Биоэлектрлік құбылыстар
Дайындаған: Паиз Жазира
Жоспар
- Биоэлектрлік құбылыстардың қысқаша сипаттамасы.
- Потенциалдардың түрлері.
Биоэлектрлік құбылыс
Биоэлектрлік құбылыс немесе Биопотенциал, Биоток – тірі жасушалардың барлығының биоэлектрлік белсенділігі, яғни тірі жасушалардың сыртқы жарғақшасында электр заряды бар. Бұл цитоплазмадағы және қоршаған ортадағы оң және теріс иондардың біркелкі таралмауынан іске асады.Соның нәтижесінде кез келген тірі жасуша тыныштық жағдайда сырттай-оң, ішкі жағында (цитоплазмада) теріс зарядталады. Бұл заряд тыныштық әлеуеті немесе жарғақшалық әлеует деп аталады және 60-70 милливольт (мВ) шамада болады.
Қозғыштық
Қозғыштық дегеніміз – бұл тірі жүенің тітіркендіргіш әрекеті қабылдап, оған қозу (өз жағдайын өзгерту) жасауы - тыныштық жағдайдан іс-әрекет жағдайына өтуі. Ағзамыздағы жасушалардың барлығы бірдей өз жарғақшаларындағы зарядтардың өзгеруіне еткен әсерге жауап қайтара бермейді. Жарғақшаларында заряд өзгерісі пайда болған жасушалар қозғыш жасушалар деп аталады.
Қозғыштық әсері
Жүйке, бұлшықет және безді эпителий қозғыш ұлпаларға жатады. Бұл жасушаларда қоздырғыш әсер еткен кезде жарғақша заряды өзгереді. Оның үстіңгі бетінде 90-120 мВ электр тоғы пайда болады. Ол әрекет әлеуеті деп аталады.Бұлшықеттердегі және эпителий жасушаларындағы "қозу толқыны" таралып,көршілес үлескілердегі жарғақшаларға беріледі. Жүйке жасушалары қозуды бір жасушадан екіншісіне тоғысу (синапс) арқылы бере алады.
Қазір бұл үдерістер тірі жасушалардағы мәні мүлде болымсыз электр тогын өлшей алатын аспаптардың жәрдемімен жақсы зерттелді. Мәселен, жүйке қозу толқынының таралу жылдамдығы жуйке талшықтарының туріне байланысты 2-ден 120 м/сек шамасында бола алады. Биоэлектрлік құбылыстар дәл осы электрокардиография, электроэнцефалография және т.б. әдістерге негізделген.
Биоэлектрлік потенциалдардың пайда болуы мен таралуы – тірі жасушалар мен ұлпалардағы ең маңызды физикалық құбылыс, оның негізінде жасушалардың қозғыштығы, жасушаішілік процестердің реттелуі, жүйке жүйесінің жұмысы, бұлшықеттің жиырылуының реттелуі болып табылады.
Биопотенциалдардың пайда болуы үшін иондардың асимметриялық, біркелкі таралмауына байланысты потенциалдар үлкен рөл атқарады.
Потенциалдар
Диффузиялық
Мембраналық
Фазалық
Электродтық
Диффузиялық потенциал – әр түрлі иондық қозғалғыштық нәтижесінде екі сұйық ортаның арасындағы интерфейсте пайда болады.
Мұнда_U_–_катиондық_ұтқырлық_V_–_аниондардың_қозғалғыштығы_R_–_әмбебап_газ_тұрақтысы'>Диффузиялық потенциал Хендерсон теңдеуінен табылған
Мұнда
U – катиондық ұтқырлық
V – аниондардың қозғалғыштығы
R – әмбебап газ тұрақтысы
Т – абсолютті температура n - валенттілік
F – Фарадей нөмірі
а1 – диффузия жүретін аймақтағы иондардың белсенділігі
а2 – диффузия жүретін аймақтағы иондардың белсенділігі
Мембраналық потенциал – бекітілген теріс зарядты жартылай өткізгіш мембрананың катионды алмасу мембранасының интерфейсінде пайда болады.
Мембраналық потенциал Нернст теңдеуінен табылған
Мұнда
R – әмбебап газ тұрақтысы
T – абсолютті температура
n – валенттілік
F – Фарадей нөмірі
а1 – диффузия жүретін аймақтағы иондардың белсенділігі
а2 – диффузия жүретін аймақтағы иондардың белсенділігі
Фазалық потенциалдар араласпайтын екі фазаның арасындағы интерфейсте пайда болады.
Электрод потенциалы иондардың электрод ерітіндісіне таралуы нәтижесінде пайда болады.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |