Жазбаша есеп
Мен Байзакова Жулдыз Ақарысқызы 18.09.2023-09.12.2023 аралығында педагогикалық іс-тәжірибеден өттім. Педагогикалық іс-тәжірибе өту нысаны Сұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандырылған мектеп-лицейі болып табылады.
Алғашқы практика жұмысы қыркүйек айының 18-і басталды. Тәжірибемнің ең бірінші аптасында маған берілген жетекші-мұғалімнің сабақ беру үрдісімен таныстым. Алдымен сабақ форматы, сабақтың қалай өтетіндігі туралы біліп алдым да, келесі аптадан бастап сабақ бере бастадым.
Тәжірибемнің бастапқы күні 10«Ә» сыныбының қазақ әдебиеті сабағымен басталды. Сынып артында отырып, оқушылардың білім деңгейлерімен таныс болдым, белсенді және белсенді емес оқушыларды дәптеріме түртіп алып отырдым. Әдебиет сабақтары сыныптың түгел, толық қатысуымен өтсе, қазақ тілі сабағында сынып өзара екіге бөлініп, екі топқа бөлек өтіп жүрді.
Әрине, маған берілген сынып 10 «А» сыныбы болды. Ең бірінші 25.09.2023 жылы 10 сыныпқа қазақ тілі сабағын өткіздім.. Сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөліп, ақ параққа сабақтан түсінгендерін жаздырдым. Сабақты түсіндіру мақсатында видеоролик көрсетіп, соның негізінде оқушылардың ойын сұрадым, сұрақтар қойып, өзара талқыға салдық, интербелсенді әдісті қолдандым. Сабақтың соңында оқуышылардың білімін тексеру үшін ұяшықтармен сұрақ қойдым. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы оқушылар сабақтың қалай өткені туралы ойлары мен тілектерін білдірді.
25.09.2023 жылы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сыныптарына кесте жасай отырып 10 сыныпқа қарасты барлық сыныптың оқу үлгерімін, білім деңгейлерін көріп, сыныппен жақсы қарым-қатынаста болдым.
23.10.2023 жылы қазақ тілі сабағында әр тоқсан бойы жазылатын БЖБ, ТЖБ жұмыстарын Байкожаева Жанат жетекші мұғаліммен жаздыртқан болатынбыз. Артынан оны тексеріп, оқушыларды қалай бағалау керектігін апаймен отырып тексеріп, тексеру барысында оқушыларға ескертпелер жасап, бағалау жүйесін түсініп алдым. Сонымен қатар, күнделікті үй тапсырмасын бере отырып, күнделік.kz сайтынан оқушыларды бағалап, күнтізбелік тақырыптық жоспарды барлық сыныпқа бекіттім.
Достарыңызбен бөлісу: |