«Жедел іш» - «Жедел іш»
- Жедел ауырсынуға бірнеше минуттан 7 күнге дейінгі уақытта дамыған іштің ауырсынуын жатқызамыз.
Іштің жедел ауырсынуының себептері - Іш қуысы ағзаларының зақымдануы
- Париеталды іш астардың қабынуы
- Іш қуысы мүшелерінің деструкциялық немесе жіті қабынуы (жіті аппендицит, жіті холецистит, жіті панкреатит, панкреонекроз, тесілген жара, аппендикстің, ішектің перфорациясы, жамбас мүшелерінің бактериалық қабынуы, іш қуысының іріңдігі, дивертикулит, Крон ауруы, жаралы колит).
- Іш қуысы мүшелерінің тарылуы (ішек түйілуі, копростаз, өт шаншымасы, обструкциялық панкреатит, бүйрек шаншымасы).
- Іш астардың тітіркенуі: эндогенді интоксикация және метаболизм бұзылысы (диабеттік, алкогольды кетоацидоз, уремия, бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі, порфирия).
- Іш қуысының жарақаты.
- Іш қуысы мүшелерінің перфузиялы бұзылысы: қолқаның және іш астар артериясының эмболиясы, тромбозы, жыртылуы, тарылуы немесе жаншылуының әсерінен пайда болады (жіті ишемиялық колит, ішектің созылмалы ишемиялық ауруының асқынуы, жіті мезентериалды тромбоз, қолқа аневризмасының жыртылуы немесе сылынуы, қосалқы кистасы, жұмыртқа қосалқысы, қысылған жарық, ішек көктамырының инфаркті).
- Іш қуысы мүше капсуласының созылуы: паренхималық мүшелердің ісігі немесе жіті қабыну кезінде (жіті алкогольды гепатит, көк бауырдың жіті тромбозы, бауырлық немесе қақпа көк тамырының жіті тромбозы — Бадда-Киари синдромы, жүрек жеткіліксіздігі (бауырлық іркілу), нефролитиаз.
- Иммунологиялық бұзылыс (анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісік, васкулиттер).
- Инфекциялық себептер: гастроэнтерит, гепатит, инфекциялық мононуклеоз, герпес, сепсис т,б.
- Жедел немесе созылмалы экзогенді интоксикация (сынап және қорғасын мен созылмалы улану, метил спиртімен улану, улы өрмекшілердің шағуы, т.б.).
Жіктемесі - Жіктемесі
- Жедел іш ауырсынуын пайда болу себебіне байланысты ажыратамыз
- Хирургиялық – хирургиялық бөлімшеге жатқызуды қажет етеді.
- Гинекологиялық – гинекологиялық бөлімшеге.
- Урологиялық – урологиялық бөлімшеге.
- Хирургиялық емес – көп салалы ауруханаға.
- Жұқпалы аурулар – жұқпалы аурулар ауруханасына.
Жедел хирургиялық аурулар кезінде іштің жедел ауырсынуының орналасуы - Жедел хирургиялық аурулар кезінде іштің жедел ауырсынуының орналасуы
- Іштің жоғарғы оң жақ квадранты: жіті холецистит, өт шаншымасы, гепатит, панкреатит, бауырлық және көкет асты іріңдік, миокард инфаркті, пневмония, плеврит, перикардит, ішек түйілуі
- Іштің жоғарғы сол жақ квадранты: панкреатит, көкбауырдың жыртылуы, көкбауырдың инфаркты, гастрит, миокард инфаркты, пневмония, плеврит, ішек түйілуі
- Іштің төменгі оң жақ квадранты: аппендицит, ішек түйілуі, дивертикулит, тесілген жара, қысылған жарық, бауырлық шаншымасы, эктопиялық жүктілік, аналық без ауруы, эндометриоз, аналық без қосалқыларының ауруы
- Іштің төменгі сол жақ квадранты: қолқа аневризмасының жыртылуы, қолқаның сылынуы, ішек түйілуі, дивертикулит, іш астар арты іріңдігі, бүйрек шаншымасы, эктопиялық жүктілік, аналық без ауруы, эндометриоз, аналық без қосалқыларының ауруы
Іштің жедел ауырсынуының орналасуы Жедел іш ауырсынуы бар науқасты жүргізу алгоритмі (Бабак О.Я., 2006) - Спецификалық емес іштің ауырсынуы
- Іш қуысымен байланысты емес іш ауырсыну
- Терапиялық аурухана жағдайында қаралу және емделу
- Амбулаториялық жағдайда терапевтте қаралу және емделу
Ажыратпа ДИАГНОСТИКАСЫ - Ажыратпа ДИАГНОСТИКАСЫ
- Жедел хирургиялық аурулардың ажыратпа диагностикасы ЖМК қызметінің мақсатына жатпайды. Ең бастысы науқаста ауруханаға дейінгі сатыда жедел іш ауырсыну себептерін анықтап, кең тараған хирургиялық ауруларды жоққа шығару маңызды
- Қоңырау шалушыға кеңес
- Науқасты қалаған қалпында немесе арқасында, аяғын шамалы көтеріп жатқызуға болады.
- Науқасқа су мен тағам беруге болмайды.
- Қызбаға күдік туса дене қызуын анықтау керек.
- Науқас қолданып жүрген дәрілерді тауып ЖМК дәрігеріне немесе фельдшеріне көрсету керек
- Науқасты қараусыз қалдыруға болмайды.
Міндетті түрде қойылатын сұрақтар - Міндетті түрде қойылатын сұрақтар
- Іштің қай бөлігінде ауырсынуды сезесіз? Ауырсынулар ауысады ма?
- Қанша уақыттан бері ауырады?
- Ауырсынудың сипаты қандай (түрақты, ұстама тәрізді, қысып, бірден, шыдатпай)?
- Қандай күйде ыңғайлы (ыңғайлы жату, қозғалыста, т.б.)?
- Ауырсынуды немен байланыстырасыз (диета сақтамау, басынан өткерген инфекциялық аурулар, т.б)?
- Құсық болды ма (неше рет және немен)? Нәжістің сипаты өзгерді ме? Дене қызуы көтерілді ме?
- Бұрын мұндай ұстамалар болды ма (өт тас аурулары кезінде, созылмалы панкреатит және зәр тас аурулары кезінде қайталанады)?
- Толық анамнез жинау (жасалған ота, етеккірі, басқа соматикалық аурулар, зиянды әдеттері, т.б.)
Іштің жедел ауырсынуы - субъективті сезім, сондықтан дәрігер дұрыс талдама жасау керек - Іштің жедел ауырсынуы - субъективті сезім, сондықтан дәрігер дұрыс талдама жасау керек
- 1. Басталуы: бірден, біртіндеп, жай, жеделдеу
- 2. Интенсивтілігі: күшті, шамалы
- 3. Динамикасы: басылу, өсуі, сипатының өзгерісі
- 4. Сипаты: тұрақты, ұстама тәрізді (шаншу)
- 5. Тереңдігі: терең, беткей
- 6. Тәуелділігі: қозғалыстан, дәреттен, тамақ қабылдаудан
- 7. Орналасуы: іштің анық бір аймағында, диффузды, іштен тыс
- 8. Тұрақтылығы: тұрақты, ауыспалы
- 9. Таралуы: сегменттік түрде, бұрын зақымдалған мүшелерге ауырсынудың берілуі
- 10. Фармакологиялық анамнезі: глюкортикостероидтар, қабынуға қарсы дәрмектер, алкоголь, тиазидті диуретиктер, пентамидин, азатиоприн, сульфаниламидтар, барбитураттар, т.б.
Госпитализациялауға көрсеткіш: - Госпитализациялауға көрсеткіш:
- Іштегі жедел ауырсынуы бар науқастар алғашқы болжам диагнозына байланысты хирургиялық, гинекологиялық, жұқпалы аурулар стационарына шұғыл түрде жатқызылады.
- Зембілге жатқызып тасымалданады.
- Жиі кездесетін қателіктер
- Кез келген жедел іш ауырсынуы бар науқастарға ауруханаға дейінгі кезеңде наркотикалық және басқа да анальгетиктерді тағайындау.
Ауруханаға дейінгі кезеңде емдеу - Ауруханаға дейінгі кезеңде емдеу
- ЖМК негізгі міндеттері.
- Шұғыл түрде госпитализациялау.
- Әр түрлі этиологиялы жіті іш ауырсынуы бар науқастарда көк тамырға егу мүмкіндігін қамтамасыз ету, өмірге маңызды қызметтерді бір қалыпта ұстау және бақылау (жалпы реанимациялық қағидаларға байланысты).
- Гиповолемия, гипотония белгілерінде: 0,9% NaCl еріт. 400 мл т/і.
- Себебі нақты анықталған шаншыма тәрізді ауырсынуларда миотропты спазмолитиктерді енгізуге болады: дротаверин т/і, баяу, 40-80 мг (2% - 2,0 мл ерітіндісі).
- Нитроглицерин таблеткасын тіл астына салуға (0,25 мг немесе 0.5 таблетка) немесе спрейді (400 мкг немесе 1 доза) қолдануға болады.
- Құсу, лоқсу кезінде: метоклопрамид 10 мг (5% — 2 мл еріт.) т/і (1-3 мин кейін әсер етеді) немесе б/е (10—15 мин кейін әсер етеді).
Достарыңызбен бөлісу: |