Жүрек қан - тамырлар жүйесінің қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс Жүрек қан – тамырлар жүйесінің аурулары әр түрлі себептерге байланысты жүректің түрлі бөлімдерінің жұмысының бұзылуымен сипатталып, жүрек қан – тамырлар жетіспеушілігіне әкеліп соқтырады. Жүрек қан – тамырлар жүйесі ауруларының маңызды симптомдарына:
- жүрек қағуы
- жүрек тұсының ауыруы
- демікпе
- түншығу
- жүрек ырғағының бұзылуы
- шеткі ісінулер
- асцит
- артериалды қан қысымының жоғарылауы
- артериалды қан қысымының төмендеуі
- естен тану жатады.
Асцит – іш қуысында сұықтықтың жиналуы.
Тұншығу – кенеттен дамитын ұстама тәрізді ауа жетіспеу жағдайы.
Демікпе - бронхтар қуысының жіті тарылуынан немесе жүрек ауруының көрінісі ретінде дамитын тұншығу ұстамасы. Жүрек демікпесіне шуылды, ылғалды тыныс алу, көбік сипатты қанды қақырықтың бөлінуіне тән. Бронхты демікпесіне қиындаған тыныс алу және ұзарған дем шығаруға тән.
Жүрек қағысының жиілеуін пациенттер жүрек соғысының жиілеуі (тахикардия) ретінде қабылдайды және бұл симптомдар жүрек жетіспеушілігінің алғашқы белгілері болып табылады. Жүрек қағысының жиілеуі байқалған жағдайда медбике тез арада дәрігерге хабарлауы тиіс. Дәрігер себебін анықтап, қажетті ем мен режимді тағайындайды. Кей жағдайларда жүрек қағысының жиілеуі сау, бірақ жүйке жүйесі реттелуінің тұрақсыздығы жағдайында да байқалуы мүмкін. Бұл жағдайда валериана ертіндісі, тиімді денешынықтыру жақсы нәтиже береді.
Жүрек тұсының ауыруы - өте қауіпті ауру, миокард инфарктысының симптомы болып табылады.
Стенокардия – кеуде клеткасының артқы жағының немесе одан солға қарай тұсының қысып ауруы болып саналады. Ол шамадан тыс жизикалық жұмыс жасағанда немесе тыныштық жағдайында да болуы мүмкін. Ауырсыну бірнеше минутқа созылып, нитроглицериннің таблеткасын қабылдаған соң басылады. Ұстама ауырсыну симптомының басылуы үшін пациентке 2-3 тамшы 1% нитроглицерин ерітіндісін немесе бір таблетка нитроглицеринді тілдің астына беру керек. 2-3 минуттан соң ауырсыну басылады. Егер нәтиже болмаса 5 минут ішінде қайталап беруге болады. Кейбір жағдайларда ұстама 2-3 тамшы немесе 1 таблетка тілдің астына валидол салумен де басылады. Бірақ валидолдан болатын нәтиже нитрогицеринге қарағанда аздау болады.