ҚҰжаттау, құжаттама 1 қайсыбір мәселеге, құбылысқа, тұлғаға не мекемеге арналған құжаттардың жиынтығы



Дата21.01.2022
өлшемі18,44 Kb.
#112945
Байланысты:
57bae100-aaf3-4b3b-9121-d80cc56402e1


 ҚҰЖАТТАУ, құжаттама – 1) қайсыбір мәселеге, құбылысқа, тұлғаға не мекемеге арналған құжаттардың жиынтығы.

Құжат деп қандай да бір зат туралы ақпаратты тіркеуге, беруге және сақтауға қызмет ететіннің барлығын атаймыз. Басқаша айтқанда, құжат – ақпараты бар материалдық тасымалдаушы. Мұндай тасымалдаушы ретінде қағаз, компьютер дискісі, фото және кинопленка және т.б. қызмет етуі мүмкін. Іс құжаты әкімшілік (басқару) ақпаратты белгілеу үшін қызмет етеді.

Фабрика өнім шығаратыны секілді, әкімшілік басқармалары құжат шығарады. Мұның айырмасы фабрика үшін өнім шығару оның мақсаты болса, әкімшілік  басқарудың мақсаты басқару қызметі  болып табылады. Оны іске асыру  үшін ол құжатпен ресімделуі керек.

ІC ҚАҒАЗДАРын ЖҮРГІЗУ

 

Ісқағаздарын  жүргізу – бұл құжаттар дайындау және кеңсе құжаттарымен жұмыс жүргізуді қамтамасыз ететін қызмет саласы. Соңғы кездері басқаруды құжаттандырумен қамтамасыз ету (БҚҚ) деген термин жиі қолданыла бастады. Бұл термин іс жүргізудің ұйымдастыру-техникалық негізін жетілдіруге байланысты, құжаттармен жұмыс жасау саласына есептеуіш техника құралдарын, ақпарат жинау, өңдеу, сақтау және пайдаланудың қазіргі заманғы ақпараттық технологияларын енгізуге байланысты пайда болды.



Ісқағаздарын жүргізудің негізгі элементтерінің бірі – құжат  жасау болып табылады. Құжат жасау  дегеніміз – ақпаратты қағазға  немесе басқа тасымалдаушыға жазу (түсіру) болып табылады. Ол бекітілген нормативтік-құқықтық актілердің ережелері бойынша жүзеге асырылады және заңдық күші болады.

Заңдық күш құжаттың қолданыстағы заңнамаға, оны шығарған органның құзыретіне, ресімдеудің бекітілген тәртібіне байланысты болады.

Басқару құжаттары мекеме құжаттарының негізін құрайды және ісқағаздарын жүргізудің нысаны болып табылады.

Медициналық мекеме жайлы 



Емханада қызметтің келесі түрлері көрсетіледі:

  • Отбасын, аналық, әкелік және балалықты қорғауға тұрғындарды тәрбиелеу және гигиенаға үйрету;

  • Ересектер мен балаларға амбулаторлық-хирургиялық медициналық көмек көрсету;

  • Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету мақсатында балаларға үздіксіз білікті медициналық бақылау көрсету;

  • Бір жасқа дейінгі балаларды динамикалық бақылауға алу;

  • Еңбек қабілеттілігінен айырылудың тұрақты белгілері тұлғалардың медициналық-әлеуметтік сараптау комиссияларына жіберу;

  • Рецептерді жазып беру, соның ішінде тегін (жеңілдік) дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

  • Әлеуметтік көмек көрсету, сонымен қатар тұрғындарға құпиялық жеке және топтық психологиялық көмек көрсету;

  • Індетке қарсы іс-шаралар: иммунды алдын алу, жұқпалы ауруларды анықтау, «ошақтарды» бақылау;

  • Әйелдердің жыныс ағзаларының гинекологиялық, онкологиялық ауруларын ерте анықтау мақсатында әйелдерге алдын ала тексерістерді жүзеге асыру, жүкті әйелдерді уақтылы есепке алу және бақылау;

  • Ақылы медициналық көмек көрсету.

  • Мақсаттары мен міндеттері

  • Емхананың негізгі міндетіне: 
     
    1) аймақта бекітілген тұрғындарға емханада және үйінде алғашқы медициналық – санитарлық көмек көрсету
     
    2) тұрғындар арасында профилактикалық іс шара кешенін ұйымдастыру және жүргізу; 
     
    3) тұрғындарға диспансерлік бақылау ұйымдастыру және жүзеге асыру; 
     
    4) тұрғындарға санитарлық – гигиеналық тәрбие беру және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс шара ұйымдастыру және жүргізу. 
     


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет