Картотека №1
Қимылды ойын: « Балабақша сарбаздары?»
Мақсаты: Балалар саппен келе жатып, тәрбиеші белгі берісімен, жан-жаққа бытырап, ойнап кетеді. Екінші белгімен тез өз орындарына тұра қалады. Тәрбиеші «1,2,3» деп санағанша балалар тұрып үлгеруі керек. Кімнің тез, дұрыс тұрғанын атап айтылып, жаңылған балаға ескерту беріледі
Картотека №2
Қимылды ойындар: «Топ чемпиондары»
Ойын мақсаты: Балалардың ойын кезінде жеңімпаздыққа ұмтылысын тудыру.
Ойын құралдары: әдемі өрнектелген орамал, барабан
Ойын шарты: Бұл ойынға бірыңғай ұлдарды қатыстыру керек. Ортаға әдемі өрнектелген орамал қойылады. Жүргізуші барабанның дауысымен балалардың жеңіл жүгіруін қадағалайды. Барабан дауысы тоқтаған кезде біреуі дереу орамалды басына көтеріп алуы керек. Кім бірінші көтерсе, сол жеңіске жетеді.
Картотека №3
Қимылды ойын: «Мені қуып жете аласың ба?»
Мақсаты: Балаларды шапшаң дербес қимыл әрекетке үйрету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойын мазмұны: Ойынға қатысушылардың барлығы екі топқа бөлінеді. Әр топтың ойыншылары бірінің артына екеуден сапқа тұрады. Ал капитан өз командасының алдында болады. Команда бірінен бірі 3-жерде тұрады. Капитандар бір-бір волейбол добын алады да, оны екі қолымен төбелеріне көтереді. Жетекшінің « Бастаңдар » деген командасы бойынша олар допты басынан асыра артындағы ойыншыға, осы әдіспен келесі ойыншыға береді. Ойын одан әрі қарай жүгіреді, сөйтіп өз тобының алдына келіп тұрады. Доп тағы да колонаның соңына кетеді. Ол топ капитандарының қолына екінші рет қайта тигенше ойын осылай айнала береді. Капитан өз орнына келіп, бірінші
болып, допты жоғары көтергенде команда ұтып шығады.
Картотека №4
Қимылды ойын: «Досыңа қарай домалат»
Балаларға әртүрлі түсті доптар немесе онша үлкен емес шағын ғана ( диаметрі 6-8 см ) шарлар беріледі де, балаларды онша қашық емес жерге орналастырып допты бір-бірлеріне домалатып жеткізу, тапсырманы дұрыс орындағаны үшін алғыс айтады, допты тағы да домалатуға мүмкіндік береді. Балалар допты бірнеше рет домалатқаннан кейін тәрбиеші оларды кәрзеңкеге жинауды ұсынады.
Картотека №5
Қимылды ойын: «Орныңды тап»
Мақсаты: Балаларды топтық ойынға үйрету.
Ойынның шарты:Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.
Картотека №6
Қимылды ойын: «Ақ серек, көк серек»
Ойын ашық алаңда өткізіледі. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Аралығы 30-40 метрдей жерге бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Қаз-қатар қол ұстасып тізіліп тұрады.
Жеребе бойынша ойынды бастаған топтың балалары әндете өлең айтады:
Ақ серек те көк серек,
Бізден сізге кім керек?
Екінші топтағылар бір ойыншының атын атайды. Сол кезде аты аталған бала өз тобынан шығып, екпіндей жүгіріп келеді де, қарсы топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Егер үзіп кетсе, бір баланы жетелеп апарып, өз тобына қосады. Үзе алмаса, өзі сол топта қалады.
Енді кезек бойынша ойынды екінші топ әлгі әдіспен бастайды. Осылайша ойын кезекпен жалғаса береді. Қай топ өз ойыншыларынан көп айырылып қалса, жеңілген боп есептеледі.
Картотека №7
Қимылды ойын: «Ойыншықты тап»
Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
Көрнекілік: Топтағы ойыншық.
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады. Тәрбиеші нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп ойыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады.
Картотека №8
Қимылды ойын:«Ұшақтар»
Балалар алаңның әр жерінде 3-4 жалаушалармен белгіленген калоннамен тұрады. Ойнаушылар ұшқыштарды бейнелейді. Олар ұшуға әзірленеді. Тәрбиешінің: Ұшуға әзірленіңдер! Деген сигналы бойынша балалар қолдарымен қимыл жасап, маторды іске қосқан болады. Тәрбиеші: « Ұшыңдар» -дейді. Балалар қолдарын екі жаққа жазып, алаңда жан-жаққа бытырап, ұшып жүреді. Тәрбиешінің: « отырыңдар» деген сигналы бойынша ұшақтар өз орындарын тауып, жерге қонады: балалар калоннаға тұрып, бір тізерлеп отырады. Тәрбиеші қай калоннаның тез сапқа тұрғанын атап өтеді. Алғашқы кезде калоннаның бастаушысы етіп екпіндірек балаларды белгілеу керек.
Картотека №9
Қимылды ойын: «Мені қуып жетіңдер»
Балалар бөлменің бір қабырғасын бойлай қойылған орындықтарды немесе алаңда отырады. Тәрбиеші: «Мені қуып жетіңдер», - дейді де алыңның қарсы жағына жүгіреді. Балалар тәрбиешінің соңынан жүгіріп, оны ұстауға тырысады. Одан кейін тәрбиеші тағы да: «Мені қуып жетіңдер», - дейді де қарсы жаққа қарай жүгіреді, балалар оны қайтадан қуалайды. Екі рет жүгіргеннен кейін балалар орындықтарға отырып дем алады. Одан кейін ойын қайта басталады.
