*!Жедел флегмонозды калькулезді холециститке жасалып жатқан операция



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата04.10.2022
өлшемі187,89 Kb.
#151611
  1   2
Байланысты:
Тесты ИГА 2020-2021г каз 2 уровень



*2*77* 
27-103 
#27 
*!Жедел флегмонозды калькулезді холециститке жасалып жатқан операция 
барысында холедохтың 15 мм дейін кеңейгені анықталған. Холедохотомия 
жасағаннан кейін қарқынды түрде іртік араласқан, қою өт бөліне бастады. 
Холециститтің қандай асқынуы болуы мүмкін? 
*холедохолитиаз 
*панкреатит 
*+холангит 
*бауыр абсцессі
*өт қуығының рагі 
#28 
*!Науқасқа екі жыл бұрын өттас ауруы, калькулезді холециститке байланысты 
холецистэктомия операциясы жасалынған. Алты айдан кейін оң жақ қабырға асты 
аймағының ауырсынуы, зәрдің қара қоңыр түске өзгеруі байқалған. Қанның 
биохимиялық анализінде – жалпы билирубин 120 мкмоль/л, тікелей 87 мкмоль/л. 
Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысының осы жағдайда ақпараттылығы ЕҢ 
жоғары? 
*УДЗ 
*бауыр сцинтиграфиясы 
*көктамырлық холангиография 
*+эндоскопиялық ретроградты панкреатохолангиография 
*лапароскопия. 
#29 
*!Жедел жәрдем бригадасы 30 жастағы әйелді жұтынған кездегі кеуде қуысындағы 
ауру, әлсіздік, лоқсу, құсу шағымдармен ауруханаға жеткізді. Шағымдар 2 сағат 
бұрын байқамай 50 мл сірке қышқылын ішіп қойған соң басталған.
Келтірілген болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*+өңештің химиялық күйігі 
*өңештің зақымданулары 
*өңеш дивертикулы 
*кардия ахалазиясы 
*рефлюкс-эзофагит 
#30 


*! 27 жастағы әйелді 3 жыл бойы төс артындағы ауырлық сезімі, дисфагия, 
регургитация мазалайды. Рентгенологиялық зерттеу барысында өңештің 
терминалды бөлігінің перистальтикасы кезінде контурларының «аударылған шам 
жалынына» ұқсас өзгеруі, анық, біркелкі тарылуы анықталды.
Берілгендердің арасынан мүмкін болатын диагноз?
*өңештің химиялық күйігі 
*өңеш стриктурасы 
*рефлюкс-эзофагит 
*өңеш ойық жарасы 
*+кардиа ахалазиясы 
#31 
*! Науқас 45 жаста, хирургтың қабылдауына аузынан шығатын жағымсыз иіске, 
регургитацияға және төс артындағы ауырлыққа шағымданып келді. 
Эзофагоскопияда ауа инсуффляциясы кезінде қапшық сияқты жайылатын қуыс 
анықталды.
Төмендегі патологиялардың қайсысы мүмкін болатын диагноз? 
*өңештің химиялық күйігі 
*+ өңеш дивертикулы 
*кардия ахалазиясы
*рефлюкс-эзофагит 
*өңештің жарасы 
#32 
*!Ер адам 60 жаста,іштің оң жақ аймағының сыздап ауруымен шағымданып түсті. 
Дәрігерлерге қаралмаған, ауырғанына 5-6 күн болған. Қарау барысында дене қызуы 
37,6 ºС. Пальпация кезінде оң жақ мықын аймағында сопақ пішіндес, қозғалыссыз, 
өлшемі 7,0х5,0 см,орташа тығыздықтағы түзіліс анықталды.
Аталған болжама диагноздардың қайсысы дұрыс? 
*+аппендикулялы инфильтрат
*жедел энтероколит 
*жедел аппендицит
*соқыр ішек ісігі
*перитонит 
#33 
*!37 жастағы ер адамда 1,5 жыл бұрын каустикалық содамен өңештің химиялық 
күйігі болған. Дисфагияға шағымданады. Рентгенографияда өңештің төменгі 1/3 
бөлігінің тарылуымен супрастенотикалық кеңеюі анықталды.


Төмендегі патологиялар арасынан ЕҢ мүмкін болатын диагноз? 
*өңештің химиялық күйігі 
*өңеш дивертикулы 
*+өңеш стриктурасы 
*рефлюкс-эзофагит 
*өңеш жарасы 
#34 
*!Жедел аппендицит бойынша операция барысында құрттәрізді өсіндінің ұлғайғаны, 
өсінді қабырғасында сұр-қара түсті некрозды ошақтар анықталды. 
Жоғарыда аталған макроскопиялық өзгерістер жедел аппендициттің қай түріне тән?
*+жедел гангренозды аппендицит 
*жедел флегмонозды аппендицит
*жедел перфоративті аппендицит
*жедел катаралды аппендицит
*аппендикулярлы инфильтрат 
#35 
*!Науқас 58 жаста, асқазан ойық жарасының өршуіне байланысты жоспарлы түрде 
ауруханаға жатқызылған. Ойық жаралық анамнезі 12 жыл. Соңғы кездері ауру 
сезімінің көрінісімен (ауру сезімі тұрақты) кезеңінің өзгерісін байқаған.
Ойық жараның қандай асқынуы болуы МҮМКІН? 
*+малигнизация 
*қан кету 
*тесілу 
*пенетрация 
*стеноз 
#36 
*!Науқас 49 жаста, шамамен 8 жылдай он екі елі ішектің ойық жарасымен ауырады. 
Соңғы 3-4 ай ішінде асқазанында толып тұрғандай сезім пайда болып, сасық иіспен 
кекіру, жеген тамағын кезеңді құсу байқалған. Құсық науқасқа жеңілдік әкелген.
Осы науқаста ойық жара ауруының қандай асқынуы болуы мүмкін?
*малигнизация 
*қан кету 
*тесілу 
*пенетрация 
*+стеноз 
#37 


*!Науқас 59 жаста, жедел панкреатит диагнозымен аруханаға түсті. Анамнезінде 10 
жылдан бері он екі елі ішектің ойық жара ауруымен ауырады. Соңғы кездері 
эпигастрийдегі ұстамалы ауру сезімі мазалап, ауруы арқаға беріліп белдемелі түрде 
сипатталады.
Ойық жараның қандай асқынуы НЕҒҰРЛЫМ жиі жедел панкреатиттің клиникасына 
ұқсас келеді? 

малигнизация 

қан кету 

+пенетрация 

тесілу 

стеноз 
#38 
*!Науқас 70 жаста, жеген тамағымен құсып тастайды, соңғы уақыттарда құсығынан 
шіріген жұмыртқаның иісі шығады. Анамнезінде ойық жараның ауруы 10 жылдай. 
Хирургтың ұсынысы бойынша асқазан рентгеноскопиясы жасалды.
Пилородуоденалыды тарылудың декомпенсацияланған сатысына НЕҒҰРЛЫМ 
қандай рентгенологиялық көрініс тән? 

+асқазаннан эвакуациясының 24 сағаттан көп кідіруі

асқазаннан эвакуациясының бәсеңдеуі 12-24 сағ құрайды 

асқазаннан эвакуациясының бәсеңдеуі 24-36 сағ құрайды 

асқазаннан эвакуациясының бәсеңдеуі 3-6 сағ құрайды 

асқазаннан эвакуациясының бәсеңдеуі 6-12 сағ құрайды 
#39 
*!Емханаға 58 жастағы ер адам, салмақ тастауға, жақын арада ішкен тағамын құсуға, 
әлсіздікке шағымданып келді. 20 жылдан бері он екі елі ішектің ойық жарасымен 
аурады. Ауруханада бірнеше рет жатып емделген. Қарап тексергенде: науқас айқын 
арықтаған, терісінің серпімділігі төмендеген. Пульсі минутына 88 рет, 
толымдылығы әлсіз. Эпигастральді аймақта «шылпыл шуылы» естіледі. Үлкен 
дәретінің болмауы анықталады.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді? 

+асқазанның шығар бөлігінің стенозы 

тесілген жара 

жедел холецистит 

жедел панкреатит 

асқазан рагы
#40 



! Ауруханаға 22 жастағы ер адам перфорацияланған ойық жараның клиникасымен 
түсті. Рентгенограммада оң жақтағы диафрагма күмбезінің астында бос ауа 
анықталды.
Ойық жараның перфорациясы кезінде ауру сезімінің оң йыққа берілуі ҚАНДАЙ 
симптомға тән? 
*Спижарный 

Дьелафуа 

+Элекер 

Юдин 

Бейли 
#41 
*! Науқас 25 жаста, эпигастрий аймағында «қанжар сұққандай» секілді ауру сезіміне 
шағымданды. Анамнезінде ойық жара ауруымен 4 жылдан бері ауырады. Қарап 
тексергенде құрсақ бұлшық еттері қатты қатайған.
Осы науқасқа ҚАНДАЙ тексеру әдісін жүргізген абзал?
*эндоскопиялық ретроградтыхолангиография 
*+құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы 

компьютерлік томография 
*пневмогастрография 

дуоденоскопия 
#42 
*! Перфорацияланған ойық жараға («қанжар сұққандай» ауру сезімі, ойық жаралық 
анамнезі бар, тақтай тәрізді іш) күмәнданған науқаста құрсақ қуысының шолымалы 
рентгенограммасын жасағанда пневмоперитонеум анықталмады.
Мұндай жағдайда тағы қандай қосымша тексеру әдісін жүргізген жөн?

эндоскопиялық ретроградты холангиография 

компьютерлік томография 
*+пневмогастрография 

дуоденоскопия 

ЭФГДС 
#43 
*! Науқас 45 жаста, әлсіздікке, басының айналуына, бірнеше рет үлкен дәреті сұйық 
қара түсті болып ішінің өтуіне шағымданады. Анамнезінде ойық жара ауруымен 5 
жылдан бері ауырады. Қарап тексергенде іші жұмсақ.
Ойық жарадан гастродуоденалды қан кету кезінде ҚАНДАЙ тексеру әдісін жүргізін 
дұрыс?
*эндоскопиялық ретроградты холангиография 


*құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенографиясы 
*+фиброгастродуоденоскопия 
*компьютерлік томография 
*пневмогастрография 
#44 
*!Науқас, 24 жаста, қабылдау бөліміне он екі елі ішектің перфоративті ойық 
жарасымен түскен. Пальпацияда: эпигастрий аймағын терең басып, қолды тез 
алғанда ауру сезімінің күшейгені байқалады.
Атаған белгілер қай симптомға тән?
*Кохер-Волкович
*Ситковский
*Ровзинг
*Воскресенский
*+Щеткин-Блюмберг 
#45 
*! Науқас 28 жаста, қабылдау бөліміне эпигастрий және іштің оң жақ аймағындағы 
ауру сезіміне, жүрегінің айнуына шағымданып жеткізілді. Анамнезінде: 10 сағат 
бұрын кенеттен эпигастрий аймағында қатты ауру сезімі пайда болған, ауру сезімін 
басатын дәріні ішкен соң ауруы басылған. Уақыт өте ауруы ішінің барлық аймағына 
таралып, құсу, аузының құрғауы қосылған. Қарап тексергенде: тахикардия, іші аздап 
қатайған, эпигастрий, іштің оң жақ жартысы, гипогастрийде ауру сезімі анықталады. 
Спижарный, Щеткин-Блюмберг симптомдары оң. 
Төменде берілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

жедел ішек түйілуі 

+ойық жараның перфорациясы 

жедел панкреатит 

жедел холецистит 

жедел аппендицит 
#46 
*! Науқас 49 жаста, эпигастрий аймағындағы аздап ауру сезіміне, жүрек айнуына 
шағымданып ауруханаға түсті. Анамнезінде: Ойық жара ауруымен 5 жылдан бері 
ауырады. Осыдан бірнеше сағат бұрын эпигастрий аймағында кенеттен қатты ауру 
сезімі болып, әлсіздік дамыған. Қарап тексергенде іші аздап қатайған, Спижарный 
симптомы оң.
Ойық жара тесілуінің ҚАЙ КЕЗЕҢІ болуы мүмкін?
*+жалған жақсару кезеңі 

реактивті кезең 

токсикалық кезеңі 



перитонит кезеңі 

шок кезеңі 
#47 
*! Науқас 57 жаста, эпигастрий аймағында қатты ауру сезіміне, әлсіздікке 
шағымданады. Қарап тексергенде іші тақтай тәрізді қатты.
Перфорацияланған ойық жараға НЕҒҰРЛЫМ тән рентгенологиялық көрініс?

+құрсақ қуысында бос газдың болуы 

асқазанның күмбезіндегі ауаның ұлғаюы 

диафрагманың жоғары тұруы 

Клойбер тостағаншалары 

ішек пневмотозы 
#48 
*!Науқас 49 жаста, тамақтанып болған соң эпигастрий аймағында ауру сезімі 
мазалайтын, осыдан 3 күн бұрын ауру сезімі кенеттен тоқтап, бірақ әлсіздік, бас 
айналу, «кофе тәрізді» құсу болған.
Ойық жара ауруының қандай асқынуында ауру сезімі басылады? 

малигнизация 

пенетрация 

+қан кету 

перфорация 

стеноз 
#49 
!Аурухананың қабылдау бөлімшесіне 30 жастағы науқас келіп түсті. Шағымдары: 
құрғақ жөтел, дене қызуының жоғарылауы, қалтырау. Қарап тексергенде: беті ісіңкі, 
ұрттары гиперемияланған, оң жақ кеуде қуысы дем алуда қалып қояды, тынысы 
қатаң, перкуторлы дыбыс тұйықталған.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? 
*+өкпе абсцессі 
*жедел бронхит 
*пневмосклероз 
*бронхоэктаз 
*пневмония 
#50 
*!40 жастағы науқас 7 күн бойы ауырады. Анамнезінен: суық тиюден кейін 
науқасты құрғақ жөтел, гектикалық қызба мен қалтырау мазалаған. Бүгін таңертең 
шірікті иісті көп мөлшерде іріңді қақырық қосылды.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? 


*+өкпе абсцессі
*өкпе эхинококкозы 
*өкпе туберкулезі 
*плевра эмпиемасы
*пневмония 
#51 
*!Науқас 46 жаста, ауруханада оң өкпенің абсцессі диагнозымен емделуде. Екінші 
тәулікте науқастың жағдайы күрт нашарлады. Ентігуі күшейіп, тері жамылғылары 
көгеріп, көп мөлшерде қан қақырды. Содан кейін жедел тыныс жетіспеушілігі 
басталды. 
Төменде көрсетілгендердің қайсысы тыныс алудың тоқтауына себеп болуы мүмкін?
*өкпе артериясының тромбоэмболиясы 
*кернелген пневмоторакс 
*миокард инфарктісі 
*бронхоспазм 
*+асфиксия 
#52 
*!Науқас 55 жаста, 3 ай бұрын крупозды пневмониямен ауырған. Антибиотиктерге 
аллергиясы болуына байланысты физиоемді қабылдаған. Бір айдан соң науқаста 
қайтадан гипертермия, тершеңдік, кеуде қуысында терең дем алғанда ауру сезімі 
пайда болды. 2 күн бұрын ұстамалы жөтел пайда болды, көп мөлшерде қан аралас 
іріңді қақырық шықты, содан кейін дене қызуы түсті. 
Көрсетілген алдын-ала диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? 
*созылмалы бейспецификалық пневмония 
*өкпенің бронхогенді қатерлі ісігі 
*өкпе туберкулезі 
*+өкпе абсцессі 
*плевра
#53 
*!Науқас 45 жаста, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Науқасты кеуденің сол 
бөлігіндегі ауру сезімі, ентігу, қан аралас қақырықпен жөтел мазалайды. Сол жақтан 
перкуторлы дыбыстың көп аймақта тұйықталуы байқалады. Аускультативті – 
көптеген ылғалды сырылдар. Рентгенограммада – сол өкпеде көптеген дұрыс емес 
пішінді қуыстар мен секвестрлардың көлеңкесі анықталады.
Көрсетілген алдын-ала диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? 
*өкпе артериясының тромоэмболиясы 
*пиопневмоторакс 
*іріңді плеврит 


*+өкпе гангренасы
*актиномикоз 
#54 
*! Оң жақ өкпенің абсцессімен стационарда ем қабылдап жатқан 36 жастағы науқас, 
кенеттен кеуде тұсында ауырсынудың және ентігудің туындағанына шағымданады. 
Қарап тексергенде терісін ылғал суық тер басқан, акроцианоз. Оң жақ кеуде 
торының перкуссиясында жоғарғы бөлімдерде қораптық дыбыс, ал төменгі 
бөлімдерде тұйық дыбыс. Аускультацияда тыныс шуылдары естілмейді. 
Төменде көсетілгендер асқынулардың қайсысы болуы МҮМКІН?
*метастатикалық абсцесстердің дамуы
*тері асты эмфиземасы 
*+пиопневмоторакс 
*өкпеден қан кету 
*сепсис
#55 
*! 27 жасар ер адамда, бір сағат бұрын толық саулық жағдайында, кеуде қуысының 
сол жақ бөлімінде кенеттен қатты ауру сезімі туындады, дем жетіспегенін сезінді. 
Дене қызуы қалыпты. Перкуссияда сол жақ өкпе тұсында қорапты дыбыс, жүректің 
тұйық шекарасы оң жаққа ығысқан. Аускултацияда сол жақта тыныс естілмейді. 
Төменде берілген алдын ала диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ мүмкін болуы 
ықтимал? 
*экссудативті плеврит 
*миокард инфарктісі 
*өкпе туберкулезі 
*+спонтанды пневмоторакс
*қысылған көкет жарығы 
#56 
*! 15 жасар бала, кеуде қуысының оң жақ бөлігінің ауырсынуына, ентігуге, жалпы 
әлсіздікке шағымданып келді. Дене шынықтырумен айналысып жатқанда кеудесінің 
оң жақ бөлімінің кенеттен қатты ауырсынуы пайда болғанын, тыныс алуының 
қыйындауын атайды. Кеуде торының шолу рентгенограммасында оң өкпенің толық 
коллапсы анықталды.
Төмендегілердің қайсысының орын алуы ЕҢ ықтимал?
*өкпе абсцессінің жарылуы 
*плевралық жабысқақтардың жыртылуы 
*+өкпенің эмфизематозды буллаларының жарылуы
*туа біткен өкпенің ауалы кисталарының жарылуы 
*жедел пневмония 


#57 
*! 27 жастағы ер адам, қабылдау бөліміне жол апатынан кейін оң жақ кеуде 
бөліміндегі ауырсыну, ентігу, демнің жетіспеушілігі шағымдарымен жеткізілген. Оң 
жақ кеуде торының перкуссиясында қораптық дыбыс, аускультацияда тыныс 
шуылдары естілмейді. Кеуде торының шолу рентгенограммасында оң жақтан 4-5 
қабырғалардың сынуы, оң жақтық субтотальды пневмоторакс анықталды. 
Төмендегі берілгендердің қайсысы ЕҢ мүмкін болатын диагноз? 
*спонтанды пневмоторакс 
*+травмадан кейінгі пневмоторакс 
*гидропневмоторакс 
*пиопневмоторакс 
*қабырғалық пневмоторакс 
#58 
*! 33 жастағы ер адам, жарақат алғаннан кейін оң жақ кеуде тұсындағы ауру 
сезіміне, ентігуге, ауаның жетіспеушілігіне, әлсіздікке шағымданып хирургияның 
қабылдау бөліміне жеткізілген. Терісінің түсі бозарған, бет әлпетінен қорқыныш 
үрей байқалады. Оң жақ кеуде торының перкуссиясында жоғарғы жағында 
қораптық дыбыс, ал төменгі тұсында дыбыстың тұйықталу анықталады. 
Аускультацияда оң өкпеде тыныс шуылдары естілмейді.
Төмендегі берілген алдын ала қойылатын диагноздардың қайсысының болуы 
мүмкін? 
*спонтанды пневмоторакс 
*+гемопневмоторакс 
*гидропневмоторакс 
*пиопневмоторакс 
*реактивті плеврит 
#59 
*!41 жастағы ер адам, стационарда жедел жайылмалы панкреонекроз диагнозымен 
стационарда ем қабылдауда. Емдеу барысында кеуде торының сол жағында 
ауырсыну және ентігу пайда болды. Кеуде торын перкуссиялағанда сол жақтың 
төменгі бөлімдерінде перкуторлық дыбыстың тұйықталу анықталады, 
аускультацияда тыныс шулары естілмейді. Кеуде торының шолу 
рентгенографиясында – сол жағында гомогенді қиғаш көлеңке анықталады.
Төмендегілердің қайсысы панкреонекроздың асқынуы болуы мүмкін? 
*көкеттің сол жақ күмбезінің релаксациясы 
*метастатикалық абсцесстердің дамуы 
*қабырғааралық невралгия 
*+реактивті плеврит 
*көкет жарығы


#60 
*!Науқас, 42 жаста, клиникаға оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, құсу, дене 
қызуының 38
0
С дейін көтерілу шағымдармен түсті. Бұрын УДЗ-де өт тас ауруы 
анықталған. Қарап тексергенде: оң жақ қабырға астында іші қатайған және ауру 
сезімі бар. Ортнер және Мерфи симптомдары оң. Қан анализінде лейкоциттер - 
18х10
9
/л.
Төменде келтірілген алдын ала болжап қойылған диагноздардың қайсысы болуы 
мүмкін? 
*жедел аппендицит 
*жедел дуоденит
*жедел панкреатит 
*+жедел холецистит 
*он екі елі ішек ойық жарасының тесілуі 
#61 
*!Холецистэктомиядан кейінгі 3-ші тәулікте науқас, оң жақ қабырға астының ауру 
сезіміне, терінің сарғаюна шағымданды. Дене температурасы – 36,7
0
С. Қан 
анализінде лейкоциттер 7,8х10
9
/л, жалпы билирубин - 150,2 мкмоль/л, тура 
билирубин – 120,5 мкмоль/л.
Төменде келтірілген асқынулардың қайсысы болуы мүмкін? 
*Боткин ауруы 
*іріңді холангит 
*+механикалық сарғаю 
*бауырастылық абсцесс 
*паренхиматозды сарғаю 
#62 
*!68 жастағы науқас хирургия бөлімшесіне «жедел холецистит» болжам 
диагнозымен жатқызылды. Анамнезінде бірнеше рет бауырлық шаншу ұстамасы 
болған. Дәрігерге қаралмаған. Қарап-тексеруде іші қатайған және оң жақ қабырға 
астында ауру сезімі бар. Ортнер симптомы күмәнді.
Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындаған ЖӨН? 
*+УДЗ 
*ФГДС 
*лапароскопия 
*ирригоскопия 
*эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография 
#63 
*!Науқас әйел, 62 жаста, оң жақ қабырға астында ауру сезіміне, жүрегінің айнуына, 
қусуға шағымданып түсті. Ауру сезімі оң иығына және жауырын астына таралады. 
Іш пальпациясында Кер және Мерфи симптомдары оң. 


Төменде келтірілген болжап қойылған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? 
*жедел ішек түйілуі 
*жедел панкреатит
*жедел аппендицит
*созылмалы панкреатит 
*+жедел холецистит 
#64 
*Хирургияның қабылдау бөліміне 68 жастағы науқас түсті. УДЗ-де өтқапшығында 
көптеген майда конкременттер анықталған, холедох 1,5см-ге дейін кеңейген. Қан 
анализінде жалпы билирубин – 84,0 мкмоль/л, тікелей билирубин – 68,7 мкмол/л.
Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындаған ЖӨН? 
*ФГДС 
*колоноскопия 
*лапароскопия 
*ирригоскопия 
*+құрсақ қуысыағзаларының МРТ –сы, (MRCP) 
#65 
*! Науқас 67 жаста, майлы және қуырылған тамақтан кейін пайда болатын оң жақ 
қабырға астында ауру сезіміне шағымданды. Іш пальпациясында Кера және Мерфи 
симптомы оң.
Қандай аурумен дифференциалды диагностика жүргізген ЖӨН? 
*бүйректік шаншу 
*+жедел панкреатит 
*жеделаппендицит 
*мезентериалды тамырлардың тромбозы 
*асқазанның ойық жарасының перфорациясы 
#66 
*!37 жастағы науқас Л., жедел панкреатит бар деген күдікпен жатқызылды. 
Жағдайы 2 сағат бұрын алкоголь ішкеннен кейін нашарлаған. Қан анализінде: 
лейкоциттер - 9,4х10
9
/л, ЭТЖ - 10 мм/сағ; Құрсақ қуысының УДЗ-да ұйқы безінің 
көлемінің ұлғайғандығы анықталды.
Қандай лабораторлық көрсеткіш диагнозды АНАҒҰРЛЫМ нақтылайды? 
*коагулограмма
*қан құрамындағы қантты анықтау
*+қан құрамындағы амилазаны анықтау
*қан құрамындағы мочевинаны анықтау
*қандағы жалпы билирубинді анықтау


#67 
*! 28 жастағы әйел, кіндік аймағындағы томпаюға шағымданады. Қарап тексергенде 
кіндік аймағында 4,0смх3,5см өлшемді жарық анықталады, маңындағы тері 
жабындыларының түсі өзгермеген, пальпация кезінде түзіліс жұмсақ–эластикалық, 
перкуссия кезінде тимпаникалық дыбыс естіледі.
Жарық қабының құрамында қандай ағза болуы мүмкін? 
*үлкен шарбы май 
*ұйқы безі 
*бауыр 
*+ішек ілмектері 
*қуық 
#68 
*!35 жастағы ер адамға, қысылғанына 8 сағат болған шап жарығына операция 
жасалған. Жарық қабында аш ішектің өмірге бейімді 2 ілмегі анықталған. Қысылған 
сақинаны кескенде оларды байланыстыратын ішек ілмегі іш қуысында орналасқан.
Осы жағдайда қысылудың қандай түрі болуы мүмкін?
*+ретроградты 
*қабырғалық
*Рихтерлік 
*сырғушы 
*нәжістік 
#69 
*!58 жастағы ер адам, жедел панкреатит деген болжамалы диагнозбен жеткізілді. 
Анамнезінде 2 жыл бұрын миокард инфарктісімен ауырған. Қарау кезінде іштің 
жоғарғы бөлігінің кеуіп тұрғаны байқалады, палпация кезінде эпигастрий 
аймағында қатты ауру сезімі анықталады, Щеткин-Блюмберг симптомы күмәнді, 
ішек перистальтикасы баяу. Үлкен дәрет болмаған.
Аталған аурулардың қайсысымен дифференциалды диагноз жүргізу АНАҒҰРЛЫМ 
дұрыс? 
*жедел холецистит
*жедел аппендицит 
*асқазанның перфоративті ойық жарасы
*ішектің жедел түйілуі
*+мезентериалды қан тамырларының жедел тромбозы
#70 
*!62 жастағы ер адам, оң жақ шап аймағында ауыр салмақ көтерген соң пайда 
болған томпаюға шағымданады. Қарап тексергенде қатайған, тығыздалған 
жарықтық түзіліс анықталады.
Тізімдегі асқынулардың ішінде ең алдымен қандай асқыну болуы мүмкін? 


*копростаз 
*эвентрация 
*ішек инвагинациясы 
*+жарықтың қысылуы 
*соқыр ішектің айналуы 
#71 
*!35 жастағы ер адам, оң жақ шап аймағының ісік тәрізді түзілісіне шағымданады. 
Науқасты тік тұрғызып қарап тексергенде жұмсақ эластикалық пішіні сопақ түзіліс 
анықталады. Науқастың жатқызып қарағанда томпаю өздігінен құрсақ қуысына 
енеді.
Тізімдегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? 
*лимфаденит
*варикоцеле 
*гидроцеле 
*+жарық 
*липома 
#72 
*! 32 жасар ер адам, 1 жыл бойы оң жақ шап жарығымен зардап шегеді. Стационарға 
түскенге дейін 2 сағат бұрын, жиһаз қозғалту кезінде жарық аймағындағы ауру 
сезімі кенеттен пайда болған. Қарап тексергенде жарық көлемі 6,0х4,0 см, қатайған, 
ауру сезімін береді және құрсақ қуысына енбейді.
Тізімдегі асқынулардың ішінде ЕҢ алдымен қандай асқыну болуы мүмкін? 
*қабыну 
*+қысылу 
*копростаз 
*перитонит 
*орнына енбеуі 
#73 
*!55 жастағы ер адамға, шап аймағындағы жарыққа байланысты операция жасалып 
жатыр. Жарық қапшығын ажырату кезінде оның бір қабырғасын қуық құрағаны 
анықталды.
Тізімдегілер ішінен жарықтың қандай түрі болуы мүмкін? 
*+сырғымалы жарық
*ретроградты қысылу
*қабырғалық қысылу
*шап-ұмалық жарық
*Литтре жарығы


#74 
*! 60 жастағы әйел, сол жақ шап аймағындағы ауру сезіміне және томпаюдың пайда 
болғанына шағымданады. Қарап тексергенде шап байламының төменгі жағында 
диаметрі 3,5см түзіліс анықталады. Пальпация кезінде консистенциясы тығыз 
эластикалық, құрсақ қуысына жеңіл енеді.
Тізімдегі болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? 
*+сан жарығы
*Литтре жарығы
*тік шап жарығы
*қиғаш шап жарығы 
*сырғымалы шап жарығы
#75 
*Науқас А. 70 жаста, шап жарығы клиникасымен ауруханаға түсті. Жарықтық 
томпаюды басқанда несеп шығарғысы келеді.
Сыртқы жарықтың қандай түрі болуы мүмкін? 
*Литтре жарығы
*тік шап жарығы
*қиғаш шап жарығы 
*қысылған сан жарығы
*+сырғымалы шап жарығы
#76 
*! Науқас 45 жаста, операциядан кейінгі тыртықтың бойындағы жарықтың 
томпайып шығуына, ауру сезіміне, қызаруына, тығыздануына, дене қызуының 39ºС 
дейін көтерілуіне, қалтырауына шағымданады. Қарап тексергенде жарықтық 
томпаюда ауру сезімі бар, терісі ісінген және қызарған, жергілікті гипертермиямен.
Тізімдегілердің қайсысы болуы мүмкін?
*жарықтың енбеуі 
*сырғымалы жарық
*шап лимфоадениті
*+жарық қабының флегмонасы 
* жарық қабының шемені 
#77 
*! 45 жастағы әйел оң жақ шап аймағында томпаюдың пайда болуына 
шағымданады. Қарап тексергенде оң жақ шап байламынан төмен, ауру сезімінсіз, 
құрсақ қуысына енетін томпаю анықталады. «Жөтел түрткісі» симптомы оң.
Тізімдегі болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? 
*+сан жарығы 
*созылмалы лимфаденит 


*шап аймағының липомасы 
*туберкулездік абсцесс 
*үлкен теріастылық тамырдың варикозды түйіні 
#78 
*!35 жастағы әйел, аздаған физикалық жүктемеден соң геморроидалды түйідердің 
сыртқа шығуына шағымданады. Айтуы бойынша геморроидалды түйіндер орнына 
келіп, қайта шығып қалады.
Тізімдегілер ішінен ЕҢ сәйкес геморройдың сатысы қандай? 
*+геморрой III сатысы
*геморрой II cатысы 
*геморрой I сатысы 
*субкомпенсация 
*декомпенсация 
#79 
*!52 жастағы ер адам, эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, белге 
иррадиацияланатынына, көп рет құсатындығына шағымданып келді. Ауырғанына 4-
5 сағат болған, жағдайының нашарлағанын майлы тамақ жегенімен 
байланыстырады. Іштің пальпациясы кезінде Керте симптомы оң, Щеткин-
Блюмберг симптомы теріс.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы АНАҒҰРЛЫМ ықтимал? 
*жедел аппендицит 
*жедел холецистит 
*+жедел панкреатит 
*пилородуоденалды стеноз 
*Меллори-Вейс синдромы 
#80 
*!Әйел 50 жаста, 2 күн аралығында артқы өтіс аймағындағы солқылдаған ауыру 
сезіміне, дене қызуының 38⁰С дейін көтерілуіне шағымданады. Анальді аймақты 
қарап тексергенде анустың сол жағында гиперемия, ісіну, терісінің шығыңқы болуы, 
пальпацияда ауру сезімі күшейеді.
Тізімдегілер диагноздар ішінен ЕҢ алдымен қандай диагноз болуы мүмкін? 
*жедел геморрой 
*тік ішектің түсуі 
*жедел аналді сызат 
*+жедел парапроктит 
*аналды каналдың стриктурасы 
#81 


*!Науқас 65 жаста, 2 жылдан бері алма-кезек ақсаумен зардап шегеді. 
Ангиографияда – бифуркация деңгейіндегі құрсақ қолқасының стенозы, қолқа 
қабырғасының атеросклероздық өзгерісі анықталды.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін? 
*мықын венасының тромбозы 
*мықын артериясының эмболиясы 
*абдоминальді ишемиялық синдром 
*Такаясу синдромы 
*+Лериш синдромы 
#82 
*! 57 жастағы әйел аралық аймағында жарадан іріңді бөлініске шағымданады. Қарап 
тексергенде аралық аймағында көлемі 0,3х0,3см жара анықталады, басқан кезде 
жарадан іріңді бөлініс, айналасындағы теріде мацерация.
Тізімдегілер диагноздар ішінен ЕҢ алдымен қандай диагноз болуы мүмкін? 
*созылмалы геморрой 
*созылмалы аналді сызат 
*+созылмалы парапроктит 
*аналді каналдың стриктурасы 
*геморроидалді түйіндердің тромбозы 
#83 
*!Ер адам, 37 жаста, артқы өтіс аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Қарап 
тексергенде шартты циферблаттың 3 сағатында тығыз, ауырсынатын түзіліс 3,0x2,0 
см бар, қара-қызыл көкшіл түсті. 
Тізімдегілер ішінен ЕҢ алдымен қандай болжама диагноз қойылуы мүмкін? 
*геморрой 
*тік ішектің түсуі 
*жедел парапроктит 
*артқы өтістің сызаты 
*+геморроидалді түйіннің тромбозы 
#84 
*!Ер адам, 43 жаста, артқы өтістегі ауырсынатын томпаюға шағымданады, дене 
қызуы 38,0°С. Қарап тексергенде перианалді аймақ оң жақта терінің ісінуімен, 
шығып тұруымен аналді каналдың пішіні өзгерген, ісік үстінде гиперемия.
Тізімдегілер ішінен ЕҢ алдымен қандай болжама диагноз қойылуы мүмкін? 
*геморрой 
*аналді сызат 
*созылмалы парапроктит 
*эпителиалді-құймышақтық кіріс 


*+жедел теріастылық парапроктит 
#85 
*!Әйел, 24 жаста, босанғаннан кейінгі кезеңде іш қату пайда болған. Дефекациядан 
кейінгі артқы өтістегі ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде сфинктердің 
айқын спазмы анықталады, саусақтық зерттеу кезінде ауру сезімі күшейеді.
Тізімдегілер ішінен қандай болжамды диагноз болуы мүмкін? 
*ішкі толық емес тік ішектік жыланкөз 
*қан кетумен асқынған ішкі геморрой 
*жедел шырышастылық парапроктит 
*+артқы өтістің сызаты 
*ректоцеле 
#86 
*! 28 жастағы әйел, сегізкөз-құймышақтық аймағындағы ауру сезіміне, ісінуіне, 
қызаруына, осы аймақтағы флюктуацияға, дене қызуының 38,1°С көтерілгеніне 
шағымданады.
Тізімдегілер ішінен ЕҢ алдымен қандай болжама диагноз қойылуы мүмкін? 
*дермоидты киста
*жедел парапроктит 
*созылмалы парапроктит 
*+эпителиальды-құйымшақтық жолдың абсцессі 
*эпителиальды-құйымшақтық жолдың созылмалы қабынуы
#87 
*!Ер адам, 50 жаста, физикалық жүктемеден соң артқы өтістен ісікті түзілістің 
шығып тұруына, желдің және сұйық нәжістің ұстай алмауына шағымданады. Қарап 
тексергенде анустан конус тәрізді орнына енбейтін түзіліс анықталады.
Тізімдегілер ішінен ең алдымен қандай болжама диагноз қойылуы мүмкін? 
*геморрой 
*тік ішектің ісігі 
*парапроктит 
*дермоидты киста 
*+тік ішектің түсуі
#88 
*! 51 жастағы ер адам, әлсіздікке, дене қызуының 38,5°С дейін көтерілуіне, 
аралықта ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде анустың сол жағында 
аралық аймағында ауру сезімі бар инфильтрат анықталады, жанындағы тері ісінген, 
қызарған.
Тізімдегілер ішінен ЕҢ алдымен қандай болжама диагноз қойылуы мүмкін? 


*геморроидалды түйіннің тромбозы 
*созылмалы геморройдың асқынуы 
*+параректалды абсцесс 
*тік ішектің полипы 
*тік ішектің рагы 
#89 
*!Ауруханаға 60 жастағы науқас жедел ішек түйілуінің клиникасымен жатқызылды. 
Ирригоскопия кезінде жоғарылаған тоқ ішекте анық контурларымен екі тісшелі толу 
дефектісі анықталды.
Жедел ішек түйілуінің қай түрі болуы мүмкін?
*соқыр ішектің обтурациялық түйілуі
*+инвагинация
*соқыр ішектің бұралуы
*жіңішке ішектің бұралуы
*түйін түзілу
#90 
*!Хирургиялық стационарға 45 жастағы науқас жедел ішек түйілуінің 
клиникасымен жатқызылды.Қарап тексру кезінде оң жақ мықын аймағының түсуі 
және сол бөлігінің ісінгені байқалады. Жедел ішек түйілуінің қай симптомы болуы 
мүмкін?
*Обухов ауруханасы
*Цеге-Мантейфель
*+Шимана-Данса
*Спасокукцкий
*Валь
#91 
*!Жедел ішек түйілу клиникасымен түскен науқасқа тазарту клизмасын жасағанда 
500 мл ғана суды енгізу м8мк3н болды. Бұл жерде жедел ішек түйілуінің қай 
симптомы болуы мүмкін?
*Обухов ауруханасы
*+Цеге Мантейфель
*Шиман Данс
*Спасокукоцкий
*Валь
#92 
*!Ішектің жедел түйілуі клиникасымен түскен науқастың іш қуысы жалпы шолу 
рентгеноргаммасында Клойбер тостағаншалары мен Керкринг қатпарлары 
анықталды. Анықталған рентгенологиялық белгілер қандай ішек түйілу түріне тән?


*+жіңішке ішек түйілуі
*тоқ ішек түйілуі
*сигма тәрізді ішектің бұралуы
*инвагинация
*қуысты ағзаның перфорациясы
#93 
*!Төменде көрсетілген клиникалық көріністердің қайсысы аяқ веналарының 
варикозды кеңеюіне тән? 
*аяқ терісінің тез арада бозаруы 
*балтыр және аяқ басы терісін ұстап қарағанда мұздай болуы 
*+тез шаршағыштық, аяқтағы ауырлық және кернеп тұрғандай сезімнің болуы
*алма-кезек ақсаңдау 
*қысқа қашықтыққа жүргенде аяқтағы ауру сезімі
#94 
*!45 жастағы науқаста физикалық күштемеден кейін толғақ тәрізді ішін толық 
қамтитын ауыру сезімі басталды. Бірнеше сағаттан соң жүрегі айнып, құсу, іштің 
кебуі, газдың кідіруі болды. Бұл аталған симптомдар кешені қай ауруға тән?
*+жедел ішек түйілуіне
* асқазан ойық жарасының тесілуіне
*жедел панкреатитте
*жедел аппендицитте
*жедел холециститте
#95 
*!40 жастағы науқаста оң жақ шап жарығының қысылуынан 6 сағат өткеннен кейін 
өздігінен қалпына келуі болды. Науқастың жарығына операция жасалды, Келесі күні 
науқастың жағдайы нашарлап перитонит клиникасы дамыды. Перитониттің себебі 
қандай?
*шәует шылбыры қан тамырларының қысылуы
*+ішек ілмегінің некроздануы және тесілуі 
*ерте жабыспалы түйілу
*мезентериальды қан тамырдың тромбозы
*пилефлебит
#96 
*!Аппендэктомиядан кейінгі 6 күні науқаста толғақ тәрізді ауыру сезімі мен іштің 
кебуі, нәжіс пен газдың кідіруі пайда болды. Динамикасында құсу болғаны белгілі.
Бұл жерде аталған операциядан кейінгі асқынулардың қайсысы болуы мүмкін?


*аппендикулярлы артериядан қан кету
*+жабыспалы ішек түйілуі
*мезентериальды қан тамырдың тромбозы
*Дуглас кеңістігінің абсцессі
*тігістің босап кетуі
#97 
*!Әйел адам 65жаста, ішінің тұтас ауруына, ішінің кебуіне, үлкен дәрет пен газдың 
кідіруіне шағымданады. Бір жылда 15 килограммға дейін арықтаған, 
Ирригоскопияда контрастты зат сигма тәрізді ішектен ары өтпейді. Аталған 
болжамалы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*+сигма тәрізді ішекті обтурациялаушы ісік
*ішектің илеоцекальды инвагинациясы
*спастикалық колит
*Крон ауруы
*сигма тәрізді ішектің бұралуы
#98 
*!78 жастағы науқасқа жедел ішек түйілуіне байланысты операция кезінде ішек 
қуысында 5х4 см өт тасы анықталды, әкелуші ішек ілмектері кенет ұлғайған. 
Науқаста ішек түйілуінің қандай түрі болуы мүмкін? 
*+жедел обтурациялық ішек түйілуі
*жедел жабыспақ ішек түйілуі
*паралитикалық әшек түйілуі
*жедел странгуляциялық ішек түйілуі
*инвагинация
#99 
*!Қабылдау бөлімшесіне науқас ішінің кебуіне, жүрегінің айнуына, құсуға, газдың 
шықпауына шағымданып келді. Қарап тексергенде іші ассиметриялы, қампайған, 
перкуссия жасағанда кей жердерде жоғарғы тимпанит анықталады. Көрсетілген 
белгілерге сүйене отырып қандай болжамалы диагноз қоюға болады?
*асқазанның перфоративті ойық жарасы
*+жедел ішек түйілуі
*жедел панкреатит
*мезентериальды қан тамырларының тромбозы
*перитонит
#100 
*!Ауруханаға 36 жастағы ер адам оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімге 
байланысты шағымданып түсті. Кейде терісінің қызарып қышынуы болып тұрады. 


Өрісте мал шаруашылығымен айналысады. Пальпация кезінде бауырдың сол жақ 
бөлігінде ісік тәрізді түзіліс анықталады. 
Осы науқаста НЕҒҰРЛЫМ тән қандай аурудың белгілерін анықтауға болады. 
*гепатит
*бауыр шемені 
*+бауыр эхинококкозы 
*өт тас ауруы 
*аллергиялық дерматит 
#101 
*!Аудандық аурухананың қабылдау бөліміне іш ауруына шағымданған 25 жастағы 
ер адам келіп түсті. Пальпация кезінде бұлшықет кернеуі және оң жақ мықын 
аймағындағы ауырсыну байқалады. Ровзинг симптомы оң. Аталған алдын ала 
диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
* мезентериалды тамырлардың тромбозы 
* жедел ішек өтімсіздігі
* + жедел аппендицит 
* жедел панкреатит
* жедел холецистит 
#102 
*!*!Пациент А., 52 жаста, аппендикулярлы инфильтрат диагнозымен ауруханаға 
жатқызылды. Динамикада дене қызуының 38,5 С дейін көтерілуі, оң жақ мықын 
аймағында ауырсынудың күшеюі байқалады. Пальпация кезінде инфильтраттың 
ауыруы мен жұмсаруы анықталады. Қандай асқыну ең ықтимал?
* соқыр ішек обыры
* жедел аппендицит 
*пилефлебит 
*соқыр ішек перфорациясы
* + инфильтраттың абсцедирлеуі 
#103 


*!35 жастағы ер адам аппендикулярлы инфильтраттың клиникасымен ауруханаға 
түсті. Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы диагноз қою үшін ең тиімді? 
* + Іш қуысының УДЗ
* ФГДС
* диафаноскопия 
* колоноскопия 
* ирригоскопия 
#103 
*!42 жастағы әйел оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, құсу, дене қызуының 38,0 
С дейін жоғарылауына шағымданды. Бұрын УДЗ өт тас ауруы анықталған. Қарау 
барысында: іші кернелген және күрт ауырсынулы, дене қызуы көтерілген. Ортнер 
мен Мерфи белгілері оң. Қан анализінде лейкоцит - 18х109/л. Аталған алдын ала 
диагноздардың қайсысы ең ықтимал? 
* жедел аппендицит 
* жедел дуоденит
* жедел панкреатит 
* + жедел холецистит 
* он екі елі ішектің перфоративті жарасы 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет