Жоспары: І. Ерлік сабағының ашылуы ІІ. Қонақтарды таныстыру ІІІ. «Ауған ақиқаты». Ауғанстан соғысы тарихына қысқаша мәлімет ІҮ. «Ардагермен сұхбат» Ү. «Жауынгер және жасұлан» сайысы ҮІ. Қорытынды



бет1/3
Дата07.05.2017
өлшемі350,36 Kb.
#16195
  1   2   3
Жоспары: І. Ерлік сабағының ашылуы ІІ. Қонақтарды таныстыру ІІІ. «Ауған ақиқаты». Ауғанстан соғысы тарихына қысқаша мәлімет ІҮ. «Ардагермен сұхбат» Ү. «Жауынгер және жасұлан» сайысы ҮІ. Қорытынды. Барысы: 1 – жүргізуші Құрметті қонақтар, Ұстаздар мен студенттер! Интернациолист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауғанстан ақиқаты» ерлік сабағымызға қош келдіңіздер! 2 – жүргізуші: Жаулардан қарсы келген жасқанбаған Жасаған ерлігіне мастанбаған. Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп, Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық. ___________________________________________________________________________ ІІІ. «Ауған ақиқаты». Ауғанстан соғысы тарихына қысқаша мәлімет 1 – жүргізуші Ауғанстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Тарих бетінен сызып алып тасталмайтын бұл соғыстың қысқаша тарихын сөз етейік. 1 - оқушы: Алдымыздағы ақпанның 14 - інде КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 24 жыл болады. Ауғанстанға армияны енгізу туралы шешім 1979 жылдың 12 желтоқсанында Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросының отырысында қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілді. Қызыл Армияның шектеулі континенті он жыл бойы ауған халқымен бірге соғыс әрекеттерін жүргізді. Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған Қызыл Армия жауынгерлерінен басқа да, көптеген қауіпсіздік қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлері де болды. 1986 жылдың ақпанында болған КОКП ХХҮІІ съезінде М. Горбачев әскерді кезең - кезеңге бөліп, ауған жерінен шығару керектігін мәлімдеді. 1989 жылы ақпанның 14 күні КСРО – ның соңғы әскери бөлімі Кабулдан шықты. «Ауған соғысының табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20 – ның арасындағы өрімдей жастар, бас - аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз»,- Ауған соғысына КСРО құрамына 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 21 адам хабар – ошарсыз кетті. 2 – оқушы: КСРО әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шыққанына 24 жыл толуын атап өту қарсаңында «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына қатысты қаз. ақпарат тілшілерімен ой бөліскен Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл жастарды ел үшін еңбек етуге шақырады. «Ең алдымен айтарым, адам баласын жақсылыққа үміттендіріп, жақсылыққа жетелеген лазым. Жамандықтың бір кілті ашылса, адамның да, қоғамның да қалған өмірі күреспен өтеді. Елбасының биылғы Жолдауы Қазақстанның әлемдік деңгейдегі беталысы мен бағытын айқындап берді. Президентіміз Жолдауын жастарға арнады. Шын мәнінде, бүгінгі жастар өзгеше. Тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар. Жастар жауапкершілікпен қатар, ауыртпашылықты да сезінуі керек,»- дей келе Ауған соғысының ардагері бүгінгі еңбек майданын кешегі ауған соғысына теңеді. 1 – жүргізуші: - Осыған байланысты қазіргі жастарға қойылатын талап өте жоғары деңгейде екенін біле отыра жастардың білім алуға, еңбекке деген, Отан қорғауға деген жауапкершілігі қаншалықты деңгейде екені жайлы ой бөлісе отырсаңыздар - 2 – жүргізуші Құрметті қонақтар ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпаққа жауынгер ағалардың аманаты ретінде 3 курс студенті Шарапов Олжастың «Ұрпаққа аманат» арнауын назарларыңызға ұсынамыз. Ұрпаққа аманат Баласы батыр туғаннан Денесін сумен жуғаннан Батыр да халық қазақпыз Кіндігін түйіп буғаннан Даламен бірге қайнасып Көкпенен бірге жайнасып Көршімен тату, жауына қату Қарасаң егер байқасып Тамыры терең кететін Жайнаған дархан мекенім Бар ма екен шіркін жалғанда Қазахияма жететін Осындай елді құраған Бабадан қалған мұрадан Жастарға сарқыт ерлігі Сел болар ақса жырадан Ел үшін өткен батырлар Шайырлар менен ақындар Күш пенен түйсік, ақылды Бағындыра алған дарындар Олардың ерлік тәлімі Халқына айқын мәлімді Ұғына алса керекті Қазіргі ұл - қыз хәліңді Атойлап шапқан батырлар Рухын қайрап ақындар Ұрпағым аман болсын деп Қыршынбасын деп жатырдан Ел үші қиып құр жанды Ұстанған елміз бір заңды Биікке қойған қазақпыз Ар - ұятпенен ұжданды Жауына күшін көрсетіп Ізіне ерген ел сеніп Жастарға бүгін аманат Жасалған істер белсеніп Бабалар салған сара жол Өшпейтін мәңгі дара жол Ұрпаққа бүгін аманат Қорғай біл халқым пана бол 1 – жүргізуші: «Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет. ІҮ. «Ардагермен сұхбат» - Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз? - Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз? - «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз? 1 – жүргізуші: Он жылға тарта созылған бұл соғыстың аяқталуы да ауыр болды. Біздің білетініміз 15 ақпан 1989 жылы 40- армияның Ауған жерінен генерал Боир Громовтың шығуы еді. Шын мәнінде оқиға басқаша болған. Соғыс бітсе де шекаралар мен негізгі құрамалар қалдырылған. Соңғы шығушы қазақстандық офицер Виктор Харичев басқарған шекарашылар. Олар ешқандай сән – салтанатсыз. Құшаққа алған гүлдерсіз Ауған жеріндегі соғыстың ақырғы нүктесін қойды. Өкінішке орай бұны әркім біле бермейді. Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 24 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз. ІІІ. «Жауынгер және жасұлан» сайысы Оқушы: Мен қазақпын, Ұланымын елімнің, Мен қазақпын, тірегімін жерімнің. Ұланымын туын көкке көтерген, Болашаққа алға бастап жетелер. Қиындығын қазағымның әрқашан Қайыспайтын қара нардай көтерер. 2 - жүргізуші: Құрметті қонақтар келесі кезекте «Жауынгер және жасұлан» сайысын назарларыңызға ұсынамыз. Ортаға жауынгер – интернациалсит пен жасұландарды шақырамыз. 1. Блиц сұрақтар 2 топқа 9 сұрақтан сұрақтар қойылады. 1. Қазақстан Республикасында неше облыс бар? 14 2. Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды? 1995 жылы 30 тамыз 3. Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік, қоғамдық істегі қызметі, еңбектегі жетістіктері мен жауынгерлік ерліктері үшін ордендермен марапатталады. ҚР - да қандай ордендер беріледі. «Отан» ордені, «Даңқ» ордені (2 дәрежелі), «Айбын» ордені (3 дәрежелі),«Парасат» ордені «Достық» ордені (2 дәрежелі),«Құрмет» ордені,«Барыс» ордені (3 дәрежелі) 4. Қазақстанның Қарулы күштері қай жылы құрылды? 1992 жылы 5. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні 4 маусым 6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі кім? Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы 2 Мозайка 2 топқа 2 түрлі сурет қиындылары беріледі. Тез уақыт аралығында жинау қажет. 3. Әуенді тап 1. Елім менің /Б. Тлеуханов/ 2. Көк тудың желбірегені / Ақсұңқар Әбілтай/ 3. Айналдым елім / Жігіттер кв./ 4. Қазақ елі осындай /М. Арапбаева/ 5. Мен Қазақпын /Е. Құдайбергенов/ 6. «Атамекен» /Е. Қасанғалиев/ әндері 2 топқа жасырылады. ІҮ. Қорытынды сөз / Ой түйін/ Жүргізуші: Құрметті көрермендер, Бүгінгі Ерлік сабағынан түйген ойларыңыз. Қысқа - нұсқа 1 - Жүргізуші: - Өтер жылдар, айлар тағы алыстап Тағдыр талай тауқыметін табыстар. Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес. 2 - Жүргізуші: Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін. Ән «Майдангерлер» 
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,

Мұнайшы селосы, №7 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі

Джетимекова Сауле Аскеровна

Сынып: 10

Тәрбие сағаты: «Ауғанстан - журектегі жара»

Мақсаты:


Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.

“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет алу.

Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: еске алу сабағы

Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта.

Сабақ бағдарламасы:

1. Отан туралы өлеңдер (еліміз туралы видеоролик)

2. Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама (видеоролик)

3. «Қанжардан құтқарған қазақ тілі» (көрініс)

4. Ауғанстан соғысының ардагері Қалджанов Қошық Жүзбайұлы туралы мәлімет (Слайд)

5. Күй «Кероғлы»

6. «Тәуелсіз Қазақстан» (видеоролик)

7. Қорытынды

Сабақ жүрісі: Ашылуы

Жүргізуші - Қайрат:

Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік

Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің аса құрметті қонақтары!

Нұрсейіт: Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер төркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар

Болмаған,- деп - Әнұран?!

Әнұран орындалады.

Жүргізуші - Қайрат:

Соғыс жан алып – жан беру

Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына байланысты

«Ауғанстан - жүректегі жара» тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Жүгізуші - Ақмоншақ:

1989 жылы, Ақпан айының 15 - де талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

(Еліміздің табиғаты туралы слайд көрсетіледі.)

Гүлжайна: Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға, түс, кейпін

Достым, білгің келе ме?

Рахымжан: Отан - сенің ата - анаң

Отан - досың, бауырың,

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.

Отан - тарих, Отан - тіл,

Жасаған елің, өз халқың!

Отан - өлең, Отан - жыр

Көтерген көкке ел даңқын.

Отан - осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

Отан деп өсіп жан - жағың,

Оны ардақтап, сүйе біл!

Абыз: Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен -

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Жеткізген: Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан»- деп сыбырлаған

Айгүл: Жаным менің, кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Отан!

Отан!


Бәрінен биік екен

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күйік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен.

Сәкен: Отан белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін жанын пида қып күресіп келе жатқан өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата - ана, бала - шағасы, жары, дос - жаран туысы. Солармен бірге жалғанған көретін қызығы мен бақытты тұрағы, өлгеннен кейін де, ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.

Жүргізуші - Қайрат: Сыныбымыздың оқушылары Мақзам Нұрбек, Мырзабай Алтын Соғыстың тарихынан қысқа баяндама жазып келіпті соны тыңдаңыздар.

Мақзам Нұрбек: КОКП ж/е КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген "Халықтық - демократиялық үкіметті" қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп интернационалдық әскери жәрдем береміз деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. 1965 жылы қаңтарда Ауғаныстанға Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тыңшыларының қатысуымен астыртын қызмет атқарған Ауғаныстан халықтық - демократиялық партиясы құрылып, біраздан соң ол екіге бөлініп "Халық" тобын Н. М. Тараки, Х. Амин, ал "Парчам" тобын Б. Кармал басқарды. 1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен Ауғаныстан халықтық - демократиялық партиясының екі тобы бірігіп астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі халықтық - демократиялық партиясына қысым жасап, 1978 жылдың 26сәуірінде оның бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғаныстанға АХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО - ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға көшті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік романдарды көбірек пайдалану жергілікті көшпелі тайпалардың әдет - ғұрпымен, салт - мүддесімен санаспау, т. б. бұхара халықтың наразылық тудырды.

Мырзабай Алтын: 1978 жылы қазанда ірі қақтығысулар басталды. Ауған үкіметі КСРО мен достық тату көршілік ж/е ынтымақтастық туралы шартқа отырып Мәскеу арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда АХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп оның өзін Чехославакияға елші етіп жіберді. Келесі жылы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, АХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайда Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Аминді қызметінен шеттетіп "парчамшыларды" билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л. И. Брежнев, Ю. В. Андропов, М. А. Суслов, Д. Ф. Устинов Ауғаныстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақстан ауған соғысына 22 000 адам қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.

Мұғалім: Ауғанстан соғысы не үшін басталды? Оқушылар ендігі кезекте тақтаға назар аударайық. (Ауған соғысы туралы видеоролик көрсетіледі)

Көрініс: «Қанжардан құтқарған қазақ тілі» (соғыс дауысы үнтаспадан жіберіледі)

Ақтөре:

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,



Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісің!

Таңат: Сақтады олар елін, жерін, қонысын

Ақтады олар азаматтық борышын

Сол үшін де қолтығынан сүйейік,

Ардагерге - майдангерге

Иейік біз барлық жерде

Басымызды сол үшін.

Жүргізуші - Қайрат: Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз.

Рахмет отырыңыздар!

Жүргізуші - Ақмоншақ

Ардагерлер

Айтса ертек көгендері

Тайбандары таймаған өрден кері

Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,

Кеуде толы жарқырап ордендері.

Ерлан: Туған жердей жат жердің болмайтыны - ақиқат,

Оған көңілің толмайтыны - ақиқат.

Алтын торда алтын құс өсірсеңде, бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса, қонбайтыны - ақиқат.

Набат: Қызығы балалықтың тарқамаған,

Кезінде - ақ әр ауылдан, әр қаладан

Аттанып қан майданға сендерсің ғой

Соғыстың бар азабын арқалаған.

Мұғалім: Міне, біздің де Мұнайшы ауылында осы зұлмат соғысының ардагері Қалджанов Қошық Жүзбайұлы тұрады екен. Ол бүгін келе алмады. Бірақ сыныбымыздың оқушылары үйіне барып, сол кісімен сұхбаттасып, мәліметтер жинақтап, сіздерге ұсынғалы отырмыз.

Қалджанов Қошық Жүзбайұлы 1958 жылы 10 - қарашада Түркменстан республикасы Мары облысы Тахта - Базар ауданы Саража совхозында дүниеге келген. 1965 жылы Саража совхозындағы №20 мектепке 1 - сыныпқа қабылданып, 1975 жылы бітірді. 1977 жылы әскер қатарына шақыртылып алынды. Ресейдің Краснодар жерлерінде әскери борышын өтеді. 1979 жылы желтоқсанда Ауғанстанға соғысқа кетті. Соғыс 1989 жылы ақпан айында аяқталды. 1981 жылы отбасын құрған, бес баланың әкесі.

(Ардагер туралы мәлімет оқылады, слайд көрсетіледі)

Сұлуфан: Сапқа тұр, ақ ниет адамдар

Кел қосыл бейбітшіл шеруге

Тыныштық жауларын жеңуге.

Бейбіт күн тулары самғасын

Тыныштық тулары шарласын,

Жетім боп ана мен балалар,

Ойран боп от басы қалмасын.

Жол берме соғысқа азамат

Сен ғана тыныштық қорғаны.

Гаухарай: Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен,

Жарқын дүние жанарынан сан көшкен.

Ардагерлер - естелігі ерліктің,

Ұрпақтары - бұтақтары,

Қасиеттің, өсиеттің, ұмытылмас мәңгі естен.

Жүргізуші: Ақмоншақ

Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,

Сен құлаған көлбетіп таулы алыстан.

Елестейсің көзіме қасірет боп

Қайғым да сен мәңгілік - Ауғанстан!

(Видеоролик соғыс деген немене)

Жүргізуші: Қайрат

Бәріміз де Отанды сүйетін, елін, жерін қорғайтын батыр атаның ұрпақтарымыз. Егеменді Қазақстанның патриот ұландарымыз.

Сүйеген Исмайыл «Кероғлы» күй орындайды.

Мұғалім: Қазақ жұрты не көрмеді десеңдерші, тарих беттеріне көз жүгіртсек, «Қазақ» хандығы құрылғаннан бері қазақтардың басынан түрлі қиын - қыстау кезеңдер мен адам төзгісіз жан түршігерлік жағдайлар өткені жайында сыр шертеді. Қазіргі таңда еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті.

(Қазақстан туралы видеоролик көрсетіледі.)

Жүргізуші: Ақмоншақ

О, олардың көз жасының татымын

Татып көрсең ойланар ең пақырым

Халық болып ешқашанда оңбайды

Жылатқан ел ақыны мен батырын

Мұғалім: - Сабағымызды «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» әнімен аяқтағымыз келіп отыр.

Сабағымыздың соңында мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары Мұқашева Айжан апайға сөз беріледі. Келесі сөз кезегі бүгінгі кешімізге қатысып отырған қонақтарда.

Мұғалім сабақты қорытындылайды.

Сынып: 10 «А»

Тәрбие сағаты:

«Ауғаныстан- журектегі жара»

Мақсаты:

Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.

“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу.



Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: еске алу сабағы

Көрнекілігі:  Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта.

Сабақ бағдарламасы:

1.     Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама

2.     Майданда туған жыр

3.     «Қанжардан құтқарған қазақ тілі» (көрініс)

4.     Мақал-мәтелдер сайысы.

5.     Қорытынды

Жүргізуші:

Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік

 Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің  аса құрметті қонақтары!

   Әнұран.

Жүргізуші:

Соғыс жан алып – жан беру

Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт

 Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 23жыл толуына  байланысты

«Ауғанстан- жүректегі жара» тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз. 

Жүгізуші:

1989 жылы, Ақпан айының 15-де талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз  қаза  тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы»  аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі  ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді?  деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын  Отан алдындағы борыштарын  адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

Сыныбымыздың оқушысы Қожахметова Н.  Соғыстың тарихынан қысқа баяндама жазып келіпті соны тыңдаңыздар.

         КОКП ж/е КСРО басшылығы Ауғаныстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген "Халықтық-демократиялық үкіметті" қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп интернационалдық әскери жәрдем береміз деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. 1965 жылы қаңтарда Ауғаныстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тыңшыларының қатысуымен астыртын қызмет атқарған Ауғаныстан халықтық-демократиялық партиясы құрылып, біраздан соң ол екіге бөлініп "Халық" тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал "Парчам" тобын Б.Кармал басқарды. 1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен Ауғаныстан халықтық-демократиялық партиясының екі тобы бірігіп астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі халықтық-демократиялық партиясына қысым жасап, 1978 жылдың 26сәуірінде оның бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғаныстанда АХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға көшті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік романдарды көбірек пайдалану жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұхара халықтың наразылық тудырды. 1978 жылы қазанда ірі қақтығусылар басталды. Ауған үкіметі КСРО мен достық тату көршілік ж/е ынтымақтастық туралы шартқа отырып Мәскеу арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда АХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп оның өзін Чехославакияға елші етіп жіберді. Келесі жылы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, АХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайда Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Аминді қызметінен шеттетіп "парчамшыларды" билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов, М.А.Суслов, Д.Ф.Устинов Ауғаныстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақстан  ауған соғысына 22 000 адам қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. 

  Жүргізуші:

Ауған жерінде интернационалдық парызын өтеу барысында қайтыс болған Целиноградтықтар:

1.     Шайкенов Ағзам Тойбатырұлы 1959жылы прапорщик. 1986жылы 13 наурызда дүниеден өтіп, Шнет ауылында жерленді.

2.     Ульянов Владимир Геннадьевич 1963 жыл қатардағы жауынгер. 1983 жылы қарашаның 26 қайтыс болып Софиевка ауылында жерленді.

3.     Берлизов Иван

  Жүргізуші:

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!

  Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут  үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз. 

Рахмет отырыңыздар! 

  Жүргізуші: 

Ардагерлер

Айтса ертек көгендері

Тайбандары таймаған өрден кері

Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,

Кеуде толы жарқырап ордендері.

   Сөз кезегі «Ауған сығысының мүгедектері мен ардагерлерінің одағы» Целиноград ауданы бойынша Қоғамдық Бірлестігінің Төрағасы Дүйсекеев Жанат Төлеуұлына беріледі.

   Жүргізуші

  Сыныбымыздың оқушылары соғыс кезінде жазылған өлең жырлардан үзінді оқиды.

  Жүргізуші 

Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,

Сен құлаган  көлбетіп таулы алыстан.

Елестейсің көзіме қасірет боп

Қайғам  да сен мәңгілік- Ауғаныстан!

Ендігі сөз кезегі мектебіміздің  алғашкы әскери  дайындық  пәні мұғалімі Ахманов Жаңбырбай Тұрханайұлына беріледі

  Жүргізуші

Соғыстан қайтқан ержүрек ағаларымызға сөз беріледі.

  Жүргізуші

Бәріміз де Отанды сүйетін, елін, жерін қорғайтын батыр атаның ұрпақтарымыз. Егеменді Қазақстанның патриот ұландарымыз.

Мағзұм Ару «Балбырауын» күйін орындайды

  Жүргізуші

О, олардың көз жасының татымын

Татып көрсен ойланар ең пақырым

Халық болып ешқашанда оңбайды

Жылатқан ел ақыны мен батырын

Көрініс: «Қанжардан құтқарған қазақ тілі»



Жүргізуші залда ойын өткізеді.

“Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ”

3-топ

1.     Отан

2.     Ана

3.     Батыр

Сабағымызды «Атамекен» әнімен аяқтағымыз келіп отыр.

Сабағымыздың соңында мектебіміздің тәрбие ісінің  орынбасары       Қанапина Қымбат Серікқызына сөз беріледі.

Мұғалім сабақты қорытындылайды.









Каталог: uploads -> doc -> 001d
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
001d -> Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы германияның ксро-ға шабуылы шыраева Жанар Зейнуллақызы Тарих пәні оқытушысы
001d -> Қазіргі заманғы шаруашылық байланыстары. Сыртқы сауда
001d -> Сабақ жоспары «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі
001d -> Сабақ жоспары. Пәні: Қазақ тілі Тақырыбы
001d -> Сабақ тақырыбы: Отан отбасынан басталады Пән мұғалімі
001d -> Сабақ жоспары Топ Күн пд-21 Пән: Қазақстан тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет