Жазудың шығуы мен жазудың түрлері Орындаған: Мәлен Ақбота Арысбекқызы 101-1 филология тобы



Дата10.12.2019
өлшемі287,76 Kb.
#53303
Байланысты:
Жазудың әлеми коммуникациядағы қызметі мен маңызы

Жазудың шығуы мен жазудың түрлері

Орындаған: Мәлен Ақбота Арысбекқызы

101-1 филология тобы

Қабылдаған: ф.ғ.д Қ.С.Қалыбаева

Жазу — адамның ой-пікірін, басқа адамға хабарлап айтқысы келген сөзін, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі.


Алғашқы қоғамда ежелгі адамдар жартастарға, ағаштарға, тастарға аңшылықтың, адамдардың кескіндерін бейнелеген. Мұндай суретті хаттарды ғалымдар пиктография деп атайды. Уақыт өте келе, суреттер сөз мағынасын білдірген түрлі белгілермен ауысты. Бірте-бірте ойлаудың дамуы символдардың артына сөз жасыруға алып келді. Осылайша жазу пайда болды.

  • Жазудың 4 түрі бар:

Пиктографиялық

Идеографиялық 

Буын жазуы

Дыбыстық жазу



Пиктографиялық жазу - жазудың ең көне түрі. Зерттеушілер жазудың бұл түрі неолит дәуірінде пайда болған деп есептейді. Мұнда хабарлануға тиісті оқиғаға қатысты заттардың суреті салынады. Пиктограммалық жазу суреттерге негізделген жазу. Сондықтан оны кейде суретті жазу деп те атайды.

 

,

Идеографиялық жазу- жекелеген сөздерді, морфемаларды сурет немесе шартты таңбалар арқылы белгілейді. Онда әр сөздің тұрақты графикалық таңбасы, әр таңбаның меншікті мағынасы болады. 

Буын жазуында- сөз құрамындағы әрбір буын жеке таңбамен белгіленеді. Бұған финикия, көне семит, тибет, бирма, жапон, үнді жазулары жатады. Буын таңбалары әуелде бір буынды сөздерді белгілеген идеограммалардан жасалған.

Жазудың буын жүйесі шығу тегі жағынан да үш топқа бөлінеді.

  • Логографиялық жазудың даму барысында жасалған крит, майя, кипр буын жазулары,
  • Эфиопия, индия (брахма, кхарошти және осылардан жасалған жазулар) буын жазулары.
  • Жапон буын жазуы мен дигатуралы-дыбыстық жазу жүйесі (корейлік кун-мун).

Дыбыстық жазу (әріп жазуы) – жазудың дамып жетілген түрі, тіл дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі. Дыбыстық жазулардың ең көне түрлері – финикий, арамей және грек жазулары. Көне түркі жазуы да дыбыстық жазудың ең ежелгі түріне жатады. Қазақ халқының жазу тарихы көне түркі жазуынан басталған. Түркі жазуында дауысты, дауыссыз дыбыстардың әрпі болған, кейбір әріптер екі дауыссыз дыбысты белгілеген.


Әріп жазуы буын жүйелі жазудан кейін пайда болды. Таза күйінде консонантты-дыбыстық жазу ІІ мың жылдықтың екінші жартысында пайда болса , вокалданған-дыбыстық жазу біздің дәуіріміздің І мың жылдығының басында пайда болды.

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет