Жұмыс бағдарламасы 6М050100 «Әлеуметтану»



бет1/2
Дата23.08.2017
өлшемі0,52 Mb.
#25630
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2

Жұмыс оқу жұмыс бағдарламасының

титулды парағы








Ф СО ПМУ 7.18. 3/30

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы
«Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы» пәнінен
6М050100 «Әлеуметтану» мамандығының магистранттарына арналған
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар



Мамандықтың элективті пәндер каталогы негізінде жасалған оқу жұмыс бағдарламасының бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС 7.18.3/34



Бекітемін:

ОЖ бойынша проректоры

___________Н.Э. Пфейфер

20__ж. «___» _________

Құрастырушылар: _______ аға оқытушы Артықбаева Г.Т.

Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы

«Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы» пәні бойынша

6М050100 «Әлеуметтану» мамандығының магистранттарына арналған


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламасы 6М050100 «Әлеуметтану» мамандығының жұмыс оқу жоспары мен _________________________ бекітілген элективті пәндер каталогы негізінде әзірленген


Кафедра отырысында ұсынылды 20__ ж. «___»_______ №__ Хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Ғ.Н. Иренов 20__ ж. «___»_______


Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ ж. «___»_______ №__ Хаттама


ОӘК төрағасы ______________Қ.Қ. Батталов 20__ж. «___» _________
КЕЛІСІЛДІ

Тарих және құқық

факультетінің деканы ___________ А.А. Ақышев 20__ж. «___» _________
МАҚҰЛДАНДЫ

ОҮЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А.Варакута 20__ж. «___»_________


Университтетің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ ж. «___»_______ №__ Хаттама



1 Пәннің мақсаты - магистранттарға девиантты мінез-құлық әлеуметтануы жөнінде толық мағлұмат беру және оның қоғамды танып-білудегі орнын қарастыру. Девиантты мінез-құлық проблемасы қазіргі заманда дүниежүзілік қауымдыстық үшін өте өткір болып табылады. Еуропа және Америка елдерінің статистикасы біртіндеп девиантты мінез-құлық, деструктивті жүріс-тұрыстан бастап ауыр қылмысқа дейінгі түрлерінің өсіп отырғанын көрсетуде. Девиантты мінез-құлықтың динамикасы мен тенденциясы бұл проблеманы біздің елімізде де өзектендіре түседі. Оның үстіне статистика қылмыстың жасарып бара жатқанын көрсетуде. Жасөспірімдер арасындағы топтық ұйымдасқан сипаттағы қылмыстар өсуде. Өкінішке орай қазіргі Қазақстан көптеген девианттық факторлар жиынтығын туғызып отыр. Осыған байланысты девиантты мінез-құлықтың тенденциясы мен осы заманғы сипатын ғылыми тұрғыда саналау ерекше маңызды болып отыр.

Пәннің міндеттері:

- аталған ғылымның пәндік-түсініктік аппаратын, мамандықтың теориялық-методологиялық және практикалық мәселелерін оқыту;

- әлеуметтік ауытқу процесін талдау үшін маңызды белгі ретінде қарастырылатын негізгі түсініктер мен ұғымдармен таныстыру;

- ауытқымалы мінез-қүлық талдайтын және зерттейтін негізгі методикалық тәсілдерін игеру;



- ауытқымалы мінез-құлықтың негізгі түрлерін талдаудың негізгі әдістері мен принциптерін оқыту;

- магистранттың өзіндік талдау жасай білуін, негативті әлеуметтік қүбылыс саласындағы бағалау және болжау тенденциясын қалыптастыру.

Пәнді оқу барысында магистранттар:

білуі керек:

девиантты мінез-құлықтың объектісін, пәнін, міндеттерін, негізгі теорияларын, әлеуметтік нормалардың сипаттама құрылымын, жүзеге асырылу механизмдерін, жеке және жаппай ауытқу мінез-құлқын, әлеуметтік бақылаудың мәнін, қызметтерін және құрылымын, оның қазіргі әлемдегі тенденцияларын, кері ауытқу мінез-құлқының негізгі түрлерін оқытудың сипаттамаларын.



жасай алуы керек:

кері және жағымды ауытқулардың механизмдері мен ерекшеліктерін ажырата білуі, ауытқу мінез-құлқының «девиантты мінез-құлық», «девиация», «әлеуметтік ауытқу», «әлеуметтік патология», «әлеуметтік мінез-құлық», «әлеуметтік дезорганизация», «делинквентті мінез-құлық», т.б. сияқты категорияларын анықтай алуы керек.



тәжірибелік дағдыларға ие болуы керек:

әлеуметтік ауытқуларды зерттеуде, қоғамның қазіргі жағдайын әлеуметтік ауытқуларды зерттеу арқылы талдауде алғашқы ақпаратты жинау әдістерін қолдана білуі және статистикалық материалдармен жұмыс істей алуы керек.



2 Алдыңғы реквизиттер:

Осы пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқып-үйрену нәтижесінде қалыптасқан білімдер мен дағдылар керек: «Психология», «Педагогика», «Әлеуметтанудағы теория мен деректердің арақатынасы», «Қоғамның әлеуметтік құрылымы», «Әлеуметтанулық ойдың даму тарихы», «Әлеуметтанулық зерттеулердегі үлгілеу және болжау».



3 кейіңгі реквизиттер

Осы пәнді оқып-үйрену нәтижесінде қалыптасқан білімдер мен дағдылар келесі пәндерді меңгеру үшін керек: «Индустриалды-инновациялық стратегияның әлеуметтанулық негіздері», «Отбасы әлеуметтануы».



4 Пән мазмұны
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары

№№

Пәннің тақырыптық атаулары

Сабақ түрлері бойынша контактілік сағаттар саны

Дәр

Тәж

Лаб

Студ

Инд

МӨЖ

1

Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының пәні

2

1

-

-

-

12

2

Қазіргі заман әлеуметтануындағы девиантты мінез-құлықтың негізгі теориялары

4

2

-

-

-

12

3

Әлеуметтік норма девиантты мінез-құлықты анықтауда бастапқы пункт ретінде

2

1

-

-

-

12

4

Ауытқу мінез-құлқының бірегейлік механизмі

2

1

-

-

-

11

5

Девиантты мінез-құлық механизмі бұқаралық әлеуметтік құбылыс ретінде

2

1

-

-

-

11

6

Әлеуметтік бақылаудың мәні, функциялары және құрылымы

2

1

-

-

-

11

7

Қазіргі заманғы әлеуметтік бақылаудың негізгі тенденциялары

2

1

-

-

-

11

8

Нашақорлық әлеуметтік мәселе ретінде

4

2

-

-

-

11

9

Ішімдікке салыну әлеуметтік патология түрі ретінде

4

2

-

-

-

11

10

Қылмыс әлеуметтанулық зерттеудің объектісі ретінде

2

1

-

-

-

11

11

Өз-өзіне қол жұмсау әлеуметтанулық феномен ретінде

2

1

-

-

-

11

12

Сексуалдық девиациялар: әлеуметтанулық талдау

2

1

-

-

-

11




Барлығы

30

15

-

-

-

135


4.2 Пән тақырыптарының мазмұны

1 Тақырып. Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының пәні

Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының пәні, объектісі және міндеттері. Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы функционалды жеке әлеуметтанулық теория ретінде. Ауытқу мінез-құлықтың теориялық-методологиялық және эмпирикалық зерттелу деңгейлері. Қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі девиантты мінез-құлық әлеуметтануының міндеттері. Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының түсініктемелік аппараты. «Девиантты мінез-құлық» категориясының мазмұны. «Девиация», «әлеуметтік ауытқу», «әлеуметтік патология», «асоциалды мінез-құлық», «әлеуметтік дезорганизация», «деликвенттік мінез-құлық» түсініктерінің байланыстары. Позитивті және негативті девиация. Әлеуметтік ауытқуды зерттейтін аралас ғылымдар жүйесіндегі девиантты мінез-құлық әлеуметтануының орны.

2 Тақырып. Қазіргі заман әлеуметтануындағы девиантты мінез-құлықтың негізгі теориялары

Девиантты мінез-құлықты зерттеудің теориялық-методологиялық тәсілдері: әлеуметтік-құрылымдық бағыт, мәдени тәсіл, тұлғалық моделі. Марксистік әлеуметтік ауытқу теорияларының негізгі ерекшеліктері. Э.Дюркгейм адамгершілік нормаларының мазмұнына әсер етуші, оның бастаулары мен даму бағыттарының факторлары туралы. Э.Дюркгеймнің «Самоубийство» монографиясындағы аномия немесе қоғамның дезорганизациялық жағдайын талдауы, девиантты мінез-құлықты мәдени негізде зерттеу тәсілі. Т.Селлиннің мәдени жанжал теориясы және Р.Мертонның социомәдени аномия теориясы. Девиантты мінез-құлықты зерттеуге тұлғалық көзқарас. Ч.Ломброзоның антропологиялық моделі. Э.Сатерлендтің әлеуметтік-психологиялық моделі - дифференциацияланған байланыстар теориясы, Э.Фроммның мәдени моделінің әлеуметтік сипаты және адамның деструктивтік теориясы.

ТМД елдеріндегі девиантты мінез-құлық әлеуметтануының дамуы. Ауытқыған мінез-құлықты кеңестік және посткеңестік әлеуметтанулық зерттеу ерекшеліктері әлеуметтік-құрылымдық көзқарасты қабылдау ретінде. Қоғамдағы әлеуметтік ауытқу мен нормаға отандық әлеуметтанушылардың көзқарастары сипаттамасы.

Ауытқу мінез-құлқның классификациясы. Ауытқу мінез-құлық типологиясы мен классификациясының негізгі критерийлері. Мінез-құлықтың объектісі, субъектісі бойынша ауытқу мінез-құлқының классификациясы. Алғашқы және екінші кезектегі девиация. Ауытқу мінез-құлқының патологиялық және патологиялық емес формалары. Заңға қарсы, асоциалды және деструктивті (құрылымсыз) мінез-құлықтың негізі формалары. Іс-әрекет, қызмет және өмір бейнесі девиантты мінез-құлық көрінісінің деңгейлері ретінде.

Әлеуметтік патология, оның негізгі формалары: қылмыскерлік, өзін-өзі өлтіру, жезөкшелік, алкоголизм, нашақорлық. Әртүрлі ауытқу мінез-құлықтар формаларының әлеуметтік нәтижесі.

3 Тақырып. Әлеуметтік норма девиантты мінез-құлықты анықтауда бастапқы пункт ретінде

Әлеуметтік норма қоғамдық өлшем ретінде: сапалық және сандық аспектілері. Әлеуметтік нормалардың құрылымы. Рұқсат ету, ережелер, тыйым салу адамдар мінез-құлқын реттеудің негізгі әдістері ретінде. Әлеуметтік нормалардың негізгі сипаттамалары. Әлеуметтік нормалардың пайдалылығы (қоғамдық қажеттілігі), міндеттілігі және шын мәнінде іске асыру.



Нормалардың қоғамдық санадағы көрінісі. Әлеуметтік нормалар қоғамдық қарым-қатынасты ұйымдастырудың ерекше әдісі және түрі ретінде. Норманы жасап шығару адамдық іс-әрекеттің ерекше түрі ретінді. Әлеуметтік нормалардың классификациясы. Нормативті жүйелердің әрекеттесу спецификасы. Құқық және мораль адамдар мінез-құлқының реттеушісі ретінде. Қазіргі Қазақстандағы құқықтың және адамгершіліктің нормалары.

Әлеуметтік нормалар деформациясы әлеуметтік ауытқу процесінің бір компоненті ретінде. Нормалар мен ауытқудың диалектикалық байланыстары.

4 Тақырып. Ауытқу мінез-құлқының бірегейлік механизмі

Ауытқу мінез-құлқының бірегейлік (жеке) деңгейі. Әлеуметтік қажеттілік тұлға мінез-құлқындағы әлеуметтік-психологиялық детерминанта ретінде. Қажеттіліктер классификациясы. Әлеуметтік позитивті, әлеуметтік бейтарап және асоциалды қажеттіліктер.

Нақты өмірлік мәселе тудырған жағдайы девиация факторы ретінде. Мәселе туғызып отырған жағдайдың объективті мағынасы және оны тұлғаның субъективті тұрғыда қабылдауы. Жанжал өмірдің күрделі жағдайларының мазмұндық қыры ретінде. Макрожанжалдың адамдардың күнделікті мінез-құлық деңгейімен байланысы. Тұлғаның биоәлеуметтік ерекшеліктері және девиация.



5 Тақырып. Девиантты мінез-құлық механизмі бұқаралық әлеуметтік құбылыс ретінде

Бұқаралық әлеуметтік құбылыс деңгейіндегі девиантты мінез-құлық. Ауытқу мінез-құлық әлеуметтанудың пәндік саласы ретінде. Ауытқу мінез-құлықтың себептік комплексі: шынайы әлеуметтік процестер объективті әлеуметтік қарама-қайшылықтар әлеуметтік институттар дисфункциясы құндылықтар деформациясы ауытқу мінез-құлқы.



Әлеуметтік дезорганизация ұғымы. Әлеуметтік қауымдастық дезорганизациясы және тұлға. Аномия концепциясы, оның батыстық әлеуметтік ойдағы дамуы. Қазіргі Қазақстандағы аномия және ауытқу мінез-құлқы.

6 Тақырып. Әлеуметтік бақылаудың мәні, функциялары және құрылымы

Әлеуметтік бақылау түсінігі. Әлеуметтік бақылау функциялары. Кешірім жасау және жазалау әлеуметтік нормалардың әдістері ретінде. Парсонс бойынша әлеуметтік бақылау әдістері: оқшаулану, реабилитация, әлеуметтік бақылау формалары (сыртқы және ішкі, ресми және бейресми, т.б.).

Әлеуметтік бақылау институттары. Әлеуметтік бақылау элементтері. Әлеуметтік бақылау механизмдері. Әлеуметтік шектеулер. Индивидтің өзіндік санасы және әлеуметтік бақылау.

7 Тақырып. Қазіргі заманғы әлеуметтік бақылаудың негізгі тенденциялары

Қазіргі замандағы әлеуметтік бақылаудың негізгі тенденцияларының өзекті мәселелері. Әлеуметтік бақылау саясатына деген ақпараттық тәсіл. Санкция (жаза) қолдану арқылы девиантты мінез-құлықпен "күрес". Қазіргі заманда "жазалау кризисі" түсінігі жөнінде әлеуметтанушылардың түсінігі. Ауытқу мінез-құлқының алдын алудың саясатын жүргізудегі медико-биологиялық тәсіл. Девиацияны ескертудегі әлеуметтік профилактикалық тәсіл. Превенцияның негізгі деңгейлері: жалпы әлеуметтік, арнайы және жеке.



8 Тақырып. Нашақорлық әлеуметтік мәселе ретінде

«Нашақорлық» - «наркотизация» түсініктерінің байланыстары. Нашақорлықты зерттеудің негізгі әлеуметтанулық тәсілдері. Мәселенің психологиялық, әлеуметтанулық дәрежелері. Нашақорлықты зерттеудегі жүйелелік тәсіл. Нашақорлық себептеріне мәдени түсініктеме. Нашақорлық әлеуметтік мәселе ретінде. Есірткіге бейімдеудің объективті, субъективті факторлары және мотивтері. Тұлғаның есірткіге тәуелденуінің факторлары. Нашақорлықтың әлеуметтік нәтижелері. Нашақорлықтың алдын алудың басты мәселелері. Нашақорлық жастар мәселесі ретінде. Нашақорлық халықаралық мәселе ретінде. Есірткіні зандастыру: қарсы және келісу. Батыс елдеріндегі нашақорлықпен күресудің жаңа әдістері.

Қазіргі кездегі Қазақстандағы нашақорлықтың негізгі тенденциялары. Қазақстан Республикасында нашақорлықтың алдын-алудың негізгі бағыттары. Әлеуметтік ақтау әлеуметтік бақылау әдісі ретінде. Нашақорлық процесіне бақылаудағы формалды емес ұйымдар мен нашақорларға әлеуметтік көмек көрсететін қызметкерлердің маңызы.



9 Тақырып. Ішімдікке салыну әлеуметтік патология түрі ретінде

Алкоголь және оның табиғаты. Ішімдікке берілудің әлеуметтік нәтижесі. Алкогольдік жағдайдың және оның динамикасының әлеуметтанулық көрсеткіштері және критерилері. Спиртті ішімдіктерді тұтынудың нәтижесінде болатын көпшіліктің мінез-құлқындағы өзгерістер. Әйелдер мен жастар арасындағы алкоголизм мәселесі.

Ішімдікке салынудың алдын-алудың басты мәселелері және Қазақстан Республикасындағы маскүнемдік. Қазақстан Республикасындағы алкоголизмнің ерекшеліктері. Әлеуметтік өзгеріс кезіндегі алкоголизмнің ерекшеліктері. Әлеуметтік өзгеріс кезіндегі алкоголизмнің себептері мен факторлары. Ішімдікке салыну мен маскүнемдіктің алдын-алудың негізгі бағыттары. Әлеуметтанулық зерттеудің мемлекетте антиалкогольдік саясатты қалыптастырудағы маңызы.



10 Тақырып. Қылмыс әлеуметтанулық зерттеудің объектісі ретінде

Қылмыс әлеуметтануына концептуалды көзқарас. Қылмысты әлеуметтанулық талдаудың спецификасы. Қылмыс жасаушы, қылмыстық мінез-құлық, қылмыстық орта. Қылмыстың әлеуметтік табиғаты. Қылмыстық субмәдениет. Қылмыстық істің сандық және сапалық көрсеткіші. Қылмыстың адамгершіліктік, әлеуметтанулық және заңдық тұрғыдағы мәселелері. Кәмелетке толмаған жастардың қылмыстық мінез-құлықтары және оның ерекшеліктері.



Қылмыстық мінез-құлықты зерттеудің әлеуметтанулық әдістері: кемшіліктері мен жетістіктері. Нақты әлеуметтанулық зерттеулердің қылмыстық әлемдегі саясатты қалыптастырудағы ролі. Қазіргі кездегі Қазақстандағы қылмыстық іс: тенденциясы, жағдайы және даму жағдайлары.

11 Тақырып. Өз-өзіне қол жұмсау әлеуметтанулық феномен ретінде

Өзі-өзіне қол жұмсау философиялық, адамгершіліктік мәселе ретінде. Суицидтік мінез-құлықты зерттеудегі әлеуметтанулық тәсіл ерекшелігі. Э.Дюркгейм мен М.Н.Гернеттің еңбектерінде өзіне-өзі қол жұмсауға әлеуметтанулық талдау.

Қазіргі кездегі өзін-өзі өлтірудің жыныстық өсу динамикасы. Өмірден өз еркімен кету мотивтерін әлеуметтанулық зерттеу. Өз-өзіне қол жұмсауды зерттеудегі негізгі концепциялар мен көзқарастар. Әлеуметтік-психологиялық дезадаптация, өмірлік-жанжалдық жағдай суицидтік акттың өзара әрекет факторларының нәтижесі ретінде.

Суицидтік мінез-құлықтың алдын алудың жалпы әлеуметтік және спецификалық шаралары.

12 Тақырып. Сексуалдық девиациялар: әлеуметтанулық талдау

«Сексуалды мінез-құлық» феномені: биологиялық, мәдениеттік, әлеуметтік аспектілері. Мәдени шеңбердегі секс. Сексуалды төңкеріс әлеуметтанулық талдаудың объектісі ретінде. Девианттық мінез-құлық сексуалдық қатынастар саласында. Сексуалды азшылық: норма ма әлде ауытқу ма?



Жезөкшелік әлеуметтік құбылыс ретінде. Жезөкшелік тарихи және әлеуметтік аспектіде. Г.Зиммель жезөкшеліктің ақшалай мәні туралы. Жезөкшелікке байланысты қазіргі «әлеуметтік мифтер» туралы. Жезөкшелік жыныстық мораль либерализациясы контексінде. Жезөкшелікті әлеуметтік бақылау модельдері: прогибиционизм, регламентация және аболиционизм.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет