Капанова Марьям Есентаевна Оқу құралы орыс тілінде жүретін мектептеріндегі 5-сынып оқушыларына арналған «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты курс бағдарламасы



бет3/3
Дата12.03.2018
өлшемі1,58 Mb.
#38710
түріБағдарламасы
1   2   3

Бесікке салу

Бесік қасиетті, киелі құтты мүлік,сәбидің алтын ұясы

болып есептеледі. «Ел іші – алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады. Олбесікті отпен аластап, баланы бесікке бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға, бесікке салар яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады. Бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор. «Бесіктегі сәбидің бойы, қол аяғы түзу, ширақ болады. Сондай-ақ бесік баланы кездейсоқ құлаған заттан, суық пен ыстықтан да қорғайды. Пәле-жаладан сақтасын деп ырымдап, оған тұмар, бүркіт тұяғы, жыланның бас сүйегі, кірпі сияқты заттар тағып қояды.Бесік ағаштан, негізінде талдан иіп жасалады. Себебі тал басқа ағаштай емес иілмелі морт сынбайды, құрт түспейді, жат иісі болмайды. Бесіктің мынадай құрал- жабдықтары болады: жастық, мамық, жөргек, түбек, шүмек, қолбау, тартпабау т.б.



Бесік жыры

Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға тиісіп

Батыр болар ма екенсің?

Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,

Шебер болар ма екенсің?

Таңдайларың тақылдап,

Сөзіңді жұрт мақұлдап,

Шешен болар ма екенсің?


Сөздік__елеулі_оқиға'>Сөздік__сабан_той'>Сөздік__тұсаукесер'>Сөздік__бесікке_бөлейді'>Сөздік

бесікке бөлейді – укладывают в колыбель

кездейсоқ – случайно

пәле-жала – злые духи

тұмар – амулет

жат иісі – чужие запахи

бесіктің құрал-жабдықтары – неотъемлемые части колыбели

1-тапсырма

Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.



ІІІ-деңгей

1. Мәтінді оқып, сұрақтар қойыңдар.

2. Жаңа сөз, сөз тіркестерімен сөйлем құраңдар.

3. «Бесік жырын» мәнерлеп оқыңдар.



ІІ-деңгей

Берілген сөздердің синонимдерін табыңдар.

халық –

бесікке бөлеу –

тәрбиелі –

ән айтылады –

сәби –

І-деңгей

Қосымша әдебиеттен « Бесік жырының» басқа түрлерін тауып, жаттаңдар.

9 – сабақ

Тұсаукесер
Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын салт. Арнайы дайындаған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Ала жіппен тұсаудың негізінде «Болашақта бала ешкімнің ала жібін аттамасын!» деген тілек бар. Жіпті қадірлі, ісі алға басып туған, әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл – бала осы адамға тартсын деген тілекпен туған ырым. Тұсау кесуші өткір қайшымен ала жіпті кесіп жатып:

Қаз-қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң, мәз болам...

Тұсау кескен әйелге баланың әке-шешесі арнайы сыйлық береді. Тұсауы кесілген баланы екі адам екі қолынан ұстап тез жүгіртеді.

Баланың алғашқы қадамына арналған той қызу әңгімемен, ән-күймен жалғанады.
Сөздік

тұсаукесер – разрезание пут

қаз тұрғаннан кейін – как только начинает ходить

ала жіп – пестрая нитка

қадам – шаг
1- тапсырма

Мәтінді оқып, мазмұнын орысша айтыңдар.



2- тапсырма

Сөз тіркестерін дұрыс құраңдар.

тұсау дайындаған

ала қадам

арнайы орындалады

алғашқы кесу

ән-күй жіп

3- тапсырма

Мәтіннен септік жалғауы бар сөздерді теріп жазып, септіктерін анықтаңдар.



4- тапсырма

Тұсаукесердің арнаулы жырын жаттап алыңдар.

Қаз- қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң, мәз болам...

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейік,


Тағы, тағы баса ғой,

Тақымыңды жаз балам.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың!


10-– сабақ

Сүндет тойы
Еркек баланы тақ жасында яғни 3,5,7 жасында сүндетке отырғызады. Бұл мұсылман елдерінде ғана емес басқа діндегі елдерде де бар. Сүндеттеудің денсаулыққа, тазалыққа да пайдасы зор. Баланы сүндеттеу – үлкен рәсім. Ол – әр ата-ананың борышы. Бұл рәсімнің «сүндет тойы» деген сияқты жөн-жоралары болады, «қайырлы, құтты болсын» айтылып, шашу шашылады. Сүндет міндеті бұрын қожа, молдаларға ғана тапсырылса, қазір оны дәрігерлер де жасай береді. Бұрынғы кезде ауқатты адамдар бала сүндеттегенде үлкен той жасаған. Оны «сүндет тойы» деп атайды.
Құлақ тесу.

Қыздың құлағын тесу – дәстүрге енген ежелгі ғұрыптың бірі. Әдетте бойжеткеннің немесе балиғатқа толған қыздың (9 жас, кейде одан да ертерек) құлағын тесу үшін қыздың шешесі, жеңгелері, апалары жиналады. Құлақты уқалап, жанын кетіріп, қыздырылған жуан инемен немесе кәдімгі тарымен теседі. Ол үшін екі тарыны құлақтың сырғалығының екі жағынан бірінің тұсына бірін дәл келтіріп уқалайды. Құлаққа жібек жіпті өткізеді, бұл жіптің орнына содан кейін күміс немесе алтын сырға тағылады.

Халық ұғымында қыздың құлағын тесу – оны сүндеттеумен бірдей деген қағида бар.

Сөздік

сабан той – праздник, проводимый после уборки урожая (дословно – праздник соломы)

жомарттық – щедрость

қайырымдылық – милосердие
1-тапсырма

Мәтіндерді түсініп оқыңдар.



2-тапсырма

Мәтіннен сан есімді тап.


3-тапсырма

Әр мәтін бойынша 2 сұрақ дайындаңдар.


11 сабақ

Тілашар
Тілашар тойына арнап шашу шашады. Әр отбасы баласы 7 жасқа толған соң медресеге, мектепке оқуға береді. Бұл да бала өміріндегі елеулі оқиға, есте қаларлық елеулі кезең болып табылады. Осы күні балаға жаңа киім кигізіп, оқу-жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны дәстүрлі «тілашар» тойы деп атайды. Үлкен-кішілер балаға өсті, азамат болды, «ғалым бол» , «ақын бол» деген сияқты тілек білдіріп бата береді. Жаңа киіміне байғазы, тағымдар ұсынады. Бұл тәрбиеден бала өскендігінің белгісін сезінеді, оқуға құмарлығы артады. Жақын-жуық адамдар баланың ата-анасына құтты болсын айтып, балаға сәт-сапар тілейді.

Сөздік

елеулі оқиға – знаменательное событие

есте қаларлық -запоминающееся

байғазы, тағым - подарки, дающиеся взрослыми за новую одежду

жақын-жуық адамдар- близкие родственники

1-тапсырма

Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер.



2-тапсырма

Оқу, білім туралы мақал-мәтелдерді жаттап алыңдар.

1. Мектеп – кеме,

Білім – теңіз

2. Оқу – білім бұлағы,

Білім -өміршырағы.

3. Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

4. Ойна да күл, оқы да біл.

5. Ақыл азбайды,

Білім тозбайды.

3-тапсырма

Берілген сөздердің антонимін табыңдар.

жаңа -

үлкен -


жақпа -

оқыған -

есте сақтау -

12 сабақ



Қазақтың ұлттық ойындары

Қазақ халқы – ұлттық ойындарға бай халықтардың бірі.

Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, тапқырлықты, табандылықты, байсалдықты, күш-қуат молдылығын, білек күшін, дененің құрыштай шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Өйткені, ойынға қатыспай тұрып-ақ оған күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Қазақтың ұлттық ойындары тек ойын-сауықтық жағынан ғана маңызды емес, ол – спорт, ол – өнер, ол – шаруашылық, тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.

Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, жамбы ату т.б. олардың спорттық сипатымен бірге үлкен тәрбиелік маңызы бар. Қазақтың ұлттық ойындарының кейбіреулері: «Ойлануды қажет ететін ойындарға» жатады. Мысалы, «тоғыз құмалақ».

Қазақтың қай ойыны болса да айтыс, өлең-жырмен өріліп, көрермендер мен тыңдаушыларға өрелі өнеге беріп, қатты әсер етеді.

Сөздік

өжеттік – упорство, настойчивость батылдық – отважность, смелость

күш-қуат – сила, энергия шынығу – закаляться

адамгершілік – человечность тер төгіп – проливать пот

тура келеді – приходиться ойын–сауық – развлечения (развлекает)
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.

Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?

Қазақтың ұлттық ойындары қандай қасиеттерді қажет етеді?

Ұлттық ойындардың қандай маңызы бар?

Қазақ халқының тұрмысы, салт-дәстүрі, ойындары немен байланысты?

2-тапсырма.Мәтіннен етістіктерді табыңдар.

3-тапсырма. Қазақтың ұлттық ойындары туралы ақпарат жинау. Қайталау.

Бекіту.Кластер әдісі бойынша сабақты бекіту.

13 сабақ

Тоғызқұмалақ
Спорттың түрі көп. Бірі – күшті болуға, екіншісі – жылдамдыққа, үшіншісі – табандылыққа баулиды. Ал тағы бір түрі ойлауға үйретеді. Оларға шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ жатады.

Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық ойыны. Бұл ойында сүйек тастары ұяларға тоғыз-тоғыздан түсіп отыруы керек. Тоғызқұмалақ – жылдам есептеуді, тез шешім қабылдауды қажет ететін күрделі ойын. Тоғызқұмалақта бір ойынды жарты күн немесе бір күн ойнайды.

Ұлы ақын Абай тоғызқұмалақ ойынының шебері болған. Абай тоғызқұмалаққа үлкен мән берген. Ол атақты ойыншыларды шақырып, жиырма-отыз күн бойына сайыс өткізіп отырған. Бұл туралы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» кітабында жақсы жазылған.

Қазір Қазақстанда тоғызқұмалақ ойынынан халықаралық жарыстар өткізіліп тұрады. Әбілда Ақшораев тоғызқұмалақтан алты рет республика чемпионы болған. Ол – тоғызқұмалақ спорты бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушы. («Жас Алаш» газетінен)



Сөздік

табандылық – упорство жылдамдық – 1) быстрота 2) ловкость

сүйек тастар – кости шешім қабылдау – принять решение

ұя – ячейка күрделі – сложная

сайыс өткізіп – проводить состязание жаттықтырушы – тренер
1-тапсрыма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? Оған қатысып көрдіңдер ме?

2. Тоғызқұмалақ ойынын Абай неге ұнатқан?

3. Әбілда Ақшораев туралы не білесіңдер?

4. Тоғызқұмалақ ойнап көрдіңдер ме?

2-тапсырма. Берілген сөздерді оқып, түбірлес сөздерді жеке-жеке бағанаға жазыңыз.

Тоғызқұмалақ, күшті, табандылық, дойбы, күш, жылдам, терең, күштілік, сайыс, ойлау,

жылдамдылық, күштеу, жаттықтырушы,жылдамдау, жылдамырақ

14 сабақ



Асықтың түрлері

1. Кеней, кентай-

Асық ойынында ұпайға тігілетін асық. «Кішкентай» сөзі «кіші» және «кентай» сөздерінен шыққан.



2. Сақа-

Асықтың ең үлкені, ірісі.



3. Ешкімер-

Ешкігің асығы.



4. Қойлақ-

Қойдың асығы.



5. Құлжаз-

Құлжаның асығы.



6. Топай (сомпа)-

Сиырдың асығы.



7. Шүкейт-

Киіктің асығы.



8. Пұш-

Тәйке түспесін деп, алшы жағы жонылған асық. «Пұшайман бөлу» деген сөз осыдан шыққан.



Асықтың түсуіне байланысты атаулар

1. Алшы-

Асық тәйкесіне қарама-қарсы іші шұңқыр жағы.



2. Тәйке (тәйкі)-

Асықтың алшысына қарама-қарсы жағы.



3. Бүге (Бүк)-

Асықтың шігесіне қарама-қарсы жағы.



4. Шіге (бүк)-

Асықтың бүгесіне қарама-қарсы ішкі шұңқыр жағы.



5. Оңқа-

Асықтың аша жағының жоғары қарап тік тұру қалпы.



6. Шоңқа-

Асықтың аша жағының жоғары қарап тік тұру қалпы.



7. Қынжы (жантай)-

Бүге де, шіге де емес, бір бүйіріне жантайған қалпы.

15–-сабақ

Аманат

Аманат – бір адамның екінші біреуге сақтауға берген бағалы заттары. «Аманат» – түбірі «аман» деген сөзден шыққан болуы керек. Аманатты сақтау және оны мезгілінде тапсыру зор адамгершілікке жатады. «Аманат аман сақтайды» – дейді халық. Аманатқа қиянат жасамайды. Ол өте ауыр күнә деп есептеледі..

Аманаттың бұрын ел аралық қатынаста да үлкен мән-маңызы болған. Көбінесе ол бірлік, татулық, бітім жолына қызмет еткен. Ерте кезде жауласушы екі ел татуласқан кезде аманатқа адам да қалдырып кететін болған.

Сөздік

аманат – обряд доверения кому-либо большой ценности (семейной

реликвии)



сақтау – сохранить

адамгершілік – человечность, гуманность

қиянат жасамайды – не злоупотребляют

1- тапсырма

Мәтінді оқып, түсінгендеріңді айтыңдар.



2-тапсырма

Мына сөздермен сөз тіркес жасап сөйлем құраңдар.

. . .

аманатты (не істеу керек?) . . .



. . .

. . .


заттар (қандай?) . . .

. . .


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Ш.К.Бектұров, А.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі (ана тілінде үйрету құралы). А., 1998.

2. Н.Оралбаева, К.Жақсылықова. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту

әдістемесі. А., 1999.

3. К.Ибрагимов., И.Иманбаева., Б.Базарғалиева. Қазақ тілі. А., "Шың"., 2005.

4. Құрастырған: Б.Ж.Жүсіпова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. А., 2007

5. С.Кенжеахметұлы. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. А.,"Алматыкітап"., ЖШС.,

2005.


6. С.Кенжеахметұлы. Қазақ халқының тұрмысы мен әдебиеті. А., "Алматыкітап".,

ЖШС., 2006



7. М.Ш. Өмірбекова. Қазақ халқының дәстүрлі өнері. "Алматыкітап", ААҚ., 2004.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет