Жемқорлық – індет, оның алдын алу міндет



бет1/2
Дата13.01.2022
өлшемі24,12 Kb.
#111707
  1   2
Байланысты:
Баяндама Адалдық сағаты


Жемқорлық – індет, оның алдын алу міндет.
Отанымыздың негізін қалаушы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің әрбір Жолдауында осы індеттің алдын алудағы мемлекеттің басты бағыттарын айқындап отырды.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында Елбасы сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатын, сондай-ақ қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейтілетінін атап өтті.

Жаңадан сайланған Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы да өзінің сайлауалды бағдарламасында жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күрес жүргізілетінін жеткізді.

Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды.

Жалпы Адалдық дегеніміз не?

Мұның жауабын іздеуде әрине, адам бойындағы асыл қасиеттер еске түседі. Демек, асыл қасиет деп - еңбексүйгіштік, достық, әдептілік, шынайылық, адамдарға көмек беру, қоғамға қызмет ету, құрметтеу, жақсылық жасау, кішіпейілдік. Бұл қасиеттер - әрбір адамға тән, жақсы өмір сүрудің шарты.

Адамда асыл қасиеттермен қатар жағымсыз қасиеттер де болады. Олар – жалқаулық, сараңдық, пайдакүнемдік, менмендік, мақтаншақтық, қулық, екіжүзділік, қатыгездік, ашу, ызақорлық, тағы басқа.

Осылайша, адам бойында ізгі қасиеттер неғұрлым биік тұрса, ол адамның аты да, болмысы да жоғары болмақ және ол адам сымбатты да, парасатты көрінеді.

Адалдық – адам бағасының бір өлшемі де іспетті. Жеке тұлғалар мен адамдардың абырой - атағын арттыратын ізгі қасиет.

Әрбір қоғамның адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Қарапайым халық әрқашанда адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады.

Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады.

Баланы жастайынан Отансүйгіштікке, адалдыққа, әділдікке мейірімділікке, қарапайымдылыққа үйрете отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға, білім мен еңбекке ұмтылуға тәрбиелеу үлкендердің негізгі мақсаты.

Әрбір ата - ана, әрбір ұстаз балалар үшін лайықты үлгі болып, нағыз қастерлі қасиеттерді таңдауға көмектесетін ұлы тұлғалар.

Сіздерге білім нәрін беріп, тәрбиесіне зор үлес қосып жүрген ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңыздың үміттерін ақтап, болашақта ел тізгінін ұстар, ел болашағы үшін адал еңбек ететін патриот, елжанды азаматтар шығатынына кәміл сенемін.

Хәкім Абай Құнанбайұлы: «Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ», – деген екен.

Тағы бір өлеңінде:

«Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.

Жүрегіңді сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан - шын асыл, тастай көрме» - деп жырлаған екен Ұлы атамыз.

Ал ғұлама Қожа Ахмет Ясауи болса, «Әділ сөйлеп, адал жүр» - деп, ойлы орам қалдырған.

Ендеше, Әділдік қандай қасиет?

Әділ болу – адам ақысын жемеу, дұрыс шешім қабылдау, шындыққа жүгіну секілді түсініктерді құрайды. Әділ адамға сенім де мол болады.

Әрине, әділдік адалдықтан туады. Және кез келген істе жұрттың бәрі адалдық танытады деу асыра айтқандық болар еді.

Әйтпесе мүлде қылмыс та болмай, сот жүйесі де, құқық қорғау органдары да әділдікті орнатамыз деп шала бүлінбес еді.

Ол нені білдіреді? Әрине, қайда болса да, әділдікті орнатудың қиындығын білдіреді.

Өйткені ол дауласып қалған екі адамның арасындағы келіспеушілік кілтін табу үшін ғана емес, бүкіл адамзаттың болашағы үшін керек.

Міне, сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «ХХІ ғасырдағы әділдік – бұл ұлттық дамудың ең маңызды шарттарының бірі» деген болатын.

Бұл сөзге ел іші де, сырты да тыныш болсын, халықаралық жағдай жақсы болсын, дау-дамай, өкпе-наз, қастандық аз болсын деп тілейтін иманды жанның бәрі қосылады. Өйткені әділ бола білудің маңызы тереңде.

Кез-келген жағымсыз әрекеттер арыңды, ұятыңды, ақылыңды тұншықтырады. Ар, ұят, сана, ақыл – адамның жануардан ерекшеленетін ең жоғарғы сапасы.

Адамның  ниеті,  ойы,  іс-әрекеті  шындыққа, адалдыққа негізделгенде адам  өзіне  де,  өзгеге  де  адал  болады. Ол  біздің ішкі  жан-дүниемізден  бастау  алады.  Адамның  көңілі  таза,  пейілі кең,  адал,  шыншыл  болғанда  әділдікке  қол  жеткізеді.

«Адамның ең аяулы өнегелі қасиеті - турашылдығы десек,  турашылдық сол әділдіктен нәр алады. Әділдіктің жоқтығынан ел азады. Адамдардың жасампаздық күші сарқылып,  биліктің іргесі шайқалады.

Сондықтан, жасөспірімдер бойына әділдік үшін күресті дарыта алсақ, ертеңге сеніммен қарауға болады» - деген Ш.Құдайбердіұлының сөзі өнегелі қасиеттің өрісін кеңейте түседі.

Адам болып туылған соң нағыз адами қасиеттерді бойына сақтап қалуы заңдылық.

Әсте, адам боп өмір сүрудің жүгі жеңіл емес. Күнделікті тірлігіміз де, жалпыға қарым-қатынасымыз да, сөйлеген сөзіміз де, дауыс ырғағымыз да - біздің адами келбетімізді аша түседі.

Осыған қарап өзгелер бағалайды, сыйлайды, құрметтейді. Адами қасиеті мол биік тұлғаны дұшпаны да сыйлайды. Ал, жағымсыз адам өз туысына да ұнамайтыны айдан анық.

Енді Әділдік қасиеті жайында мысалмен өрнектесем.

Ел мақтанышы, олимпиада чемпионы, боксер Бақыт Сәрсекбаев Қазақстанға келмес бұрын Өзбекстанның нөмiрi бiрiншi боксшысы болған.

Бiрақ, өзбек елі Афины Олимпиадасы қарсаңында қандасымыз Бақыт Сәрсекбаевтың жоғары көрсеткішіне назар аудармай, Олимпиада ойындарына жолдама бермейді.

Міне әділетсіздік деп осыны айтуға болады.

Саңлақ спортшы Бақыт көп ұзамай туған жері Қазақстанға қоныс аударды.

Ол Халықаралық деңгейдегі спортшы болғанына қарамастан, елге келіп барлығын қайтадан бастады. Ел сенімінің үдесінен шығып 2004 жылы ел чемпионы атанды.

Кезекті Олимпиада ойындарында Бақыт Сәрсекбаев өзiнiң Өзбекстандық қарсыласы Дильшод Махмудовты жеңіп шығып, өзiне тең келер боксшы жоқ екенiн дәлелдеп бердi.

Міне, Бақыт үшін әділдік орнаған ел – туған жері Қазақстан болды.

Қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен орын алатын дара тұлға Ілияс Есенберлин атамыз: «Сенім. Бұл бір ұлы күш. Сенімге ие болу - өмірді мәнді етеді» - деп, өз ойын түйіндеген. 

Ал, даңқты батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы: «Сен - ата-анаңның үмітісің. Сен қайталанбас тұлғасың, өз өміріңнің белсенді жасаушысысың, сондықтан өзіңе ғана сен» десе, рухты жырларымен халықты жігерлендірген алаштың арысы Мағжан Жұмабаев: «Жалпы адамзаттың жақсылығына сену - адамгершіліктің ең биік белгісі» - деп өзінің тұжырымын жасаған.

Ендеше, Сенім дегеніміз не?

Сенім – адамның ақыл-ойын, күшін, еркін, қабілетін жоғарылататын жағымды сезім, адамның ақиқатқакөзқарасынқарым-қатынасын анықтайды.

Адам алдына мақсат қойып, оның нәтижелі орындалуына сенім білдіріп, іс-әрекетке кіріскен кезде ғана, ол жоғары нәтижелерге қол жеткізе алады.

Сенім – адамның жігерін арттырып, болашаққа ынталандыратын ұлы сезім. Сенім үміттен басталады. Сенім адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Бұл адамның нақты іс-әрекеті мен тәжірибесіне байланысты.

Балалар, «Сенім - жетістіктің кілті» деп нық айта аламыз. Алдыңғы буын аға ұрпақтың сенім туралы айтқан ұлағатты сөздеріне де көз жүгіртейік.

Әсіресе, бұл ұлағатты сөздер «Жаны таза адамға өзгенің көрсеткен сенімі бойына қайрат, қиялына қанат береді. Сол сенімді ақтаймын деп қандай қиындық болса да, қарсы тұра алады, ақтап шығуға жанын аямайды» деген ұғымдар өмірдің өзегі де, негізі де шын мәнінде сенімнен тұратынын аңғартады.

Сенім – құдіретті күш! Дәрігердің емдік іс-әрекетіне толық сенсең ауруыңнан толық жазыласың, ертеңгі мақсатыңа сенсең, қандай қиындық болса да, әрекеттеніп, мақсатыңа жетесің, әлеуметтік келешегіңе сенсең, сол бақытқа өзің де барлық адамдармен бірге ұмтыласың.

Егер өздеріңе сенімді болсаңдар, жақсы оқысаңдар, оңай жолды іздемей, жасайтын істерің адал болса, сыбайлас жемқорлық деген дертке тап болмайсыңдар.

Сенім тек жақын адамдардың арасында ғана емес, қоғамдық деңгейде, әлемдік шеңберде де көрініс алады. Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады.

Өз-өзіне сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі. Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.

Осы сенім қасиетіне де бір мысал келтірейін.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында экономика күйреу жағдайында тұрды, іс жүзінде барлық ірі өндіріс орындары тоқтап қалды. Инфляция бірден өсіп кетті, жұмыссыздық көбейді.

Осы қиындықтардан өту үшін елімізге халықаралық деңгейдегі кәсіби кадрлар қажет болды.

Сол себепті, Елбасымыз «Болашақ» бағдарламасын құрып, жастарды әлемнің үздік оқу орындарында оқуға жолдау туралы сенімді стратегиялық таңдау жасады.

11 мыңнан астам отандастарымыз әлемнің үздік оқу орындарында білім алып, бүгінде түрлі салада қызмет етуде.

Олардың бірқатары мемлекеттік және жеке салада абыроймен жоғары лауазымдарды атқаруда.

Ел үмітін ақтап жүрген азаматтардың қатарында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек,

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев те бар.

Сондықтан да, балалар, сендер де, оқуларыңды жақсы оқып, шет тілдерің жетік меңгеріп, осы ағаларың секілді Ел сеніміне лайық болып, үлкен азамат болыңдар.

Осылайша, бүгін біз жеке тоқталған адам бойындағы асыл қасиеттер:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет