Сабақ тақырыбы
|
Дүниежүзінің саяси картасы
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
8.6.1.1 саяси картаның басты нысандарын сипаттайды
|
Сабақ мақсаттары
|
Саяси карта туралы, саяси картаның өзгеру себептері мен кезеңдерін біледі
Саяси картаның басты нысандарын анықтай алады
Саяси картаның ерекшелігін талдай алады
|
Бағалау критерийлері
|
«Жетті» деп есептеледі, егер:,
Саяси карта туралы білсе;
Саяси картаның өзгеру себептері мен кезеңдерін білсе;
Саяси картаның басты нысандарын анықтай алса;
Саяси картаның ерекшелігін талдай алса;
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Саяси карта, унитарлы, федерация, монархия, конституциялық монархия, абсолюттік монархия, теократиялық монархия, конфедерация, демаркация, делимитация, метрополия
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Саяси картаның элементтеріне..................кіреді
Елдердің басқару формасы ......................бөлінеді
Елдің құрамында шағын елдер, автономиялық облыстары болса............ деп аталады.
Зерттеуіміз бойынша ..............елдердің ЭГЖ тиімді/тиімсіз деп санаймыз, өйткені..............
|
Құндылықтарды дарыту
|
Құндылықтарды дарыту топтық, жұптық жұмыстарды жүргізу барысында оқушылар бір - біріне құрмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Экономика және математика, тарих, құқық, әдебиет пәндерімен байланыс жасайды.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
АКТ дағдыларын дамыту өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп табуда ғаламторды қолдануда және карталар мен презентация қолдану барысында жүзеге асады.
|
Бастапқы білім
|
Төменгі сыныптарда саяси карта туралы алған білімдері
|
|