Құймалы жүктермен тиеу-түсіру жұмыстарың механикаландару



бет1/6
Дата26.09.2022
өлшемі39,18 Kb.
#150717
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
15-ші аптаның дәрісі


Құймалы жүктермен тиеу-түсіру жұмыстарың механикаландару

Құймалы жүктер деп цистернаға, арнайы ыдысқа немесе контейнерге және үсті ашық вагон-бункерлерге құйып, темір жол көлігімен тасымалданатын сүйық жүктерді атайды.


Құймалы жүктерге жататындар:

  • негізінен құбырлар бойынша тасымалданатын шикі мұнай;

  • темір жол көлігімен тасымалданатын мұнай өнімдері (керосин, бензин, дизель отыны, лигроин, мазут, минерал майлары және т.б.);

  • тамақ өнеркәсібінің өнімдері (спирт, өсімдік майлар, патока және т.б.);

  • химиялық жүктер (қышқылдар, сілтілер, бояушылар, лактар және т.б.). Құймалы жүктердің ең үлкен көлемін (>90%) мұнай өнімдері ұсынады. Барлық мұнай өнімдері бес топқа бөлінеді:

  • шикі мұнай;

  • мөлдір мұнай өнімдері (дизель отыны, керосин және реактивті қозғалтқыштар отыны);

  • күнгірт мұнай өнімдері (битум, мазут және т.б.);

  • бензин (автомобильдік және авиациялық);

  • майлар (қоюланған майлардан трансформаторлық майларға дейін).

Сондықтан барлық мәселелерді мұнай өнімдері мысалында қарастырамыз. Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдаудың ең тиімді тәсілі өңдеу жерінен қайта өңдеу және тұтыну жеріне дейін сорғы станциялармен құбырлар бойынша тарту. 1 км мұнай құбырын құру құны, сондай-ақ өткізгіштік қабілетті 1 км теміржол желісін құру құнынан, қозғалмалы құрамға шығатын шығындарды есептемегенде, 2 есе төмен. Мұнай өнімдерін құбырлар бойынша тасымалдаудың өзіндік құны, теміржолмен тасымалдауға қарағанда 2-3 есе төмен.
Мұнай жүктері олардың құйылу, тасымалдану және сақталу сипатын анықтайтын ерекше қасиеттерге ие болады.
Мұндай қасиеттерге жататындар: тығыздық, тұтқырлық, тек теріс қана емес, оң температураларда да қату қабілеті; тез тұтануы, булануы; жарылыс қауіптілігі; электрленуі (статикалық электрдің қауіпті зарядтарының жинақталуы); улылығы. Цистерналардың жүк көтергіштігі тығыздыққа байланысты болады. Ең жоғарғы тығыздыққа мазут (935 кг/м2) және автотракторлық май (930 кг/м3) ие болады.
Тұтқырлық деп сүйықтық бөлшектерінің оларға әсер ететін күштердің әсерінен орын ауыстыруына қарсылық көрсету қасиеті аталады. Ең жоғарғы тұтқырлық көпшілік күнгірт мұнай өнімдеріне тән.
Қату температурасы – бұл мұнай өнімі қозғалғыштығын жоғалтып (қоюланып), ыдысты еңкейткенде өз бетін өзгертпейтін температура.
Құймалы жүктердің тығыздығы, тұтқырлығы, төмен температураларда қату қабілеті құю және ағызу процестеріне әсер етеді. Кейбір сұйық жүктер 200С жоғары температурада да қатады (мысалы, гудрон + 450С, мұнай шайыры + 400С, мұнай битумдры + 280С). Қалыпты жағдайда ағызу үшін оларды алдын ала қыздыру немесе арнайыландырылған цистерналарда немесе үсті ашық вагон-шанаптарда тасымалдау қажет.
Мұнай жүктерінің булануы оларда ұшпа заттардың маңызды мөлшерінің орын алуымен түсіндіріледі: булану қарқыны жүк және ауа температурасына, булану бетіне, атмосфералық қысымға және жыл мезгіліне байланысты болады.
Тұтану температурасы – бұл мұнай өнімдерінің булары қоршаған ауамен, оған ашық жалын жақындатқанда тұтануға қабілетті қоспа құрайтын ең төменгі температура. Тұтану температурасы бойынша барлық мұнай жүктері төрт класқа бөлінеді. Бірінші – тұтану температурасы + 280С төмен (бензин, лигроин, шикі мұнай); екінші – 28-ден 450С дейін (керосин, дизель отынының кейбір сорттары және т.б.); үшінші – 45-тен 1200С дейін (дизель отынының кейбір сорттары, мотор майы, флот мазуты және т.с.с.); төртінші - 1200С жоғары (мазут, май және т.б.).
Булардың тұтану температурасы +600С дейін мұнай өнімдері тез тұтанғыш немесе ұшпалы деп, ал +600С жоғары – жанармайлы немесе ұшпалы емес деп аталады. Авиациялық және автомобильдік бензиндердің теріс тұтану температурасына ие болады (-34 және ~ 360С).
Құю кезінде мұнай өнімінің температурасы тұтану температурасынан 50С кем емес төмен болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет