Коучинг сабақтары туралы рефлексивтік есебі. Коуч- мұғалім: Тулегенова Б. М. 1- бөлім: Тақырыпты негіздеу



бет1/2
Дата23.05.2017
өлшемі232,49 Kb.
#16692
  1   2


Коучинг сабақтары туралы рефлексивтік есебі.

Коуч- мұғалім: Тулегенова Б.М.

1- бөлім: Тақырыпты негіздеу

Коучинг сабағымды өзім сабақ беретін жалпы білім беретін мектепте өткіздім. Коучинг өткізбес бұрын, ең алдымен мұғалімдерге нені үйретуім керек? Қазіргі таңда мектепте оқушыларды қалай оқытуымыз керек? Оқушыларға сапалы білім беру мақсатымен, мұғалімдер де жаңа әдіс-тәсілдермен мықтап қарулану қажет. Осы оймен коучинг тақырыбын «Топ жұмысын ұйымдастыру », -деп алдым. Осы тақырыпты алған мақсатым: мұғалімдерді топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыруға жетелеп, оқушыларды топтық жұмысқа қалыптастырады. «Коучинг - тәлім ету, дайындау, жаттықтыру. Бұл- әріптестердің (коуч пен әріптесі) құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан рефлексивтік диалогқа тарту негізінде екінші мұғалім өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін , игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді.»

(«Мұғалімге арналған нұсқаулық/ Кіріспе» 80 бет.) Осыдан шығатын ой, бірлескен топ жұмысында мұғалімдердің ынтымақты түрде әрекет жасау, бір-біріне көмектесіп, сабақ беру сапасын дамытады. Менің тақырыбым бойынша, мұғалімдерге маңыздылығы, топ жұмысына ұйымдастырудың жолдары арқылы, кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді.

Коучинг сабағыма он мұғалім қатысты. Олардың біреуі- химия пәнінің мұғалімі, георафия пәнінің мұғалімі, екеуі- қазақ тілі пәнінің мұғалімдері, екеуі - ән сабағының мұғалімдері, информатика пәнінің мұғалімі, еңбек пәнінің мұғалімі, екеуі - ағылшын пәнінің мұғалімдері болды. Осы қатысқан мұғалімдер жаңашылдыққа құмар, ізденімпаз, өз кәсіби деңгейлерін үнемі дамытып жүреді. Сондықтан менің тақырыбыма байланысты ол мұғалімдер бұрыннан топ жұмысын ұйымдастырып, ашық сабақ беріп жүрді. Сонда да оларға белгісіз топ ережесін құру, рөлдерге нақты бөлу сәттеріне қызығушылық танытты. Осыдан барып, мұғалімдерге қажетті деген топ тапсырмаларын алуға тырыстым. Мысалы: сыныпты қалай топқа бөлудің түрлері, топтың сандық құрамы, шағын топтар, үлкен топтардың мәселелері туралы алдым. Топ жұмысының маңызы туралы түсіндірдім. «Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесетін болады»

(«Мұғалімге арналған нұсқаулық /Коучинг үдерісі» , 81- бет)

Міне, осыдан барып, өзіме ой түйіндегенім, менің міндетім мұғалімдердің тәжірибелерін жетілдіруге бар күш- жігерімді салып көмектессем дедім.

Өзім сабақ беретін мектептің мәнмәтініне маңызды болғандықтан, осы тақырыпты алдым. Себебі мектебіміз аралас болғандықтан, көп мұғалімдер , оқушылар қазақ тілді сыныптарда жұмыс істеп, оқу оқыса да, тілдері шұбарланған, сөздік қорлары аз, топтық жұмыста ашылып, ана тілінде сөйлеп кетер деген мақсатпен алдым.

2-бөлім: Коучинг сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау

Сабақтың мақсаты: мұғалімдерді топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыруға жетелейді. Бірінші коучингте мұғалімдерді өзіме қалай баурап алсам екен деген ой пайда болды. Алдын-ала қажетті ресурстарды, кабинетті дайындап алып, мұғалімдерге Коучинг тақырыбын жазып, хабарландыру іліп қойдым. Менің тақырыбымды қажет деп тапқан мұғалімдер келді. Коучингті бастамас бұрын өзімнің тақырыбыма байланысты жүрекжарды шығарған өлеңімді оқып бердім.

Мұғалімдер ұйып тыңдады. Мұғалімдердің көңіл -күйін көтеру мақсатымен, сергіту сәтін өткіздім. Осылай өлең оқып, билетіп, психологиялық ахуал туғызып алып, түстерге байланысты топқа бөлдім. Мұғалімдердің санына байланысты екі топқа бөлінді. Мұғалімдер топқа бөлініп отырғаннан кейін, ашық сұрақтар бердім. Мысалы: Оқушылар топтық жұмыста нені арттырады?

Жауап: «Пікір алмасады, бірін- бірі тыңдауға , ойын дамытады.» - деген жауаптар болды. Оқушылар топтық жұмыста ынтымақпен жұмыс істеу үшін, нені құрастыру керек? Жауап: ереже құрастырамыз. Әр топ өз пікірлерін айтып, топ ережесін шығарып алдық. Топ мүшелерінің бәрі жұмыс істеу үшін, нақты рөлдерге бөлдім. Коучингке шақырылған мұғалімдердің арасында жас мұғалімдер болғандықтан, топ жұмысын ұйымдастырудың жолдарын интерактивті тақтадан көрсетіп, түсіндіріп кеттім. Презентациядан топтық жұмыстарды слайдтардан көрсетіп, топтың көлемінің үлкен, шағын, жұппен жұмыстар болатынын түсіндірдім. Топтық жұмыс арқылы дамытылатын тұлға аралық іскерлікті баяндадым. Топтық жұмыстың маңызы : оқушылардың қарым- қатынасы, өзін-өзі көрсете білуі, басқаларды қолдау, топтың басқа мүшелеріне сезімтал болуын айтып кеттім. Екі топқа бөлінген мұғалімдерге тапсырмалар: Тапсырма. 1- топ.«Топтық жұмыстағы мұғалімнің рөлі . 2- топ. « Топтық жұмыстағы кездесетін кедергілер»

Осы тақырыптарды топ ішінде талдайды, талқылайды, ой бөліседі.

Тапсырма. «Ыстық орындық» әдісі арқылы әр топтың баяндамашылары өз тобының жұмыстары бойынша әңгімелейді.

«Ыстық орындықтағы» мұғалімге басқа мұғалімдер сұрақтар береді. Мысалы: Топ жұмысындағы қиын оқушыға қандай шара қолданасыз? (2- суретте) Екінші топтың баяндамашысы ыстық орындыққа отырып, өз тобының жұмысын қорғады. Орындықта отырған мұғалім сөзін аяқтағаннан кейін, жан- жақтан сұрақтарды жаудырды. Мұғалім бар сұрақтарға жауабын берді. «Ыстық орындық» әдісімен өткен тапсырма жақсы өтті, себебі мұғалімдер сыни тұрғысынан ойланып, тақырыпты түсінгендіктен ойларын ашық айтты. 3. Тапсырма. «Жаңа формацияның мұғалімі» - деген тақырыпты екі топ ашып, топ ішінде талдап, талқылап болғаннан кейін ойларын постерге салып, қорғады.(1- суретте) Бұл тапсырманы да мұғалімдер қызықты орындады. Біріншіден, топ жұмысында бірлесіп,жұмыс жасады.Екіншіден, қорғағанда барлығы шығып, ынтымақтарын көрсетіп қорғады. Бірінші топтың мұғалімі сыни тұрғыдан ойланып (АКРО жолдарынан тұратын) өлең шығарып, оқып берді. Екі топ бірін- бірі бағалап, өз ойларын айтты. Екі топты тыңдап алып, бағалау критерийлері бойынша айтып кеттім. Интерактивті тақтадан дайындап жазған постерді қандай критерийлер бойынша бағалау керек екенін түсіндірдім. Мұғалімдерге енді осы критерийлер бойынша қайтадан бағалауға тапсырма бердім. Бағалау критерийлері бойынша бағалаған мұғалімдерге ұнады, себебі нақты, анық, әділ бағалау деген шешімге келді. Бұл бағалау өте сәтті шықты. Себебі мұғалімдер өте қызығушылықпен орындады.

Кері байланыста екі жұлдыз, бір тілек бойынша ұсыныстарын білдірді. Стикерлерге ұсыныстарын жазды, тілектерін жазып қалдырды.

Мысалы : «Өте қызықты болды, көп нәрселер алдым.Рахмет!»

Коучингтің сәтсіз болған жерлері де болды. Әсіресе, тапсырмалар аз болды, ойындарым қалып қойды. Себебі оқу жылының аяғы, мұғалімдердің сабақтарын өткізуге асығып, қысқартып өткізгенімді сұрады. Кемшілігім жылдамдығым ақырын болды, өзім көп сөйлеп кеттім деп ойлаймын.

3- бөлім : Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау

Әріптестерім коучингтен бірлесіп жұмыс істеуді, талдап, талқылап, өз ойын ортаға салып постерге түсіруді және бірін-бірі критерийалды бағалауды үйренді. Ағылшын пәнінің мұғаліміне топ жұмысының ережесін құрып, сабақ өткізген ұнапты және өзіне алатындығын айтты. Жаратылыстану бағытының мұғалімдері топ жұмысында оқушылардың сөздік қоры дамитынын, өз ойларын айта алатын, жеке тұлғанын қалыптасатынын айтып, болашақта осы әдісті қолданатындарын айтты. Коучинг сабағымды өткізгеннен кейін, мұғалімдердің ұсыныстарын оқып, тақырып ұнағанын, тағы да өткізсеңіз деген тілектерін түсіндім.



Коучингте мұғалімдер түрлі тапсырманы қызығушылықпен орындап, топ жұмысында бірін- бірі тыңдап, басқаның пікірін сыйлап отырды. Болашақта мұғалімдер осы әдістермен сабақ өткізетініне көзім жетіп, өзім де осы бағдарламамен жұмыс істейтінімді мақтаныш көрдім. Мұғалімдер ұсынған тапсырмаларды белсенділікпен орындап отырды.

2-сурет.

«Ыстық орындық»

1- сурет.

Мұғалімдердің топтық жұмыстағы әрекеттері

Коучинг - тәлім ету, дайындау, жаттықтыру. Бұл- әріптестердің (коуч пен әріптесі) құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан рефлексифтік диалогқа тарту негізінде екінші мұғалім өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін , игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді.»

(Мұғалімге арналған нұсқаулық/ Кіріспе, 82 бет.)

Осыдан шығатын ой, бірлескен топ жұмысында мұғалімдердің ынтымақты түрде әрекет жасау, бір- біріне көмектесіп, сабақ беруді дамытады.



Осы коучинг барысында түрлі жаңа әдіс- тәсілдерді қолдансам да , болашақта қызықтырақ етіп өткізуді ойлаймын. Болашақта осы тақырыпты алсам, топ жұмысының түрлерін қалай жетілдірсем, жас мұғалімдерге ұсыныс ретінде оқулық жазсам деген де ойым бар. Бірінші коучингтен кейін өлең жолдарын жаздым.
Ұсыныстар:

Топ жұмысының тапсырмасын жетілдіру;

Ойын түрлерін енгізу;

Топқа бөлуді нақты, жасына сәйкес анықтау;

Сабақтың уақытын ұзартса, тапсырма көлеміне уақыт жетпейді;

Тапсырмаларды деңгейлеріне қарап беру;



Коучинг сабағындағы кері байланыстың түрлері:




3- сурет 4- сурет 5- сурет


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет