Желілі - рөлді ойын: «Шаштараз» Мақсаты: Балалардың ойынға қызығушылығын арттыру, өз бетінше ойнай білу қабілетін дамыту, ойын үстінде өзін - өзі ұстай білу мәдениетіне, бір - біріне көмектесуге және жағымды қарым - қатынас жасай білуге үйрету. Ойын жағдаятын қалыптастыру.
Қажетті құралдар: Айна үстелімен, шаш үлгілерінің журналдары, қайшы, тарақ әр түрлі, касса, чек, ақша, тиын, әр түрлі шаш түйрегіштер, машинка, шаш кептіргіш, бейджик, иіссу, сабынсу құтылары.
Рөлдер: Екі шаштараз, үш клиент, бір кассир, тәрбиеші шаштараздың меңгерушісі ретінде.
Балалар шеңбер болып тұрады. Тәрбиеші: - Балалар қараңдаршы бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр, қане бәріміз амандасайық.
Балалар:- Сәлеметсіздер ме?
Тәрбиеші: - Енді барлығың маған қараңдар. Қане барлығымыз қолдарымыздан ұстап жылулық шеңберін құрайық.
Бәрі бірге: Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын кеңге ашқан
Тілегіміз тыныштық
Ашық болсын көк аспан
Мықты болсын іргеміз
Бәрімізде біргеміз.
Тәрбиеші: - Балалар біздер топта қандай ойын түрлерін ойнаймыз?
Балалар: - Қимылдық, дидактикалық, ұлттық, желілі - рөлдік т. б. ойындар.
Тәрбиеші:- Дұрыс айтасыңдар, ал бүгін қандай ойын түрін ойнаймыз?
Балалар: - Желілі - рөлдік ойын.
Тәрбиеші: - Ал сендер желілі - рөлдік ойынның қандай түрлерін білесіңдер?
Балалар: «Дүкенші», «Асхана», «Дәрігер», «Шаштараз» т. б.
Тәрбиеші: - Ал қазір қандай ойын ойнағыларың келеді?
Балалар: - «Шаштараз» ойынын ойнаймыз. Тәрбиеші:- Балалар бұл ойынға кімдер керек?
Балалар:- Шаштараз, шаш қидыруға келетін аға - апалар, кассир.
Бірінші клиент шаш қидыруға келеді Шаштараз: - Сәлеметсіз ба?
Клиент: - Сәлеметсіз ба?
Шаштараз: - Сізге қандай көмек көрсете аламыз?
Клиент: - Мен аздап шашымды қысқартайын деп едім.
Шаштараз: - Келіңіз мұнда отырыңыз.
Клиент: - Менің шашым көп түсе береді, ол үшін не істеуім керек?
Шаштараз: - Мен сізге сабынсудың мына түрімен жууды ұсынар едім. Ол «ХелдерШолдрс» компаниясының пайдалы сусабыны.
Клиент: - Рахмет! Мен осыны пайдаланып көрейін.
Шаштараз: - Міне мен шашыңызды қиып болдым, қалай сізге ұнады ма?
Клиент: - Ұнады рахмет!
Шаштараз: - Мынаны алыңызда, касса да есептесіңіз. Сау болыңыз, тағы да келіп тұрыңыз.
Клиент: - Сау болыңыз!
Клиент кассаға келіп, қолындағы шаштараз берген қағазды береді.
Кассир:- Сәлеметсіз бе?
Клиент: – Сәлеметсіз ба?
Кассир: - Сіз 500 теңге бересіз.
Клиент: - Міне алыңыз.
Кассир: - Рахмет, сау болыңыз!
Клиент: - Сау болыңыз!
Екінші клиент шаш жұқартуға келеді.
Клиент: - Сәлеметсіз ба?
Кассир:– Сәлеметсіз ба?
Клиент:- Сіздер де ерлер шашын қия ма?
Кассир:- Әрине солға қарай өтіңіз.
Шаштараз: - Сәлеметсіз ба? Сізге қандай көмек көрсете аламыз?
Клиент:– Сәлеметсіз ба? Мен аздап шашымды жұқартайын деп едім.
Шаштараз: - Келіңіз мұнда отырыңыз. Машинканың қай өлшемімен жұқартайын?
Клиент: - Мен үнемі төртпен жұқартатын едім.
Шаштараз:- Жарайды. Міне мен де болып қалдым, қалай сізге ұнады ма?
Клиент: Әрине ұнады. Рахмет!
Шаштараз:- Мынаны алыңызда, касса да есептесіңіз. Сау болыңыз, тағы да келіп тұрыңыз.
Клиент:- Сау болыңыз!
Клиент кассаға келіп, қолындағы шаштараз берген қағазды береді.
Клиент:– Мынаны алыңыз.
Кассир:- Сіз 300 теңге бересіз.
Клиент:- Міне алыңыз.
Кассир:- Міне артық ақшаңыз. Сау болыңыз!
Клиент:- Сау болыңыз!
Үшінші клиент шаш сәндеуге келеді.
Шаштараз:- Сәлеметсіз ба? Сізге қандай көмек көрсете аламыз?
Клиент:– Сәлеметсіз ба? Мен шашымды сәндейін деп келдім, мына көйлегіме қандай шаш үлгісі жарасады деп ойлайсыз?
Шаштараз:- Жүріңіз мына жерде шаш үлгілерінің журналдары бар, мүмкін соны
қарап көрерсіз?
Клиент:- Мен мынадай етіп сәндегім келеді.
Шаштараз:- Жарайды, жүріңіз, отырыңыз.
Клиент: - Бүгін менің туған күнім, соған дайындалып жатырмын.
Шаштараз: - А солай ма, туған күніңіз құтты болсын.
Клиент: - Рахмет! Бүгін мен ерекше әдемі болуым керек.
Шаштараз:- Әрине мен сіздің шашыңызды өте әдемі етіп сәндеп беремін.
Клиент:- Олай болса жақсы болар еді.
Шаштараз:- Міне мен болып қалдым, қалай сізге ұнады ма?
Клиент:- Рахмет! Маған өте қатты ұнап тұр.
Шаштараз:- Мынаны алыңызда, касса да есептесіңіз. Сау болыңыз, тағы да келіп тұрыңыз.
Клиент:- Сау болыңыз!
Клиент кассаға келеді.
Кассир:- Сәлеметсіз ба?
Клиент:– Сәлеметсіз ба? Мынаны алыңыз.
Кассир:- Сіз 800 теңге бересіз.
Клиент:- Міне алыңыз.
Кассир:- Міне артық ақшаңыз. сау болыңыз!
Клиент:- Сау болыңыз!
Тәрбиеші:- Балалар біздің ойынымыз осымен аяқталды, қалай ойын сендерге ұнады ма?
Балалар: - Ұнады.
Тәрбиеші: - Олай болса кейінірек тағы да ойнайтын боламыз, ал қазір қонақтармен қоштасайық.
Балалар: - Сау болыңыздар!
№26 «Қарлығаш» бөбекжайы Ж елілі - рөлді ойын:«Шаштараз»