ЖұҚпалы аурулар туралы жалпы түсінік. «Инфекция» латын тілінен аударғанда «Жұқтырамын,ластаймын» деген мағынаны білдіреді. Жұқпалы аурулар



бет1/8
Дата04.10.2023
өлшемі38,09 Kb.
#183693
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жуқпалы аурулар туралы жалпы түсінік




ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
«Инфекция» латын тілінен аударғанда «Жұқтырамын,ластаймын» деген мағынаны білдіреді.
Жұқпалы аурулар – патогенді вирустармен, бактериялармен және қарапайымдылармен қоздырылатын аурулар тобы.
Қоздырғыш пен адам ағзасының өзара әрекетінің түрлері әртүрлі болып келеді және қоздырғыштың биологиялық қасиеттеріне, макроорганизм ерекшеліктеріне байланысты. Бұл әрекеттің бірнеше түрлері бар.
Бұл белгілі бір патогенді микроорганизмнің, (қоздырғыштың) макроорганизмге, яғни тірі организмге еніп, патологиялық процесті туғызатын биологиялық құбылыс. Бұл құбылысты инфкециялық процесс деп атауға болады.
Инфекциялық процесс – қоздырғыш пен макроорганизмнің белгілі бір жағдайдағы өзара әрекетінің күрделі комплексі.
Ал жұқпалы ауруды, осы жұқпалы процесстің ең соңғы сатысы деп атауға болады. Жұқпалы аурудың басқа ауруларға қарағанда бірнеше ерекшеліктері бар:
- аурудың жұқпалылығы (бір адамнан немесе жануардан сау адамға жұғуы);
- арнайылық (специфичность) - әрбір жұқпалы ауруды белгілі бір микроорганизмнің бір түрі туғызады);
- кезеңділік (цикличность) - инфекциялық процесс бір кезеңнен бір кезеңге ауысып отырады;
- аурудан кейін қалыптасатын организмдегі арнайы иммунитеттің дамуы. Яғни организм осы ауруды екінші рет қабылдамайды. Бірақ иммунитеттің ұзақтығы аурудың түріне байланысты. Мысалы: бір ауруда иммунитет тұрақты өмір бойы қалыптасса, бір ауруда иммунитет тұрақсыз – ұзақ уақытқа созылмайды.
Жұқпалы аурулардың кезеңдері:

  • Инкубациялық кезең. Оны «жасырын» кезең деп те атауға болады. Ол қоздырғыштың организмге еніп, алғашқы клиникалық белгілердің пайда болғанға дейінгі кезең. Бұл кезеңнің ұзақтығы әр ауруда әр түрлі ұзақтықта болады. Тұмауда, тағам токсикоинфекцияларында бұл кезең сағаттарға созылса, сары ауруларда апталарға созылады, ал гепатит В, лепра, СПИД т.б. ауруларда жылдарға созылады. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы адам организмінің реактивтілігіне (қабылдағыштығы) және қоздырғыштың вируленттігіне, мөлшеріне(дозасына) байланысты.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет