Жазғы мектеп жанындағы «Қоңырау» атты сауықтыру лагерінің жүргізілген жұмыс есебі
Ұлттық болмыс пен халықтық ұғымдарды шәкірт бойына дарытуда отбасы мен ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиелік шараларына қойылар талап жоғарылады. Мектеп – білім берумен қатар, тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Тәрбие мазмұны ұйымдастырушының шеберлігімен ұштасқанда қандай шара болсын, шәкірттің ішкі жан-дүниесін жаңартып, рухани азық болып, соныда жарқын құбылыстарға жетекші бола бермекші.
Ұзақ уақыт бойы оқушылардың ой-санасының өсіп – жетілуі тек білім көрсеткішімен бағаланып келді. Нәтижесінде тамырын тереңге жаймаған, құнарсыз жерде өскен өсімдік болмысын бойына дарыта алмаған,ал өзінікін бағалап білмеген жас ұрпақ өсіп жетілді. Мұның салқыны бүкіл ұлт болмысынан көрініс тапты. «Бала тәлімі-құрсақтан» деген халық даналығын ескермеген кейбір әке-шеше тәлімдік мағынасы бар даналық сөздер мен өнегелі істерді отбасына дарыта алмады.
№15 «Төрткүл-төбе»жалпы орта мектептің 2014-2015 оқу жылындағы жазғы мектеп жанындағы «Қоңырау» лагерінің жалпылама есебі. Мектеп жанынан ашылған жазғы сауықтыру лагері берілген жоспар бойынша I ауысым бойынша жұмыс жүргізді.
I-ауысым 01.06-19.06.,II –ауысым 23.06-13.07.
Мақсаты:
«Қоңырау» лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа , адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру.
Міндеттері:
- Лагерьге балалардың уақытымен, толық келулерін қадағалау;
- Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;
- Балалардыңойын алаңындағы ертеңгілікдене жаттығуларын, қимыл- қозғалыс ойындарын бақылауға алу;
- Саяхат және жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске алу, бақылау;
- Лагерь жағдайында бірыңғай тәртіпте салтанатты жиындар өткізу;
- Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, конкурс ұйымдастыру;
- Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |