Мотивациялық қозғаушы
|
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрады. Жоғарыда шаңырақ ілінген. Балалар қолдарына түрлі түсті таспаларды (ленталарды) алып, өз балабақшасына деген ізгі тілектерін айтады.
2. “Кім болам?” дидактикалық ойыны.
Ойын шарты: балалардың ішінен «тілші» сайланады. Тілші болып сайланған бала басқа балаларға «Болашақта кім боласын?» деген сұрақты қойып, олардан сұхбат алады. Балалардың қалауы бойынша «тілші» рөлі ауысып отырады.
|
Балалардың тілегі:
–Менің балабақшамның шаңырағы биік болсын!
–Менің балабақшамның іші ойыншықтарға толсын!
–Менің балабақшамның іші күлкіге, сәбиге толы болсын!
2.Ролді қызыға ойнады
|
Ұйымдастыру-іздену
|
II. Негізгі бөлім.
3. Тыныштық сәтін өткізу.
1. Дәптердің 4-5 беттердегі суреттер бойынша әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: ойын бөлмесі, тәрбиеші, ойыншықтар, ойын алаңы, құм, сырғанау, әткеншек, шелек.
2. Н.Әлімқұловтың “Балабақшам – байлығым” немесе балабақша туралы басқа ақындардың өлеңін оқу.
3. Сергіту сәтін өткізу.
Бала, бала баламыз, бақшамызға барамыз,
Күні бойы қызыққа батамыз да қаламыз.
Үйренеміз өнер біз, шетімізден шеберміз.
Тақпақ айтып, ән де айтып, би де билеп береміз. 4. Дәптермен жұмыс (4-5 беттері бойынша).
а) Педагог үздік сызықтарды (баланың балабақшаға дейінгі жолын) қалай қосып сызу керектігін және штрихтауды тақтада көрсетеді. 5-беттегі үздік сызықтарды қосып сызу арқылы доптардың суретін салу және оларды бояу. Педагог балалардың жұмысын тексеріп, қалай сызу, штрихтау керектігін әр балаға көрсетіп жүреді.
|
3. Денелерін бос ұстап, еркін отырып. Көз алдарына балабақшаны, ойын алаңын елестетті. Аулада өсіп тұрған гүлдердің иісін иіскеді. Көздерін ашып, алған әсерлерін айтты.
Әңгіме құрастырды.
Оқылған өлеңді мұқият тыңдады
Қимылмен көрсетті.
Дәптермен жұмысты тапсырманы түсініп орындады
|