Жауынбай Амантұрлыұлы Қараев 1956 жылы туылған, Бейнеу ауданы Тұрыш ауылы) – ғалым, физикалық-математикалық ғылыми докторы (1995). Халыққа білім беру ісінің үздігі. Гурьев педагогикалық институттын (Атырау университетті) бітірген (1978). 1978 – 82 жылы педагогикалық институттта матанализ кафедрасында оқытушы, 1982 – 85 жылы Қазақстан ҒА математика және механика институттының аспиранты, 1986 – 89 жылы Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымдары зерттеу институттында информатика бөлімінің меңгерушісі, 1989 – 92 ж институтт директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары, 1992 жылдан Алматы қалалық білімін көтеру және қайта даярлау институттының директоры болды. 2007 жылдан Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары. «ЭВМ және программалау элементтері», «Компьютерді оқыту процесіне пайдалануға кіріспе», «Информатикадан есептер жинағы», т.б. кітаптарының және 5-сынып информатика оқулығының авторы. «Білім және еңбек» журналының лауреаты
Жоба тақырыбы: Физика пәнін деңгейлеп оқыту.
Өзектілігі: Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі прогрессивті реформаланып, әлемдік білім кеңістігіне енудің алғашқы қадамдарын басып келеді. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымның теориясы мен оқыту үрдесі де түбегейлі өзгерістерге ұшырау үстінде. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгереді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болады.
Осыған орай оқытудың деңгейлеп оқыту технологиясын өз тәжірибеме қолданып жүрмін.
Педагогикалық – технологияның ерекшелігі:
Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы,оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы себеп болды.
Деңгейлеп оқыту - оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес,оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Оқушы өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айналады.
Үлгермеушіліктен құтылып, мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті мазмұнын меңгеруге кепілдік береді.
Оқушының жеке қаблетіне сәйкес бағытта шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай туады.
Оқыту үрдесінің барысында әр оқушының белгілі бір мерзім аркалығындағы дамуын үздіксіз қадағалайтын мониторинг жүргізуіне мүмкіндік туады.
Оқушы жеке қаблетіне сәйкес бағытта «өмір бойы білім ала алатын тұлғаға» айналады.
Қазіргі кезде мектептерде барлық оқушыларға бір өлшеммен қарау әлі де басым орын алып отыр. Ал аталған технология оқушылардың өз бетінше білім алу барысында олардың жеке қаблеті мен мүмкіндіктеріне, қызығушылығына, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім деңгейіне жетуіне жетелейді.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты : Әр бір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етуі.
Бастапқы ғылыми идеялар:
1.Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2. Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Деңгейлеп-саралап оқыту құрлымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады : ең төменгі (минималды базалық) бағдарламалық, күрделенген деңгей.
Базалық деңгей - мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек.
Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
4.Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін :
- жеке тұлға ерекшеліктеріне;
- психикалық даму ерекшеліктеріне /есте сақтау қабілетінің ерекшеліктеріне , ойлану қабілеті, зейін ерекшелігіне,өзінің эмоциясын басқара біліуіне/;
-пән бойынша білімді игеру деңгейіне /оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек.
Оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің жүйесі
Кезеңдер
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Дайындық
|
Оқушылардың оқу материялын базалық, бағдарламалық, күрделенген деңгейлер бойынша меңгеруін анықтау
|
|
Диагностикалық
|
Білімді меңгеру деңгейін анықтайтын тапсырмаларды дайындау. Оқушылардың білімді меңгеру деңгейін диагностикалау. Оқушылардан сауалнама алу, сынып жетекшілерімен, оқушылар және олардың ата-аналарымен әңгімелесу.
|
Диагностика нәтижелері мен өз қызығушылықтары
негізгі пәнді оқу деңгейі таңдалады. Оқушы өзіндік таңдау жасайды.
|
Оқушыларды
топтарға бөлу
|
Оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастыру:әр топ үшін оқу мазмұнын анықтау. Әр деңгейде оқытуға қойылатын нақты талаптарды дайындау. Дайындалған талаптарды оқушыларға ұсыну.
|
Белгілі топты оқушының таңдауы.Топтардағы оқыту
Талаптарының жобасын талқылауға қатысу.
|
Деңгейлеп оқытуды жүзеге асыру кезеңі
|
Оқушылардың топтардағы жұмысын ұйымдастыру
|
Таңдалған топта өзінің оқу
Іс-әрекетін ұйымдастыруы.
|
Деңгейлеп оқыту жағдайында білімді меңгерту нәтижелерін бағалау кезеңі
|
Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау
/кері байланыстың дұрыс орнауы,жүзеге асуы.
|
Жеткен нәтижелер бойынша өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауду жүзеге асыру.
|
Енді физиканы оқытуда деңгейлік оқытуды қолдану. Осы негізінде 7-сыныптағы «Қысым» тақырыбына есептер шығару сабағына жасалған сабақ жоспарының мазмұнына тоқталайық.
Сабақтың тақырыбы: «Қатты денелердегі қысым» тақырыбына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушылардың қысым тақырыбы бойынша алған білімдерін есеп шығаруда қолдана білуге, өз-өзіне баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету;
дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, қысым жөніндегі білімдерін кеңейту, пәнге қызығушылығын арттыру.
тәрбиелік: тұрмыста және техникада қысымды азайту және көбейту әдістерін біліп, қолдануға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: деңгейлеп оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: бағалау рейтінгісі.
Техникалық құрал: интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын, әдісін хабарлау.
Білімді пысықтау (үй жұмысын тексеру) :
Интерактивті тақта бойынша тапсырмалар беріледі.
№1-тапсырма.
|
І-деңгей
|
ІІ-деңгей
|
ІІдеңгей
|
Физикалық шаманың аталуы
|
Белгіленуі
|
Өлшем бірлігі
|
Формуласы
|
Қысым
|
|
|
|
Ауырлық күші
|
|
|
|
Аудан
|
|
|
|
Дененің массасы
|
|
|
|
№2- тапсырма.
І-деңгей
|
ІІ-деңгей
|
ІІдеңгей
|
1 Па = кПа
1 кПа = Па
1 Па = гПа
1МПа= Па
1 Па = МПа
1 см2 = м2
1 м2 = см2
1 мм2= м2
1 м2 = мм2
|
1. Шанжыр табанды трактордың салмағы 60000 Н, табаның ауданы 1,4 м2. трактордың топырақ бетіне түсіретін қысымын анықта.
2. Массасы 40 кг адам, егер оның екі бәтеңкесінің ауданы 300 см2 болса, иығында салмағы 50 Н жүгімен еденге қандай қысым түсіреді?
|
1. Массасы 480 кг гранит плитасы, ұзындығы 1,2 м, ені 0,8 м болатын жағымен жатыр. Плитаның жерге түсіретін қысымын анықта.
2. мрамордан жасалған бағанның көлемі 6 м3, баған табанының ауданы 1,5 м2 болса, топыраққа қандай қысым түсіреді?
|
Бағалау.
Оқушылар әр тапсырманы орындағаннан кейін, мұғалімге тексертіп, бағалау рейтингісіне белгі қояды. Осы белгі бойынша өздерін бағалайды.
Үйге тапсырма:
Қатты денелердегі қысым тақырыбын қайталау.
Деңгейлік тапсырмалар:
І-деңгей.
Салмағы 150 Н, ауданы 3 м2 кілем еденге қандай қысым түсіреді?
ІІ-деңгей.
Темір жол вагонының барлық дөңгелегінің рельске жанасатын ауданы 0,001 м2, вагонның массасы 30 т болса, жерге қанджай қысым түсіреді?
ІІІ-деңгей.
Массасы 10 кг кір тасы үстел үстінде тұр. Кірдің табанының диаметрі 10 см болса, үстел бетіне қандай қысым түсіреді?
Профессор Қараев Ж.А технологиясының тиімділігі :
Жаңа тақырыпты балалар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс.Сондықтан мұндай сабақтарда оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін оларға проблемалық сұрақтар қойылып отырады.Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді,өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын , белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Қорытынды:
Деңгейлік оқыту оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді.
Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайын туғызады және әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкесті жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды.
Өз ұрпағының жауапты да, жігерлі болып, өресі биік жеткіншекті тәрбиелеуде мұғалімнің жаңаша ойлау түрін педагогикалық іс - әрекетті ғылыми тұрғыда ұйымдастырылғанда ғана қол жетеді. Ол үшін оқу үрдісінің мәні мен заңдылықтарын жетік білу, жаңа оқу технологиясын білу және дұрыс қолдану жатады. Бұл міндетке балаларды олардың бойындағы ерекше қасиеттерді бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу де қосылады.
Н.Ә.Назарбаев
Достарыңызбен бөлісу: |