Капанова Марьям Есентаевна Оқу құралы орыс тілінде жүретін мектептеріндегі 5-сынып оқушыларына арналған «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты курс бағдарламасы



бет1/3
Дата12.03.2018
өлшемі1.58 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3
Астана қаласы

14 мектеп-гимназиясы



«Қазақ халқының салт-дәстүрлері»
5-сыныпқа арналған оқу құралы

Құрастырған:

№ 14 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі:

Капанова Марьям Есентаевна

Оқу құралы орыс тілінде жүретін мектептеріндегі 5-сынып оқушыларына арналған «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты курс бағдарламасы негізінде жазылған. Онда грамматиалық материалдар, танымдық мәні бар халқымыздың тұрмыс-салт дәстүрін көрсететін әр түрлі мәтіндер қамтылды.

Оқу құралының құрылысы жеке-жеке сабақтар бойынша түзіліп, біртұтас білім жүйесін құрайды. Әр сабаққа берілген тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар, мақал-мәтелдер, кестелер, сызбалар грамматикалық тақырыпқа сай белгілі жүйеге келтірілген. Ондағы мақсат – оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, мәтінді толық қамтып, сөз байлығын арттыру. Кейбір мәтіндерден кейін деңгейлік тапсырмалар берілген. ІІ,ІІІ-деңгейдегі тапсырмалар 5-сынып оқушыларының мемлекеттік стандартындағы білім деңгейлерін қамтылса, І деңгейдегі тапсырмалар дарынды балаларды кез келген ғылыми еңбекті, оқулықтарды, қосымша әдебиетті пайдалануға дағдыландырады.

Тәрбиелік мәні бар, қызықты оқиғамен қамтылған мәтіндердің берілуі дидактикалық материалдар түрінде жоспарланған. Салт-дәстүріміз жөніндегі материалдар, халықтың ғасырлар бойы жинаған игі рухани байлықтарынан хабардар етіп, оларды сөйлеу тілінде қолдана білуге машықтандыру мақсатын көздейді. Мұнда да, олардың көркем тілмен сөйлеуіне құрал боларлықтай тұрақты сөз тіркестер, қанатты сөздер жиі кездеседі.

Оқу құралында келтірілген мәтіндерге С.Кенжеахметұлының «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», Б.Ж. Жүсіпованың «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты еңбектері негіз болды. Сондай-ақ, оқу құралын жазу барысында «Мемлекеттік білім беру стандарттары», Н.Оралбаева, К.Жақсылықова «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Қазақша-орысша сөздігі» т.б. сол сияқты әдебиеттер қолданылды.

«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты оқу құралының негізгі міндеті – оқушылардың сөздік қорын байыту, тілін дамыту, қазақ тілінде сөйлеуге, пікір алысуға үйрету, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен кеңірек танысып, қазақ халқының өмірі мен мәдениетіне қызығушылық туғызу деген ойдамын.

1– сабақ

Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы түсінік
Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар. Оны музыка мәдениетінен, би өнерінен, қол өнерінен, тұрмысынан байқаймыз. Ән, күйлерді тыңдай отырып, билерін, ою -өрнектерін, зергерлік әшекей заттарын көре отырып, оның қай ұлтқа тән екенін ажырата білуге болады. Осылайша қазақ ұлтын да оңай ажыратуға болады. Қазақ халқының бұрыннан пайда болған салт-дәстүрлері басқа көршілес жатқан ұлттардың салт-дәстүрлеріне ұқсас болып келеді.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері осы ұлттың мінез-құлқын, қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сол халықтың тұрмысы, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып, келеді.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарастарына байланысты, ұрпақтан-ұпаққа берілгенде ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Қазіргі уақыттың өмір ағымына байланысты кейбіреулері түрленіп қана қоймай, жаңадан еніп те жатыр.

Салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор. Ол бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс-салт және әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді



Сөздік

тән – присущий

ажырату – различать

көзқарас – взгляд
1-тапсырма

Мәтінді түсініп оқыңдар, аударыңдар.



2-тапсырма

Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын айтыңдар



3-тапсырма

«Мінез», «тәрбие» сөздерін септеңдер



4-тапсырма

Сөздіктегі сөздермен сөйлем құраңдар.

2– сабақ

Салт-дәстүрлердің түрлері
Ауыз әдебиетінің бір түрі –тұрмыс –салт жырлыры.Тұрмыс – салт жырлары адамның үш кезеңін қамтиды. Яғни, нәрестенің туылуын, ер жетіп үйленуін, қартайып дүниеден өтуін.

Тұрмыс салт жырлары екі топқа төрт түлік шаруашылығына байланысты және әдет – ғұрыпқа байланысты бөлінеді дей келе оқушыларды қазақ халқының әрбір салт дәстүрлерін таныстыру


Сөздік

Тұрмыс-тіршілік-существование

байлық-богатство

сәндік –красота

шаруашылық-хозяйство

көлік-транспорт

3.Топпен жұмыс.Тұрмыс-салт жырлар екіге бөлінеді.

1.Еңбек және шаруашылық,кәсіпке байланысты.Төрт-түлік мал шаруашылығы,аңшылық туралы өлеңдер,наурыз жырлары.

2.Әдет-ғұрыпқа байланысты.Шілдехана өлеңдері,аңсау,жар-жар,беташар,жоқтау,көңіл айту.

Жаңа сабақты қорытындылау: Оқыған мәтіндер бойынша тірек-сызбаны толтыру.Кластер әдісімен жұмыс жасату.
Еңбек және шаруашылық,кәсіп Әдет-ғұрып

Төрт түлік аңшылық наурыз жар-жар сыңсу беташар қоштасу

Өлеңдері естірту жоқтау
1-тапсырма.

Мәтінді зейін қойып мұқият оқу.



2- тапсырма. Сұраққа жауап беру.

  1. Тұрмыс-салт жырларына қандай өлеңдер жатады?

  2. Тұрмыс –салт жырларында не суреттеледі?

  3. Еңбек кәсіпке байланысты қандай өлең-жырлар жатады?

  4. Әдет-ғұрыпқа байланысты қандай өлең-жырлар жатады?

3 – сабақ

Қара шаңырақ
Қазақтар шаңырақты бұрыннан сыйлап келген. Ұл баласы ер жетсе, бір шаңырақ иесі деп санаған. Ол үйленіп, үйлі-жайлы болып, ата-анадан бөлініп шығып, өз шаңырағын көтереді. Көп балалы отбасыларының әр баласы, ұядан ұшқан құстай, осылайша шаңырақ көтереді. Ата-анасының шаңырағында ең кіші ұлы немесе әке-шешелері қай ұлы қалады деп шешсе, сол қалады. Қайтарған шақтарында өзіне жанашырлықпен қарайтын, қамқоршы болатын ұлын алып қалады. Ал, негізінде, қазақ халқында ең кенже ұлдары сол шаңырақтың иесі деп есептелген.

Шаңырақта қалған ұлдың міндетіне әке-шешесі қайтқанша қасында болып, қамқорлығын көрсету жатады. Оған басқа ұл-қыздары көмектерін көрсетеді. Со үйдің шаңырағын мықтап ұстау, тоздырмау, қонақжайлылық көрсету деген сияқты міндеттері бар. Ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдырған бұл үйді киелі тұтып, оған құрметпен қарайды. Ағайын арасындағы татулық қара шаңыраққа деген құрметтерінен білінеді. Әке-шешелері қайтқаннан кейін де, ұлдары мен қыздары қара шаңыраққа деген қамқорлықтарын үзбейді. Бас қосып, жиналып тұрады.



Сөздік

қара шаңырақ – отчий дом

қамқоршы – покровитель

кенже – младший

қонақжайлылық – гостеприимство

ұрпақ – потомок
1-тапсырма

Мәтінді түсініп оқыңдар.



2-тапсырма

Пікірлесейік.

Қара шаңырақ деген не ?

Ата-анасының шаңырағында үй иесі болып қай баласы қалған?

Қара шаңырақта қалған ұлының міндеті қандай болған?

Ұлдары мен қыздары қайда бас қосып, жиналып тұрады?

Ағайын арасындағы татулық неден білінеді?

3-тапсырма

«Шаңырақ» сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.

4 – сабақ

Қазақ халқының қолөнері

Жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. Ал қандай да болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін де сол халық. Міне сол халық дарындылардың қолынан шыққан зергерлік бұйымдар, киім үлгілері, тұрмыс жиһаздары әсем де зәулім ғимараттар қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайтыны мәлім.

Қазақтың қолөнерін зерттеу мәселесі ерте кезден көптеген саяхатшылар, ғалым-этнографтар, археологтар мен суретшілердің көңілін аударып келген.

Сөздік

заман – эпоха

ғимарат – здание

саяхатшылар – путешественники

қолөнер – ремесло, рукоделие, прикладное искусство

1-тапсырма

Мәтіндерді түсініп оқыңдар.



2-тапсырма

Мәтін бойынша сұрақтар дайындап, оларға қасында отырған оқушыдан жауап алыңдар.

Қазақтардың тұрмысында қолөнер ерекше орын алған. Әйелдер киіз басып, кілем, ши тоқып, киім тіккен. Еркектер киіз үйдің қаңқасын, жиһаздарын, қару-жарақтар жасаған. Киіз үй жасайтын шеберлер өте көп болды. Олар кереге, уық, шаңырақ, есік, домбыра, ыдыс-аяқ, әр түрлі құрал-жабдықтар, басқа да бұйымдар жасаған. Әйелдер қой жүнінен кілем, мата тоқыды, киіз басты.

5 – сабақ



Зергерлер

Зергерлер күміс пен алтыннан әшекей бұйымдар соқты. Зергерлер өздері жасайтын бұйымдарды әдетте, елдің алдынала өтініш етуімен ғана қолға алатын болған. Ер-әбзелдерін әсемдетіп жасатушыла еңбек ақысына заттай – мүйізді қара мал немесе жылқы есебінде төлеген.

Әйелдердің майда тағар бұйымдары үшін май, нан тағы басқа азық-түлік есебінен есептесіп отырған. Егер ойындағысындай жасалып көңілінен шықса, шеберлерді қадірлі қонақ етіп, сый-құрмет көрсеткен.



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет