Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинау.
«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»,
«Өлсем орным қара жер сыз болай ма» өлеңдерінен үзінді жаттау.
«Ескендір» поэмасын оқу.
Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған Ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абайы біреу-ақ... Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Абайы бар елдің мерейі үстем. Ол – қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.
Ақын шығармалары осы күнгі бай, ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қадады. Ақын шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала – поэмалары.
«Миға шабуыл» стратегиясы(1 минут)
1.Поэма дегеніміз не?
2.Абайдың неше поэмасы бар?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқуға және идеялық-тақырыптық негізін, ой астарын түсінуге үйрету, поэманың тереңіне бойлату, ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру.
Дамытушылық : Поэманы талдай білуге төселдіру, сын тұрғысынан ойландыру арқылы түйіндік ойларын айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, шығармашылық тапсырмалар арқылы білім алушылардың даралық мүмкіндіктерін көрсету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шешендікке баулу.
Тәрбиелік: Ақын шығармасындағы оқиғалар негізінде білім алушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін аша отырып, рухани имандылыққа, ізденіске, іскерлікке, таным белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.
«Сөздер сөйлейді» стратегиясы (1 минут)
«Сөздер сөйлейді» стратегиясы (1 минут)
Сөздердің мағынасын ашып, орыс, ағылшын тілдеріне аудару.
Хакім-
Данышпан –
Иман –
Ғибрат –
Аран –
Қолына –
«Кубизм» стратегиясы бойынша топтық жұмыс жүргіземіз. Екі топ кубикті пайдаланып, үш тапсырмадан алады.
1-қыры: «Ойланыңыз».
Шығарма мазмұнына жоспар құрыңыздар.
2-қыры: «Зерттеңіз».
Зерттеу сұрақтары:
1. «Абай «Ескендір» поэмасын шығыс поэзиясына сүйеніп жазды» - деген пікірді қалай түсіндіресіздер.
2. «Ескендір» дастаны тек шығыс поэзиясына ғана сүйеніп жазылған ба?
3-қыры: «Қолданыңыз».
«Ескендір» поэмасының мазмұны бойынша шағын көрініс көрсетіңіздер.
4-қыры: «Суреттеңіз». Поэмадағы
Ескендір бейнесін суреттеңіздер.
5-қыры: «Салыстырыңыз».Абайдың
«Ескендір» поэмасы мен қарасөзін салыстырыңыздар.
6- қыры «Талдаңыз».
«Ескендір» поэмасына
талдау жасаңыздар.
І топ. 4-тапсырма.
1. Өсиет (ақыл сөз) - қандай сөздер еді?
2. Поэмадан өсиет өлеңді тауып, автор орындығына отырып, мәнеріне келтіріп оқыңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз.
Қай тапсырманы орындағанда біліміңізді толық жеткізе алдыңыз?
Қорытынды:
Абай “Ескендір”поэмасы арқылы әлемдік әдебиетке үлес қосса,
біз осы поэмамен танысып,
талдау барысында бойымызға қандай асыл қасиеттерді жинадық?
Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Мұхтар Әуезов : «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себепті оқудан, білуге құштарлықтан, ізденуден жалықпайық дей отырып, үй тапсырмасын ұсынамын:
Үйге тапсырма
1. Поэмадан үзінді жаттау (міндетті).
2. Мазмұнын тезистеп жазу (міндетті).
3. “Ұлыдан-ұлағат” Абай шығармашылығы бойынша ізденіп, ойтолғау жазу (мүмкіндік деңгей) (Электрондық пошта арқылы жолдау).