Жоспар I. Кіріспе II. Негізгі бөлім



Дата12.03.2020
өлшемі22,6 Kb.
#60046
Байланысты:
жазира пв
лаб теор основы, «Асты- т-йірді са-тау мен --деуді- технологиялы- процесстерін же (1), Бүгін менің туған күнім, Бүгін менің туған күнім, 1234, мазмұны, 2-сабаk', Кванттық механика Бейорганикалық химия пәні, 1-lesson Water Sources for Irrigation, тапсырма №4 анатомия
Жоспар

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1 Стандарттаудың қысқаша даму тарихы

2.2 Стандарттауды жасау және енгізу

2.3 Мемлекеттік стандарттау жұмысын жоспарлау тәртібі

2.4 Мемлекеттік стандарттау жоспарын құру, келістіру және бекіту тәртібі

2.5 Ұйымдардағы стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау



III.Қортынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Республикада қолданылып жүрген стандарттық жүйе құқықтық және әлеуметтік экономикалық мақсаттарды көздейді: Біріншіден, заңдылық тәртіпке сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделерін және өнімнің сапасы, қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтық денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Екіншіден, өндірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда техникалық бірлікке кепілдік береді. Үшіншіден, стандарттың жүйе әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың, жобалаудың нормативтік-техникалық базасы ретінде қызмет етеді. Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілетін сапа жүйесінің бірін-бірін алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды қамтамысыз етеді. Стандарттау — бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соқ стандарттың үлгілерді, нұсқауларды өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қояды. Стандарттаудың басты міндеті халық шаруашылығының, халықтық еліміздің базасының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады. Қазақстан Республикасында стандарттау жөнінде мынадай нормативтік құжаттар бар:

• Қазақстан Республикасы мемлекетінің стандарттары (Гост);

• салалық стандарттар (ССТ);

• техникалық жағдайлар (ТЖ);

• кәсіпорындар, бірлестіктер, қауымдастықтар, концерндер стандарттары;

• ғылыми-техникалық қоғамдар, инженерлік одақтар және басқа да қоғамдық ұйымдардың стандарттары.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы.Өнім мен қызметтерді сертификаттаудың негізгі мақсаты – адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау. Республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелінетін азық-түлік пен тағамдық өнімдердің, шикізаттардың адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін өнімнің және көрсетілетін қызметтің сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірілетін сапа көрсеткіштерін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға және ол өнімдердің сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етілуі қажет. Р – да өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік Комитет жұмыс істейді. Бұл орган мемлекеттік стандарттарға сәйкес талаптардың дұрыстығына бақылау жасайды. Бұл органнан басқа өнімнің сапасын бақылауда сапаны мемлекеттік реттеу және бақылаудағы экология жөніндегі инспекция, халықаралық санитарлық – эпидемиологиялық шарттарды орындауы, өнеркәсіп комитеті және т.б. Бұл жоғарыда аталған органдарды сапаны реттеудегі мемлекеттік институттарға жатқызуға болады. Олар өз қызметтерін сапаны реттеу жөніндегі заңдық актілері негізінде жүргізеді. Оларға: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау», «Стандарттау», «Сертификаттау» «Бірлік өлшемді қамтамасыз ету» заңдары жатады. Сертификаттау – бұл өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің нормативтік құжатта белгіленген белгілі бір талаптарға, стандарттарға сай екендігін білдіретін жазбаша құжат болып табылады.



2.1 Стандарттаудың қысқаша даму тарихы

Қоғамның дамуына сәйкес адамдардың атқаратын жұмыс түрлері де өзгеріп отырады. Бұл ертеде әр түрлі заттардың, жұмысқа қажетті құрал-жабдықтардың және жұмысты атқарудың жаңа тәсілдерінің пайда болуынан көрініс тауып отырған. Сонымен бірге, адамдар өз жұмыс нәтижелерінің ішінен қолдануға лайықты жақтарын таңдап алып отырған. Көне дәуірдегі өлшем бірліктерінің, стандартты мөлшерлі құрылыс бөліктерінің, су құбырларының қолданылуы стандарттаудың мысалдары болып табылады. Қайта өркендеу дәуірінде елдер арасында экономикалық байланыстардың дамуына сәйкес стандарттау әдістері кең қолданыла бастады. Мысалы, Венецияда көптеген кемелер жасау қажеттілігіне сәйкес оларды алдын ала дайындалып қойылған бөліктерден жинастыру қолданылды. Бұдан кейінгі уақытта да стандарттау жұмыстары жақсы дамып отырған. Мысалы, 1845 жылы Англияда бекіту оймаларының жүйесі, Германияда теміржол табандарының арақашықтығы стандартталды. Халықаралық стандарттау жұмыстары 1875 жылдан бастау алады. Осы жылы халықаралық метрикалық конвенцияны құрайтын 19 елдің өкілі Халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросын құрды. КСРО құрамына кірген елдерде стандарттаудың дамуы өлшемдер мен салмақтардың методикалық жүйесін құрудан басталған. 1925 жылы стандарттау саласында алғашқы орталық орган - Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің жанынан стандарттау бойынша Комитет құрылды. Осы жылдан бастап КСРО-да стандарттау саласында көптеген игі істер атқарылды. 1992 жылы бұрыңғы КСРО аумағында тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына байланысты осы елдердің арасында стандарттау, метрология және сертификаттау салаларындағы байланысты орнатудың жаңа түрлері қарастырылды. 1992 жылы 13 наурызда Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) енген елдер «Келісілген саясатты жүргізу туралы» келісімге қол қойды. Келісімге қол қойылуы, одан кейін мемлекеттік стандарттардың әзірленуі Қазақстан Республикасында стандарттау жүйесінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. 1999 жылы Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» Заңдары қабылданды. Заңдар стандарттау саласында нормативтік құжаттарды әзірлеп шығару негізінде тұтынушылардың мүддесін мемлекет тарапынан қорғауға бағытталған шараларды айқындап берді. ТМД-ның басқа да елдеріндегі сияқты Қазақстан Республикасында стандарттау жүйесінің дамуының негізгі бағыттары мыналар:

-келісімге сәйкес мемлекетаралық стандарттау жұмыстарын дамыту;

-Қазақстанның стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіру жұмыстарын жеделдету;

-міндетті түрде сертификатталуға тиісті өнімдердің (көрсетілетін қызметтердің) мемлекеттік стандарттарын дайындауды жеделдету;

-ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарын қолдана отырып елімізде сапа жүйелерін кеңінен енгізу, т.б.



2.2 Стандарттарды жасау және енгізу

Стандарттарды жасау процесі төмендегі сатылардан тұрады:

1-ші саты—стандарт жасауды ұйымдастыру, стандарт жасауға қажетті техникалық тапсырмаларды бекіту;

2-ші саты—стандарттың жобасын жасау және оны пікір таласына беру;

3-ші саты- әртүрлі пікірлерді талқылау, стандарттың жобасын жасап, оны бекітуге беру;

4-ші саты—стандарттың жобасын талқылау, бекіту және тіркеу. Ең жауапты саты — техникалық тапсырмаларды жасап анықтау; техникалық тапсырмалар стандарттың негізгі мазмұнын, прогресін көрсетеді. Стандарттың ақырғы жобасы стандарттың тиімділігін техникалық–экономикалық негіздейтін ақпараттық картамен бірге бекітуге беріледі. Стандарттар бекітілуі алдында Мемлекеттік стандарттың ғылыми–зерттеу институттарының бірінде терминологиялық және құқықтық экспертизадан өтеді. Өнімді сапа категориясы бойынша аттестациялау техникалық прогрестің әсерінін бұрынғы өнімдердің ескіріп, жаңа өнімдердің қажеттілігінің тууымен байланысты. Өнеркәсіп өнімдерінің аттестациясы сапаның екі категориясы — жоғарғы және бірінші категориялар бойынша өтпеген өнімдер өндірістен алынып тасталады. Сапаның жоғары категориясына жататын өнімдер мынадай талаптарға сай болуы қажет.

Техникалық—экономикалық көрсеткіштері жағынан әлемдік не одан жоғары деңгейде болуы керек;

Халық шаруашылығында техникалық прогресті көрсетуі керек;

Еңбек өнімділігінің өсуін, материалды, отынды және энерияны үнемдеуді қамтамасыз етуі керек;

Әлемдік нарықтағы бәсекелестікке сай болуы керек;Жаңадан шығарылатын өнімдерді аттестациялау шығарылғаннан бастап бір жылдан кейін, ал өте күрделі өнімдер болса, екі жылдан кейін жүргізіледі. Аттестациялаудың нақты мерзімі өнімнің қабылдану құжаттары бекітілгеннен бастап саналады.



2.3 Мемлекеттік стандарттау жұмысын жоспарлау тәртібі

Мемлекеттік стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының негізінде және ҚР СТ 1.7 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Стандарттау бойынша жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламалары мемлекеттік органдардың, стандарттау бойынша техникалық комитеттердің, Қазақстан Республикасының экономикасы салаларындағы басым бағыттар есепке алынып, жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары негізінде әзірленеді, өкілетті органмен белгіленген тәртіпте бекітіледі. Мемлекеттік стандарттау бойынша жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптар, Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық дамуының және ғылыми-зерттеу жұмыстарының, жылдық және ұзақ мерзімді мемлекеттік және салалық ғылыми-техникалық бағдарламалардың жоспарлары есепке алынады.Мемлекеттік стандарттау бойынша жұмыстардың бекітілген бағдарламалары мен жоспарлары ресми баспа басылымдарында және жалпы пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жарияланады. Мемлекеттік стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу тәртібі өкілетті органмен белгіленеді. Жылдық және перспективалық жоспарларды Қазақстан Республикасының территориясында ұлттық және мемлекетаралық стандарттау бойынша жұмыстарды мемлекеттік реттеу, мемлекеттің, дайындаушылар мен тұтынушылардың мүдделерін қорғау, жұмыстардың тақырыптамасын және орындау мерзімдерін анықтау, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарттар қорының (әрі қарай ҚР МСҚ) құрамын жетілдіру саласында саясатты іске асыру мақсатында әзірлейді. Мемлекеттік стандарттау бойынша жұмыстардың жоспарына: жаңа стандарттарды әзірлеу; мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттарды қайта қарау, өзгерістер енгізу және жою бойынша тапсырмалар кіреді.Стандарттау жоспарына алғашқы кезектегі тақырыптар ретінде мыналарды көздейтін тақырыптарды қосады:

– мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу:

– стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы негіз құрайтын нормалар мен талаптарға, өнімнің, процестердің және қызметтердің халықтың өмірі мен денсаулығына арналған жалпы техникалық нормалар мен қауіпсіздік нормаларына, мүлік мен қоршаған ортаға; жіктеуге, терминологияға; қабылдау ережелеріне, өнім мен қызметтер сапасын бақылау сынамалары мен әдістерін іріктеуге; өнімді орау, маркалау, тасымалдау және сақтау ережелеріне;



– халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттарды, шет елдердің нормалары мен ережелерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары ретінде тікелей қолдану бойынша жұмыстарға. Стандарттау бойынша жұмыстар жоспары 1 жылға немесе 3 жылдан 5 жылға дейін перспективаға әзірленеді және бұл кезеңде үнемі қолданылатын құжат болып табылады, оның құрамында қажетті қаржыландырумен қамтамасыз етілген, мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттау бойынша орындау көзделетін жұмыстардың тізбесі бар.

2.4 Мемлекеттік стандарттау жоспарын құру, келістіру және бекіту тәртібі

Мемлекеттік стандарттау жоспары Техникалық реттеу және метрология комитетімен, стандарттау жөніндегі кәсіпорынмен (өкілетті орган) стандарттау жөніндегі басым бағыттардан алғанда, техникалық комитеттердің, мемлекеттік басқару органдарының, заңды және жеке тұлғалар ұсыныстарының негізінде құрылады.Жоспарлау кезінде ағымдағы және ұзақ мерзімді мемлекеттік және салалық ғылыми-техникалық бағдарламалар, Қазақстанда және ТМД елдерінде міндетті сертификаттауға тиесілі өнімнің тізбелері, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарлары, Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары, Қазақстан Республикасы Үкіметімен қабылданатын, заңды және басқа нормативтік актілер, мемлекетаралық стандарттау бойынша жұмыстардың бағдарламалары есепке алынады. Мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу бөлігінде жоспарға берілетін ұсыныстарды ТМД елдерінің стандарттау бойынша мүдделі ұлттық ұйымдары, секретариаттарын Қазақстан Республикасы енгізетін, Мемлекетаралық техникалық комитеттер ұсынады. Мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу мемлекетаралық стандарттау бойынша жұмыстар бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Мемлекеттік стандарттау бойынша жұмыстар жоспарының мемлекетаралық бөлігі мемлекетаралық стандарттау бойынша жұмыстар бағдарламасының құрамында қабылданады. Жоспардың жобасын қарастырған соң, Мемстандарт қажет болғанда, жоспар жобасының соңғы редакциясын мүдделі мемлекеттік басқару органдарымен және басқа заңды немесе жеке тұлғалармен (егер олар жоспардың жобасына ұсыныстарды ұсынған болса) қосымша келістіру туралы шешім қабылдайды. Өкілетті органмен түзетілген жоспар мүдделі тараптардың ұсыныстары есепке алынып, Мемстандартқа қарастыруға және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде бекітуге беріледі. Бекітілген жоспар министрліктерге, комитеттерге, Мемстандартпен құрастырылған тізбе бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарына, сондай-ақ жоспар тапсырмаларын әзірлеуші ұйымдарға жіберіледі. Жоспарды Мемстандарттың жолдама хатымен бірге өкілетті орган салып жібереді. Мемлекеттік стандарттау бойынша жұмыстар жоспары Мемстандарт бекіткен соң бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарының кезекті ай сайынғы ақпараттық көрсеткішінде толық көлемде жарияланады. Мемлекеттік стандарттау жоспарының орындалуын бақылауды өкілетті орган жүзеге асырады, ол Мемстандартқа жұмыстардың орындалу барысы (жоспарлық мерзімдері және нақтылы күйі) туралы ақпаратты ұсынады. Заңды тұлғалар олардың ұсыныстары бойынша жоспарға енгізілген жұмыстардың орындалуы үшін жауапты болады. Жоспарға енгізілген нормативтік құжаттарды әзірлеушілер және жұмыстар-ды жоспарлау мен бекітілген жоспардың жұмыстарды тапсыру-қабылдау кезеңінде орындалуын бақылауды жүзеге асыратын өкілетті орган арасындағы дауларды Мемстандарт шешеді. Жоспарға нормативтік құжаттың атауына, категориясына, жұмыстардың түрлеріне, бекітуге беру мерзімдеріне, әзірлеуші ұйымға, қосымша орындауға ұйымға қатысты өзгерістер енгізу, әр түрлі объективті себептер бойынша, соның ішінде қаржыландыру тоқтатылуына байланысты ұсыныстар, Мемстандартпен өкілеттендірілген органға қарастыруға жіберіледі. Жоспарға өзгерістер Мемстандарттың жазбаша рұқсатымен негіздеме бар болғанда және ол мүдделі ұйымдармен келісілген соң (қажет болғанда) енгізіледі, сонан соң мүдделі тұлғалардың назарына жеткізіледі. Жоспар бойынша жұмыстарды қаржыландыру көздері мыналар болып табылады:

- мүдделі тараптардың жарналарынан құралатын қаржылар;

- мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік және мемлекетаралық бағдарламаларды, ҒЗЖ жоспарларын іске асыруға бөлінетін қаржылар.

Стандарттарды әзірлеуге бөлінген ақша қаражаттарының дұрыс пайдаланылуын бақылауды олардың қаржыландыруға ақша бөлген тапсырыс берушілер жүзеге асырады.



2.5 Ұйымдардағы стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау

Ұйымдарда стандарттау бойынша жоспар олардың қызметінің басым бағыттары есепке алынып, ұйымның мүдделі бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде құрылады және белгіленген тәртіпте бекітіледі. Жылдық жоспарларды кәсіпорында стандарттау бойынша жұмыстарды реттеу, кәсіпорынның басқару саласындағы саясатын іске асыру, шығарылатын өнімнің өндірілуін, сапасын реттеу, жұмыстардың тақырыптамасын және орындалу мерзімдерін анықтау, ұйым стандарттарын маңыздыландыру мақсатында әзірлейді. Ұйымның стандарттау бойынша жұмыстарының жоспарына: жаңа стандарттарды әзірлеу; кәсіпорында қолданылып жүрген стандарттар мен басқа нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу және оларды жою бойынша тапсырмалар кіреді. Стандарттау бойынша жоспар ұйымның мүдделі бөлімшелерімен келісіледі және оның жоғары басшылығымен бекітіледі.



Қортынды

Стандарттау — бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соқ стандарттың үлгілерді, нұсқауларды өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қояды. Стандарттаудың басты міндеті халық шаруашылығының, халықтық еліміздің базасының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады. Мемлекеттік стандарттау бойынша жұмыстардың бекітілген бағдарламалары мен жоспарлары ресми баспа басылымдарында және жалпы пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жарияланады. Мемлекеттік стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу тәртібі өкілетті органмен белгіленеді. Жылдық және перспективалық жоспарларды Қазақстан Республикасының территориясында ұлттық және мемлекетаралық стандарттау бойынша жұмыстарды мемлекеттік реттеу, мемлекеттің, дайындаушылар мен тұтынушылардың мүдделерін қорғау, жұмыстардың тақырыптамасын және орындау мерзімдерін анықтау, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарттар қорының (әрі қарай ҚР МСҚ) құрамын жетілдіру саласында саясатты іске асыру мақсатында әзірлейді. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы. Өнім мен қызметтерді сертификаттаудың негізгі мақсаты – адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.



Пайдаланылған әдебиеттер

1.Акишев К., Дарибаева Г. Стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау: Оқулық. - Астана: Фолиант, 2008. - 256 бет.



2.Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007.

3

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет