Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім Өкпе туберкулезімен ауыратын науқастардағы негізгі симптомдар Өкпе туберкулезінің диагностикасы Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Фтизиатрия кафедрасы
Өкпе туберкулезімен ауыратын науқастарды клиникалық тексерудің ерекшеліктері. Өкпе туберкулезінің диагностикалық әдістері.
Орындаған: Байзуллаев Д. С.
4-007 ЖМФ
Тексерген: Оспанова Б.А.
Қарағанды 2015
Өкпе туберкулезі туберкулездің кең тараған түрі болып табылады. Өйткені туберкулездің берілуінің негізгі механизмі ауалық-тамшылық, сол себепті микобактериялар бастапқыда өкпеге түседі. Дәл осы туберкулездің өкпелік формасы бар сырқаттардың айналадағы адамдардың жұқпалануының негізгі көзі болып табылатынын түсінген жөн (бактерия бөлушілер). Өкпе туберкулезі ұзақ уақыт белгісіз (симптомсыз) немесе аз симптомды өтуі және кеуде клеткасының рентгенографиясында, Манту сынамасын қойғанда кездейсоқ аңғарылуы мүмкін. Көбіне өкпе туберкулезінің симптомдарын бронхиттің, өкпе қабынуының (пневмонияның) немесе респираторлы вирусты инфекцияның (ЖРВИ) белгілерінен ажырату тым қиын. Негізгі қауіпті белгі симптомдардың ұзақ сақталуы және жоғарыдағы кеселдерді стандартты емдеу фонында жақсарудың болмауы