
шекараның қалыптасуы мен сақталуында 
мемлекеттің рөлін анықтады. Ал, этникалық 
бірегейлік пен топтық бірегейлікте оның жа
-
нама сипатта ғана болатыны көрсетілді. Автор 
этникалық бірегейліктің әр түрлі саяси жағдайлар 
мен мәдени ерекшеліктерге орай бейімді болып 
келетінін түсіндіреді (Тишков, 1997). 
Ф. Барттың ізін басқан зерттеулердегі мәдени 
шекаралар мәселесінде ресейлік ғалымдар 
біраз зерттеулер жасады. Бұл зерттеулердің 
қорытындысы ретінде топтық этносаралық 
қатынастарда мәдени шекаралар мен мәдени 
ерекшеліктер 
мәдени 
арақашықтықтарды 
анық тайтындығы белгілі болды. Мәдени 
арақашықтықтар бойынша алғашқы зерттеулерді 
А. Фернхем мен С. Бочнер жасады. Олар 
мигранттардың психологиясын кроссмәдени 
талдау арқылы жергілікті жерге бейімделуін 
және жаңа мәдени ортаға кірігуін қарастырды 
(Furnham, Bochner, 1986). Психологиялық ба-
ғытта жасалған кроссмәдени қадамдар топ тар 
арасындағы мәдени ерекшеліктер зерттеу ші-
лерді субъективті символикалық сипатта қы-
зықтырды. Мәдени ерекшеліктерді зерттеу 
әдістерінің негізінде әртүрлі этникалық топтар 
мен қауымдастықтар берілген психологиялық 
параметрлер арқылы әр жеке индивидуалды 
тұлғаның тәжірибесінде әлеуметтік ұйымдасқан 
мәдени ерекшеліктерінің қызметін береді. 
Ол этносаралық қабылдауды психологиялық 
параметрлер арқылы мәдени арақашықтық 
ретінде түсіндіреді. Фэрнхем мен Бочнердің 
зерттеулерінде мигранттың жаңа мәдени 
ортадағы күйзелістік деңгейі (мәдени шок) жаңа 
тұрып жатқан жерінің мәдениетіне түпнұсқалық 
жақындығына байланысты болды. Соның 
ішінде мәдениет жақындығын зерттеушілер 


206
ХХI ғасырдағы этникалық бірегейлікті зерттеудегі жаңа теориялар: сыртқы және ішкі бірегейлік теориясы
географиялық факторды ескере отырып, алыс, 
орта және жақын деп бөліп қарастырды. Себебі, 
мәдени күйзелісті өткізу мәдениеттің алыс-
жақындығына тікелей байланысты болды. Бұл 
өзге этникалық ортада мәдени арақашықтықты 
қабылдаудың психологиялық сипаттамасын 
беретін қалыптасқан эмпирикалық байланыстың 
негізі болып табылады. Кез келген этникалық 
топтың мәдени арақашықтықты өткізуі бірқатар 
параметрден тұрады. Бірінші, объективті мәдени 
ерекшелік; екінші, жаңа күйзелістерге тұрақты 
болу қабілеті; үшінші, мәдениет аралық және 
этносаралық байланыстардың тәжірибесіне 
байланысты болады. Сондай-ақ, мына мәселеге 
көңіл аудару қажет. Әртүрлі мәдени ерекшеліктің 
болуы мәдени арақашықтықты анықтауға 
мүмкіндік береді. Соған сәйкес мұндай зерт
-
теулерде 
этнологияның 
примордалистік 
бағытындағы еңбектерді қарастырған жөн. 
Әлеуметтік антропологияда мәдени арақа-
шықтық мәселесімен Н.М. Лебедева айналы
-
сты. Ол Закавказьедегі байырғы орыстардың 
этномәдени бейімделуі мәселесіне тоқталып, 
мәдени арақашықтық көрші мәдениетке теріс 
әлеуметтік үрдістің қалыптасуына мүмкіндік 
беретінін дәлелдеді. Зерттеу барысында 
қаншалықты жергілікті қоғам мен келуші 
мигранттардың мәдениетін алшақтық болса
бейімделуші этникалық топта психологиялық 
қорғаныс пайда болады. Яғни, Біз және жағымсыз 
сипаттағы Олар деген (Лебедева, 1993: 72). 
Н.М. Лебедева мәдени арақашықтықты – 
өзге мәдени ортаға психологиялық бейімделудің 
негізгі факторы деп түсінді (Лебедева, 1993: 
109). Сонымен қатар, Н.М. Лебедева мәдени 
арақашықтықты теориялық тұрғыдан талдап, 
посткеңестік елдердегі зерттеулерге арналған 
методикалық құрылымын жасады. Автор 
мәдени арақашықтықтың әлеуметтік ұғынылуы 
субъективті бейнесі болады деп көрсетеді. 
Сонымен қатар, этникалық мәдениеттің топ
-
тар арасындағы және топ ішілік қатынастарда 
объективті ерекшелігі болып табылады. Со
-
нымен, мәдени арақатынастың үрдістерін 
объективті түрде көрсету күрделі методикалық 
және 
методологиялық 
проблемалардан 
тұрады. Алайда, автор мәдени арақатынастың 
әдістері мен көрсеткіштерін субъективті 
түрде мәдениеттің шығуы мен мигранттардың 
қоныстану мәдениетінен көрсетуге тырысқан. 
Бұл этникалық стереотиптер методы; мәдениет 
аралық ауысу методтары (мәдениет ішіндегі 
өзара алмасуларды көрсетеді. Қаншалықты 
мәдени арақашықтық көп болса, соншалықты 
материалдық мәдениет және ішінара рухани 
мәдениет пен психологияда мәдениет аралық 
ауысымдар болады) әлеуметтік-психологиялық 
жақындықтың 
шкаласы 
(Богардустың 
әлеуметтік шкаласы бойынша). Бұл әдістер 
мен көрсеткіштер мигранттардың бейімделуіне 
мәдениеттің қаншалықты жақын-алыстығын 
көрсетеді. Сонымен қатар, автор психологиялық 
сараптама әдістеріне тереңдеп баруды жөн са
-
найды. Мысалы, мәдени арақатынастардың 
механизмін түсіну үшін семантикалық диффе
-
ренциал методын меңгерген абзал.
Қазіргі этносоциологиялық зерттеулерде 
Р. Парк пен Э. Богардус әлеуметтік арақашық-
тықтың шкаласының негізін қалады. Ол әр 
түрлі топ пен нәсіл адамдарының арасындағы 
әлеуметтік арақашықтығын зерттеу арқылы 
этни калық бірегейліктің аспектілерін қарас-
ты руға мүмкіндік береді. Парктің пікірі бой
-
ынша әр түрлі этникалық топ өкілдері ара-
сындағы әлеуметтік арақашықтық қоғамдық 
ынтымақтастық деңгейі мен нақты қоғамның 
интеграциялану қабілетін көрсетеді (Park, 
1924). Қазіргі этносаралық қоғамдарда бұл шка
-
ла этникалық топтардың бір-біріне қатысты 
әлеуметтік ұстанымдарын анықтайды. Бұл тео
-
рия тұрғысында көптеген зерттеулер жүргізілді. 
Соның ішінде Украинадағы әлеуметтік арақа-
шықтық шкаласын пайдалану этникалық 
толеранттылықтың деңгейін анықтап, өзге 
ұлттың адамын өз елінің азаматы ретінде са
-
нау деңгейіне жеткендігін анықтады (Панина, 
2006: 109). Толеранттылықтың мұндай деңгейі 
Қазақстанның ішкі саясатында да басымдыққа 
ие. Яғни, еліміздегі әрбір этнос өкілі өзінің тілі 
мен мәдениетін дамытуға және оны сақтауға 
құқылы. Сонымен қатар, басқа этнос өкілдері 
тарапынан жекелеген топ өкілінің мәдениеті 
мен этникалық ерекшеліктерін кемсітуге 
жол берілмейді. Бұл тұрғыда Қазақстанның 
этносаралық саясаты посткеңестік елдер 
арасындағы негізгі модель десе де болады. Со
-
нымен қатар, еліміздегі өзге этнос өкілдерінің 
автохтонды қазақ халқымен біртұтас және 
ауызбірлікте өмір сүруіне олардың қиын-қыстау 
заманда Қазақстанға келіп жан сақтауы, тарихи 
жады арқылы қалыптасып отыр. Жалпы, мемле
-
кет ішіндегі бұл үрдістерді азаматтық бірегейлік 
тұрғысынан қарастыруға болады. 
Мәдениеттердің алыс-жақындығы мен 
этникалық топтар арасындағы шекаралардың 
әлеуметтік арақашықтығына Л.М. Дробижева 
өз зерттеулерінде былайша тоқталады. Оның 
пікірінше мәдени арақашықтықты түсіну үшін 


207
А. Бейсегулова
оны кешенді түрде, тарихи, әлеуметтік және 
саяси тұрғыда қарастыру қажет. Этникалық 
топтар арасындағы мәдени арақашықтықтарды 
қарастыру Барттың мәдени ерекшеліктерде 
және мәдени ерекшелік кеңістігінде әлеуметтік 
шарттық концепцияларымен сәйкестенеді (Дро
-
бижева, 1997).
Ал, өзіндік және өзге этникалық топтардың 
этникалық бірегейлігін мультимәдени кеңістікте 
зерттеуге методы бар. Ол этникалық мәселені 
психологиялық, әлеуметтік, саяси механизм
-
дер арқылы қарастырады. Мысалы, канадалық 
мультикультурализм, жалпы канадалық саяси 
бірегейліктің қызметіне кедергі келтірмейді 
(Куропяткин, 2003: 83). Бірақ, мұнда топтық 
бірегейліктің ұлттық санасы орнына тілі мен 
мәдениет кіріктіріледі. Тіл мен мәдениет 
көптеген елдерде этнос анықтаушы функция-
ны атқарады. Сол үшін мәдени әркелкілікті 
қолдау және сақтау үшін этносаралық саясатта 
жұмсақтықтарға жол беріледі. Бұл жағдай қазақ 
диаспорасы орналасқан Түркияда да сақталып 
отыр. Мысалы Түркия үкіметі қазақтарға өзінің 
мәдени дамуына мүмкіндік мол бергенімен, 
әлеуметтік жағдай қазақтардың толыққанды 
қазақы дәстүрлерді ұстауына мүмкіндік 
бермейді. Дәл осындай жағдай басқа да елдерде 
сақталған. 
Бұл мәселеде С. Бенхабибтің пікірлерінің 
маңызы зор. Оның пікірінше қазіргі заманауи
әлемде мәдениет жалпылама қолданыстағы 
бірегейліктің синонимі болып табылады (Бен
-
хабиб, 2003: 36). Автордың пікірінше мәдениет 
адамдардың қызметінің жиынтық элементі бо
-
лып табылады (Бенхабиб, 2003: 52). Қазіргі 
әлемнің көп елдерінде мәдени шекаралар 
этникалық бірегейлікті қолдайды. 
Де Востың пікірінше этникалық топ – ортақ 
дәстүрлерге біріккен адамдар жиынтығы. Бұл 
дәстүрлер халықтық сипат алған діни наным-
сенім және ғұрыптарды, тілді, ортақ тарихи 
отан сезімін қамтиды. Этникалық топты сипат
-
тайтын кейбір элементтер жекелеген касталық-
топтарға жататындығын білдіруі мүмкін (Де-
Вос, 2001). 
Көпшілігінде этникалық топтар терри то рия-
лық немесе саяси тәуелсіз болуы тиіс. Алайда, 
этникалық топтарды осындай негізде салысты
-
ру әр түрлі жағдайларды қалыптастырады. Мы
-
салы, кейбір этностар бір өзі бүкіл мемлекеттің 
территориясын алып жатса, кейбірі өмірінше 
тәуелсіздікке қол жеткізе алмай кетеді. Сан 
жағынан басым және тәуелсіз этникалық топтар
-
да ұлттық немесе өңірлік бірегейліктің формала
-
ры қалыптасады. Жалпы, «ұлт» және «ұлттық» 
деген ұғымдарды саяси тәуелсіз этникалық 
топтарға айтылады. Сол тұрғыда ұлттық және 
этникалық бірегейлік тарихи сабақтастықта 
болған жағдайда мәдени бірегейлік қалыптасады. 
Әлеуметтік кеңістіктің мәдени сипатта
-
ры мен белгілері бойынша категорияға бөлінуі 
– этникалық бірегейлікті қалыптастыруда 
әлеуметтік бірегейліктің когнитивті теория-
сының маңызды бөлігі болып табылады. 
Әлеуметтік бірегейлік механизмдерін топара-
лық салыстыру, сараптаулар Г. Тэждел, 
Дж. Тернер сияқты әлеуметтік психологтар 
тарапынан кеңінен зерттелді (Tajfel, Turner, 
1986). Бұл теория бойынша адамның әлеуметтік 
қабылдауларында әлеуметтік жіктелу үрдісі 
қалыптасады. Бұл адамдардың ой санасы
-
на қарай топтарға жіктелуіне жағдай жасай
-
ды. Әлеуметтік категорияларға бөліну үрдісі 
белсенді әлеуметтік бірегейлікпен жалғасады. 
Осы тұрғыда этномәдени тұтастықты топтар 
негізінде қарастыру, этникалық бірегейлікті 
қоғамдық қатынастардың негізінде зерттеуге 
мүмкіндік береді.
Әлеуметтік-психологиялық дәстүрлер эт-
ни калық бірегейліктен когнитивтік және эмо-
ционалдық қырларын бөліп қарастырады. 
Этни калық бірегейліктің когнитивті қыры, 
авто және гетеростереотиптерден тұрады. Ол 
тілдік, мәдени, территориялық, тарихи және 
басқа да этносқұраушы және этнос біріктіруші 
ұғым дармен астасып жатады. Ал, этникалық 
бірегейліктің эмоционалды бағалау қырлары 
этникалық топқа мүшеліктің бағасын беруге 
жағдай жасайды (Стефаненко, 1999).
Л.М. Дробижева мен Г.У. Солдатованың 
еңбек терінде этникалық бірегейлікті өзгеріс-
терге ұшырататын құбылыстар жөнінде жазыл-
ған. Дробижева айрықша этникалық біре гейлік 
пен этнофонаттық негізінде бірегей ліктің 
этноорталық, этностық үстемдік қалыпта-
сатынын атап өтеді. Этникалық бірегейліктің бұл 
түрлеріне космополиттік этникалық бірегейлік 
қарсы тұрады (Дробижева, 1994: 37).
Этникалық бірегейлікті ғылыми айналым
-
да әсірелеу (гиперболизациялау) түсінігін 
фран цуз антропологы Дж. Деверо енгізді. Ол 
мәдени антропологияның психосараптамалық 
бағытын ұстанушы болып табылды. Этникалық 
бірегейліктің гипербірегей болуы, оның басқа 
әлеуметтік бірегейліктерден маңызы жоға-
рылап, белсенді болған кезде жүзеге асады. Бұл 
жағдайда ол, индивидуалды ерекшеліктерді 
жойып, тұлғаның көптеген қырларын қысқартып, 


208
ХХI ғасырдағы этникалық бірегейлікті зерттеудегі жаңа теориялар: сыртқы және ішкі бірегейлік теориясы
болмысты біржақты қабылдауға жетелейді 
(Дж. Деверо, 2001).
Г. Тэжфел мен Дж. Тернердің классикалық 
еңбектерінде этникалық бірегейлік эмоциямен 
және құндылықтармен тікелей байланысып 
позитивті және негативті болып бөлінеді (Tajfel, 
Turner, 1986). Мұндай жағдайда позитивті этни-
калық бірегейлік өзінің ұлттық сана сезіміне оң 
ықпал ететін, патриотизмнің жоғары болуымен 
және өз ұлттық санасына мақтан тұтатындарды 
құрайды. Мұндай бірегейлік дәрежесіндегі 
адам басқа да мәдениеттерге оң ниетпен қарап, 
мәдениетаралық қатынасқа еркін түсе алады.
Дж. Де Вос және Ф. Барт бойынша этникалық 
бірегейлікке қызмет ететін этникалық шека
-
ралар топ ішіндегі психологиялық ұйғарымы 
болып табылады. Дәл осы ұйғарымдар топқа 
белгілі бір бағалау сипатын береді (Барт, 
2006). Біздің ойымызша этникалық бірегейлік 
жағдайында категорияға бөліну кезінде адамның 
субъективті білімі қажет. Сол білім арқылы ол 
өзінің жеке құндылығын анықтайды. Г. Тэж
-
фел мен Дж. Тернердің әлеуметтік бірегейлік 
теориясы тұрғысынан құндылықтар білім 
элементі ретінде қарастырылады. Ол әлеуметтік 
кеңістікті категориялау барысында жүзеге аса
-
ды. Көптеген психологтар жеке құндылықтарды 
субъективті әрекеттердің мәні ретінде қарас-
тырады (Леонтьев, 1975: 78). Әлеуметтік-
психо логиялық зерттеулерде құндылықтар 
әлеуметтік қатынастардың реттеушісі ретінде 
қарастырылады. Ол адамның бір уақытта 
когнитивті және мотивациялық тәжірибесін 
көрсетеді (Шерковин, 1982: 27). 
Этникалық бірегейлікті зерттеу барысында 
К. Калхунның көзқарасы ерекше болып табыла
-
ды. Оның этникалық бірегейлікті мәдениеттің 
тасымалдануы мен әрекеттің басы ретінде 
түсіндіреді. Соған сәйкес этникалық бірегейлікті 
кеңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен 
қатар, Р. Дженкинс этникалық бірегейлікті но
-
миналды және шынайы бірегейлік деп бөліп 
қарастырады. Ал, Д. Хандельман этникалық 
бірегейліктің 
категорияларының 
ұғымын 
ерекшелейді. Бұл ретте Б. Андерсон бірегейлікті 
қиялдағы қоғам шеңберінде қарастырады. Хан
-
дельман этникалық байланыстарды оның адам
-
дарды қаншалықты жақындатуына қарай бөліп 
қарастыруды көздейді.
Конструктивизм мен инструменталистік те
-
ориялар арасында қазіргі кездегі ұлттық-азамат-
тық бірегейлікті қарастыруда үлкен мәселелер 
қалыптасқан. Бұл жөнінде ресейлік В.А. Тиш
-
ков, Л.М. Дробижевалардың еңбектерінен бай-
қауға болады. Мысалы, олардың көзқарасы бой
-
ынша Ресейдегі бірегейлік мәселесін екі жақты 
қарастырады (Дробижева, 2010). Яғни, Ресейдің 
мемлекеттік бірегейлігі – мемлекет террито
-
риясы шеңберінде және азаматтық-ұлттық 
бірегейлік. Ол саяси қауымдастықтар мен 
азаматтық топтар арасында қалыптасқан. Мем
-
лекетке тәуелді емес, бірақ оның қолдауы мен 
қорғауын пайдаланады. Бұл макробірегейліктің 
формалары мемлекеттік-саяси және азаматтық-
саяси консолидациялық үрдістерді көрсетеді. 
Э. Геллнер, Э. Хобсбаум, Б. Андерсонның 
зерттеулері ұлттық-азаматтық бірегейлікті 
қалыптастыруда мемлекеттің, саяси элитаның 
рөлін ашуға тырысты. Конструктивистік теория 
бойынша этносаралық қатынастар этникалық 
топтар мен мемлекет арасындағы, этникалық 
азшылық пен этникалық көпшіліктің өзара 
қарым-қатынасы, билікті этникалық топтар 
мен элита арасындағы бөлісулер негізінде 
қалыптасады. В.А. Тишковтың пікірінше 
ұлттық-азаматтық бірегейліктің қалыптасуын 
қонструктивистік теория бойынша зерттеу жол
-
дары мен методтарында қазіргі ұлтқұраушы 
үрдістерде ресми идеология мен ұлттық символ
-
дарды қолдануда мемлекеттік рөлінің маңызды 
екенін көрсетеді (Тишков, 2003). 
Ал, еліміздегі этникалық бірегейлікті 
саяси және идеологиялық тұрғысынан түсінді-
ретін бірқатар еңбектер жарық көрген. Олар 
тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы этника лық 
бірегейліктің үрдістерін жан-жақты қарасты-
рады. Сонымен қатар, этникалық бірегейлікке 
саяси-идеологиялық тұрғыда баға береді. 
Қазақстандағы азаматтық және ұлттық 
бірегейлік мәселесіне көптеген зерттеушілер ат
-
салысты. Соның ішінде М.С. Шайкемелев (Шай
-
кемелев, 2013), Р.Қ. Қадыржанов (Қадыржанов, 
2014), М.М. Нұрғалиева (Нұрғалиева, 2009), 
Э.Б. Асылтаева және т.б. көптеген ғалымдарды 
атауға болады.
Қазақстандық ғалымдар арасында бірегейлік 
мәселесінде әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Мы
-
салы, Р.Қ. Қадыржановтың еңбегінде ұлттық 
бірегейліктің қалыптасуына титулды этностың 
белгілері, яғни символдары арқылы басқа этнос-
тарды өз жанына топтастыруы қабілетін айтады. 
Мемлекеттегі титулды ұлттың бірегейлігінің 
қалыптасуына ұлттық идея, ұлттық тарих, 
патриотизм, тіл, мифтер және т.б. қызмет 
атқаруы тиіс. Сонымен қатар, Р.Қ. Қадыржанов 
Қазақстандағы ұлттық бірегейлікті зерттеу 
үшін жаңа көзқарастар мен жаңа бастамалар 
қажеттігін атап өтеді (Қадыржанов, 2014: 131). 


209
А. Бейсегулова
Зерттеуші Н. Айтымбетов қазіргі қазақ-
стандық қоғамда ұлттық бірегейліктің қалып-
тасуын екі түрлі саяси мәдениеттің барлығын 
және олардың өзара қарама-қарсы екеніне көз 
жеткізеді. Біріншісі, адамдар санасында әлі де 
болса өмір сүруін жалғастырып келе жатқан 
екі кеңестік саяси мәдениеттің қалдықтары, 
екіншісі, жаңадан қалыптасып келе жатқан 
қазақстандықтардың жаңа саяси мәдениеті (Ай
-
тымбетов, 2016: 40). Бұл тұжырымдарда Н. Ай
-
тымбетов тарихи сананың этнос өміріндегі 
маңызын көрсеткісі келеді. Сонымен қатар, 
адамдар санасындағы басымдыққа ие тарихи 
символдарға назар аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет