Жеке тапсырма Тақырыбы: «Физика пәні бойынша экскурсиялар» Пән



бет1/3
Дата01.06.2022
өлшемі28,04 Kb.
#145716
  1   2   3
Байланысты:
«Физика п ні бойынша экскурсиялар»


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Жеке тапсырма
Тақырыбы: «Физика пәні бойынша экскурсиялар»
Пән: Физиканы оқыту әдістемесі

Орындаған: Арахимбабаева Ж


Тобы: 1502-19
Қабылдаған: Уалиханова Б.С
Шымкент, 2021 жыл

Экскурсияларды тек қалалық жерлерде ғана емес, ауылдық жерлерде де қауіпсіздікті сақтай отырып ұйымдастыруға болатынын білеміз. Ауылдық жерлердегі су бөгеттері, сумен қамтамасыз етуге, немесе егістікті суғаруға арналған насос станциялары, суландыру, немесе құрғату жүйелері, жасанды жауын жаудыру қондырғылары мен жел двигательдері – мұның бәрі оқушылар үшін жасалатын экскурсиялардың тамаша объектілері. Олар физика заңдарын түсіндіруге және ауыл шаруашылығының энергетикасымен таныстырудың тамаша жолы.




7сыныпта физика сабағы «ЭКСКУРСИЯ»


Экскурсия тақырыбы: Оқушылардың физика пәні бойынша алған білімдерін шыңдау.


Мақсаты:
Балалардың адам, өсімдіктер, жануарлар өміріндегі судың маңызы туралы білімдерін бекіту. Су-бұл балық, өсімдіктер мен жануарлар үшін "үй", су ресурстарын қорғау қажеттілігі туралы.


Экскурсияның өтетін жері:



  • Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Комсомол көлі

Бұл экскурсия 7-сынытың физикасының бағдарламалық материалдары толық оқылғаннан кейін өткізіледі. Бұл экскурсия жалпы экскурсия түрлерінің ішіндегі қорытынды экскуриялар ретінде қарастырылады. Яғни физика тарауынан өткізілетін жұмысты аяқтап, сыныпта өтілетін материал бойынша білімді бекітуді және тереңдетуді көздейтін шара болып саналады.


Экскурсия ұйымдастырушы: Тараз қаласы, №47 жалпы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Арахимбабаева Ж
Сыныбы: 7
Тақырыбы: "Су қоймасындағы физикалық құбылыстар"
Экскурсияның мақсаты:
- табиғат құбылыстарының өзара байланысын және "Физика"ғылымының тұтастығын көрсету;
- физика курсы бойынша алған білімдерін қорытындылау және оларды кез-келген жағдайда қолдану қабілетін дамыту;
- табиғатқа, өз өлкесіне, ауылына ұқыпты қарауға тәрбиелеу;
- оқушылардың есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін, эмоционалды қабылдауын және олардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Кіріспе:
Экскурсиялар оқушылардың физикалық дамуы үшін үлкен маңызға ие. Таза ауада, табиғи ортада болу оқушылардың денсаулығын нығайтуға ықпал етеді. Бұл әсіресе көп күндік экскурсияларда көрінеді, бірақ бір күндік экскурсияларды ұйымдастыру кезінде физикалық дамудың мақсаттарын ұмытпау керек. Сонымен, экскурсия жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен маңызға ие және мектеп жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Экскурсия оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, әртүрлі физикалық құбылыстар арасындағы байланысты орнату үшін үлкен маңызға ие. Экскурсия үлкен тәрбиелік мәнге ие, өйткені олар жануарлар мен өсімдіктер әлемімен жақынырақ және нақты танысуға және табиғатта болып жатқан түрлі физикалық құбылыстарды байқауға мүмкіндік береді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет