Мектеп жанынан ашылған лагерьдің әр күнін тиімді өткізуге тырыстық. Мекеп директоры Рүстем Шілекей лагерьдегі балалардың барлық жағдайын жасады .
1 маусым күні «Демаламыз, күлеміз» тақырыбында іс- шаралар ұйымдастырылып, лагердің ашылуына арналған салтанатты сап жиыны өткізіліп, «Халықаралық Балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған іс- шараларды тамашалауға «Балалар мерекесі» атты көңілді ойындар өткізілді. Онда «Әр заттың өз орны бар», атты көңілді ойындар, түрлі массалық билер, ертегі кейіпкерлерінің қызықты қойылымдары өтті. Мереке соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.
Таза ауада түрлі қызықты ойындар балалардың қызығушылықтарын арттыра түсті. Ойындар арасында мектеп медбикесі, мектеп психологы, кітапханашы, аға тәлімгер және дене шынықтыру мұғалімдері ат салысты. Мектеп медбикесі жеке бас тазалығына байланысты әңгімелер жүргізді, мектеп психологы оқушыларды тест, әңгімелесу және ойын арқылы балаларды бақылады, мектеп кітапханашысы оқушыларға әртүрлі қызықты ертегілерді оқып, әдеби кітаптарды оқуға баулыды. Мектептің тәлімгері оқушылармен таза ауада ойындар ойнап, би билеп, әртүрлі сайыстар жүргізіп отырды. Дене шынықтыру мұғалімдері спорттық іс – шаралар жүргізді. Күнделікті таңғы жаттығу флэшмоб музыкалармен билеуден бастайды.Балаларға таңғы жаттығудан көрі таңғы жақсы ән мен би көңілдерін көтеріп отырды.04 маусы ҚР.рәміздер күніне орай ашық тәрбие сағатын өттік.
«Қоңырау» сауықтыру лагері өз жұмысын қызықты жалғастыруда. Көңілді он бес күндігін артқа тастады.
Нәтижесінде:
- Жазғы мектеп жанындағы «Қоңырау» лагерінің жұмыс барысы жоспар бойынша өтіліп, өз деңгейіне жетті.
- Сурет, қолөнер, мақал-мәтелдер, жарысында балалардың шығармашылығы ұйымдастырылды.
- Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығы артты.
2014-2015 оқу жылындағы жазғы мектеп жанындағы лагерге ұсыныс:
- Әр бір топтағы балалар ойнайтын ойыншықтар мен құрастырмалы ойыншықтар көбірек болса.
Лагерь тәрбиешісі: Ақжігітова Д.
|