Камералдық бақылау



Дата22.04.2024
өлшемі4,99 Mb.
#201159
Байланысты:
11-тақырып

Камералдық бақылау

МАЗМҰНЫ

Камералдық бақылаудың қажеттілігі

Камералдық бақылауды жүргізу тәртібі мен мерзімдері

Камералдық бақылау нәтижелері

Камералдық бақылаудың қажеттілігі

салық төлеушi ұсынған салықтық есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негiзiнде салық органдары жүзеге асыратын бақылау.

Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Салық органдарында тіркеу есебіне қою және Салық кодексінің 96-бабына сәйкес салықтық есептілікті ұсыну және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу арқылы салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық төлеушіге дербес жою құқығын беру камералдық бақылаудың мақсаты болып табылады.

Камералдық бақылауды жүргізу тәртібі мен мерзімдері

Камералдық бақылау Салық кодексінде белгіленген осындай кезең үшін салықтық есептіліктіұсыну мерзімі өткеннен кейін тиісті салықтық кезең үшін жүргізіледі.

Камералдық бақылау Салық кодексінің 48-бабында белгіленген ережелер ескеріле отырып, талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде жүзеге асырылады.

Камералдық бақылау салық органдарында бар келесі деректерді:

1) салықтық есептілікті;

2) өзге де мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерін;

3) салық төлеушінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді;

4) салық кодексінде белгіленген өзге де есептілікті салыстыру арқылы жүргізіледі.

Камералдық бақылау нәтижелерi

Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама салық төлеушіге салықтық есептілікте бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мәлімет үшін жіберіледі.

Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда:

- тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;

- тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама ресiмделедi.

Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық есептілікте бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мәлімет үшін жіберіледі.

Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық есептілікте бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мәлімет үшін жіберіледі.

Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаның нысанын уәкілетті орган белгілейді.

Осы ережелер камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған тәуекел дәрежесі елеусіз бұзушылықтарға қолданылмайды және тәуекелдерді басқару жүйесінде ескеріледі.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол тапсырылған (алынған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Қорытынды

Салық органдарында тіркеу есебіне қою және осы Кодекстің 96-бабына сәйкес салықтық есептілікті ұсыну және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу арқылы салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық төлеушіге дербес жою құқығын беру камералдық бақылаудың мақсаты болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет