Тақырыбы: Шуро-Ислами ұйымы. Орындаған:Әмит Мерей,21 08тобы



Дата08.02.2022
өлшемі18,85 Kb.
#117979
түріҚұрамы
Байланысты:
Әмит Мерей^J21 08.БОӨЖ-2тарих

БОӨЖ-2
Тақырыбы:Шуро-Ислами ұйымы.


Орындаған:Әмит Мерей,21_08тобы.
Ғылыми жоба.
1917 жылғы ақпанда елде орын алған үздіксіз саяси дағдарыстардың нәтижесінде Ресейде монархия құлатылып, республикалық тәртіптің орнатылуы бүкіл елдегі, соның ішінде Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайды түбірімен өзгертті. Ресейдегі Ақпан төңкерісі тек орыс халқы үшін ғана емес, империя құрамына күштеп біріктірілген өзге халықтар, соның ішінде мұсылман халықтары үшін де үлкен өзгерістерге жол ашқан оқиға болды. Ақпан төңкерісі алып келген өзгерістермен бірге, қазақтың ұлт-азаттық күресі тарихының жаңа кезеңі басталды. Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан жағдайда пайда болған қоғамдық ұйымдар өз бастауларын мұсылмандықжәдидтік қозғалыстардан алды. Мұсылмандық негізде құрылған ұйымдардың ішіндегі сипаты жағынан ең прогрессивтісі – «Шуро-и-Ислам» («Ислам кеңесі») ұйымы болды. Белгілі Шоқайтанушы К.Есмағамбетов 1917 жылдың көктеміне қарай Түркістанда дүниеге келген бірнеше ұйымдардың ішіндегі саяси өмірге ықпалы жөнінен ерекше орын алатыны Ташкентте құрылған «Шуро-и-Ислам» ұйымы деп көрсетеді. Саяси ұйым өз бағдарламасына тек жәдидтік ұстанымдарды ғана емес, сондайақ кадеттер мен эсерлер сияқты орыстың прогрессивті партияларының бадарламалық талаптарын да қабылдады. Ұйымға Мүнауар қары Абдурашидханов, У.Ходжаев, Т.Нарботабеков сияқты Түркістан өлкесіне танымал қайраткерлер жетекшілік жасады. «Шуро-и-Ислам» ұйымының әлеуметтік құрамы әртекті еді. Есмағамбетов ұйымның әлеуметтік негізін дін иелері мен диқандар құрады деп көрсетеді.


Алайда ұйым мүшелерінің қатарында интеллигенция өкілдері мен ұсақ және орта кәсіп иелері де аз болмаған. «Шуро-и-Ислам» ұйымының идеологиясы түркі-мұсылман халықтарының бірігуі идеясында тоғысып, ұйым жергілікті халықтың мүддесін қорғау бағытын ұстанды. «Шуро-и-Ислам» - түрікшілдік пен исламшылдық идеяларды ұстанған ұйым болды. Ұйым мүшелерінің ішінде болашақ мемлекетті «таза исламдық» етіп құруды жақтаушылар да, сондай-ақ жаңа мемлекеттік құрылысты жаңашылдық (модернизация) пен прагматизм принциптерінде құруды жақтаушылар да болды. Ұйым ішіндегі осы екі бағытты ұстанушылар арасындағы пікір алшақтығы ақыры үш айдан кейін, ұйымның екіге бқлінуіне әкеліп соқтырды. 1917 жылдың маусымында оның құрамынан адвокат Серәлі Лапин жетекшілік ететін таза исламдық бағыттағы «Шуро-и-Улема» ұйымы бөлініп шықты. Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан осы бір тарихи кезеңде өлкедегі азаттық күрестің бастауында тұрған қоғамдықсаяси ұйымдар қазақ пен қырғыз арасында белең алған ашаршылыққа көмек ұйымдастыру, орыс қоныстанушылары мен жергілікті халық арасындағы ұлттық қайшылықтарды реттеу, ел арасында саяси жұмыстарды жандандырып, Құрылтай сайлауына дайындық жүргізу, жергілікті халықтың саяси құқықтарын қорғау сияқты маңызды шараларды жүзеге асыруда ерекше қызмет атқарды. Бұл жолда әсіресе, ұлт зиялылары басшылық еткен қазақ атқару комитеттерінің, Ы.Жайнақов басқарған Жетісу қазақ комитеті мен Ташкенттегі Түркістан өлкелік қазақ атқару кеңесінің, М.Шоқай басқарған Түркістан өлкесі мұсылмандары кеңесінің атқарған қызметтерінің орны ерекше. Ақпан төңкерісінен кейінгі жаңалықтарға толы саяси кезеңде өңірдің зиялылары өлке халқы үшін маңызды мәселе болып табылатын Түркістанның өзін-өзі басқару құқығы, болашақ статусы төңірегіндегі мәселеге қызу араласты. Түркістанның болашақ статусы, яғни оның толық тәуелсіз болуы немесе автономия алуы мұнан кейінгі кезеңде ұйымдастырылған. Құрылтайлардың күн тәртібіндегі негізгі мәселеге айналды. Бұл ретте «Шуро-и-Ислам» ұйымының ұйымдастыруымен 16-21 сәуірде Түркістан мұсылмандарының бірінші құрылтайы өткізілді. Оған қазақ, өзбек, татар, түркімен, қырғыз халықтарынан 150 өкіл қатысты. Құрылтай жұмысының барысында ең қызу талқыланған мәселе – жаңа жағдайдағы Ресейдің жаңа басқару жүйесі мен ондағы Түркістанның саяси статусы туралы болды. Құрылтай барысында М.Бехбудий, Абижан Махмут, М.Тынышбаев, Вадим Чайкин бастаған топ Түркістанға территориялық автономия берілуін қолдаса, С.Мақсуди, Бекир Кебир, М.Шоқай және Мүнуар қари бастаған келесі топ Түркістанның демократиялық Ресей құрамында мәдени автономияға қол жеткізумен шектелуін жақтады. Ұзаққа созылған тартыстар нәтижесінде құрылтай Ресейдің демократиялық және федеративтік принциптерге негізделген мемлекет болуын жақтайтын шешім қабылдады. 1917 жылы 17-20 қыркүйек аралығында Ташкент қаласында «Шура-и-Улема» ұйымы да болашақ мемлекеттің басқару пішімін айқындау мақсатында өз құрылтайын өткізеді. Бұл құрылтай: «Сырдария, Ферғана және Закаспий облыстары Ресей Республикасы құрамында болып, жеке территориялық автономия иеленсін. Халықтардың өзін-өзі билеу құқығы негізінде құрылған бұл автономия Түркістан федеративті республикасы аталсын» деген қаулы қабылдап, әлі де патша үкіметінің шовинистік рухы өше қоймаған жағдайда өте батыл талап қояды. Осы арада Түркістан өлкесінің құрамындағы қазақ облыстарының, яғни Қазақстанның оңтүсік өңірі тұрғындарының алдында өз шешімін күтіп тұрған тағы бір мәселе болды. Бұл - «бұрынғы Түркістан халықтарымен біріге отырып мемлекет құру керек пе, әлде басқа қазақ облыстарымен біріге отырып, ұлттық мемлекет құру керек пе» деген өзекті сұрақ еді. Екі өлкенің де қазақтары үшін көкейкесті болып табылатын бұл мәселенің айналасында да екі түрлі көзқарас пайда болып, большевиктер билікті жеңіп алғаннан кейін ол тіпті өзекті мәселеге айналды.
Алынған ақпарат көзі:@malimdeme.com

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет