Жүргізуші: Тыңдаңыздар,тыңданыздар! Бүгін бізде үлкен той-Нурыз мейрамы.Қымбатты балалар. Мен сіздерді көктемнің осы тамаша мерекесі-Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Бастан бақ,ауыздан ақ кетпесін!Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!



Дата31.01.2018
өлшемі32,3 Kb.
#36543
Беняш орталау мектебі

Қош келдің, әз наурыз.

Абдрахманова Динара Көкжебайқызы

Наурыз


Қатысатындар

1)Жүргізуші

2) Алдар көсе

Қатысатын балалар

1)Күнекей қыз

2) Наурыз-ханым



Жүргізуші:Тыңдаңыздар,тыңданыздар!

Бүгін бізде үлкен той-Нурыз мейрамы.Қымбатты балалар.Мен сіздерді көктемнің осы тамаша мерекесі-Наурыз мейрамымен құттықтаймын.Бастан бақ,ауыздан ақ кетпесін!Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Келіңдер,Наурыз тойға бәрің бүгін,

Аямас балапандар ән мен жырын,

Келіңдер,Наурыз күнін қарсы алайық,

Билейік,жыр жырлайық,ән салайық!

Келіңдер, қарсы алайық жылдың басын.

Аман боп алыс-жақын,кәрі-жасың.



1-нші бала: Наурыз келді –жыл келді

Жайнатуға гүлдерді.

Сәнденеді аналар,

Сәбилермен бірге енді .



2-нші бала: Наурыз келді – жыл келді

Түгел аймақ гүлденді.

Бақшадағы балалар,

Тойға әзір енді.

Наурыз әні орындалады.

Күнекей қыз: Мен күнекей қызбын.Мен жерге және сіздерге от сыйлаймын,сол оттын жанына көп қонақтар мен достар жиналады.Қазір мен сіздерге қазақша би билегім келеді.

Би орындалады.



Күнекей қыз: Мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.Ойынның аты «Екі тілде сөйлесейік».

Ойын «Екі тілде сөйлесейік»



Күнекей қыз:Орысша сөздерді айтады,ал балалар қазақша аударады.

Весна-көктем, Завтра-ертен, Голова-бас, Мяч – доп, Медведь- аю.



Жүргізуші: Наурыз-көктем мерекесі.Көктемде бүкіл жер гүлдей бастайды.

3-нші бала: Көктем,көктем,көктемде,

Құстар келіп жеткенде

Қуанып бір қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.



4-нші бала: Қар су болып жөнелді,

Қалды дала жалаңаш,

Күн нұрына кеңелді,

Бүршік атып бар ағаш.



5-нші бала: Келіп көктем құстары

Бау-бақшада ән салды

Оларды жас достары,

Ұя жасап қарсы алды.



Наурых-ханым:Сәлеметсіздер ме,қымбатты балалар,қонақтар! Наурыз мейрамы құтты болсын!Мен көптеген елдерде,жерлерде болдым.Наурыз мерекесін бүкіл шығыс елдері тойлап жатыр екен.Онда мен тамаша, ғажайып нәрселсерді көрдім.Сіздерге мен сол елдерден шашу әкелдім.

Наурыз-ханым балаларға шашу шашады.



Наурыз –ханым: Балалар, мен сендермен бір қызықты ойын ойнағым келіп тұр,ойынның аты «Оқтау тартыс»

Кәне, күш сынасып көрейік, араларындағы ең мықты,батыл балалар ойын ойнайды.

«Оқтау тартыс» ойыны

Наурыз-ханым: Рахмет, балалар! Мен сендермен көңіл көтеріп, жақсы дем алдым, бірақ енді мен басқа балабақшаларға барып, оңдағы балаларды құттықтауым керек. Сондықтан сендермен қоштасамын,сау болыңдар.

Жүргізуші: Балалар сендерге қандай ертегі ұнайды?

Балалар: Алдар Көсе.

Жүргізуші: Ал, балалар мерекемізге Алдар Көсені шақырайық.

Балалар Алдар Көсені шақырады.



Алдар Көсе.Сәлеметсіздер ме!Сендер ме, мені шақырған?

Жүргізуші:Иә, біз шақырдық, сені жұрттын бәрі көңілді, тапқыр дейді.Бүгін біздің балаларымыздың көңілін бір көтеріп тастауға қалай қарайсың?

Алдар Көсе:Бәрекелді,олай болса, мен балалармен ойнауды өте жақсы көремін.Менімен ойнағыларын келе ме?

Балалар:Иә.

«Орамал», «Теңге алу» ойындары.



Алдар Көсе:Жарайсыңдар, балалар ! Ойынды жақсы ойнайды екенсіңдер!

Балалар:Иә.

6-нші бала: Той-дастарқан, той үлгі

Бай дастарқан жайылды.

Атап-атап ас қойдық,

Атаға деп бас қойдық.



«Ақ дастарқан» өлеңі.

Жүргізуші:Міне, мерекеміз де аяқталып қалды!Бәріңізге зор денсаулық, ашық аспан, бақытты өмір тілемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет