Жеке тўлєаныѕ адамгершілік – рухани ќасиеттерініѕ дамуына ыќпал ететін ізгілікті білім беру ортасын ќЎРУ



Дата05.02.2022
өлшемі116,31 Kb.
#13944
түріСабақ


ШҚО, Риддер қаласы,
«Шаңырақ» көпсалалы мектеп- гимназия» КММ
мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Кумарова Ардақ Алматовна
Өзін-өзі тану пәні.
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттан үйренейік.
Мақсаты: «Табиғат» туралы түсінік беріп, табиғатқа қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- «қамқорлық» туралы түсініктерін кеңейту;
- жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
- туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: Табиғат суреттері.
Шаттық шеңбері
- Балалармен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталау:
Армысың, шапағатты күніміз!
Армысың, мейірімді жеріміз!
Армысың, табиғат анамыз!
Келді Сізге өзіңіздің балаңыз.
Әңгімелесу
Балалар мен сендерге Ә.Ысқақ ағамыздың «Табиғат деген не?» ертегісін оқып берейін.
-Табиғат деген не?-деп сұрады кішкентай шабақ.
-Табиғат дегеніміз-телегей теңіз су,-деді бақа.
-Табиғат дегеніміз не?- деп сұрады аюдың қонжығы.
-Мен, талай жерде болғанмын, менде білемін, ол- орман,- деді енесі.
-Табиғат дегеніміз не?- деп сұрады бота енесінен.
-Ол көп құм, тікенек шөп. Талай жерде болған менде білемін.
-Табиғат деген не деп сұрады тоқылдақ қарлығаштан.
-Әрине, таза ауа, ашық аспан, дәнді дақылдар.
-Ұсақ жәндіктер де бір бірімен «табиғат деген не?» деп таласып үлгерді.
-Жер, жер!- деп жар салды бөкен. Әрине, бәріміздің асыраушымыз, анамыз- Жер- Ана, Табиғат-Ана, десті барлығы бір дауыспен.

  • Сонымен, балалар Табиғатқа не жатады екен?

  • Неліктен табиғатты Анаға теңейміз?

Тыныштық сәті
Үнтаспадан жағымды табиғат дыбыстары естіледі.
- Балалар, ыңғайлана отырып, көздеріңді жұмыңдар. Көз алдарына туған жерлеріңді оның әсем табиғатын елестетіңдер. Ауаны терең жұтып еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезінесіңдер.
Енді көзімізді ашайық.
Ойын. «Мен табиғаттан не үйрендім?»
Балалар, мына «табиғат бөлшектері» көрсетілген суреттерге қарап, олардан не үйренетінімізді айтайық. (Күн, құс, көбелек, су, жер суреттері.)
-Мен күннен мейірімділікті үйрендім.
-Мен құстардан ән салуды үйрендім.
-Мен көбелектен әдемілікті көріп,үйрендім.
-Мен жерден төзімділікті үйрендім.
-Мен судан тазалықты үйрендім.
Сегіту сәті:
Жел гуледі: у – у,
Қайың келіп биледі: зу – зу,
Қатты-қатты жел соқты: гу – гу,
Жапырақтар қол соқты: ду – ду.
Дәйексөз
Балаларға «Мейірімділікті табиғаттан үйрен», деген нақыл сөзді бүгінгі сабақтың дәйексөз ретінде түсіндіру.
Табиғат жер бетіндегі барлық тіршілік атаулыны өз қамқорына алып, бізді мейірімділікке бөлейді. Біз мейірімділікті табиғаттан үйренейік.
Армандайық
Балалар, мына суреттегі табиғат бөлшектері сендер болсаңдар, не істер едіңдер? (Су,құс,елік,күн,жылқы,тау)
Егер мен су болсам, ... .
Егер мен құс болсам, ... .
Егер мен елік болсам, ... .
Егер мен күн болсам, ... .
Егер мен жылқы болсам, ... .
Егер мен тау болсам, ... .
Балалардың жауаптары.
Ғажайып сөздер
Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
- Мен мейірімділікті табиғаттан үйрендім.
Қорытындылау
- Бізді қоршап тұрғанның бәрі керемет жаратылыс, табиғат екенін танып білдік. Табиғаттың бар тіршілік иелеріне берері мол екенін түсіндік. Ал, ең бастысы-Табиғат-Ана бізге күш- қуат пен денсаулық беретінін білдік.Табиғат бізді мейірімділікке, төзімділікке, үйлесімділікке үйрететініне көзіміз жетті.
Жүректен жүрекке
Балаларды шеңберге тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын қайталату.
Күніміз ашық болсын!
Түніміз тыныш болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз мөлдір болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет