Жерді қашықтан барлау тәсілдері, гаж технологиялары



Дата08.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#118210
Байланысты:
географ

Жерді қашықтан барлау тәсілдері , ГАЖ технологиялары

Мейрам Аида

Жұматай Адамбек

Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ)

кеңістік базасының құрастырушысы және әр келкі мәліметтер мен ақпараттарды біріктірудің негізі ретінде аумақтық басқармалардағы шешімдерді қабылдаудың басты элементі болып саналады.

Әлемдік тәжірибе табиғи ресурстарды, инфрақұрылымдарды, қоршаған ортаның ахуалын, жалпы аумақты тиімді басқару ГАЖ-дың ықпалына қатысты екенін көрсетіп отыр. ГАЖ өз бағытын дамыта отырып, ақпараттық технологиялармен шешілетін көптұрғыдағы мәселелерді шешуде қолданылуда.

Бұл технология негізгі үш рөлді атқарады - геоақпараттық қосымшалар үшін қолданбалы технологиялық тұғыр ретінде, геокеңістіктік мәліметтерді ақпараттық жүйеде басқару және кеңістіктік мәліметтер базасындаға әр түрлі ақпараттарды біріктіру ортасы ГАЖ-дың технологиялық ортасы басқару шешімдеріне ықпал ете отырып, жан-жақтан тоғысқан талдауларға қолдау көрсетеді.

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР (ГАЖ)

Географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ) деректерді көрнекі көрсетудің және оларды талдауға арналаған құралдардың сан-алуан түрлерінің есебінен көптеген ғылыми, практикалық және басқару мәселелерін тиімді және жедел шешудің басты элементі.

ГАЖ технологияларын қолдану үлкен көлемді картографиялық және тақырыптық ақпаратты, оның ішінде қашықтан зондылаудың (ғарыштық суреттердің), далалық ғылыми зерттеулердің, инженерлік зерттеулердің, мониторингтің, түрлі шаруашылық қызметтің, құжат айналымының деректерін бірыңғай құрылымға біріктіруге мүмкіндік береді.

«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС ГАЖ құру, табиғатты қорғауды жобалау, орман шаруашылығы, экология, табиғатты пайдалану, геологиялық барлау, топография мен картография, мұнай-газ кешені үшін жобалау салаларындағы түрлі мәселелерді шешу үшін деректерді жинақтау және жүйелендіру тәжірибесі мол. «Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС өз жұмыстарында географиялық ақпараттық технологияларды кеңінен пайдаланады және осы салада келесі қызметтер көрсетеді:

географиялық ақпараттық жүйелерді жеке деңгейден корпоративтік деңгейге дейін дайындау; ArcGIS бағдарламалық өнімдерінің негізінде модульдер мен қосымшалар дайындау (деректерді басқару, талдау, модельдеу); сандық картография, географиялық деректер қорын құру; кеңістіктік деректерді географиялық өңдеу және талдау; дайындалған географиялық ақпараттық жүйелерді, модульдер мен қосымшаларды техникалық қолдау; тапсырыс берушінің қызметкерлерін орындалатын жобаның шеңберінде ГАЖ-ды пайдалануға үйрету.

«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС ұлттық табиғи парктердің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарлары, орманды орналастыру материалдары, шоқ қарағай ормандарын, сексеуіл тоғайларын қалпына келтірумен байланысты шаралардың жұмыс жоспарлары сияқты тақырыптары әртүрлі корпоративтік географиялық ақпараттық жүйелер құру тәжірибесі мол. Компанияның біліктілігі жоғары мамандары мен ГАЖ саласындағы жұмыс тәжірибесі сапасы жоғары географиялық ақпараттық шешімдерді қамтамасыз етеді және кез-келген күрделі географиялық ақпараттық жобаларды жүзеге асыруға, тапсырыс берушінің кез-келген сұраныстарын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Назарларынызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет