Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті Жер ресурстары және кадастр кафедрасы
«Жерге орналастыру негізі» пәні №6 Дәріс. Жерді табиғи-ауылшаруашылық аудандастыру Аға оқытушы Ахметкеримова Г.Е.
Дәрістің мақсаты Білім алушыларға жерді табиғи-ауылшаруашылық аудандастыру туралы мағлұмат беру, жер бағалаулық аудандастырудың әдістемесімен таныстыру
Республиканың аудан, облысын аудандастыру егін шаруашылығының қарқындылық деңгейі мен мамандандыруына ықпалын тигізетін біркелкі агроклиматтық, геоморфологиялық және топырақтық-мелиоративтік жағдайлар бойынша аумақтарға бөлінуін қарастырады. Бұл еліміздің жер қорын табиғи-ауылшаруашылықтық аудандастыруының жалпы сұлбасы негізінде іске асырылады. Мұндай аудандастыру ауылшаруашылық өндірісінің сипаты мен табиғи жағдайлардың ерекшелігін есепке ала отырып аумақтардың ғылыми негізделген зоналауы болып табылады.

Оның негізінде табиғи жағдайлардың және ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық факторларының талдауы мен олардың өзара тәуелділігі жатыр.
Республикадағы аудан, облыстарды жер бағалаулық аудандарға бөлу белгілі бір климаттық жағдайларды есепке ала отырып жерді бағалауға мүмкіндік береді. Облыстағы табиғи-экономикалық жағдайлар бір типті болған жағдайда аумақ бағалау аудандарына бөлінбейді.
ылғалмен (атмосфералық ылғалдану көрсеткіштері, топырақтың гидрологиялық режимі); ауылшаруашылық дақылдардың жылумен (агроклиматтың термиялық көрсеткіші, топырақтың термиялық режимі); Табиғи-ауылшаруашылықтық аудандастыруды жетілдіруде маңызды көрсеткіштер вегетациядық кезеңдерді сипаттайтын көрсеткіштер; қорекпен қамтамасыз етілуі (топырақтың қоректену режимі, тыңайтқыштар); Өсімдіктердің өсуінің осы факторлары ауылшаруашылық дақылдарының оптималды жиынтығын анықтайды. Агротехника және жерді мелиорациялау негізі жерді пайдалану сипаты мен ауылшаруашылық өндірістің мамандандырылуына ықпалын тигізеді. Еліміздегі аумақтарды табиғи-ауылшаруашылық аудандастыру жүйесіне арнайы таксономиялық бірліктер кіреді: табиғи-ауылшаруашылық белдеулер, зоналар, провинциялар, округтер, аудан және таулы облыстар. Олар табиғи және шаруашылық жағдайлар мен белгілер бойынша айқындалатын жиынтықтық аумақтық-өндірістік құрылулар болып табылады.