Жоспар
Туберкулез-жұқпалы ауру.
Мал-туберкулез инфекциясын таратушы
Туберкулезді емдеу шаралары
Қорытынды бөлім
Туберкулезді науқастық тамақтану тәртібі
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Туберкулездің қоздырғышы Жалпы жұқпалы аурулардың қоздырғышы- микроптардан табылуы Голландия ғалымы Левингуктың үлкейтіп көрсететін шыны линзасының жарыққа шығыуымен байланысты. Тұнғыш қарапайым микроскопты құрастырған және бірінші болып құжынаған микроптарды көрген де осы Анатолий Левинчук еді. Алғашқы микроскоп жарыққа шыққанан кейін бірқатар жұқпалы аурулардың қоздырғыштары табылды, сонымен қатар олардың емдеу жолын іздестіру мүмкіндігі де туды. Дегенмен, жұқпалы аурулардың ішіндегі туберкулез қоздырғышын табу онай болмады. Көп жылдар бойы іздену барысында неміс ғалымы Роберт Кох 1882 жылы туберкулездің қоздырғышын тауып, қауіпті әрі жұқпалы ауларға қарсы нақтылы күрес жүргізу ісіне баға жетпес үлес қосты. Бірнеше есе үлкейтіп микроскоппен қарағанда туберкулез микробы сәл ғана иілген таяқша сияқты болып көрінеді. Бұл аурудың қоздырғышын алғашқы кезде “ кох таяқшасы” немесе “туберкулез” таяқшасы деп атап келгенімен соңғы уақытта мұны туберкулез деп атайтын болды. Туберкулездің микробактериялары өте жұқпалы, уландырғыш әрі зәрлі келеді. Оның үстіне Олар өте өсім тал әрі төзімді , қандай суыққа да бой бермей бірнеше ай өмір сүре алады. Олардын тіршілік қабілеті топырақта бір-екі жыл, ал судын өзінде бірнеше айға созылады. Дымқыл, лас жерлерде тез өсіп-өнеді Микробактериялар қақырықта 2-3 айға дейін, шаң тозанда 4 айға дейін сақталады. Егер ылғалды, қаранғы жерлерге түссе 9-12 айға дейін өлмейді. Бұлардың бір ерекшелігі- жарықпен жылылыққа сезімтал. Туберкулездің микробактериялары су мен сүтте 30 минуттай, ал процентті содалы ерітіндіде 15 минуттай қайнатқанда өледі,ғ содай-ақ күшті күн сәулесі бұл микробактерияны тез өлтіреді. Демек, туберкулезбен ауырған адамның үйі жарық, күн сәелесі көп түсетін әрі таза болуға тиіс.
Туберкулез-жұқпалы ауру
Туберкулез микробактериясысыртқы ортадаұзақ уақыт сақталғанымен ол тірі организмде ғана (адамның малдар мен құстардың т.б. денесінде ) өсіп -өнеді Осы аурудан өлген адамның малдын өкпесінде, лимфалық бездерінде, тағы басқа органдарында туберкулез қоздырғыштары сақталып қалады. Сол сияқты аурулардың қақырығын ғана емес, ауру малдын шикі сүтінен де туберкулез миробын тапқан. Көп кешікпей Роберт Кохтың мұндай ғылыми жаналығындүние жүзі ғалымдары мойындады. Сөйтіп туберкулез қоздырғышы–Кох таяқшасының өсімтал және бұл дерттің жұқпалы екеніне ешкімнің де күмәні болмады.
Туберкулез ауруының таралуы негізгі көзі осы аурудың ашық түрі мен ауырған адам еккені белгілі болады. Басқа микроптар мен салыстырғанда туберкулездің қоздырғышын аз уақыттын ішінде кебір дизенфекциялық тәсілдермен арнайы дәрі арқылы құртуға болатыны да медецина практикасында белгілі.
Мысалы: оған 5%карбол қышқылы, 5% формалин тағы да басқа ерітінділерде жетіп жатыр. Туберкулез ауруы мен тек адамдар ғана емес, мал да, құс та, балық та ауырады. Осыған орай туберкулез ауруының қоздырғыштары-микробактериялары да әр түрлі болады. Медицина практикасында, адамның және адамның микробактериялары жан-жақты зерттелген. Халық арасында жиі кездесетініде, әрі қауіптісі де осылар.
Туберкулез ошағына кездесіп қалған жағдайда оны жұқтырмай, сақтық шараларын білген жөн. Бұл проблемамен медицина ғылымынын бір саласы эпидемиология туберкулезі шұғылданады. Эпидемология грекше ері-арасы немесе ішінде + demos-халық +logos-ілім деген ұғымды береді. Сөйтіп, жан- жақты әлеуметтік- биологиялық процесті зерттеп қана қоймай, туберкулездің тарапжайылу жолы және адамдардың қай жаста, қандай жағыдайда туберкулездің микробактериясын қабылдағыш келетінін т. б. Мәселенің тексерілуі жетерліктей жоғары. Туберокулез ауруының екі түрі бар. Олар: ашық түрі-туберкулездің микробактериясын таратушы және жабық түрі, яғни туберкуледің жұқпайтын түрі болып табылады.
Адам аруының негізгі себебі микробактерияның жұғуы. Туберкулез ауруы жасталғамайды, онымен кез кеген жастағы адам ауруы мүмкін. Сондай-ақ, онын адамға жұғу жолдары да әр түрлі: туберкулез энфекциясы аурудын қақырығы, сілекей арқылы тарайды. Манайындағы сау адам осы ауамен дем алғанда туберкулез инфекциясын жұқтырып алуы ықтимал. Бұл тек семьяда ғана емес, көпшілік орындарда т. б. жерлерде кездеседі. Алайда манайындағыларға осы қауіпті дертті жұқтырмаудын басты шарты-ауру адамның сақтық щараларынүзбей орындап отыруы.
Туберкулез инфекциясының таралуына себепші болатын екінші бір фактор-шаң-тозаң. Ал туберкулездің ашық түрімен ауыратын кейбір адамдар тазалық ережелерін сақтамай кез куелген жерге қақырып, түкіреді, сонын нәтиесінде құрғаған қақырықтағы микробактериялар шанмен көтеріліп, ауаға тарайды да, тыныс жолдары арқылы, сау адамға жұғады, яғни ол туберкулез ауруын қоздырады.
Ал ауру адам қақырығы арқылы күніне төрт-бес милиард туберкулез микробактериясынын тәжірибе көрсетіп отыр. Олай болса осы ару мен ауырған адам жөтелгенде, Түшкіргенде сақтық шрарларын сақтамау салдарынан сан милиондаған микробактерияны ауаға тарататыны сөзсіз. Сол сияқты ауру адам пайдаланған заттарда (ішкі-сыртқы киімдерде, төсек-орында орамалда, ыдыс-аяқта) Туберкулез микробактериялары ұялайды да, мол заттар арқылы сау адмға жұғады, бұл жиі кездесетін жағдай. Ауру адаммен қол ұстасы амандасқанда және онымен сүйіскенде туберкулез инфекциясы жұғады. Тамаққа түскенг микробактерия салдарынан немесе ауру малдың шикі сүтін және одан даярланған басқа да тағамдарды пайдаланғандықтан адам туберкулезбен ауруы мүмкін.
Кейде туберкулездің микробактериясы терінің зақымданған жеріне түсіп, аурудың таралуына себепші болады. Мұндай жағыдайда әсіресе сауыншы, мал дәрігерлері ауру малды күтіп бағушылар балаларынын туберкулез аруын көбірек жұқтыратынын атап айтқан жөн. Зерттеу деректеріне қарағанда, туберкулез ошағымен қарым-қатынаста болғандардың 5-7 процеті ғана туберкулезбен ауруы мүмкін екен. Ал балалардың арасында бұл көрсеткіш тым жоғары, яғни 20-40 процент. Адамдардын туберкулезбен ауруы қоздырғыш микроптын жұғу және таралу ұзақтығына, сондай-ақ оның сандық мөлшеріне байфланысты. Егер адамға ас уақыт ішінде берер ғана микробактерия жұқса, ол адам туберкулезбен ауырмауы мүмкін.
Ал туберкулездің ашық түрімен ауыратын адам дапрмен ұзақ уақыт тығыз қарым-қатынаста болс, оның үстіне жеке сақтану шараларын жасамаса, төнірегіндегілерге ауруды жұқтырып, оның тарауына негіз жасайды. Сөйтіп тәжірибе туберкулездің ашық түрімен ауырғандардың маңайындағы адамдардың 4-6 есе жиі ауыратынын дәлелдеп отыр.
Мал-туберкулез инфекциясын таратушы
Жоғарыда айтқанымыздай туберкулезбен тек адам ғана емес, малдар да, т.б. ауырады. Үй жануарларының 50-ден астам, құстардың 20-астам түрі туберкулез ауруын тез қабылдайдыМалдын туберкулез ауруын тарататын негізгі ошақтардын біріекендігіғылыми жолмен де, тәжірибежүзінде де дәлелденген . Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, жануарлар мен құстардын туберкулезге сезімталдығы бірдей емес. Мысалы маймыл , қоян, ірі қара, қара күзен, тауық туберкулезге өте сезімтал келеді. Ал жылқының, ешкінің, иттің үйрек пен қаздың туберкулезді қабылдауы біраз төмен. А. Терлікбаев, Я. Благодарный және Қ. Құрманбаев сияқты ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда 70-жылдардың соңында республикамызда ірі қараның туберкулезбен ауруы 6-есе болса, солтүстік аудандардаол 10-14 есеге жеткен. Осызерттеулерден туберкулез ошоғында болған иттің 2,6 есе, мысықтың 1,9 есе , түйенің 21 есе көп ауратының көреміз.
Біздің респупликамызда ауыл шаруашылығы, онын ішінде ауыл шаруашылығы дамыған, яғни малда туберкулез ауруының кең тарап отырғанын ескерсек, тонда бұл салада жан-жақты профилактикалық шараларды жүзеге асыру қажеттігі басты назарда болуға тиіс.
Ғалымдартуберкулез ауруын тез қабылдайтың 353 қара малды сойып, ішкі органдарын тексегенде, оларды туберкулезбен зақымданғаның анықтаған. Әсіресе туберкулезбен мемлекеттік шаруашылықтағы малдарға қарағанда жеке меншіктегі малдар 2-3 есе көп ауырады екн.и Зеттеу деректері ауырған сиыр мен қойдың сүтінгде 1,3-3,6 процент туберкулез қоздырғышы болатының көрсетіп отыр. Әсіресе туберкулездің ашық түрімен ауыратын семьядағы ірі қара 3 есе, ал қой мен ешкі 10 есе жиі ауырады.
Дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) мәліметіне қарағанда, қазір жер шарында туберкулезбен 15-20 миллион адам ауратын көрінеді. Әлемде жыл сайын олардың саны 2-3 миллион адамға көбейіп отрады екен. Ал біздін елімізде эпидемологиялық жағдайдын жақсаруына қарамастан соңғы жылдары туберкулез ауруы аса өзекті әлеуметтік және медициналық проблема ретінде қалып отыр. Сондықтан туберкулезге қарсы күресті күшейту бағытында елеулі шаралар жүзеге асырылуда. Соған қарамыстан, әсіресе біздің республикамызда туберкулез ауруы көп тараған ауру ретінде халық денсаулығына едәуір зиян келтіруде.
Қазакстанда туберкулезге қарсы күрестің әртүрлі өзіндік ерекшелікткрі бар: 1) ерте заманнан тұрғылықты халықтар арасында туберкулездің кең таралып-жайылуы; 2) экономикалық, географиялық-табиғи этнографиялық және басқа әртүрлі жағдайлардың туберкулез ауруының тарауына ықпал етуі; 3) малдардың осы аурады тарату көзіне айналып отырғаны.
Демек, туберкулезге қарасы күресете санитарлық-ағарту және насихат жұмысы кеңінен жүргізілуі керек. Сонымен бірге денсаулық сақтау мекемелері науқас адамды тек емдеп қана қоймай, дерттің сау адамға жұғуына немесе оның асқынып кетуіне жол бермес үшін тиіиті профилактикалық шаралар қолдануы қажет. Демек, бұл істе бүкіл жұртшылық қөмек қөрсетуі тиіс. Ең бастысы, туберкулезге шалдыққан адам дер кезінде дәрігерге қаралып, ұқыпты емделсе,одан құлантаза айғып,ғ жазылып кететіні сөзсіз. Ол үшін бұл аурудың ерекшеліктерін, жұғу жолдары мен себептерін, емдеу тәсілдерін, профилактикалық және сақтану шараларын білуі қажет. Сондықтан біз жұртшылыққа жалпы туберкулез ауруның гигиенасы, арақ-шараппен темекінін зияндығы, т.б. туралы азды-көпті кеңес беруді жөн көрдік.
Туберкулезді емдеу шаралары
Заманымыздағы озат медицина ғылымы туберкулезді емдеуде ірі табыстарға жетіп отыр. Қазір туберкулез адамның қай жерінде кездессе де, оны түрлі әдістерді қосарландыра жүргізіп емдейді. Туберкулезге қарсы жұмсалатын барлық емді негізінде үш бағытта жүргізуге болады. Олардың бірі — жалпы емдеу. Өйткені туберкулезбен дененің бір жері (сүйек, өкпе, без және т. б.) ауырса онық зардабы барлық денеге жайылады. Сондықтан емдік шара алдымен жалпы дененің арқауың нығайтуға, оның қорғаныш күшін арттыруға жұмсалғаны жөн. Жалпы шараның нәтижесінде адамның нерв жүйесі бұзылған қызметін жөнге келтіреді, денеде қоректі заттар алмасуы түзетіледі және бездер жүйесінін жұмысы ширайды.
Екінші бағыты — ағзада ұялаған, оны бүлдіріп жатқан туберкулез микробын өлтіру. Қазір күшті дәрі-дәрмектер жеткілікті, солардың күшімен микробтың өсіп-өнуіне тоқтау салып, ұяларын құртуға болады.
Емдеудің үшінші бағыты — хирургиялық және ортопедиялық тәсілдер. Әрине, тәжірибеде осы айтылған әдістер мен түрлі дәрілер өзара үйлестіреле жұмсалады. Мысалы, стрептомицин, фтивазид, ПАСК, болмаса тибонмен емдеу кеуде қуысына газ үрлеумен немесе өкпенің ауырған жерін кесумен бірге істелсе, оның нәтижесі жақсы болады. Сондықтан ауру адамды емдегенде бірнеше әдістер және дәрілер қосарлана жұмсалады. Мұны қоспалы емдеу дейміз. Бірақ туберкулезді емдеуге қандай әдіс қолданса да, нендей дәрі жұмсалса да, негізгі шара — аурудың жалпы халін көтеру, денесінің қорғаныш күшін арттыру, сөйтіп туберкулезге қарсы күресте оны жеңімпаз ету. Сондықтан толып жатқан емдердің бастысы гигиеналық-диеталық режим болады. Мұның мәнісі адамның тұрмысында тазалық сақтау және тамақтану тәртібін дұрыс ұйымдастыру деген сөз. Бұл әдіс адамға жағымды жағдай жасайды, дененің кеселге қарсы күшін арттырады және адамның жазылуға сенімін күшейтеді. Осы айтылған мақсатқа жету үшін мамандар науқастың жағдайына қарап, жатқызып емдейді, ал біеулеріне туберкулезге қарсы дене шынықтыратын шаралар істейді.
Таза ауа — пәрменді ем. Туберкулезді емдеуде гигиеналық әдістің маңызы зор дедік.
Науқасқа емдік шараның қай түрін қолданса да, таза ауаны кең пайдалану жағы көзделуге тиіс, себебі адам ауруханада, үйде, санаторийде емделсе де сыртқы таза ауаны қысы-жазы бірдей пайдалану таптырмайтын ем. Бірақ басқа ем түрі секілді, ауаны да аурудың түріне, сатысына қарап пайдалануға тура келеді. Айталық, ауру қозған кезінде адам терлегіш, нерв жүйесі шыдамсыз, қозғыш келеді. Ондай ауру жатқан бөлмеге немесе палаткаға мезгіл-мезгіл терезені, есікті ашып, таза ауа жіберіп тұру керек. Егер адамның дене қызуы қалпына келіп, жалпы халі тәуірленсе, оған көлеңкеде жатуға және аздап серуендеп таза ауада жүруге рұқсат етіледі.
Қырым жағасындакы санаторийлерде емделген науқастар ала жаздай таза-ауада болады, тіпті түнде де теңіз жағасында ұйықтайды. Ал солтүстікте кейбір шыныққан адамдар жылы оранып, 10-15 градус аязда күніне 2-3 сағаттай таза ауада жатуға дағдыланады.
Туберкулез науқас үшін таза ауаның пайдасы өте көп. Күнделікті тыныстанатын ауамыз негізінде оттегі мен азоттан тұрады. Бірақ бұлардың құрамына организмге зиянды көмір қышқыл газы, су буы және басқа қосымшалар да қосылып отырады. Егер тұрғын үйдің (бөлменің) ауасы ауық-ауық жаңартылмаса, ондағы ауа бұзылады, ол адам үшін, әсіресе туберкулез ауруы үшін зиянды.
Таза ауада ауру жұқтыратын микробтар сирек кез деседі. Үйдегі ауаның бұзылуына ылғал, кір жуу, ас пісіру, темекі түтіні, лас киімдер сақтау себеп болады.
Таза ауа өкпсеге өтіп, онда жиналған қақырықтың шығуына көмектеседі. Адам таза ауада қыдырып жүріп, еркін дем алған кезінде ауа өкпені толтыра кернейді. Қақырықпен бітеліп қалған жіңішке тыныс жолдары ішке ауа тартуға ашылады. Далада немесе терезені ашып ұйықтағанда адамның күркілдеп, қақырық тастауы тиылады, көңілі көтеріледі. Өкпедегі жолдардың қақырық түкіріктен босауы; тыныс жолдарына (өкпе ішіңе) таза ауаның еркін және мол тарауына жардай туғызады. Мұның өзі денені оттегімен байытады, сөйтіп қан кұрамын жақсартады, адамның жалпы халі жақсарып, оның асқа көңілі шабады.
Үй жағдайында адамның сыртта көбірек жүргені жақсы. Жаз айларында тіпті күні боны таза ауада болғаны жөн. Ал қыстыгүні жылы киініп, далада қыдырып жүру таптырмайтын ақыл. Туберкулез науқастын ентігіп, шаршап жұмыс істемеуі, жүгірмеуі шарт екені есте болуға тиіс.
Күн сәулесімен емдеу. Туберкулезді емдеуде күн сәулесінің де маңызы күшті. Күнмен емдегенде науқастын қан кұрамы жасарады, дене тканьдары шынығады. Соның нәтижесінде олардың атқаратын қызметі жақсарады. Мұның өзі организмнін туберкулез микробына және оның уына қарсы тұруына қолайлы жағдай туғызады. Күн сәулесі, әсіресе, теріге жағымды келеді. Күнге қақталғаннан кейін (күн ваннасы) тері жылтырап, қоңыр тартады, пысып тығыздалады. Күн сәулесі, сүйек, буын, без, тері туберкулездеріне қарсы жақсы нәтиже береді. Ал өкпе туберкулезіне күн қауіпті. Сондықтан бұндай адамдарға күн сәулесі сирек қолданылады. Адам күн көзінде аңдамай көп отырып (жатып) қалса, туберкулез процесі тез қозады дене қызуы көтеріледі, тіпті қан қақырып та қалады. Дұрысында өкпе туберкулезді адам күн сәулесін тек дәрігердің айтуынша ғана пайдалануы керек. Күнге қақталғанда адам жалаңаш немесе трусикпен жатқаны жөн, басқа орамал тарту керек, бас ауырса орамалды суға батырып, сыра ораған жақсы болады.
Күн сәулесіне бірте-бірте дағдыланбаса пайда орнына зиян келтіреді адамның нерв жүйесіне зақым келеді, ұйқы қашады, бас ауырады және тары сондай әсерлер сезіледі.
Судың денсаулық үшін маңызы зор, өйткені адам өзін сумей емдеуге үйретсе, оның жүрек қызметі жақсарады, денеде қан айналысы тәуірленеді, асқа тәбеті шабады және тынысы ашылып, тереңдеп дем алатын болады. Алдымен науқас адам денесін таза ұстауға тиіс, ойын үшін жетісіне бір рет моншаға немесе жылылығы 32-35 градус ваннаға түсуге тиіс. Адам ваннада 10-12 минут ішінде денесін сабындап жуып, артынан 24-28 градус салқын сумей үстін шаяды да, үстін таза сүлгімен құррата сүртіп, бір сағаттай тынығады.
Ваннаға түскенде мына жағдай есте болсын. Егер ауру адамның дене қызуы аздап көтеріңкі болса, онда оған бес минуттан артық жуынуға болмайды. Өте жүдеген немесе дене қызуы тым көтеріліп кеткен адам ваннаға түсуді уақытша тоқтатады. Сондай-ақ қан қақырып жүргенде де ваннаға шомылу өте қауіпті, ондайда дәрігермен ақылдасқан жөн.
Денені таза ұстап, шынықтыруда ысқылаудың маңызы зор. Денені күнделікті ысқылау тіпті әлсіз адамға да жағады. Тек өкпеден қан түскен кезде ғана ысқылауға болмайды, өйткені бұл кезде адам қозғалмай тыныш жатуға тиіс. Ысқылауды таңертең оянысымен, дененің жылы кезінде жасаған жөн. Суыған денені ыскылаудың пайдасы жоқ, тіпті зиян келтіруі де мүмкін.
Денені ылғалданған сүлгі немесе губкамен ысуға болады. Оның үшін сүлгі (губка) суға малынып сығылады. Онсын дене мүшелерін (қолды, мойынды, кеудені, арқаны және аяқты) түгел тез ысқылап шығады. Кейбіреулер тек белуарға дейін ғана ысқылайды. Ол қате, өйткені көптеген адамдардың қан айналысы нашарлараннан аяқтары тоңғақ қеледі. Ал аяқты баса ысқыласа, қан тарауы қүшейіп, аяқ жылынып кетеді. Денені ылғалды сүлгімен ысқылап, құрғақ сүлгімен сүртеді, сонда тері ысып, қызарады, адамның қабары ашылып, көңілі көтеріледі, Ысқылағаннан кейін мұндай көрініс болмаса, тері түршігіп тоңса, онда ысқылаудың дұрыс жасалмағаны, бұл зиян. Шамалары қелетін адамдар үстерін өздері ысқылайды, ал әлсіздерін күтуші адамдар ысқылауға тиіс. Кейбір әлсіз немесе нерв жүйесі нашар адамдар батыра ысқылауды жақтырмайды, сондықтан оларды жайлап ысқылап, денесін тез кептіре сүрту керек. Салқын сумен ысқылауға адамдардың өздері аз-аздап үйренуі қерек. Денесі толық, ширақ адамдар ысқылауды үй-ішіндегі судан бастауға тиіс, дене салқынға дағдыланған сайын су температурасы төмендетіле береді, сөйте-сөйте нарыз салқын (су құбырындағы) сумен ысуға жетеді. Әрине, әлсіз немесе дене қызуы көтеріңкі, жүдегендерді әуелі бірнеше күн құрғақ сулгімен сақтықпен ысқылаған жөн, одан кейін жылы, артынан жылымшы сумен ысқылауға болады. Әрине, денені салқын сумен ысқылағанда судың температурасы оған адам сүйсініп, көңілі көтерілетіндей болғаны жөн. «Салқындаудың жөні осы екен» деп дене түршігетін, тым мұздай суға шомылу қате!
Әлсіз адам ысқылау алдында бір стакан сүт ішіп немесе бір тарелка ботқа жеп алсын, ал ысқылағаннан кейін 15-30 минуттай төсекте жатып тынықсын.
Бұрын дағдыланбаған адам ысқылауды жаз айларында бастап, денесін салқын суға үйретуге тиіс. Әбден дағдыланып алған соң ысқылау қысы-жазы бірдей істеліп, әдетке айналады. Қыстыгүндері ысқылауды жылы үйде істейді. Егер әйелдер денесін бұрыннан ысқылап дағдыланған болса, оны етеккірі келгенде де тоқтатпауға тиіс, бірақ бұл кезде денесің тек белуарға дейін ысқылаған жөн, су тым салқын болмасын. Денені ысқылау әдісін әлі үйренбеген, етеккірі келіп жүрген әйелдерге ысқылауды бастауға болмайды. Екіқабат кезінде әйел дәрігерге барьш ысқылану жөнінен кеңес алады. Өзенге шомылу және салқын бүрікпе (душ) қабылдау денеге ысқылаудан гөрі күшті әсер етеді, Сондықтан туберкулез науқас дәрігермен кеңеспей ондай істеуіне болмайды. Өзен немесе бүрікпеге түскеннен кейін кейде өкпе ауруы қозуы, яки плеврит басталуы ғажап емес. Суға түсетін адамдардың денесі мықты, бүйрек, жүрегі сау, өкпе ауруы тоқтаған, ешбір қауіп туғызбайтын болуы қажет.
Туберкулезді науқастық тамақтану тәртібі
Туберкулезді науқастың тағам құрамында дене мүқтажын өтеуге керекті белок, май, углевод, витаминдер жеткілікті болсын. Бірақ бұл заттарды организмнің мұқтажьша қарай, орнымен пайдалану керек. Бұл тәртіпті сақтау, асіресс, туберкулез науқас үшін өте қажет. Мөлшердегіі артық тағам туберкулез адам үшін пайдасыз. Әсіресе, өзі семіз, қарт және жүрек, қан тамыр, бауыр қызметі нашарлаған, ішегі ауыру адамдарға тамақты көп беру қате. Өкпесі ойылған және туберкулезі өршіп, қатты жығылған адамға да тағамды шамадан көп берудің қажеті жоқ, себебі ауру орган ішкен тамақтың бәрін бірдей ұқсата бермейді. Астың бойға сіңуі негізінде ішек-қарын қызметіне байланысты. Ал шамадан тыс ішкен асты бұлар баптай алмай қалады, тіпті қалыпты қызметі бұзылады. Туберкулезді адамның кейде іші өтіп қалуы осындайдан болады. Сау асқазан – туберкулез адамның қорғаны. Себебі астың бойға сініп, пайдасын көрсетуі үшін асқазан алқабында уыттағыш шырындар жеткілікті болуға тиіс. Ішек-қарын қызметі бұзылғанда бұл шырындардың бөлінуі де берекетсізденеді. Астың бойға дұрыс сіңбейтіні де осыдан. Есте болсын, тым семіріп кету өте зиянды. Артық май жүрек қызметін бұзады, ондай адамның жүріп-тұруы қыйындайды, тез ентігеді, жалпы халі нашарлайды.
Туберкулездін қай түрінде болса да астын жөні бөлек. Бірақ ауру адамдардың бәрі бірдей күшті тамақ тілемейді. Ауырған адам организмінің өзгешелігіне, оның жасына, бойына және атқаратын қызметіне қарап, кімге қандай тағамды қанша беру керектігін тек емдеп жүрген дәрігер ғана белгілеп береді. Мысалы, ас тапшылығынан, ауыр жұмыстан, түрліше қатаң аурулардан және босанғаннан кейін адам жүдеп-жадаса, ондайлардың тамағын күшейтуге тура келеді. Оның өзінде де тамақ мөлшері табиғи нормасынан 15-25 проценттен аспауға тиіс, яғни тәулігіне ішілетін тамақтың жалпы қуаты 2800-4500 калориядан аспауы керек. Мұнымен қатар Туберкулезді адамның күнделікті тағамында алдымен белоктар жеткілікті болуға тиіс. Ауру өршіген сайын белоктың кажеті арта береді. Басқаша айтқанда, мұндай кезде тағамда ет, балық, сыр, сүзбе, сүт жеткілікті болғаны жөн.
Өкпе туберкулезін емдеуде қымыздың шипалық қасиеті күшті. Бие сүті туберкулезді емдеуде ертеден бері пайдаланылып келеді. Зерттеу нәтижесіне қарағанда қымыздың қасиеті оның химиялық құрамына байланысты. Қымыз белогы ішекке жетіп бойға сінімді келеді. Қымыздың адамды аздап желпінтетіні, көңіл көтергіштігі оның құрамында этил спирті, сүттік қышқыл және таза көмір қышқылы болуына байланысты. Қымыз кұрамында бұлардан басқа түрлі ферменттер мен А, В, С витаминдер де бар.
Қазақ халқының өмірінде қымыз бен бірдей орын алған шұбатты, ғылымға белгісіз болғанымен, айтпай кетуге болмайды. Өкпе туберкулезіне шалдығып, қан қақырған талай адамдардың шұбатпен емделіп, жазылғанын көп кездестіріп жүрміз. Біздің арнаулы зерттеуіміздің нәтижесінде шұбат құрамы мен емдік қасиеті жағынан қымыздан артық екен.
Туберкулезді адамға майлы тамақты көбірек беру жайындағы ертедегі көзқарас та өзгерді. Бұдан бірнеше жыл бұрын шипа болады деп ауру адамға борсық шошқа және күзен майлары және басқа да майлы тамақтар беріле берсін дейтін еді. Бұл ұсыныстың соңғы кезде қате екені анықталды, себебі ауру асқынған сайын майдың сіңуі нашарлайды. Май мөлшерден артық қабылданса ол бауыр қызметін және басқа қоректік заттардың ағзада алмасуын бұзады. Сондықтан науқастың күнделікті асындағы май тәулігіне 90-100 грамнан, ал қатал аурудікінде 70-80 грамнан аспауы керек. Майдың әр түрлі және ішінде өсімдік майлары да болғаны жөн. Ауру адамға минералды тұзы мол капуста, сүт, жаңа сүзбе (творог), помидор, инжер, балық майы және с. с. азықтар аралас берілуге тиіс.
Туберкулезде дененің витаминдерге тарықпауы шарт. Есте болсын, туберкулезбен ауырғанда, кесел қозғанда денедегі витаминдер кеми бастайды. Сондықтан бұл аурудан емделгенде витамин ұмытылмай, қайта оның мол болу жары қарастырылсын. Мәселен, денеде А витамин жетімді болуы үшін сары май, сыр, жұмыртқа, бауыр, сүт, балық майы, томат, бұршақ, сәбіз, абрикос және басқа жеміс-жидектерден жасалған тарамдар дастарханда күнде болуы шарт. Ал В витамині кемімеу үшін сыра ашытқысы, бидайдың қоңыр наны, асбұршақ және овощтар күнделікті тағамнан үзілмеуге тиіс. Егер осыларға қоса жұмыртқаның ақ уызын, етті, балықты, бауырды және сүтті тағамға күнде араластырып отырса, онда денеге В2 (рибофлавин) және В6 (пиродоксин) витаминдері жеткілікті барады.
Туберкулезді емдеуде С витаминнін маңызы күшті. Әсіресе ол туберкулез қозып ұлғайғанда, қабырға астары қабынғанда (плеврит), іш астары қабынғанда (перитонит), ми қабы туберкулезінде пайдалы әсерін тигізеді. Сондықтан С витамині мол қарақат және қызыл қарақат шырындарын, итмұрын тұндырмасын, жидек, помидор, апельсин сығындыларын, керек болса, оларға аскорбин қышқылын да қосып, ауру адамға күнде беруге болады. Бірақ витамині бар асты пісіру әдісін де білу керек. Қөп қайнатып пісірілген сүт пен овощта витаминдер қалмайтыны есте болсын.
Туберкулезді науқас адам тамақты күніге негізінен төрт-бес рет ішуі керек. Бірақ асты бірден өте тойып ішіп-жегеннен гөрі мөлшерлеп жиі тамақтанғанда тағам сіңімді келетіні есте болсын. Адамның әрқашан да белгілі бір мезгілде тамақтануға дағдыланғаны жөн. Осы тәртіп мықты сақталса асқазан жүйесі күн сайын тамақтанатын сағатты күтетін болады, Оның асты баптап сіңіретін шырыны дайындалып тұрады. Бұл — адамның асқа тәбеті шауып тұр деген сөз.
Астың бойға сіңімді болуына оның түрі мен баптап ішу тәртібі де әсер етеді. Айталық, ас жете шайналған сайын ол қарында оңай бапталады, бойға сіңімді келедә. Сондықтан тамақты асықпай ішіп, әбден шайнап жұтудың зор маңызы бар,
Туберкулезді дәрі-дәрмекпен емдеу. Денеге ұялаған туберкулез микробтарының өсіп-өнуін тоқтататын дәрі-дәрмектерді науқастың жалпы деңсаулығын қүшейтетін шараларға қоса жұмсасақ, нәтижесі ойдағыдай болмақ. Бұл жөнінде ғылымның соңғы кезде ие болған біраз жетістіктері бар. Солардың бірі нашарларан ішкі секрециялы без қызметін түзейтін және асқынған Туберкулезді басатын дәрілер. Бұған соңғы кезде кейбір гормондық дәрілер пайдаланылып келеді. Гормондық дәрілер практикада антибиотиктермен қоса жұмсалады. Қабынуға қарсы қолданатын бутадиен, аминазин, туберкулин тәрізді дәрілер де антибиотикпен бірге пайдаланса дәрінің емдік қасиетін көтереді, тұрақты нәтиже береді.
Соңғы кезде туберкулезді емдеуде антибактериалдық дәрілер көп жұмысалып жүр. Тәжірибеде стрептомицин, фтивазид, ПАСК, циклосерин, кейде тибон секілді дәрілер сенімді жақсы актады. Әсіресе фтивазид, ларусан тағы сол секілді дәрілер туберкулез микробына қырғидай тиеді.
Ал антибиотиктік және химиялық дәрі-дәрмектер табылып, іс жүзінде қолданыла бастағаннаи бері туберкулез науқастардың 85-90 проценті жазылатын дәрежеге жеттік. Бұл – ғылымның адам өмірін созу жолындағы ірі табысы. Химиялық дәрілерден жақсы нәтиже күткен науқас оларды белгілі бір тәртіппен ішқені жөн. Мысалы, тәжірибеде екі дәріні бірден ұзақ уақыт ішуге қосады. Әриие, оның қайсысын қалай, қанша мөлшерде ішуді тек дәрігер белгілейді. Сол секілді гормондық дәрілерді, внтаминдерді қай дәрімен қосып ішуді де дәрігер көрсетеді, Өйткені мұның өзі туберкулездің түріне, өршу сатысына, науқастың антибиотикке және басқа дәрілерге төзімділігіне байланысты. Сондықтан дәрі-дәрмек ішуде дәрігер белгілеген тәртіптен титтей де ауытқымау керек.
Практикада науқасты нақ сауықтыру үшін антибактериалдық дәрілерді аурудың түріне, сатысына қарай
9-12-18 айға дейін ішуге тиіс. Тек ауру адам қуаттанып, қақырығы микробтан тазарып, өкпедегі және басқа органдардағы туберкулез ошағы әбден бітеліп, өкпе ойығы жабылған соң ғана науқасты әбден жазылды дейміз, сонда ғана дәрі ішуді тоқтатуға болады. Әрине мұндай нәтижеге тез жету ушін ауруды асқындырмай, кезінде емдеу керек. Ресми мәліметтерге қарағанда өкпе туберкулезі білінісімен 12-15 ай үзбей емдесе, аурулардың 85 процентіне дейіні дақсыз жазылып кететіні анықталып отыр.
Амал қанша, кейбіреулер салақтық істейді. Берген дәріні біраз күн ішеді де, қойып кетеді немесе бірде ішіп, бірде ішпей жүріп, артынан қайта бастайды. Олардың ішінде арақ ішіп қоятындар да бар. «Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады» дейді. Кейбір дәйексіз адамдар осы өмірден алынған талассыз сөзге де құлақ аспайды, 12-18 аи бойы үзбей дәрі ішуді үлкен жүк көреді. Әрине, олардың ақыры жақсылыққа соқпайды, өмірге қауіп туғызады.
Туберкулезді хирургиялық әдіспен емдеу. Туберкулезден адамды емдеудің үшінші жолы – хирургиялық әдіс. Мұндағы мақсат – микроб ұясын денедсн аластау. Хирургиялық шара да басқа емдік әдістермен ұштастьтрыла жүргізіледі.
Туберкулезі асқынып, өкпесі ойылған ауру жеке басына ғана емес, оның төңірегіндегі, әсіресе сол, семьядағы сау адамдар үшін өте қауіпті. Себебі науқас жөтелген, кақырған сайын және басқа да тұтынған заттармен туберкулез микробтарын жан-жағына таратып, жұқтырып отырады. Сондықтан өкпе ойылғанын қалай да жабу шарасы көптен бері іздестіріліп келді.
Өкпедегі туберкулез ойған жараны (каверно) жаппайынша науқасты сауықтыру және оны төңірегіндегі кісілерге қауіпсіз ету мүмкін еместігі айқындалды. Сондықтан қазіргі күнде өкпеге әр түрлі операция жасалып, ашылған қуысты жабу шаралары істеліп келеді.
Кейде науқасты түнгі тер қатты қажытады. Бірақ кейбір қолдан келетін әдісті қолданын, терді тыюға немесе азайтуға болады. Тершең науқас тым қалық киінуге, әсіресе, түнде қалық оранып жатуға болмайды. Бөлмені ысытып жібермей, оны қоқыр салқын (12-13 градус) жылылықта ұстаған жөн. Жатар алдында денені жылымшы сулы орамалмен ысып ішкі киімді жиі өзгертіп тұру да пайдалы.
Өкпе туберкулезінің кейбір түрінде қан қақыру жиі кездеседі, тіпті өкпеден қан да ағады. Қақырықта аздап қан тамшысы, қан ізі көрінісімен адам кідірмей дәрігерге көрінуге тиіс. Әрине, дәрігерге қан араласқан қақырықты ала барған жөн. Қақырыққа араласқан қанның түрін көріп дәрігер оның қайдан шыққанын айтады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қасымбекова Қ.Қоршаған ортаны қорғау – адамзаттық міндет.
Заман – Қазақстан. 2002ж. 4 қазан. №40. 6-бет
Шоқпытов А.Су мөлдір, ауа таза, көк шалғын мен орман – тоғай жайқалсын десек...Атамекен. 2002 ж. 10 шілде.
Қараева Ш. Қоршаған орта – қамқорлыққа зәру. Сақшы. 2002 ж. 19 қыркүйек. 5-бет
Жұмалиева Б. Экологиялық сақтандыру туралы заң керек. Бірақ, сақтауды ойлап жатқан ешкім жоқ. Алтын Орда. 2004 ж. 5-7 тамыз 7-бет.
Әбенбаева С. Табиғат та сұлулықтың кәусарбұлағы. Ұлт тағлымы. 2003 ж.
Бейсенова Ә. Мәселенің мәні неде? Парасат. 2005 ж.
Темірғали Ж. Экология – екінші реттегі мәселе емес. Заң газеті. 2001 ж. 28 мамыр 3-бет
Фурсов В.И. экологические проблемы окружающей среды – Алматы 1991-192 б.
Бордский А К Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы Алматы ғылым 1997 -192 б.
Достарыңызбен бөлісу: |