Жұқпалы аурулар – зардапты вирустардың,микоплазмалардың,хламидийлердің,спирохеталардың организмге еніп,одан өсіп – өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар.Жұқпалы ауруларды көбіне “ИНФЕКЦИЯ”деп атайды. Олар: 1.Ішектік инфекция 2.Жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары 3.Қанның 4.Сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.
Аурухана ішілік инфекциялар бүкіл әлемдегі денсаулық сақтаудың маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Бұлардың тигізетін әлеуметтік-экономикалық зардабы өте үлкен. Қазіргі кездегі емдеу-диагностикалық технологиялардың жетістіктеріне қарамастан, АІШ мәселесі медициналық және әлеуметтік қажеттікті бұрынғыдан да көп керек етеді. Өзіміздің және шетел зерттеушілерінің мәліметтеріне қарайтын болсақ, АІИ ауруханада жатқан адамдардың 5-20% кездеседі.
Дамуына әсер ететін факторлар
АІИ қазіргі кезде өсіп-дамуы мына факторларға байланысты: Ірі ауруханалық комплекстердің құрылуы. Аурулардың бір-бірімен күнделікті және тығыз араласуы. Инфекцияны тудырушылардың күшті және жасанды жұғу механизмінің қалыптасуы. Бұл инвазивті емдеу мен диагностикалық процедураға байланысты. Емдеу мен диагностикада стерилизацияның ерекше әдістерін қажет ететін күрделі техниканы қолдану да өз әсерін тигізуде. Инфекциондық ауру туғызушылардың жұғу механизмінің белсенділігі. Әсіресе, емдеу орындарындағы аурулар мен дәрігерлердің тығыз араласуы кезінде тұрмысты-контакті ауа арқылы таралуы мүмкін. Стационарға әлі анықталмаған инфекциондық ауруларымен түскен адам инфекцияның негізгі көзі, қайнары болып табылады. Антимикробтық препараттарды бақылаусыз қолдану. Әр түрлі дәрілік заттарға, қоршаған ортаның қолайсыз факторларына бейімделген микроорганизмдердің қалыптасуы. Халықтың қоршаған орта өзгерістеріне, өмір сүру шарттарына төзімділігі мен тұрақтылығының төмендеуі.
АІИ этиологиясы бойынша екі топқа бөледі:
Облигатты
Облигатты-патогенді микроағзалардың қоздыруы бойынша. Бұл топқа «дәстүрлі»инфекциондық аурулар-бала аурулары, ішек аурулары, ВГВ, ВГС және т.б. жатады. Бұл аурулардың үлесіне АІИ 15% келеді. Таза стационарда патогендік тудырушылар келесі жағдайларда болуы мүмкін:
ауруларға келушілер немесе беріп жіберген киімдер мен тамақ арқылы;
Шартты
Шартты-патогенді микроағзалардың, сонымен қатар адамның қалыпты микрофлорасына, кіретіндердің қоздыруы бойынша. Бұл топқа шартты-патогенді микроорганизмдердің тудыратын аурулары жатады. Бұны іріңді-қабынбалы аурулар анықтайды. Қоздырғыштары: стафилокок, стрептокок, грамотрицалық бактериялар. Кейбір кездерде ауруханаішілік ауруларды псевдомонадалдар, легионеллалар, ротовирусм туғызады. Зәр шығару жолдарының патологиясы грамотрицалық микро-ағзаларға байланысты Көкшіл ірің таяқшасы төменгі тыныс жолдарының инфекциясын тудырады. Психиатрлік стационарда ішек инфекциясы, гастроэнтерологиялық стационарда-хелинобактериоз және т.б. кездеседі.
Инфекцияның даму көздерінің молдығы. Іріңді хирургияда, күйіктің, уролоргиялық, туберкулездік стационарларда аурулардың инфекция көзі ретінде басымдылық көрсетуі. Онкологиялық стационарда, ВИЧ ауруларының бөлімдерінде экзогендік аурулардың көптеп болуы ЛПУ-дың жұғу механизмі тек шынайы жолдармен ғана емес, сонымен қатар артифизиальдік, жасанды, инвазивтік және емдеу процедураларына байланысты да жұғады.Әр түрлі типті стационарларға арға тән факторлар мен контигенттердің болуы. АІИ қоздырғыштарының көзі ретінде аурулар, медициналық жұмысшылар, ауруларға келіп-кетушілер көрсетілген. Инфекцияның берілуінің аэрозольдік жолы стафилокок және стрептокок инфекцияларының таралуында маңызды орынды алады. Инфекциялық ауа легионеллездің пайда болуына әкеледі. Жатын орын жабдықтары да анафилококтың пайда болуына әкелетін фактор болып саналады. Тұрмыстық берілу жолы грамотрицательдік бактериялардың туғызатын ауруларымен байланысты.
Берілу факторлары:
контаминирлік инструментарий, дем алуға көмектесетін аппарат, жұмысшылардың залалданған қолдары т.б. Этиологиялық агенттердің әсерінен пайда болатын инфекция тағамдық жолмен беріледі. Емшек еметін жас нәресте, шешесінен жұқтыруы мүмкін. Тағамды дайындау технологиясының бұзылуы, тағам жасайтын орындарда істейтін жұмысшылар инфекция тасушы болса, ішек инфекциларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Инфекцияның берілуінің артифициальдік жолының әсері өсуде. Біз диагностикалық және емдеу технологияларының нағыз агрессиясымен кездесіп отырмыз. Парентеральдік берілу кір шприц пен инені қолданғанда, залалданған препараттарды қанға енгізгенде кездеседі. Медициналық жұмысшылардың антисептика мен асептика ережелерін сақтамау, инструменттерді дұрыс дезинфекцияламау осындай жағдайға әкелуде.