Жібісін деп жүректерің жыр төгем, Перзент білсін анаға қол сілтеген



Дата01.05.2020
өлшемі24,43 Kb.
#65311
Байланысты:
соқыр шеше


Жібісін деп жүректерің жыр төгем
Перзент білсін анаға қол сілтеген.
Жетім жайын, жесір жайын толғаған 
Бүгінде жоқ күнде жиын Күлтөбең.

Адамды Алла нар мақсатпен жіберген, 

Мақсатыңды танып, сезіп білер ме ең. 

Ата-анадан биік қойған бар малын, 

Қуыс кеуде, топан бас көп, білем мен. 

 

Сеніп еді табылар деп қасынан, 



Сенген қойы тентек болды жасынан. 

Ғибрат алып, ойға қалып байқап көр, 

Оқиғаны баяндайын басынан:

 

Бала еді терең ойлап көрмеген, 



Ойын ойнап, қызық қуып терлеген. 

Мектептегі сабақ, тәртіп тым жақсы

Сондықтан да жоқ кедергі көлденең. 

 

Уайым бар еді...



Болмай оған көп амалдың көмегі, 

Мазалайды, ойын ылғи бөледі.

Қысылатын, жасқанатын сұрауға, 

Анасының бір көзі жоқ себебі. 

 

Сол мектепте аспазшы еді анасы,



Ұлына еді дәмді, тәтті бар асы.

Ақша тауып асты-үстіне түсетін, 

Қарны ашпасын, киінсін деп баласы. 

 

Ал баласы асханаға кірмейтін, 



Анасымен көшеде бір жүрмейтін. 

Ас беретін соқыр әйел анасы 

екендігін достары да білмейтін... 

 

Әрбір тәулік ашып жаңа парағын, 



Бұл да басты сақтықпен әр қадамын. 

Кім біледі ғұмырын бұл жұмбақтың 

Қанша уақыт жұмбақ болып қаларын...

 

Құпяны ашпаса кім біледі



Байғұс ана мейірімді еді жүрегі. 

Баласының талабы мен талантын 

Білейін деп сабағына кіреді. 

 

Жаутаңдатып жалғыз ғана жанарын: 



– Рұқсат па, амансың ба қарағым?! 

Білейін деп келіп едім сабағын, 

Анасы едім мына отырған баланың. 

 

деген кезде...балалар ғой ешкімді 



ренжітпеген, елемеген еш мұңды,

 – Анасының бір көзі жоқ, сұмдық-ай,

- деген сұмдық, суық мысқыл естілді. 

 

Баласының кетті түсіп қабағы, 



Анасына айуан көзбен қарады. 

Ыза буып сал есікті сарт ұрып

Шығып кетті бетке ұстап даланы. 

 

Келді үйіне, уақыт асқан ақшамнан, 



Назын айтты назалы үнмен басталған. 

Анасы жүр бәйек болып ас әкеп, 

Баласының қамын ойлап аш қалған. 

 

Деді ұлы: – «Ана неге келесің? 



Іздеп келсең бар ойымды бөлесің.

Мені іздеп келмеші енді мына жұрт 

«Анасының көзі соқыр демесін». 

 

Мен ұялам, сыртта маған жолама, 



Сөздеріме көңілің рас тола ма? 

Неге соқыр, қайда сенің бір көзің, 

Айтшы анашым сырын білсем бола ма?» 

 

Жылады ана, еңіреді, егілді, 



Үйренген ғой келген мұңға көнуді.

 Шын жылады соқыр көзден жас шықы. 

Көкіркегінде бар құпия көмулі.

 

 – «Кешір қалқам не десең сол болады, 



Айтқан сөзің ақылыма қонады.

Сені ұялтқан, саған еткен қатемнің 

Бүгін мынау ең соңғысы болады»... 

 

Иә, дәл солай,



Болды сол жер соңғысы,

Екінші рет бармады онда ол кісі. 

«Сыртынан-ақ тілеуімді тілейін, 

Осы болар істердің ең оңдысы»... 

 

Баласының тілегі осы қалаған,



Жеке жүрсе бақытты өзін санаған. 

Деп ой түйді: – «Құтылар ем шешемнен 

Оқу бітсем, келмей қойсам қаладан»

 

Солай жүріп бітірді оқу бала да, 



Бұрынғыдан бетер суық анаға.

Білім алып қайтамын деп жиналып, 

Тартып кетті шет ел асып қалаға. 

 

Айтқандай-ақ ол анасын ұмытты,



Жұмыс тапты, маман болды білікті. 

Әйел алды, бала сүйді, анасын

Есіне алмай ойсыз-қамсыз жүріпті...

 

Күз. Сезімдерді сілкіп жауын жауып тұр, 



Жігіт үйі. Сән-салтанат тамып тұр.

Құлақ салды әйелі де, өзі де

Есіктерін біреу келіп қағып тұр. 

 

Кім болды деп есік қаққан жаңағы



Бәрі бірге есікті ашып қарады.

Әйелі де, баласы да қорықты, 

Іздеп кепті соқыр ана баяғы. 

 

Жігіт жеке шықты дағы далаға,



 Жақындады жалғыз көзді анаға:

 –«Әйелім мен баламды сен қорқыттың, 

Неге келдің, не бар мынау қалада?» 

 

– «Саған келдім, демейм оған өкінем, 



Хабарласпай тым алысқа кетіп ең. 

Үйленіпсің, балаң бар деп есіттім, 

Сүйейінші немеремнің бетінен...» 

 

Сескенді ана жабысар деп сор тағы, 



Қатуланып, қабақ шытып ол тағы:

– «Жоқ, болмайды. Рұқсат жоқ, себебі, 

Бір көзің жоқ, бала сенен қорқады». 

 

Бітті әңгіме, болмас қайта бастауға



Қайтты ана демеу болар дос бар ма? 

Күңіреніп ақ жауынын төгіп тұр,

Анаменен бірге жылап аспан да... 

 

Уақыт сырғып айлар өтті, жыл өтті, 



Өткен әр жыл жиырма түлек түлетті.

«Ауылға кел, сағындық»- деп достары, 

Хат жіберіп шақыртыпты жігітті. 

 

«Жол ұзақ» деп жігіт аздап қиналды, 



Дегенменен «барамын» деп ұйғарды.

Әйелді алып, баланы алып сол күні, 

Жол жүрмекке отбасымен жиналды. 

 

Келді ауылға, мауқын басты, тарады, 



Жігіт ойы басқа арнаға ауады. 

«Балалықты еске алсам» деп жаяулап, 

Өзі тұрған ескі үйге барады. 

 

Үйден шықты егде әйел: 



–«Сен келдің бе, өзгермепсің, таныдым,

 Анаң қайтқан, қалдырып ед аманат

Мен ашпадым, оқы өзің жарығым»...

 

Берді қағаз төрт бұрыштап бүктеген, 



Деді жігіт: «Түсінбедім түкке мен». 

Ашып көріп оқимын деп оңаша 

Кетті жігіт бар-ау хабар күтпеген. 

 

– «Балам, ботам, айым, күнім, асылым, 



Қарт кеудемде бір сыр бар ед жасырын. 

 

Кеудемді өртеп барады сол күрең ой,



Жаздым хатқа оқып балам біле ғой. 

 

Нәресте едің түспейтұғын қолымнан, 



Бағым көп ед бүгінгідей сорымнан.

 

Әкең бар ед жаны жақын балаға, 



Үйден шықтық қыдырсақ деп қалада.

 

 Булықты да бірге кетіп арманы, 



Жол апаты жан әкеңді жалмады. 

 

Түстік солай бұл тағдырдың тезіне, 



Зақым келді сенің оң жақ көзіңе.

 

Дәрігерлер көрді, білді, байқады, 



Үрейлендім, қандай шешім айтады? 

 

"Қатты зақым алған екен ұлыңыз,



 Көрмес көзі, алдын-ала біліңіз. 

 

Жай таппаса бұған егер жаныңыз, 



Уақыт барда сау көз іздеп табыңыз. 

 

Бақытты өмір сүру үшін балаңыз, 



Сол сау көзді орынына саламыз".

 

Есім шықты ет жүрегім дүрсілдеп,



"Бар бақытты балам көрсін, білсін" деп. 

 

Құрбан еттім бағың үшін өзімді, 



Саған бердім сап-сау тұрған көзімді. 

 

Міне, балам, содан бері соқырмын



Содан бері таңым қайғы, кешім мұң. 

 

Осы көзбен көп ұялтсам өзіңді,



 Кешір қалқам, кешір ботам, кешіргін!

 

Оқып бітті, жүрегі аттай тулады,



Көкірегін кермек өксік улады.

Біреуі өз, бірі ана көзімен 

Алдындағы ақ парақты сулады...

 

 Бауырлар,



 Біздерге бұл мысалдың берері көп, 

Дәл сондай әрбір істің себебі көп.

 Себебін білмей қате қадам басып, 

Отырма бармақ тістеп, не дедім деп.

 Ата-ана разылығын тапсақ Аллаһ 

Айтыпты Жәннәттан жай беремін деп. 



Тірлікте таппаған соң көңілдерін

Өлген соң жылаудың да керегі жоқ. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет