Жұмыс бағдарламасы пму ұс н 18. 3/30 Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі



бет3/4
Дата01.06.2017
өлшемі0,79 Mb.
#17424
1   2   3   4
Бейорганикалық химия пәнінен



ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Оқу жұмыс бағдарламасы 5В072000- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша ҚР МЖМБС 5.04.019 - 2011 Мемлекеттік жалпы міндетті стандарты және типтік оқу жоспары 2012 ж. №138 бұйрық «___ » _____негізінде құрастырылған


Кафедра мәжілісінде ұсынылған 2012 ж «____»_____

Хаттама №___

Кафедра менгерушісі Жапаргазинова К.Х. 2012 ж «____»_____
ХТжЖ факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

2012 ж. «___ » _________ №__ хаттама

OӘК төрағасы Р.Ж.Нургожин 2012ж. «__» __
КЕЛІСІЛДІ:

Факультет деканы К._К. Ахметов 2012 ж. «__ _» __

құпталған

ОӘБ бастығы _____________ Варакута А.А. 2012 ж «___»__________


Университетің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

2012 ж «____»_______,№___хаттама



1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

1.1 Пәнді оқыту мақсаты - бейорганикалық химияның теориялық және тәжірибелік негіздерін меңгеру, химиялық қосылыстардың бір-біріне айналу механизмі туралы білімдерін тереңдету және оларды жүйелі қалыптастыру, қазіргі заманғы бейорганикалық заттардың қасиеттерін білу және технологияларда химиялық процестерді қолдану.

1.2 Пәнді оқыту міндеттері – термохимия, ерітінділер, зат құрылысы теориясының негіздерін түсіну және электрохимиялық процестер, коррозия химиялық реакциялардың жұру жөнінде ерекшеліктерімен танысу, онымен қатар заттар қасиеттеріне болжам жасау негіздерін, элементтер химиясын тереңірек оқып, игеру
Студент білу қажет:

- химиялық қосылыстардың бір-біріне айналуын және осы процестің тереңдігіне әсер ететін

- маңызды қосылыстардың типтерінің химиялық технологисында қолдануын;
уйрену қажет:


  • әр түрлі есептерді шығара білу;

  • атом құрылысы негізінде заттардың, элементтердің қасиеттеріне болжам жасау;

  • лабораториялық экспериментті жоспарлап, жүргізіп, қорытынды шығара білу;

  • алынған мәліметтерді өндеп және олардың нәтижелері бойынша химиялық процестердің заңдылыктарын қорытындылау


2 Пререквизиттер:
- Химия (мектеп курсы)
3 Постреквизиттер:
- аналитикалық химия

- бейорганикалық қышқылдар, негіздер, тұздардың химиялық технологиясы




Пәннің

тақырыптық жоспары







Нысан

ПМУҰСН 7.18.3/30




4 Пәннің мазмұны

4.1 Пәннің тақырып жоспары




Пәннің тақырып жоспары



Тақырыптар аталуы

Сабақтар түрі бойынша контактті сағаттар саны

Дәр.

Тәж.

Лаб.

СОЖ

1

2

3




4

5

1

Химияның негізгі түсініктері

5

2

2

10

2

Зат құрылысының негізі

10

2

4

20

3

Заттардың әрекеттесуі

5

2

6

20

4

Ерітінділер

5

2

4

20

5

Элементтер химиясы

-

-

-

-

5.1

S-элементтер

2

2

2

10

5.2

р - элементтер

6

2

6

30

5.3

d- элементтер

7

2

4

40

5.4

Комплексті қосылыстар

4

1

2

20

5.5

f- элементтер

1

-

-

10




Курс бойынша барлығы

45

15

30

180




Барлығы (6 кредит)

270



4.2 Пән тақырыптарының мазмұны
Тақырып 1. Химияның негізгі түсініктері

1.1. Физикалық бірліктердің халықаралық жүйесі және оның бейорганикалық химияда қолданылуы.

CU жүйесінің негізгі бірліктері: масса, көлем және заттың тығыздығы қысым, энергетикалық шамалар.

1.2 Атом молекулалық ілім. Атомдық массаның қазіргі жүйесі изотоптар және изобарлар. Атомдық масса және изотоптың массалық саны. Элементтің изотоптық құрамы. Жай және күрделі заттар. Молекулалық масса. Жеке заттар және олардың қоспалары. Таза заттардың химиялық классификациясы.

1.3. Химиялық реакциялардың стехиометриясы. Стехиометрия теңдеулері. Моль-зат мөлшерінің өлшемі. Эквивалент, эквиваленттің молярлы массасы туралы түсінік эквиваленттік фактор. Эквиваленттер заңы.

1.4 Бейорганикалық заттардың қазіргі номенклатурасы. Химиялық элементтер. Жай заттар, иондар. Қосылыстардың әртүрлі кластары қышқылдар және олардың тұздары, оксидтер комплексті қосылыстар.


Тақырып 2. Зат құрылысының негізі

2.1. Атом құрылысы. Кванттық механика туралы түсінік. Атомдағы электрондардың кванттық энергиясы. Электронның екі жақтылық қасиеті. Шредингер теңдеуі. Толқындық функция. Электрондық тығыздық. Квант сандары олардың физикалық мәні. Элементтер спині s-, p-, d-, f- атомдық орбитальдары. Көп электронды атомдар. Паули принципі. Электрон қабатындағы электрондардың максимал саны. Хунд ережесі. Көп электронды атомдағы электрондардың энергетикалық деңгейдегі және деңгейшедегі орналасу реті. Атомдардың магнитті және энергетикалық сипаттамасы.

2.2. Д.И.Менделеевтің периодтық системасы. Периодтық заңның қазіргі анықтамасы. Периодтық системаның структурасы: периодтар, топтар, топшалар. Клечовский ережесі. Негізгі және қосымша топшалардағы лантаноид және актиноидтардың электрондық құрылысының ерекшеліктері s-, p-, d-, f- элементтер. Элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруі (вертикальды, горизонталды және диоганалды периодтылық).

2.3 Коваленттік байланыс.

Валенттік байланыс әдісі. Коваленттік байланыстың қасиеті: бағытталуы және қанығуы. Коваленттік байланыстың түзілу механизмі (алмасу, донорлы-акцепторлық). Коваленттік байланыстың характеристикасы: ұзындығы, мықтылығы, байланыс бұрыштары. Күрделі молекуладағы орташа байланыс энергиясын есептеу туралы түсінік. Молекуладағы атомдардың эффективті заряды. Диполь моменті.

Екі атомды молекуладағы потенциалды энергияның қисығы. Валентті байланыс әдісінің негізгі ережелері. Элементтің валенттілігі. Толқынды функциялардың беттесуі. Мысалы: sp-, sp2 sp-3 гибридбелу. d орбитальдардың қатысуымен болатын гибридтелу. δ- және π- байланыстардың түзілуі. Делокализацияланған π - байланыс.

Молекулалық орбитальдар әдісі. Молекулалық орбитальдар әдісінің негізгі ережелері. М.О. энергетикалық диаграммасы. Байланыстырушы, байланыстырушы емес және босаң орбитальдар. Екі атомды молекуладағы МО толтыру реті, МО әдісі бойынша екі атомды молекуладағы байланыс ұзындығы және энергиясының өзгеру заңдылығын түсіндіру. Электронның спинінің заттың магнитті қасиетіне әсері. МО әдісі бойынша молекуланың және ионның магнитті қасиетін түсіндіру.

2.4. Иондық байланыс. Иондық байланыстың қанықпауы және бағытталмауы. Иондардың электростатикалық әсерлеуі. Иондардың поляризациясының электрондық структураға, зарядқа және ионның радиусына байланыстылығы. Иондардың поляризациясының заттардың қасиетіне балқу температурасына тұрақтылыққа байланыстылығы.

2.5. Молекулааралық әсерлесу.

Молекулааралық күштердің табиғаты. Молекулааралық әсерлесудің энергиясы. Сутектік байланыс. Молекулааралық және молекулаішіндік, симметриялық және ассиметриялық сутектік байланыс. Байланыс энергиясы және ұзындығы.

2.6. Конденсациялық жағдайдағы заттың құрылысы. Қатты, сұйық, газ тәріздес, плазмалық күйде олардың ерекшеліктері. Кристалдық күй. Изоморфизм, полиморфизм. Кристалдық тордың түрлері (атомдық, молекулалық, иондық, металдық). Әртүрлі кристалдық тордағы бөлшектердің арасындағы байланыстың табиғаты. Сұйық және аморфты күй, олардың ерекшеліктері.

Тақырып 3.Заттардың әрекеттесуі

3.1. Химиялық термодинамика элементтері.

Ішкі энергия және энтальпия. Экзо- және эндотермиялық реакциялар. Термохимиялық теңдеулер. Стандарты жағдай туралы түсінік. Заттардың стандартты түзілу энтальпиясы. Гесс заңы және оның салдары. Химиялық реакциялардың энтальпиясын молекуладағы байланыс энергиясын атомдану энтальпиясының жану энтальпиясын, еру энтальпиясын және т.б., Энтропия. Абсолютті энтропия және зат құрылысы. Әртүрлі процестегі энтропияның өзгерісі.

3.2. Химиялық тепе-теңдік. Шын және шамалас тепе-теңдік, олардың белгілері. Химиялық тепе-теңдік қатынасы, Гиббс энергиясы, оның энтропиямен байланысы. Гиббс энергиясының тепе-теңдік константасымен байланыстылығы. Гомогенді және гетерогенді жүйедегі тепе-теңдік. G және G0 арасындағы байланыс. Өздігінен жүретін процестердің критериі. Ле-Шателье принципі.

3.3. Химиялық реакция жылдамдығы. Химиялық кинетика туралы түсінік. Бір сатылы және көп сатылы реакциялар. Реакциялардың классификациясы. Тізбекті және параллельді реакциялар. Әсер етуші массалар заңы, реакция жылдамдығының констансары. Реакцияның молекулалығы. Реакция жылдамдығының температураға байланыстылығы. Тізбекті реакция туралы түсінік.

Гомогенді және гетерогенді катализ туралы түсінік өндірістегі каталитикалық процестер.

3.4. Тотығу-тотықсыздану процестері. Тотығу дәрежесі. Тотықтырғыштар және тотсықсыздандырғыштар. Тотығу-тотықсыздану реакциясының классификациясы. Тотығу-тотықсыздану реакциясының теңдеуін құрастыру. Тотығу-тотықсыздану процесінің жүру бағытына температурасының реагенттердің концентрациясының, олардың табиғатының, ортаның және басқа жағдайлардың әсері. Тотығу-тотықсыздану эквиваленті.
Тақырып 4. Ерітінділер

4.1. Ерітінділердің түзілуі.. Ерітінділердің конценрациясын анықтау тәсілдері: массалық және көлемдік. Массалық процент. Моляльдық. Мольдық үлес. Молярлы және эквивалентті концентрация. Титр. Ерігіштік. Ерігіштікке әртүрлі факторлардың әсері. Сұйытылған бейэлектролит ерітінділерінің қасиеті. Ерітіндінің үстіндегі будың қысымы – Раульдің бірінші заңы. Ерітінделердің қайнау және қату температуралары – Раульдің екінші заңы. Осмос қысымы – Вант-Гофф принципі. Еріген заттардың молекулалық массасын анықтау әдістері.

4.2. Электролит ерітінділері. Электролит түрлері. Аррениустың электролиттік диссоциация теориясы. Ион және молекулалардың сольватанциясы. Ерітіндідігі әлсіз электролиттік диссоциациялану дәрежесін электр өткізгіштігі бойынша анықтау. Оствальдтың сұйылту заңы. Әлсіз электролиттердің сатылай диссоциациясы. Ерігіштік көбейтіндісі: тұнбаға түсу және су еритін электролитті еріту. Тұздар гидролизі. Гидролизді күшейту және баяулату. Сатылай гидролиз. Толық гидролиз.

4.3. Электрохимиялық процестер. Металдардың электрохимиялық кернеулік қатары. Стандарты электродты потенциалдар. Нернст теңдеуі. Тотығу-тотықсыздану потенциалының реагенттердің концентрациясына байланыстылығы. Гальвани элементтердің жұмыс істеу принциптері. Электролиз. Анодты және катодты процестер. Еримейтін және еритин анодтармен жүретін электролиз. Фарадей заңдары. Ток бойынша шығым. Электролизді қолдану мысалдары. Металдар коррозиясы. Химиялық және электрохимиялық коррозияның механизмдері. Металдарды коррозиядан қорғау әдістері.


Тақырып 5. Элементтер химиясы
5.1 S-элементтердің қасиеттері. Сутегі: алынуы, қасиеттері, қолданылуы. Сілтілік металдар: жалпы сипаттамасы, ерекше қасиеттері. Сілтілік металдар қосылыстарының сипаттамасы. Қолданылыу. Жер-сілтілік металдар: жалпы сипаттамасы, қасиеттері. Жер-сілтілік металдар тұздарының гидролизі, олардың ерігіштігі, қолданылуы.

5.2 Р-элементтер. III топтың жалпы сипаттамасы, активтікті салыстыру. Бор. Бор қосылыстарының химиясы. Қолданылуы Алюминий. Жалпы сипаттамасы, қасиеттері, қолданылуы. Галлий, индий, таллий. Қасиеттері, қолданылуы. IV топтың жалпы сипаттамасы, қасиеттері, қолданылуы. Көміртегі. Аллотропия құбылысы. Табиғатта таратылуы. Жасанды алмаздарды алу. Көміртегінің анорганикалық қосылыстарының химиясы. Қолданылуы. Кремний. Кремнийдің ерекше қасиеттері. Шыны және шыны материалдар. Кремний қосылыстарының қолданылуы. V топтың жалпы сипаттамасы. Азот. Таралуы, молекула қүрылысы. Аммиак, гидразин және гидроксиламинның құрылысы мен қасиеттері. Азоттың оксидтері, азотты және азот қышқылдарының құрылысы мен қасиеттері. Фосфор: аллотропия, жалпы сипаттамасы. Фосфордың қасиеттері мен қосылыстары. Фосфор қышқылдары. Минералды тынайтқыш-

Күкірт, селен, теллур. Аллотропия, молекулалар құрылысы. Сутектік күкірт, сульфидтер,полисульфидтер. Күкірт қышқылдары; сульфаттары, өндірісте алынылуы. VII топтың элементтері. Галогендер. Фтордың химиясы. Галогенсутектер. Тотықтыргыш қасиеттері. Қолданылуы.



5.3 d-элементтер. Жалпы сипаттамасы. Құрылысының және химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері. VI-А топтың элементтері. Хром: құрылысы, қасиеттері, алынуы. Ш-валентті хромның тұздары, қасиеттері. ^І-валентті хромның қосылыстары. Тотқтыргыш және тотықсыздандыргыш қасиетттері. Заттардың токсикалығы. Молибден, вольфрам қосылыстары. VII топ. Жалпы сипаттама. Марганец қосылыстары және оның қасиеттері. Темір, кобальт, никель. Қасиеттері. Болат, чугун. Комплекстң қосылыстар. Платина металдары. I- Б топ. Мыс, күміс, алтын: құрылысы, қасиеттері. Қолданылуы. II-Б топ. Мырыш, кадмий, сынап: құрылысы, қасиеттері. Қолданылуы

5.4 Комплексті қосылыстардың химиясы. Комплексті қосылыстар туралы жалпы түсінік. Комплекс түзуші лиганда, координациялық сан. Комплексті қосылыстың ішкі және сыртқы сферасы. Комплексті қосылыстардың сипаттамасы.

Комплексті қосылыстардың изомериясы. Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыс. Кристалдық өріс теориясы туралы түсінік. Комплексті қосылыстардың электронды спектрін жұту және магнитті қасиеттерін түсіндіру. Диссоциациялану және тұрақсыздық константасы. Осы изомерияларды есептеу

5.5 f- элементтер

Актиноидтар. Тотығу дәрежелері. Элементтердің табиғатта таралуы. Лантаноидті және актиноидты сжатие. 5 және 6 периодтардағы элементтер қасиеттерінің ұқсастығы. d – элементтердің комплекстүзуге қабилеттілігі.



Дәрістік сабақтардың мазмұны

1 тақырып

Кіріспе. Химия пәні. Негізгі түсініктер мен заңдар

1.1

Химия пәні. Химияның негізгі тұсініктері: зат, элемент, молекула, атом, моль, эквивалент

1.2

Химияның негізгі заңдары: заттар массасының сақталу заңы, құрам тұрақтылық, эквиваленттер заңы, көлемдік қатынас, еселік қатынас заңы. Авогадро заңы және оның салдары, Дальтон, Гей-Люссак, Бойль-Мариотт заңдары. Газды қалыпты жағдайға келтіру. Менделеев-Клапейрон теңдеуі

2 тақырып

Атом қүрылысы

2.1

Атом қүрылысы теорияларының дамыуы. Атом ядросының құрамы. Протон, нейтрон,электрон және баска элементарлі бөлшектер. Радиоактивтік. Ядерлық реакциялары.

2.2

Атомның квант-механикалық моделі. Электрондық тығыздық. Толқындық функция. Квант сандары. Квант сандырының физикалық мәні. Электрон бүлттарының пішіндері.

2.3

Қөп электронды атомдар. Электрондық деңгейлерді толтыру тәртібі. Паули принципі. Гунд ережесі. Клечковский ережелері. (Ережелерден ескертпе). Электрондардың "құлап түсу" қүбылысы. Валенттік электрондар.




Д.И. Менделеевтің периодтық заңы және элементтер атомдарының құрылыс теориясы

2.4

Периодтық заңның ашылу тарихы. Периодтық заңның казіргі кездегі тұжырымдамасы. Периодтың жүйесінің құрылымы.

2.5

Периодтық жүйедегі элементтердің энергетикалық деңгейлер мен деңгейшелердің толтыруы. Негізгі және қосымша топтардагы атомдардың электрондық құрылысының ерекшеліктері. Лантаноид және актиноид қатарларының ерекшеліктері.

2.6

s -, р-, d-, f- элементтер. Атомдардың электрондық конфигурациясына сай химиялық элементтер қасиеттерінің өзгеруі. Атомдар және иондар радиустары. Иондану энергиясы, электртерістік.

3 тақырып

Химиялық байланыс және молекулалар құрылысы

3.1

Химиялық байланыстың негізгі типтері. Химиялық байланыс түзілуінің шарттары.

3.2

Химиялық байланыстың негізгі сипаттамалары; ұзундығы, энергиясы, валенттік бұрыштары, торсион бұрышы. Ковалентті байланыстың түзілуі механизмі; айырбастау және донорлы-акцепторлы механизмдері. Ковалентті байланыстың қасиеттері; қанығуы, полярлігі, бағытталуы. Молекуладағы атомдардың эффективті зарядтары.

3.3

Валенттік байланыс әдісі(ВБӘ).:негізгі қағидалары. Молекулада байланыс түзілген кездегі атомдық орбитальдардың қаптасуы. Толқындық функциялардың гибридизациясы. sр - , sр2 - , sр3 -гибридизация. d- орбиталдар қатысумен жүретін гибридтену процесі. α - және π - байланыстар. Гиллеспи методы.

3.4

Молекулярлық орбитальдар эдісі(МО): негізгі қағидалары. Байланыстыруші, босатуші және байланыстыруші емес молекулярлі орбитальдар. Екі атомды молекулалардағы МО орбитальдардың толтыру кезектігі. МО турғысынан молекулалар мен иондардың




магнитті қасиеттері.

3.5

Иондық байланыс, оның ерекше қасиеттері. Сутектік байланыс: молекулалар арасындағы, молекулалар ішіндегі. Заттардың физико-химиялық қасиеттеріне сутектік байланыстың ықпалы.

3.6

Молекулааралық әрекеттесу: ориентациялық, дисперсиялық, индукциялық. Изоморфизм және полиморфизм құбылыстары. Кристаллдық күй: кристаллдық торларының типтері (атомдық, молекулалалық, иондық, металдық).

4 тақырып

Химиялық процестердің негізгі заңдылықтары

4.1

Химиялық процестердің энергетикасы. Термохимиялық заңдар. Энтропия және энтальпия туралы түсініктер. Химиялық процестер кезіндегі энтальпияның өзгеруі. Гиббс энергиясы. Химиялық реакциялардың өз бетімен жұрұінің шарттары.




Химиялық кинетика

4.2

Химиялық кинетика мен тепе-теңдік. Химиялық реакциялардың жылдамдығы және оның концентрация мен температураға байланыстығы. Реакцияның жылдамдық константасы, оған әсер ететін факторлар. Активтендіру энергия. Катализ. Гомо- және гетерогенді катализ.

4.3

Химиялық тепе-теңдік. Тепе-теңдік константасы. Тепе-теңдіктің ығысуы. Ле-Шателье принципі. Химиялық тепе-тендікке температура, қысым және концентрацияның әсері.

5 тақырып

Ерітінділер

5.1

Ерітінділер. Идеалды және идеалды емес ерітінділер

5.2

Электролиттердің сулы ерітінділері. Электролиттік диссоциация, оның себебі. Күшті және әлсіз электролиттердің айырмашылығы, диссоциациялануы. Диссоциациялануы константасы. Оствальд заңы. Активтік және активтіктің коэффициенті.

5.3

Ерітінділер концентрациясын сан мәнімен өрнектеу. Қаныққан ерітінді- сол электролиттің кристалдары жүйесіндегі тепе-теңдік. Еріткіш көбейтіндісі. Аз еритін электролиттердің еру және тұнбаға тусу жағдайлары.

5.4

Су. Судың диссоциациясы, иондық көбейтіндісі. рН туралы түсінік. Оны анықтау үшін қолданылатын әдістер. Буфер ерітінділері. Буфер сыйымдылығы, оған әсер ететін факторлар.

5.5

Түздар гидролизі. Осы процестің жұру жағдайлары. Катион немесе анион бойынша гидролиз. Сатылы гидролиз. Толық жұретін гидролиз. Гидролиз дәрежесі және константасы, олардың арасындағы байланыс. Гидролизді күшейту немесе әлсіздету тәсілі. Сольволиз.

5.6

Қышқылдар мен негіздер теориясы. Сольвожүйелер теорияларының жалпы сипаттамасы, қышқылдар мен негіздердің протонді және электронды теориясы.

6 тақырып

Электрохимиялық процестер.



6.1

Тотығу-тотыксыздану реакциялар. Олардың теңдеулерін құрастыру әдістері. Электродтық потенциалдар туралы ұғым. Стандартты электродты потенциал. Нернст теңдеуі. Электр куатының химиялық көздері. Гальвани элементтердің жұмыс істеу принципі. Отын элементтер.

6.2

Электролиз, оның маңызы. Электролиттер балқымаларының




электролизі. Электролиттер сулы ерітінділерінің электролизі. Катодтағы процестер. Иондардың зарядсыздануының кезектігі. Фарадей заңдары. Металдарды рафинирлеу. Ток бойынша шығым.

7 тақырып

Комплексті қосылыстар: тұзілуі жағдайлары, химиялық байланыстардың табиғаты. Комплекстң қосылыстардың құрылысы, олардың классификациясы және номенклатурасы. Тұрақтылық және тұрақсыз константалары. Комплексті иондардың түзілуі және ыдырауы.

8 тақырып

S-элементтердің қасиеттері

8.1

Сутегі: алынуы, қасиеттері, қолданылуы

8.2

Сілтілік металдар: жалпы сипаттамасы, ерекше қасиеттері. Сілтілік металдар қосылыстарының сипаттамасы. Қолданылыу.

8.3

Жер-сілтілік металдар: жалпы сипаттамасы, қасиеттері. Жер-сілтілік металдар тұздарының гидролизі, олардың ерігіштігі, қолданылуы.

9 тақырып

Р-элементтер

9.1

III топтың жалпы сипаттамасы, активтікті салыстыру. Бор. Бор қосылыстарының химиясы. Қолданылуы

9.2

Алюминий. Жалпы сипаттамасы, қасиеттері, қолданылуы.

9.3

IV топтың жалпы сипаттамасы, қасиеттері, қолданылуы. Көміртегі. Аллотропия құбылысы. Табиғатта таратылуы. Жасанды алмаздарды алу. Көміртегінің анорганикалық қосылыстарының химиясы. Қолданылуы.

9.4

Кремний. Кремнийдің ерекше қасиеттері. Шыны және шыны материалдар. Кремний қосылыстарының қолданылуы.

9.5

Германий, қалайы, қорғасын. Жалпы сипаттамасы, қасиеттері. Ерігіштігі, гидролизге ұшырауы. Қолданылуы.

9.6

V топтың жалпы сипаттамасы. Азот. Таралуы, молекула қүрылысы. Аммиак, гидразин және гидроксиламинның құрылысы мен қасиеттері. Азоттың оксидтері, азотты және азот қышқылдарының құрылысы мен қасиеттері. Қолданылуы.

9.7

Фосфор: аллотропия, жалпы сипаттамасы. Фосфордың қасиеттері мен қосылыстары. Фосфор қышқылдары. Минералды тынайтқыш-

д ар.


9.8

Күкірт, селен, теллур. Аллотропия, молекулалар құрылысы. Сутектік күкірт, сульфидтер,полисульфидтер. Күкірт қышқылдары; сульфаттары, өндірісте алынылуы. Селенидтер мен теллуридтер.

9.9

VII топтың элементтері. Галогендер. Фтордың химиясы. Галогенсутектер. Тотықтыргыш қасиеттері. Қолданылуы.

10 тақырып

d-элементтер

10.1

Жалпы сипаттамасы. Құрылысының және химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері. VI-А топтың элементтері. Хром: құрылысы, қасиеттері, алынуы. Ш-валентті хромның тұздары, қасиеттері. ^І-валентті хромның қосылыстары. Тотқтыргыш және тотықсыздандыргыш қасиетттері. Заттардың токсикалығы. Молибден, вольфрам қосылыстары.

10.2

VII топ. Жалпы сипаттама. Марганец қосылыстары және оның қасиеттері.

10.3

Темір, кобальт, никель. Қасиеттері. Болат, чугун. Комплекстң қосылыстар. Платина металдары.

10.4

I- Б топ. Мыс, күміс, алтын: құрылысы, қасиеттері. Қолданылуы.

10.5

II-Б топ. Мырыш, кадмий, сынап: құрылысы, қасиеттері. Қолданылуы

11 тақырып

Лантаноидтер мен актиноидтар: құрылысы, қасиеттері. Қолданылуы

12 тақырып

Металдар коррозиясы.

12.1

Химиялық және электрохимиялық коррозиясы. Поляризация құбылысы. Сутекті және оттекті деполяризация құбылысының мәні.

12.2

Металдарды коррозиядан корғау тәсілдері


4.3 Лабораториялық жұмыстардың тізімі
Тақырып 1 Химияның негізгі түсініктері

жұмыс №1. Химиялық лабораториядағы қаупсіздік техника. Кіріспе сабақ Әдебиет:5, 4-5 б.;

-жұмыс №2. Мырыштың эквиваленттік массасын аныктау. Әдебиет: [12], 6-10 б.

-жұмыс №3. Көміртегі оксидінің молекулалық массасын анықтау.

Әдебиет: [5],10-13 б.

Тақырып 2 Зат құрылысының негізі

жұмыс №4 Периодтық жүйе және элементтер қасиеттерінің өзгеруі. Әдебиет: [5], 14-18 б.

Тақырып 3 Заттардың әрекеттесуі

-жұмыс №5 Бейтараптау реакцияның жылу эффектісін анықтау

Әдебиет: [5], 18-23 б.

-жұмыс №6 Химиялық реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясына мен температураға тәулділігі. Әдебиет: : [5], 23-28 б.

Тақырып 4 Ерітінділер

-жұмыс №7 Әр түрлі концентрациялы ерітінділерді дайындау. Концентрацияларын анықтау. Әдебиет: : [5], 28-32 б.

-жұмыс №8 Электролиттік диссоциация, электрөткізгіштік және оны анықтау тәсілдері. Түздар гидролизі, әсер ететін факторлар. Әдебиет: : [5], 32-35 б.

-жұмыс №9 Тотығу-тотықсыздану реакциялар. Әдебиет: : [5], 35-40 б.

-жұмыс №10 Элетролиттер сулы ерітінділерінің электролизі. Әдебиет : [5], 40-45 б.

-жұмыс №11 Металдар коррозиясы, қорғау әдістері. Әдебиет: : [5], 45-50 б.

Тақырып 5 Элементтер химиясы

-жұмыс №12 S- элементтер Сілтілік металдардың қасиеттері Жер-сілтілік металдардың қасиеттері Судың кермектілігін анықтау.-. Әдебиет: [5], 10-15б.;[7]- 25-36 б.

-жұмыс №13 р - элементтердің қасиеттері Бор, алюминий. Көміртегі, кремний қасиеттері.-2 сағат. Әдебиет: [5]- 21-28 б,[7]- 40-47 б.

-жұмыс №14 Азот, азот оксидтерінің қасиеттері Фосфор, фосфор қышқылдары.-2 сағат. Әдебиет: [5], 31-35 б., [7]-48-56 б.

-жұмыс №15 d- элементтердің Хром қосылыстарының қасиеттері. Әдебиет: [5], 41-45 б., [7]-58-63 б.

-жұмыс №16 Комплексті қосылыстар. Әдебиет: [5], 51-59 б., [7]-68-76 б.

Тәжирібеліқ сабақтардың тізімі
Тақырып 1 Химияның негізгі түсініктері

Сабақ 1. Химияның негізгі ұғымдары. Моль, атомдық масса, мольдік масса, бейорганикалық заттардың негізгі класстары. Есептер шығару

Сабақ 2 Газ заңдары. Газ тәріздес заттардың молекулалық массасын, эквивалентті молярлы массасын анықтау әдістері. Есептер шығару

Ұсынылған әдебиет [1], 5 – 21 б. [7] , 14 – 46 б.



Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет