Үйсін тайпасының материалдық жағдайы



бет1/6
Дата11.07.2020
өлшемі1,92 Mb.
#75084
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
uisin taipas n n materiald k zhagdai

Үйсін тайпасының материалдық жағдайы

Орындаған:Уразова Жансауле

Тексерген:Айдосынова Гаухар

Үйсіндердің материалдыық жағдайы

  • Ертедегі үйсіндердің олар қоныстанған бүкіл кең-байтақ аумақтағы қабірлерге орнатылған ескерткіштері екі үлгідегі: үйілген обалар және жалпақ қоршаулар түріндегі құрылыстар болып табылады. Әдетге, құрьшыстардың екі үлгісі де бір қорымның құрамынан кездеседі. Кейде қоршаулар жеке қорым құрайды, бірақ мүндай реттер біршама аз. Тек бір ғана қоршаулардан тұратын оқшауланған қорымдарды оп-оңай санап шығуға болады. Шығыс Жетісуда бұлар: Қалқан-1Үңгірқора-2Бесшатыр-4Ақшоқы-3Ақтасты-5 (Кеген өзенінің аңғары), Өсек-2 (Өсек өзенінің аңғары). Батыс Жетісу мен солтүстік Ферғанада Шығыс Жетісумен салыстырғанда мұндай қорымдар әзірше белгісіз.
  • Көп жылдық қазба жұмыстарының көрсеткеніндей, бүл ескерткіштердің сыртқы түріндегі айырмашылық олардың этникалық және мәдени тегіндегі айырмашылықты білдірмейді. Керісінше, жерлеу ғұрпы мен қоса салынған саймандар жөнінен олардың бір-бірінен ешбір айырмашылығы жоқ. Үйіндісіз қоршаулар неғұрлым ертедегі дәуірлердің сарқыншақтарымен байланыстырылады, сондыктан олардағы хронологиялық белгілер айқын ажыратылады. Алайда біздің байқауларымызда ондай тұжырымдарды дұрыс деуге салмақты дәлелдер жоқ. Сонымен, үйінді обалардан тұратын қорымдар үйсіндердің жерлеу құрылыстарын сипаттайтын ескерткіштердің негізгі үлгілері болып табылады. Обалар зираттың төңірегіндегі жергілікті материалдан үйілген. Обалар жазық далаларда — топырақтан, өзен аңғарларында — сары топырақтан немесе өзеннің малтатастарынан, тау етектерінде тас араластырылған топырақтан, қиыршақтастан, тастардан тұрғызылған. Үйінділердің көлемі мейлінше әр түрлі: диаметрі 80 метрден 100 метрге, биіктігі 10 метрден 12 метрге дейін жететін жер бетінен сәл көтеріліп жатқан үйіндісіз шағын обаларға дейін кездеседі. Үйсіндердің белгілі обаларының бәрін көлемі және жерлеу жабдықтарының байлығы жөнінен үш топқа: үлкен, орташа және кіші топтарға белуге болады. Белгілі қорымдардың басым көпшілігіндегі оба құрылысында үйсіндердің қабірге орнатқан ескерткіштері кұрылысының екі үлгісі — үйінді мен қоршау ұштасып отырады. Әр түрлі нұсқалары кездеседі, бірақ ең жиі кездесетіндері: 1) «үйінді астындағы» қоршаулы обалар; 2) «үйінді сыртындағы» қоршаулы обалар, яғни қоршау негізгі үйіндіні айналдыра белгілі бір қашықтыққа орналасады; 3) «үйінді үстіндегі» қоршаулы обалар. Соңғыларының нұсқалары: үйіндіні түбінен қоршап туратын қоршау, жиегіндегі қоршау және биік басындағы қоршау. Оба үйіндісіне екі-үш қоршау салынған реттер де мәлім, олар концентрикалық жиегі бойынша орналастырылған (Сарытай-3Ақшоқы-4), бірақ үйінді астында бірнеше қоршауы бар обалар әлдеқайда жиі кездеседі (Қалқан-1). Дербес топ ретінде немесе үйіндімен бірге кездесетін қоршаулар үлгісіндегі қабір құрылыстары көпшілік жағдайда — дөңгелек, кейде төрт бұрыш (шаршы, тік бұрыш), сирек болса да сопақша түрде болып келеді. Жер бетіне немесе үйінді үстіне үлкен-үлкен қойтастарды бір қатар немесе бір қабат етіп жай ғана қалай салу жолымен қоршауларға алдын ала ойлас- тырылған түр беріліп отырған. Егер тастың көлемі неғұрлым ұсақ сынықтары пайдаланылса, олардың биіктігі мен ені бірнеше қабат етіп қаланған. Өзен аңғарларында қоршауларды қалауға өзеннің үлкен малтатастары қолданылған. Қоршаулардың биіктігі мен ені орта есеппен алғанда тиісінше 0,5—0,6 м және 0,2—0,3 м.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет