Жазықова Толқын Бектепбергенқызы №2 өздік жұмыс



Дата08.02.2022
өлшемі13,58 Kb.
#119654
Байланысты:
Жазықова Т 2 өздік жұмыс


Жазықова Толқын Бектепбергенқызы

2 өздік жұмыс




1. Белсенді оқу әдістерін қалай қолданасыз?


Мен өз тәжірибемде көбіне белсенді оқыту тәсілдерін пайдаланамын. Белсенді оқу әдістерінің оқу түрлері: топтық, жұптық, ұжымдық, жеке түрлері болады. Соның ішінде ширату жаттығулары, яғни, «Жақсы сөз», «Мен қандаймын?», «Блиц сүрақтар», «Жасырын әуен», «Қарлы кесек», бейнематериалдар мен түрлі суреттер тағы басқа тәсілдерді пайдаланамын. Сондай-ақ, «Пікірлер базары», «Автор орындығы» , «Хикая картасы» , «Кластер», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Менен сұрақ, жауап сізден», «Саты баспалдағы», «Ой қозғау» сияқты белсенді әдістерді қолданамын. Мысалы, жазылым дағдысын дамытқан кезде топтық жұмыс барысында «Кластер» белсенді әдісін пайдалана отырып, сабақты қызықты өткізуге тырысамын. Бұл әдіспен оқушыларды тірек сөздерді ұсына отырып, жазып, сол сөздерді есінде сақтап әрі сауатты жазуға үйретемін. Сонымен қатар, «Хикая картасы» әдісін де пайдаланамын. Оқушылар берілген суреттерді ретімен орналастырып, әңгіме құрастырады. Соның нәтижесінде оқушылар көру арқылы, яғни, суретті сөз арқылы есте сақтап, тіл байлығын дамытуға, тіл үйренуге талпынады. Ал сабақты қорытындылау мақсатында ПОПС формуласын орындатқызамын. Қорыта айтқанда, белсенді оқыту әдістері өте тиімді. Нәтижесінде, оқушының өзіне, сабаққа деген ынтасы артып, сенімі күшейіп, өз ойын еркін әрі нақты жеткізе алады, жан-жақты тұлға болып қалыптасып жетіледі деген ойдамын.


2. Тиімді оқу және оқыту әдістері қандай?


Тиімді оқу және оқыту әдістерінің көптеген түрі бар. Соның ішінде мен көбіне бірлесіп оқу, белсенді оқу, пәнаралық байланыс, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, модельдеу сияқты түрлерін қолданамын. Мысалы, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру әдісі өте тиімді деп санаймын. Бұл әдістің тиімділігі оқушы өз-өзін бағалайды, мұғалім тек бағыттаушы болады, оқушылардың өз жұмысын жақсартуына мүмкіндік береді, оқушылардың барынша тиімді оқу жолдарын түсінуіне көмектеседі. Қорыта айтқанда, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру әдісі бойынша мұғалімдер оқушылардың қателік жіберуге қорықпай, тәуекелге бару мәдениетін қолдайды;

мұғалім оқушыларға өз жұмысының сапасын бағалау тәсілдерін ойлап табуға көмектесу мақсатында барлық оқушылармен қарым-қатынас жасайды;
мұғалім әртүрлі оқушылардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқушылардың түсінуін бағалау тәсілдері мен оқытудың әртүрлі әдістерін үйлестіре қолданады;
мұғалім оқушылардың жұмыстары туралы ауызша және жазбаша кері байланыс ұсынады, бұл кері байланыс уақтылы, айқын болып, нақты критерийлерге негізделеді

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет