Жүкті әйелдер өзгеше күтім мен сақтықты қажет етеді. Аяғы ауыр әйелге дұрыс күтім қажет.Әйелдің денсаулығы мен жалпы жағдайы іштегі балаға тікелей әсер етеді. Дені сау бала дүниеге келуі үшін жүктілік кезінде дұрыс тамақтанып пайдалы дәрумендер қолдануы керек.
Тамақтануы
Жүктіліктің кезеңдерінде тамақтану
Жүктіліктің бірінші триместрі кезінде— көкөністерге, жемістерге, шырынға және көк шөпке бай тамақтарды қабылдау керек. Тұтас жарманы қолданып, ал ботқаны суға пісіру қажеттілігі ескертіледі!
Жүктіліктің екінші триместрі (3-6 ай) – ең тыныш кезең болып саналады. Ас мәзірінде тек жемістер, көкөністер, жармалар ғана емес, сонымен қоса ет, сүт өнімдері, жаңғақ, жұмыртқа, бұршақ қосылуы қажет. Ұннан жасалған тағамдар: қара нан, кебек қосылған нан және тазаланбаған күріш ұсынылады. Мал еттерінде кездесетін ақуыздар асқазанда көпке дейін қорытылмауына байланысты, етті, балықты, құсты түсте жеу ұсынылады.
Жүктіліктің үшінші триместірі (6-9 ай) –нәрестеге өте маңызды кезең. Оның бұлшық ет салмағы тез өседі, ол физикалық және эмоционалдық жағынан дүниеге келуге дайындалады. Бұл кезеңде тағамның калорийі аз болу керек. Майлы, ұннан жасалған, тәтті тағамдарды ас мәзірінен мүлдем алып тастау немесе азайту керек. Жүктіліктің соңғы айларында етті азайту қажет. Соның нәтижесінде тіндердің созылғыштығы жақсарады, жыртылудан сақтайды, босану кезінде ауырсыну жеңілдейді.
Балаңыздың даму барысына әсер ететіндіктен, дәрумендер қажет мөлшерден аз болмау керек.Жүкті әйелдің бәрі жаппай кальций ішу керек.
.
.
Жүкті әйелдерге барлық жемістер пайдалы бірақ соның ішінде алманың аяғы ауыр әйелдерге пайдасы зор. Алма ас қорытуды жақсартып теріні жақсартады. Алма с дәруменіне өте бай ол балаға қажетті дәрумендердің бірі. Алма тек асқортуды жақсартып қана қоймай көңіл күйге де әсер етіп имуниттетті көтереді.
Темекі шегу Темекі шегудің зияны әйелдің денсаулығына ғана емес іштегі сәбидің денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сәби туабітті ауру болады, денсаулығы нашар болады, тіпті, өлі туылатын да кездері болады.
Алкогольді ішімдіктер. Құрамында спирттік қоспалары бар ішімдіктердің зияны дені сау адам үшін де аз емес. Ішімдіктерді тек жүктілік кезінде емес оның алдында да ішетін ер мен әйелдің балаларының денсаулығында қандай да бір кемістік болады. Өйткені қанға сіңген улы заттар еркектің аталық безіндегі ұрықта да болады. Сол ұрық ананың бойына өтіп, одан бала дамиды. Аздаған мөлшердегі алкогольдің өзі жатырдағы баланың дамуына зиянын тигізе алады.
Кофе мен Кола Кофенің құрамында көфеин заты мол. Көфені көп мөлшерде пайдалану түсік тастауға алып келуі ықтимал, немесе баланың салмағы жетіспей туылады.Дәл кофе секілді жағдай Кола ішкенкезде де болады. Сондықтан Коланың орнына табиғи минералды суларды немесе жай суларды пайдаланған жақсы болады.
Кейбір зиянды азық-түліктер Аяғы ауыр әйелге шикі ет, теңіз өнімдерін, жұмсақ ірімшік жеуге болмайды және пастерильденбеген сүт ішуге болмайды. Мұндай жағдайлардың салдары түсік тастаумен не болмаса баланың кемтарлығымен аяқталу қаупі бар.
.
Шашты бояу Шашты бояуға арналған бояғыштардың құрамында зиянды химиялық қосылыстар көп. Ол аллергия тудыруы мүмкін. Жүктілік кезінде гормональді өзгерістер болады. Нәтижесінде шаш ұсқынсыз күйге түсіп кететін кездер болады
Аяқта тік тұру Аяғына тік тұрып жұмыс істейтін аналар әрбір сағат сайын 5-7 минуттай орындыққа отырып аяқтарын жазып, демалдырып тұруы керек. Егер демалып отырған кезде аяғыңызды аздап жоғары көтеріп тұратын зат тапсаңыз, аяқтарыңыз солай қойыңыз. Ол сіздің аяғыңыздың қан айналымын жақсартады.