Жетуге бағытталған іс-әрекеттің құрылымы



Pdf көрінісі
Дата23.09.2023
өлшемі292,81 Kb.
#182174
Байланысты:
Топтық жұмыс. Бисариева Динара Рүстемқызы



Genel 
Genel 
Топ – бұл ортақ мақсатқа жету үшін құрылған адамдар тобы. «Топтық 
жұмыс» термині-өзара іс-әрекет жасалып,соңғы нәтижеге немесе мақсатқа 
жетуге бағытталған іс-әрекеттің құрылымы. 
Топтық жұмыстың мақсаты-оқыту мен оқу тәсілдері арқылы 
проблемаларды шешу тапсырмаларда орындау барысында оқушылар 
тобының бірлесіп жұмыс істеуі. 
Топта жұмыс жасау үшін: Жақсы тыңдап білу. Күшті жетекшілік 
қасиеттер. Тиімді байланыс орнату. Міндетті тең бөлісу. Бірігіп жұмыс 
жасауға ұмтылу. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер. 
Топта жұмыс жасауда кездесетін кедергілер: Шамалы қарым - қатынас. 
Дұрыс тыңдап білмеу .Шамалы жетекшілік. Топқа тартылысы жоқ. Мақсатты 
дұрыс түсінбеу. Міндеттерді тең бөліспеу. Сәтті. Сәтсіз. 
Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым 
күрделі тапсырмаларды топ болып шешуді көздейді. 
Топтық жұмысты ұйымдастырудың артықшылықтары: 
Игеретін материалдардың көлемі мен оларды түсіну қажеттілігі артады 
Жаппай оқытуға қарағанда,жаңа ұғымдарды, түсініктерді,дағдыларды 
қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады. 

Оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылықпен 
жұмыс істеуі артады. 

Оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарады. 

Өзіне сын көзбен қараушылық артады, сыныптастарымен жұмыс 
істеп үйренген оқушы өзінің қабілетін дұрыс бағалай біледі және жақсы 
бақылай алады. Өмірге қажетті дағдыларға үйренеді. 

Топтық жұмысты ұйымдастырудың кемшілігі: 

Топ мүшелерінің көп болуы 

Үлгерімі төмен оқушылардың көптің көлеңкесінде қалып қоюы. 

Бір топтың шуылының екінші топқа әсері. 

Берілген уақыт ішінде тапсырманы орындай үлгермеуі 

Шығармашылық жұмыс аяқсыз қалуы 

Бір топ жұмысты қорғап жатса, басқа топ мүшелері өз 
жұмыстарын аяқтап жатумен шұғылданады. 

Білім деңгейі бірдей оқушылар тобы бір топта жұмыс жасауы 

Жақсы оқитын оқушылардың үлгерімі төмен оқушылардан 
жоғары тұруы. 
Топтық жұмыс соңында әр оқушы қандай жетістікке қол 
жеткізе алады? 

Оқушылардың ой ұшқырлығы пайда болады,бір-біріне деген 
сенімі артады 

Оқушы өзінің топта орындалып жатқан жұмыстың маңызды 
екенін ,өз үлесін қосып жатқанын сезінеді. 


Genel 
Genel 

Басқа топтардың жұмыстарын тыңдап олардың мүмкіншіліктерін 
салыстырады. 

Бақылаудың нәтижесінде өте тұйық және көшбасшы оқушылар 
анықталады. 

Бастауыш сынып жасы – бұл айналадағы өзге әлемді баланың өз 
бойына сіңіре бастау, білім жинақтау, осыларды басымдылықпен игеру кезеңі 
болып табылады. Осы бір аса маңызды өмірлік функцияны табысты орындау 
баланың өзіне тән бейімділігінің осы жаста қалыптасуына қолайлы жағдай 
жасайды, яғни, ол мынадай бейімділіктер: адамның беделіне зор сеніммен 
қарауы, кездесетін барлық жағдайларды тез қабылдап, оған тез әсерленгіштігі, 
аңғал да ойын баласының қарым – қатынасы. Мұғалімдер бірінші 
сынып оқушыларының метатанымдық дағдыларын дамытуға ықпал ету үшін, 
өз іс – әрекеттерін жоспарлауда, оқушыларды қалай оқу керектігіне үйрену 
дағдыларын дамыту үшін жағдай жасауға үйренеді. Көбінесе, мұғалімдерде 
тілдік цикл пәндерінде бірінші сынып оқушыларында белсенді тыңдау, оқу 
дағдыларын дамытуға тапсырма таңдауда қиындықтар кездеседі, әрине. Сол 
үшін де, оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді қолданады: сабақта топтық жұмыс 
істеу түрлерін тиімді қолдана бастайды. Мұғалімдер топтық жұмыс үшін 
тапсырмалар таңдайды, оқушылардың белгілі тапсырманы орындауға көбірек 
бағыттайды. Сондай – ақ, мұғалімдер 1-сынып оқушыларының жас 
ерекшеліктерін 
есепке 
ала 
отырып, 
топтық 
жұмыстар 
ұйымдастырады.Ұштастыра келе, топта оқушылардың ойлау қабілетін, 
сөйлеу тілін дамыту мақсатында Б.Блумның сұрақ қою өлшемін жиі 
пайдаландым. Олар жеңілден ауырға, қарапайымнан терең ойлауға жетелейді. 
Осындай сұрақтар қойылған кезде, көшбасшылыққа бейім, озат оқушылар 
топтың басқа мүшелерімен ынтымақтастықта қарым-қатынас орнатып, 
шығармашылықпен жұмыс жасады. Топта оқушылардың сөздік қорын дамыту 
барысында топ мүшелері сөздіктерді жиі пайдаланады. Сабақта топтық 
жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігі, 
қызығушылығы артқанын байқадым. 
Зерттеу жұмыстары нәтижесінде оқушылар өз бетінше білімді 
меңгеретінін түсіндім. Өз сыныбымда бірлескен топтық түрлерін 
ұйымдастырып сабақтар өткіздім. Сұрақ қойып, ойлануына уақыт беріледі.Өз 
ойларымен бөлісіп, ақылдасады. Бір-бірінің жауабын толықтырып,берілген 
тақырып бойынша білімдерін ортаға салуынды. «Сұраққа жылдам жауап» 
әдісі. Тақырыпты терең түсіну және оқушылардың назарын сабаққа 
аударып,ой-өрісін дамыту мақсатында төмен дәрежелі сұрақтарға толық 
жауап қайтаруды тапсыру. Мысалы, «Әдеміай, Амирдың жауабы дұрыс деп 
ойлайсың ба?» «Азиз, Әминаның жауабын қалай толықтыруға болады?» 
«Дарын, айтылған барлық жауаптарды қалай біріктіруге болады?» Бірлесе 
топта жұмыс жасағанда оқушылар пікір таластырады,басқалардан үйренеді. 
«Сұхбат алу» әдісі. Мұнда топтағы үш оқушы бір-бірімен тақырып бойынша 
сұхбат құрады.Үшінші оқушы түсінгенін әңгімелейді. «Қалың және жұқа 
сұрақтар» әдісі. Бұл әдіс бойынша топ жұмысы барысында оқушыларға 
тақырып бойынша сұрақтар құру тапсырылады. Топтық жұмыс сауат 


Genel 
Genel 
ашу сабақтарында өте тиімді, себебі оқушылар өз ойларын жеткізе біледі. 
Топтық жұмыс өткізген барысымда мынадай өте қызықты сабақ өтетінін 
білген жоқпын.
Топтық жұмыста бәрі қызу жұмыста, біреуі сурет салса, біреуі өз ойын 
салуда. Дәстүрлі сабақтарымды салыстырып кететін болсам, оқушыларым 
жалығып отырушы еді. Ал топтық жұмыста жалығып отырған оқушылар 
қызығушылығы артып, жұмылдыра жұмыс жасай біледі. Орташа оқитын 
оқушы төмен оқитын оқушыларымен ойларын бөлісіп жатыр. Ал дарынды 
балалар орташа оқитын оқушыларға кеңес бағыт бере отыра көмектесті. Жаңа 
әдісті қолданып ұсынған тапсырмаларда оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-
қатынас жасап, өздеріне ұсынылған тапсырманы орындау жолдарын іздеу 
барысында топпен шешіп, бір-бірінің көмегіне жүгінді. Бұдан оқушыларды 
топтық жұмысқа итермелеу арқылы, әрқайсысы өз қабілеттеріне қарай 
ойларымен бөлісуге ерікті. Берілген тапсырманы орындау барысында әркім өз 
идеяларын ортаға тастап, өзара рөлдерге бөліне отырып, берілген уақытты 
тиімді пайдалануға тырысып отырды. Ал түсінгендерін топпен қорғау 
барысында топтар бір-біріне сұрақ-жауап арқылы кеңінен талқылап отырды. 
әрбір тақырыпты өту барысында тиімді, нәтижелі топтық жұмыс формасын 
жиі қолдандым. Себебі, топтық жұмыс оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім 
араларындағы білім алу, білім беру әрекеттері үлкен орын алатынын көруге 
болады. Оқушылармен топтық жұмыс жүргізу алдында оларды қабілетіне, 
қызығушылығына, икеміне, біліміне қарай лайықтап алдым, тексеру мен 
бағалаудың әділдік, жариялылық талаптарын орындау, ұстаз бен шәкірт 
ынтымақтастығы арқылы оқушының белсенді ойлауына, белсенді сөйлеуіне, 
шығармашылығына қол жеткізу біздің өтіп жатқан тәжірибеміздің болашағы 
деп ойлаймын. 
Топпен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар күрделі емес және 
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай беріледі. Мысалы, сауат ашу 
сабағында элементтерден әріпті жинау,сандарды ретімен орналастыру арқылы 
сөздер құрастыру, әріптің баспа және жазба түрлерінің қатынасын табу, 
«Қатесін тап» деген сияқты тапсырмалар беріледі. Математика пәнінен 
«Кеңістік фигуралары», «Жазық фигуралар және олардың модельдері» 
тақырыбын өткен кезде жеке бөліктерден фигураны құрастыру арқылы 
фигуралар 
моделін 
құрастыру/мыс:пирамида,конус,тік 
бұрышты 
парллелепипед,текше.../ тапсырмасын беруге болады. «Жыл мезгілдері» 
тақырыбына байланысты сабақ барысында жеке бөліктерден бір жыл мезгілін 
құрастырып, аталған жыл мезгілінің ерекшеліктері туралы әңгімелеу 
тапсырылады. Оқушылар топтарға берілген тапсырмаларды орындай отырып, 
тақырыпты қызығушылықпен өздері аша алады. 
Мен топқа бөлуде көптеген әдіс тәсілдерді қолданамын: 
Қағаз 
қиындылары 
арқылы 
топқа 
бөліну.Жыл 
мезгілдері,жануарлар,құстар немесе басқа да суреттерді үшке,төртке,беске 
(неше топқа бөлуді жоспарлауыңызға қарай) қиып,араластырып оқушыларға 
таратылады. 


Genel 
Genel 
Оқушылар сол қиындылардан суретті құрастырып,сол сурет бойынша 
бірігіп,топқа бөлінеді.Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөліну. 
Ойындар арқылы топқа бөліну Тұрғын және үй ойыны,т.б 
Қорытындылай келе айтарым, әрбір сабақта топтық жұмыс арқылы 
бірлесе әрекеттенген тиімді екенін түсіндім .Бұл ұстаным – құрастырылған 
білімнің басты идеяларының бірі. Осы бағытты ұстанған оқу/үйрену 
жобаларының барлығы да бірлескен әрекеттерді үйренудің негізі деп 
танимын. Ж.Пиаже бұл туралы былай жазады: «Адамның ақылы өзін таниды, 
яғни, психологиялық тілмен айтқанда, басқа заттармен немесе басқа 
ақылдармен қатынаста ғана болады».Адамның санасы тек басқа адамдармен 
қарым – қатынаста ғана дамиды, тек қарым – қатынас әрекеттері ғана бізді 
жаңа түсінікке әкеледі. Ал қарым – қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға 
(олардың пікіріне, идеяларына, көзқарасына, мінезіне) бейімдеу деген сөз. 
Топтық жұмысқа барлық дерлік оқушылар қатысады, өйткені берілген 
тапсырма бірлескен жұмыс арқылы ғана орындалуы тиіс. Әр оқушы 
идеяларды келтіру мен оларды талқылау, таңдау және шешім қабылдау ісіне 
белсенді қатысады: топтық жұмыста әрбір пікір мен көзқарас құнды.Топтық 
жұмыс оқушыларға сезім бірлескен жұмыстың қызықты әрі тартымды әрекет 
екендігін көрсетеді, оқушылардың жалпы еңбекке деген ынтасын арттырады. 
Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқытушы мынандай 
мақсаттарға 
жетеді: 
- үйрену үрдісінде қатысушылардың әрқайсысы бір - бірімен жеке қарым - 
қатынас 
орнатады; 
- үйренушілер туындаған өзіне деген сенімсіздік пен қобалжудан 
қорқыныштан, 
жасқаншақтықтан 
арылады; 
- әр үйренушіге өзінің қабілеттері мен ерекшеліктерін ашуға, көрсете білуге 
жағдай 
жасалады; 
- үйренушілер арасында еркіндік және сенім атмосферасы қалыптасады; 
- үйренушілер топ жұмысында позитивтік, конструктивтік, шығармашылдық 
қағидаларды ұстанады. 
Топтық жұмыстың тиімділігі мен нәтижелілігі келесі әрекеттер 
барысында 
артады: 
1.Берілген тапсырма топтың барлық қатысушыларына қызықты болуы керек. 
2.Тапсырма барлық оқушылардың мүдделеріне сәйкес келіп, оларда бірлескен 
жұмысқа 
деген 
ынта 
тудыру 
керек. 
3.Топқа 
бөлудің 
қызықты 
тәсілдерін 
қолдану 
керек. 
4.Топ ішіндегі бірлескен жұмыс ережелерін айқындап, нақты уақыт белгілеу 
керек. 
5.Тапсырманы 
топқа 
бөлінбей 
тұрып 
берген 
дұрыс. 
6.Жұмыс аяғында әр топ жұмыс нәтижелерін жариялап, немесе ол туралы есеп 
беру қадағаланады. 
Топтарда тиімді жұмыс жасау үшін сынып бөлмесі үйренушілердің еркін 
түрде қозғалып, жүріп, тұруына қолайлы болуы керек. Әр сабақта оқушылар 


Genel 
Genel 
шағын топтар құрамын бірнеше рет өзгертуі мүмкін, сол себепті парталардың 
арасында ашық орындар қалдырып, жұмыс тақтасы да әр оқушыға көрініп 
тұруын ескерген жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет