Жер дегеніміз не? Жер — Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі.. Оның табиғи серігі – Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады.
Ғалымдар Жерді мыңдаған жылдар бойы зерттегеніне қарамастан, оның барлық процестерін толық түсіну қиынға соғып тұр. Дегенмен, біздің планетамыз туралы таң қалдыратын қызықты мәліметтер жеткілікті. Негізінде, 1 тәулікте 24 сағат емес. Жер өз осін айналу үшін 23 сағат, 56 минут және 4 секунд қажет Жердің бүкіл тарихында 106 миллиардқа жуық адам өмір сүрген. Жердің Күнді айналатын жылдамдығы – 107,826 км/сағ. Тынық мұхитының көлемі жалпы Жер аумағынан үлкен.
Жер және ежелгі гректер Ежелгі гректер Жердің дөңгелек екенін бұрыннан білген. Оны алғашқылардың бірі болып Пифагор (б.з.д. 569-475 жж.) Ұсынды, бірақ Эратосфен, шамамен б.з.д 250 ж., Оны сынау және іс жүзінде қолдану тәсілін ойлап тапты.
Жер бірнеше қабаттардан тұрады: атмосфера, литосфера, гидросфера және бәрін біріктіруші – биосфера.Жердің атмосферасы 78 % азоттан, 21% кислородтан және 1% басқа газдардан тұрады. Бұл қабаттар жерді түрлі радиактивті қауіптен құтқарады. Жердің жоғары қабатын күніне 100 тонна тартатын түрлі метероиттер жанап өтеді.Жердің литосферасы қабаты үнемі қозғалыста болады. Соның қозғалыс әсерінен түрлі қақтығыс кезінде жердің тектоникалық плиталары ажырап, жел сілкінісі орын алады
Болашағы Күн қызыл алыпқа айналғанда Келесі 1,1 млрд жылда Күннің жарқырауы 10%-ға және кейінгі 3,5 млрд жылда 40%-ға өседі.[36] Сондықтан Жер бетінің өсіп келе жатқан температурасы 100–900 млн жыл ішінде бейорганикалық көміртек циклін үдетіп, атмосферадағы өсімдіктерге қажет CO2 концентрациясын (C4 фотосинтезі үшін 10 ppm) леталды дәрежеге төмендетеді.[37][38] Вегетацияның жоқ болуы нәтижесінде атмосферадағы оттек таусылады да, барлық жануар қырылып қалады.[39] Көтерілген жарқырау салдарынан орташа температура 100°C-қа жетеді және 1,6−3 млрд жыл ішінде барлық мұхит 1,5 жыл ішінде суалып, ғарышқа ұшып кетеді. 5 миллиард жылдан кейін Күн эволюциялап, қызыл алыпқа айналып кетеді. Кейбір модель бойынша, ол 1 AU-ға дерлік, яғни 250 есе үлкейеді.[Тіршіліктің көбін Күннің 5000 есе күшейген жарқырауы жояды. 2008 жылы өткізілген симуляцияға сай, ақыр аяғында Жер орбитасы су толысу эффектілерінің салдарынан Күн атмосферасына кіріп газға айналып қалады.