Ойынды азғана балалар тобымен өткізген дұрыс: балалардың бір тобы ойнап жатқан кезде екінші тобы қарап тұрады, одан кейін балалар рөлдермен ауысады.
Картотека №10
Қимылды ойын: «Кім жылдам?»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа үйретіп, түстерді ажыратуға, шапшаңдықтарын қалыптастыру.
Ойын барысы: Түрлі-түсті бөтелке қақпақтарын шашып араластыру, «1-2-3, Баста!!!» деген кезде балалар өздеріне керек түсті жинайды, болған бала сапқа тұрады.
Картотека №11
Қимылды ойын: «Өз үйіңді тап»
Балалар алаңның немесе бөлменің бір жағын жағалай отырады. «Қыдырып қайтайық», - дейді тәрбиеші. Балалар алаңда (бөлмеде) тобымен немесе жеке-жеке, кім қайда барғысы келсе, сонда аралап кетеді. Тәрбиешінің «Үйге қайтыңдар», - деген сигналы бойынша өз үйлеріне қарай жүгіреді. Ойын үш-төрт рет қайталанады.
Е с к е р т у: Егер алғашқы кезде балалар кеңістікті онша
дұрыс бағдарлай алмайтын болса, онда кез келген орындыққа отыруға рұқсат ету керек. Кейін барып тек өз орындығына отыру ережесін енгізуге болады.
Картотека №12
Қимылды ойын: «Сәбізді себетке тез жинайық»
Мақсаты: Ептілікке,жылдамдыққа баулу
Сәбіз – ұзын, түсі сарғылт болады.
Ойын шарты: Екі топқа бөлініп сәбіздерді себетке жинауымыз керек. Қай топ көп жинаса сол топ жеңімпаз атанады.
Көрнекіліктер: Тақтайша, доп,сәбіз үлгілері
Әдіс –тәсілі: Түсіндіру,көрсету,
Түсінеді: Дәлдеп лақтыруды, төрттағандап еңбектеуді
Орындайды: жаттығуларды қайталайды,жылдам қимыл жасайды
Картотека №13
Қимылды ойын: «Аттар»
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сай қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру мен жүру дағдыларын дамыту.
Шарты: Балалар екі бірдей топқа бөлінеді. Біреулері – аттар болады, басқалары – шабарман болады. Шабарманның қолында -ауыздық. Аланның басқа жағында- аттар жайылатын жер, бұнда аттар тұрады, басқа жағында шабармендар. Тәрбиеші: «Шабармандар, тұрыңдар, тезірек аттарды дайындаңдар!»- дегенде шабармандараттан түсіп, аттарды жайылымға жіберіп, өздерінің орындарына барады. «Шабармандар, аттарыңды ұстаңдар»,- дегенде әрқайсысы өздерінің аттарын ұстайды. «Аттарыңды ат қораға апарыңдар»,- дегенде апарады. Ойын 3-4 рет қайталанады.
Ұсыныс: ойында жүгірумен жүгірудің түрлерін кезектестіруге болады.Ойынды түрлендіруге болады: ат шабуы, орманға саяхат, т.б..
Картотека №14
Қимылды ойын: «Көшедегі көліктер»
Мақсаты: Балалардың көлік туралы білімднрін толықтыру; жолда жүру ережесі туралы түсінік беру; жолда жүру ережесін қатаң сақтауға үйрету; сөздік қорын, тілін дамыту.
Көрнекілігі: Көлік түрлері, бағдаршам.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.
Ойынның шарты: Балалар бөлменің қабырғасының жаңында тұрады. Олар -гараждағы көліктер. Әр ойнаушы қолдарына жалау немесе картоннан жасалған түрлі-түсті диск ұстап жүреді.Тәрбиеші бөлменің ортасында тұрып, ойынаушыларға қарап тұрады, оның қолында 1 жалауша /2 немесе 3 бірге/, біреуін көтерген кезде сол түсті көліктердің жүрісін, дауысын келтіріп жүреді. Тәрбиеші жалауын түсірген кезде, көліктер тоқтап, бұрылып, гаражға барады. Ойын 4-6 рет қайталанады.
Картотека №15
Қимылды ойын: «Автомобиль мен торғайлар»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, шапшандыққа үйрету.
Ойын шарты: Бір бала автомобиль, қалған балалар торғайлар болып орындықтарда отырады. Педагог торғайларға жем шашып шақырады. Торғайлар жем тере бастаған кезде зырылдап автомобиль келеді. Торғайлар автомобильден қашып орындықтарына отыра қалады.
Картотека №16
Қимылды ойын: «От пен су»
Мақсаты: Су туралы мағұлмат беру. Судың адам өміріндегі алатын орыны зор екенін түсіндіру. От пен су тілсіз жау.
Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Бірі қызыл лентаны тағып, от болып қашады. Ал көк лента таққан балалар су болып қуалайды. Ойын 2-3 рет қайталанады.
Картотека №17
Қимылды ойын: «Допты қуып жет»
Мақсаты: балаларды шыдамды,сабырлы қалыпта берілген белгіні тыңдауаға,тез жүгіругі,түсетерінің көлемін ажырата білуге баулу.
Ойынның шарты:бұл ойынға 5-6 бала, тәрбиеші басқаруымен қатыса алады.Тәрбиеші доптарды себетке салып алып,балалрдың алдына домалатып жібереді.»Допты қуып жет»деген белгі бойынша , балалар допты ұстап алып тәрбиеші ұстап тұрған себетке салуы керек.
Көрнекілігі: түрлі-түсті ,үлкен-кішілі доптар.
Картотека №18
Қимылды ойын: «Түрлі автокөліктер»
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту,
балалардың дене қимылдарын,
бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу,
ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Жол ережесін білуге және сақтауға тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балалар алаңның бір жағында тұрады, екінші жағында автокөліктер тұрады. Балалар жолда ойнап жүреді. Автокөліктер келе жатқан кезде балалар орындарына бару керек. Орнына жете алмаған бала ойыннан шығады.
Картотека №19
Қимылды ойын: «Көкөністер жинайық»
Мақсаты: Балаларды зерек болуға және бір-біріне қажетіне қарай көмек беруге үйрету. Шапшаңдыққа, төзімділік сияқты қасиеттерін дамыту. Батылдыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты:Үстелдің үстіне он шақты алма шашыраңқы қойылады. Ойынға қатынасқан балалар бір доппен кезек бойынша ойнайды. Қолына доп тиген бала оны аспанға биіктете лақтырады. Содан кейін доп жерге түскенше әлгі ойыншы дереу астықты жинауға кірісуі керек яғни стол үстіндегі алмаларды жинай бастайды. Осылайша кім көп алма жинаса, сол жеңімпаз атанады. Далада ойнаған кезде ұсақ тастарды пайдалануға болады.
Картотека №20
Қимылды ойын: «Себетті толтыр»
Үлкен шеңбер сызылады. Ол-бақша, оның ішінде шеткеректе орындықта күзетші отырады. Шеңбердің екінші жағында екі орындықтың үстінде таяқ қойылады-бұл бақшаның қоршауы. Балалар таяқ астынан еңбектеп өтіп, « баққа» кіреді.
Жақсы-ау қызанақ жинаған
Жақсы-ау қияр жинаған
Бәрінен де дұрысы
Үлкеннің сөзін тыңдаған,-деп қызанақ, қияр жиып жүреді. Бір кезде « күзетші» келіп « қарақтарым көмектеріңе рахмет»-дейді. Балалар қайтадан таяқтың астынан еңбектеп өтіп, үйлеріне қайтады.
Картотека №21
Қимылды ойын: « Кім шапшаң?»
Мақсаты: Балалар саппен келе жатып, тәрбиеші белгі берісімен, жан-жаққа бытырап, ойнап кетеді. Екінші белгімен тез өз орындарына тұра қалады. Тәрбиеші «1,2,3» деп санағанша балалар тұрып үлгеруі керек. Кімнің тез, дұрыс тұрғанын атап айтылып, жаңылған балаға ескерту беріледі
Картотека №22
Қимылды ойын: «Мен ептімін»
Мақсаты: жүктемелерді біртіндеп арттыра отырып дене жаттығуларын орындау. Бір орында тұрып және қозғалыс барысында тізбекке тұру түрлерін,сапта түзу жүру түрлерін орындау. Допты домалату, лақтыру және қағып алу, допты жерге оң қолмен және сол қолмен ұру, екі қолымен басынан асыра лақтыру. Зал, алаң, кеңістікті, уақытты бағдарлай білуді, орындық/бөрене арқылы жоғары және төмен жүру барысында және берілген қалыпта тепе-теңдікті сақтау ептілігін дамыту.
Картотека №23
Қимылды ойын: « Аю мен аралар »
Мақсаты: Ойын сөздерін айта отырып,кейіпкерлерді нақ көрсете білу.
Көрнекілігі: Аю мен аралардың маскалары,бүлдірген муляждары.
Ойынның шарты: Аю болып киінген бала немесе тәрбиеші орындықта отырады(орманында). Ал аралар болып киінген барлық балалар орманға бүлдірген теруге барады.
Қимылдармен көрсетіп,мынадай сөздерді айтады:
Орманында аюдың,
Бүлдіргені көп екен, (екі қолды жайып көрсетеді)
Теріп-теріп алайық, (тереді)
Қалтамызға салайық
Картотека №24
Қимылды ойын: "Кім жылдам?"
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа баулу.
Көрнекілігі: белбеу
Ойынның шарты: Ойыншылар ойынға екі-екіден қатынасады. Ортаға шыққан екі ойыншы бір-біріне арқасын беріп, екі жаққа қарап тұрады.Аяқтарының арасын иықтарының деңгейімен бірдей етіп ұстайды. Сонан соң ойын жүргізуші екеуінің аяғының арасына ұзыннан ұзақ белбеу тастайды да "бір, екі, үш" деп санайды. "Үш" деген де кім еңкейіп белбеуді бұрын алса, соның жеңгені. Бұл адамның өз денесін еркін меңгеріп, тез қимылдауының нәтижесінде жүзеге асады. Ойынға басқа ойыншылар шығады. Екінші кезекте әр жұптың жеңімпаздарымен арадағы жарыс болады. Ең соңында жеңген екі ойыншы қалады. Сол екеуінің қайсысы жеңіп шықса, сол жеңімпаз атанады.
Картотека №25
Қимылды ойын: "Кім епті?"
Мақсаты: Балаларды ойын кезінде жеңімпаздыққа ұмтылысын тудыру.
Көрнекілігі: Ең алдымен ұзындығы 5-6 метрге жететін жіп қажет. Оның екі ұшына жіңішке таяқ байлау. Таяқтың ұзындығы шамамен 25-30 см. болу қажет. Жіптің ортасын белгілеп алу, сол жерге басқа түсті жіп байлап қою.
Ойынның шарты: Ортаға екі адам шығады да бір-бірінен алшақ тұрып жіпті орауы тиіс.
Кімде-кім жіпті тез ораса, сол жеңімпаз болып есептеледі. Жеңген адамның орнына басқа ойыншы шығып ойынды жалғастырады. Кейбір екі жеңімпазды кездестірсе де болады.
Картотека №26
Қимылды ойын: «Мысық пен торғайлар »
Мақсаты:балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту.
Ойынның шарты:Жерді шеңбермен белгілеу керек /5-6м.диаметрмен/. Ортада тәрбиешімен тағайындалған бала жүреді – ол мысық. Қалған балалар шеңбердің сыртында- олар торғайлар. Мысық ұйықтап қалады.Торғайлар шеңбердін ішіне дән жеуге кіреді. Мысық оянып кетеді де, торғайларды көріп, оларды ұстай бастайды. Торғайлар шеңберден шығуға асығады.Шеңбердің ішінен мысыққа ұсталған торғайлар, шеңбердің ортасында қалады. Мысық 2-3 торғайды ұстаған соң, тәрбиеші жаңа мысықты таңдайды. Ұсталған торғайлар басқа ойынаушыларға қосылады. . ойын 4-5 рет қайталанады.
Ұсыныс: мысық ақырын барыпт орғайларды ұстайды /қатты ұстамай, ақырын ғана қолын тигізеді/. Егер мысық көпке дейін ешкімді ұстай алмаса, тәрбиеші көмекке тағы бір мысық тағайындайды.
Картотека №27
Қимылды ойын: « Қаздар мен түлкі»
Мақсаты: Балаларды қырағылыққа, ептілікке және ойынды дұрыс ойнауға үйрету. Балалардың көңіл күйінің көтеріңкі болуын қадағалау.Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
Ойынның шарты: Қаздар алаңның бір жағында жүреді. Ал алаңның екінші жағында балалар орындықта тұрады. Алаңға қарама қарсы жақта түлкінің үйі орналасқан. Қаздар жәйіліп қататтарын қағып жүреді, тәрбиешінің белгісімен түлкі келді деген кезде қаздар ұша жөнеледі, үйлеріне барып қонады. Түлкі қаздарды қуа жөнеледі, ұстаған қаздарды ініне апарады. Ойын 4-5 рет қайталанады.
Картотека №28
Қимылды ойын: «Қасқыр мен қоян»
Мақсаты: Балаларды алғырлыққа, қырағылыққа, татулыққа тәрбиелеу. Ептілік қасиеттерін арттыру. Денсаулықтарын шынықтыру.
Ойынның шарты: Бір бала қасқыр болады қалған балалар қояндар болады. Қояндар өз үйлерінде тығылып жатады, ал қасқыр өзінің апанында жатады. Тәрбиеші:
- Секеңдеңдер қояндар,
Жүгіріңдер жортыңдар- деген кезде Қояндар үйлерінен шығып секеңдеп ойнайды. Осы кезде қасқыр апанынан шығып қояндарды қуа жөнеледі. Ұстап алған қояндарды апанына апарады. Осылай 3-4 қоянды ұстағаннан кейін ойынды басқа бала жалғастырады.
Ойын 2-3 рет ойналады.
Картотека №29 Қимылды ойын:
«Қапшықпен секіру»
Мақсаты: Балаларды салауатты өмір салтына бейімдеу және дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру. Бір орында қос аяқпен секіруге дағдыландыру. Шапшаң қимылдауды, жарыса жүгіруді дамыту.
Көрнекілігі: Жалауша, қапшық
Ойынның шарты: Қолды белге қойып жалаушаға дейін екі аяқпен секіру
Картотека №30
Қимылды ойын: «Лақтырда қағып ал».
Мақсаты: Балаларды ептіліке ,шапшаңдыққа тәрбиелеу.Тәрбиешінің берген белгісін мұқият тыңдай білуге үйрету.
Ойынның шарты: Балалар алаңда еркін орналасады әр біреуінің қолында бір-бір доптан болады.Тәрбиешінің «баста»,деген белгісі бойынша балалар допты жоғарыға лақтырып қағып алады.Әр бала неше рет лақтырып қағып ала алады,соны санайды.
Картотека №31
Қимылды ойын: “Поезд”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын, бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Тәрбиеші балаларға поезд болып ойнайық, мен паравоз боламын, ал сендер вагонсыңдар, пуп-пуп-пуп. Паравоз белгі бергенде поезд ақырындайды, содан кейін қатты, яғни тез жүреді.
Картотека №32
Қимылды ойын: «Кеглиді көзде»
Мақсаты: Балаларды
мергендікке,ептілікке,белгілі бір бағытты көздей білуге үйрету.
Ойынның шарты: Балалар екі қатарға бөлініп тұрады,тізілген кеглиларды қолдарындағы доппен көздеп құлату керек.Әр бір бала өзінің неше кегли құлатқанын есінде сақтап отырады.Допты
оң қолымен , сол қолымен де домалатуға болады.
Картотека №33
Қимылды ойын: “Көжектер”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын, бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты салтына тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала “түлкі” болады. Қалғандары көжектер секіріп билеп жүреді. Түлкі сыбдырды естіп көжектерді қуады. Қаша алмай қалған көжектерді түлкі ұстап алады, ойын осылай қайталана береді.
Картотека №34
Қимылды ойын: «Чемпиондар»
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын, бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Спорттық ойындарды ойнай алуға тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Ойын алаңының бір жағында сызық сызылады. Ал екінші сызықта 10 метр қашықтықта жалаушалар қойылады. Балалар бір-бірінен 1 метр қашықтықта, жалаушаға сол жақ қырымен тұрып, сол қолдарына құрсау ұстап тұрады. “Дайындалыңдар” деген белгі бойынша балалар құрсауды сол қолымен ұстап жалаушаға қарай жерге қояды, оң қолды құрсау соғуға дайындайды, “1,2,3” зымыран деп тәрбиеші айтқанда оң алақанымен құрсауды соғып, жалаушаға қарай сырғытады. Бірінші келген балалар жалаушаны басынан асырып көтеріп тұрады. Кім бірінші жалаушаны көтерсе, сол жеңеді.
Картотека №35
Қимылды ойын: “Кім көп таспа жинайды? ”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын, бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Жылдам қимылдауға тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балалар шашылып қалған таспаларды арнайы ыдысқа жинайды. Таспаны ең көп жинаған бала жеңіске жетеді.
Картотека №36
Қимылды ойын: «Ирек және түзу жолдармен жүгіру»
Мақсаты: Арақашықтықты сақтап түзу және ирек жолдармен жүруге жаттықтыру.Дене бітімдерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: жол
Картотека №37
Қимылды ойын: “Белгіні тыңда”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын, бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ойынның шарты: балалар шеңбер бойында тұрады. Тәрбиеші жалаушамен алға деген белгі бергенде балалар мәреге жету керек, жете алмаған бала өз өнерін көрсетеді.
Картотека №38
Қимылды ойын: «Допқа дейін жеткіз»
Мақсаты : Балалардың қимыл қозғалыстарын арттыру. Ойынды жарыса ойнау арқылы жылдамдыққа баулу. Кезектесіп ойнау арқылы бір –біріне деген құрметке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты : Балалар ойынды кезектесіп 3 баладан ойнайды. 3 балаға бір –бірден қап таратылады, ал олардан 20-30 метрдей қашықтықта доптар тұрады. Балалар секіріп, сол доптарға жетуі тиіс. Ең бірінші болып жеткен бала жеңімпаз атанады. Осылай қалған балалар да ойнайды.
Картотека №39
Қимылды ойын: «Қуып жет ойыны»
Мақсаты: Қозғалыс белсенділігін білім негізінде қалыптастыру, икемділікке, ептілікке, өзін-өзі сенімділікке тәрбиелеу.
Балаларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа салауатты өмір салтын сақтауға баулу.
Көрнекілігі: ысқырық , кедергілер.
Картотека №40
Қимылды ойын: «Жалаушаға тез жет»
Мақсаты: Берілген тапсырманы зейін қойып орындауға үйрету. Ойын арқылы балалардың қимыл іс - әрекетін дамыту, тұлға бітімдерімен аяқ қол, кеуде бұлшық еттерін жетілдіріп,секіру,еңбектеу дағдыларын әрі қарай дамыту. Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Ұжым болып бірлесіп ойнауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кедергілер
Картотека №41
Қимылды ойын: «Өз жұбыңды тап»
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын, бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Ойыншылар екі баладан жұп құрап, қолдарына доп ұстап 6-8 метр жерден бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Тәрбиеші ойнауға белгі берісімен, әр жұп доптарын бір-біріне қарай домалатып тигізуге тырысады. Доптары бір-біріне тиген ойыншылар ұпай жинайды. Ойынның соңында қай жұптың ұпайы көп болса, сол жұп жеңіске жетеді.
Картотека № 42
Эстофета: «Біз кішкентай спортшылармыз»
Мақсаты: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар,ысқырық, уақыт өлшеуіш.
Картотека №43
Қимылды ойын: «Көбелектер мен гүлдер»
Мақсаты: көркем - ойындық бейнелерге сай қимылдарға еліктеу, әуенді есту, сезіну, ән айту қабілеттерін әрі қарай дамыту.
Ойынның мақсаты: Көбелек - ау көбелек
Ұшасың сен аралармен көлбеңдеп.
Қызыл жасыл керемет
Гүлге қоншы көбелек!-
деп балаларды ойынға шақырады.
Аралармен көбелектерді гүлдерге қондыру қажеттігін түсіндіреді.
Көрнекілігі: гүлдер суреті, слайдтар көбелектер суреті.
Картотека №44
Қимылды ойын:« Аңшылар мен қояндар »
Мақсаты: Балаларды қоян болып секіруге, аңшыдан қорғануға үйрету.
Ойын шарты: Алаңның бір жағына аңшы, келесі жақта қояндарға орын белгіленеді. Әрбір үйде 2-3 қоян болады. Белгі бойынша қояндар үйінен шығып, жайылымда қос аяқтап, секіріп жүреді. Тәрбиеші: « Аңшы» дегенде қояндар үйлеріне жүгіреді. Аңшы бала оларға доп лақтырады. Доп тиген қояндар атылған болып саналады. Аңшы оны өзіне алып кетеді. Ойын бірнеше рет қайталанады.
Картотека №45
Қимылды ойын: «Қарағайлы ормандағы аю»
Мақсаты: Жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Алаңның бір жағына аюдың іңі сызылады. Екінші жағына үй белгіленеді, онда балалар тұрады. Тәрбиеші інде отырған аюды таңдап алады. Тәрбиеші « балалар», серуендеуге барыңдар! –дегенде балалар үйден шығып орманға барады. Олар хормен мына өлеңді айтады.
Аю жүрген орманнан
Жидек тере мен барғам
Аю отыр гүрілдеп,
Жарамайды мұның,-деп
« Гүрілдеп» дегенде аю балаларды қуады. Аю кімге жетсе, сол ұсталған болады. Үйдің сыртынан асып кеткен балаларды ұстауға болмайды.
Картотека №46
Қимылды ойын: « Қу түлкі »
Жүрісі: Балалар бір-біріне бір адымдай ара қашықтықта тұрады ( шеңбер жасап ). Балалар көздерін жұмып тұрады. Тәрбиеші шеңберді айналып жүріп білдіртпей бір баланы түртеді. Сол бала түлкі болады. Балалар көздерін ашып бір-біріне мұқият қарайды. Қу түлкі сен қайдасың? Үш рет айтқанда қу түлкі ортаға қолын көтеріп мен мындамын деп жүгіріп шығу керек. Барлық балалар жан-жаққа қашады. Қу түлкі ұстап алуы керек.
Картотека №47
Қимылды ойын: «Ұялардағы балапан құстар»
Алаңның немесе бөлменің әр шетінде 3-4 ұя жасалады. Құстар ұяларға орналасады. Тәрбиеші белгісі бойынша олар ұяларынан ұшып шығады да ( кедергілерден аттап өтеді) алаңда ұшып жүреді. Тәрбиеші алаңның біресе ана жағында, біресе мына жағында құстарға жем беріп тұрады: балалар жүресінен отырып, саусақтарының ұшымен тізесіін соғады ( дән шоқып жеген болады ). Бұдан кейін олар тағы аздап жүгіріп, ойнап жүреді, одан соң тәрбиеші: « Балапан құстар, ұяларыңа барыңдар»,-дейді. Балалар, жүгіріп тағы да кедергілерден өтіп өздерінің ұяларына отырады.
Ойын 4-5 рет қайталанады. Қайталанған кезде жаңа қимылдар қосуға болады. Мысалы, шеңберден шығарда алдымен екі аяғымен секіріп өтіп, одан кейін ұшуды ұсынуға болады.
Картотека №48
Қимылды ойын: «Құстар мен мысық»
Жерге шеңбер сызылады. Ортаға тәрбиеші таңдаған бала болып тұрады. Қалған балалардың бәрі шеңберді айнала тұрады, бұлар құстар. Құстар шеңберді айнала жүріп дәндерді шоқиды. Мысық оянып кетіп, құстарды көреді де, оларды ұстай бастайды. Құстар шеңберден ұшып кетуге асығады. Мысық шеңбердегі қай құсқа тиіп кетсе, ол ұстаған болып есептеледі де ортаға келеді. Мысық 2-3 құсты ұстаған кезде тәрбиеші жаңа мысықты таңдап алады. Ұстап алған құстар барлық ойыншыларға келіп қосылады. Ойын 2-3 рет қайталанады.
Картотека №49
Қимылды ойын: «Қораздар шайқасы»
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын, бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру.
Ойынның шарты: Бұл ойын үшін алдын - ала мүмкіндігінше үлкен етіп, дөңгелек сызу керек. Қарсыластар бір аяқтап жүріп, дөңгелек ішінен бір - бірін итеріп шығаруы керек. Екінші аяғы жерге тисе, ол ойыншы ұтылған болады.
Картотека №50
Қимылды ойын:«Лақтырып қағып ал» «Қағып алып лақтыр»
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын, бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Балаларды шеңберге тұрғызып, допты лақтырып, қағып алуы керектігін айтамыз. Допты түсіріп алған немесе дұрыс лақтырмаған бала шеңбер ортасына отырады, басқа балаға лақтырылған допты ұстап алса, қайта шеңбер бойына тұрады.
Картотека №51
Қимылды ойын: «Қар жинау».
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын, бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Жылдам қимылдауға тәрбиелеу.
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Ортада екі топқа да бірдей етіп қар үйілген. Берілген белгі бойынша шелекке қарды толтыру керек.
Картотека №52
Қимылды ойын: «Аяғымызбен жер тебеміз»
Ойнаушылар қимылдаған кезде, көршісіне тимейтіндей қашықтықта дөңгеленіп тұрады.
Тәрбиеші балалармен бірге тексті жай , тәптіштеп айтып тұрады. Балаларға өлеңде айтылған қимылдарды істеуге мүмкіндік береді.
Аяқпенен тарсылдатып билейміз
Қолды соғып, басымызды иеміз
Қолымызды түсіреміз
Қолымызды ұсынамыз.
Осы сөздермен балалар біріне-бірі қол беріп, дөңгеленіп тұрады. Одан кейін былай деп жалғастырады:
Ал, шығайық сайланып
Жүгірейік айналып
Аз уақыт өткеннен кейін тәрбиеші: « Тоқта»-дейді.
Бәрі тоқтайды. Одан кейін ойын қайталанады.
Картотека №53
Қимылды ойын: «Күн мен түн»
Мақсаты: Балалардың зейінін қалыптастыру. Ойлау қабілетін арттыру. Қимылды ойындар арқылы дене бітімін шынықтыру. Денсаулығын нығайту.
Керекті құрал-жабдықтар: Күн мен түннің бетперделері
Ойынның шарты: Балаларды шеңберге тұрғызып күннің бетпердесін бір балаға кигізеді, күннің бетпердесін киген бала күндіз не істейтінін айтып қимылымен көрсетеді. Күн жарқырап шықты. Күн шыққанда киінеміз, балабақшаға келеміз, ойнаймыз, ән айтамыз, билейміз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Балалар түн болды не істейміз?
Балалар: Ұйықтаймыз. Қимылын көрсетеді.
Картотека №54
Қимылды ойын: «Өзен үстіндегі көпір»
Тәрбиеші екі сызық сызады да (үйдің ішінде жіпті пайдалануға болады) балаларға: мынау – өзен, - дейді; оның үстіне тақтайдан көпір (ұзындығы 2-3м, ені 25-30см) салады да балаларға: Көпір арқылы жүруді үйренейік, - деп ұсынады. Балалардың бір-біріне соқтығыспай тек тақтайдың үстімен ғана жүруін бақылай отырып, тәрбиеші балаларға суға құлап кетпеуі үшін жай жүру керек деп ескертеді: балалар тақтаймен ары-бері 2-3 рет жүріп өтеді.
Картотека №55
Қимылды ойын: Жолмен (жалғыз аяқ жолмен)
Тәрбиеші өзіне балаларды шақырады да суретті көрсетіп, жолдың қандай түзу екеніне назар аударады (аралығы 20-30см екі қатар сызық). Бұдан кейін балаларға, сызықтан шықпастан, осы жол бойымен қыдыруды ұсынады. Балалар бірінің артынан бірі бір бағытпен жүреді де сол тәртіппен қайта қайтады.
Бұл ойынды таза ауада өткізген жақсы. Балалардың бір-бірімен соқтықпасы үшін, ойынға бір мезгілде 5-6 адам қатыстырылады.
Күзде учаскедегі жолды ағашқа қарай бағыттап, балаларға сол жолмен жүріп отырып 2-3 жапырақ әкеліңдер деп ұсынған жақсы болады. Бұл тапсырма ойынды жандандыра түседі. Ойын үйдің ішінде өткізілгенде, жолдың аяқталар жеріне жалаулар немесе басқа ойыншықтар қою керек, балалар оларды алып келеді.
Картотека №56
Қимылды ойын: «Паравоз»
Мақсаты: Балалардың бірінің артына бірі тіркеліп тұрып паравоз сияқты жүруге, өлең жолдарын қайталап айтуға үйрету.
Мазмұны: Қатар-қатар тұрайық,
Кәне, кәне, сұрайық.
Кімнің болса бойы ұзын
Паравозы пойыздың
Кімнің, апай, бойы ұзын
Паравозы ол пойыздың?!
Тәрбиеші бойы ұзын баланы көрсетеді. Сол бала паравоз болып алда тұрады. Ал қалғандары соның артынан ұстап тұра бастайды.
Ал, паравоз баста алға,
Бәрімізді басқар да!
Пш-пш, пш-пш!-біз кеттік
Жүрісті біз гулетіп
Жүрісті біз гулетіп
Гу-гу, гу-гу, гуілдеп
Қалып қойма біріңде
Пш-пш, пш-пш!-біз кеттік жүрісті біз үдеттік.
Картотека №57
Қимылды ойын: «Құлақ-мұрын»
Мақсаты: Балалардың дене мүшелерін дұрыс ажырата білуге және ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның шарты:Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды
Картотека №58
Қимылды ойын: «Сымсыз телефон»
Ойын бастаушы:
Қызық ойын бұл өзі,
Аты «Сымсыз телефон»
Ол хабарын үзеді,
Кібіртіктеп, бөгелсен.
Ал,балалар!
Баған боп,
Қатар-қатар тұрындар.
Жүрмес үшін алаң боп,
Ойын шартын ұғындар.
Ең сенімді, батылың,
Тұр тізбенің басына.
Сыбырлаймын ақырын,
Жақын келіп қасына.
Қайта сұрап өршіме,
Ойын шартын ұғын да,
Не естідің, көршіңе,
Сен де жаймен сыбырла.
Көршің естіп, ұққаның,
Көршісіне сыбырлар.
Мықты болсын ұстамын,
Даурықпандар дыбырлап,
Картотека №59
Қимылды ойын: «Құрылысшы»
Мақсаты: Балаларды құрылысшының қызметімен таныстыру. Қаншама үйлер, мектеп, балабақшаны құрылысшылар салатынын түсіндіру. Ойын арқылы үйлерді қалай салатынын көрсету. Құрылысшы маманының еңбегі зор екенін саналарына сіңіру. Еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.
Картотека №60
Қимылды ойын: «Біз спортшы боламыз»
Мақсаты: Ойындар арқылы шапшаңдық пен икемділікті, ептілікті арттыру. Балалардың дене тәрбиесіне деген қызығушылығын ояту. Балалардың ойынға деген белсенділігін арттырып, қимыл қозғалыстарының дұрыс болуын қадағалау. Ойын кезінде достық қарым-қатынасқа , саналы тәртіпке тәрбиелеу. Көрнекілігі: кегли, гимнастикалық скамейка
Картотека №61
Қимылдық ойын: « Тақия тастамақ».
Мақсаты Балаларды жалықтырмай ойын ережесін сақтап , жылдамдыққа , шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. балалардың зейінің дамыта отырып,жылдамдыққа үйрету.
Ойынның шарты: Тәрбиеші балаларды шеңбер бойына тұрғызады, әуен ойнап тұрады. Тәрбиеші тақияны алып балалардың артында жүреді. Әуен тоқтағанда екі баланың ортасына тастайды. Балалар орнынан тұрып,шеңбер бойымен бір-біріне қарама-қарсы жүгіреді.Тақияны кім алса,сол женімпаз.
Картотека №62
Қимылды ойын: «Жаяу көкпар».
Бақылаушы таңдалады, ол ойын ережесінің дұрыс жүрілуін бақылайды және ойын барысында тәртіп бұзбауын қадағалайды; ол ойыншыларды бір сапқа тұрғызады, сыйлықтан 30 қадам жерде финиш анықталады. Саптағы әр ойыншының міндеті қалған ойыншыларды жығып, сыйлыққа дейін жүгіріп жетіп, оны ұстап алып, онымен бірге финишке жету керек.
Картотека №63
Қимылды ойын: "Арқан түю"
Ойынның мақсаты: Балаларды байқампаздыққа, ұжымдыққа баулу.
Ойынның құралдары: арқан
Ойынның шарты: Ойнаушылар шеңбер жасап дөңгелене тұрғаннан кейін, қолында арқаны бар ойын жүргізуші топ ортасына шығады да: "Ойынды бастадым!" - деп дауыстайды. Содан соң арқанның түйілмеген басынан ұстап шеңбер бойымен айналдырады, ал ойнаушылар болса секіріп тұрып, арқанды аяқтарының астарынан өткізіп жібереді. Кімде-кім арқанды өткізе алмай, аяғына тигізіп алса, онда айып тартады. Көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді және орын ауыстырады. Осылайша ойын одан әрі жалғаса береді.
Картотека №64
Қимылды ойын: «Бауырсақ»
Ойынның мақсаты: Балаларға жақсы мен жамандықты айыра білуге үйрету.
Ойынның құралдары: Бауырсақ пен түлкінің маскалары
Ойынның барысы: Балалар маскаларды киіп, ойынға қатысады. Бауырсақ болып ойнайтын балалар түлкіден қашып құтылу керек. Егер ұсталса, онда түлкі болады. Автордың ролін ересек адам ойнайды: -Мен бауырсақпын, бауырсақпын!
Картотека №65
Қимылды ойын: «Ұйқыдағы түлкі»
Ойынның шарты: балалар арасынан «түлкі» сайланады. Ол алаңның бұрышына тұрады да, ұйқыға кеткендей кейіп танытады. Балалар алаңда жан-жаққа шашырап жүгіріп ойнайды.
Жүргізуші: «түлкі оянды» дегенде,барлық бала «түлкіден» сызықтың арғы жағындағы «үйге» қашады. «Түлкі» оларды қуалап ұстауға тырысады.
Картотека №66
Қимылды ойын:Асық ату
Мақсаты: Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту.Асық ойнату арқылы
балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу
Ойынның шарты:Аумағы 2-3 қадамнан тұратын шеңбер сызылады. Ортасына әр ойыншы келісім бойынша екі-үш асықтан тігеді. Сақасын иіру арқылы кезек алған ойыншылар 5-7 қадамдай жерде тұрып, тігілген асықтарды сақамен ата бастайды. Ойыншы сызықтың сыртына шыққан асықты ғана алады. Егер ойыншы бірде-бір асықты шеңбердің сыртына шығара алмаса, ойыннан шығады. Ойыншылардың бәрінің кезегі біткенде ойын қайта жалғасады.
Картотека №67
Қимылды ойын: "Теңге алу"
Мақсаты: Балаларды ойынды өз мәнінде өрбіте білу, жылдамдыққа баулу.
Ойынның құралдары: теңге, ағаш ат
Ойынның шарты: Екі топ ойыншылардың әрқайсысы жеке - жеке шыбықты ат қып мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді. Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20-32 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай (15-) екі шұңқыр қазылады. Әр шұңқырға он-оннан тас салынады. Екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп, қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша, шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, қол сұғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі қарай кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.
Картотека №68
Қимылды ойын: «Арқан тартыс»
Мақсаты: Балалардың өзара қарым-қатынастарын арттыру, шапшаңдыққа баулу.
Ойынның құралдары: арқан, бор
Ойынның шарты: Бұл ежелден келе жатқан көне ойындардың бірі. Ертеде оны малшылар ойнайтын болған. Ойынды кең алаңда, дене шынықтыру залында өткізуге болады. Ойынға қатынасушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Араларынан екі топқа ортақ ойын жүргізуші тағайындалады. Ойынға ұзын арқан таңдап алынады. Ортасынан 1-1,5 метрдей ашық орын қалдырылып, арқан әрбір 40- сайын түйіледі. Ортадан екі топты бөліп тұратын көмбе сызығы сызылады. Әр ойыншы бір-бір түйіншектен ұстап, бір-біріне қарсы қарап тұрады. Ойын басқарушының белгісімен басталады. Ортадағы көмбе сызықтан қай жақтың ойыншысы тартып өткізілсе, сол топ жеңіліп, оны тартып өткізген жақ жеңіске жетеді. Ойын осылай жалғаса береді.
Картотека №69
Қимылды ойын: «Қар лақтыру»
Мақсаты: балаларды дәлдікке, мергендікке тәрбиелеу. ойындар ойнау барысында балалардың дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуын дамыту, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру
Көрнегілігі: умаждалған қағаздар
Картотека №70
Қимылды ойын: «Қар жинау».
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын, бұлшық еттерін жетілдіру
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Ортада екі топқа да бірдей етіп қар үйілген. Берілген белгі бойынша шелекке қарды толтыру керек.
Картотека №71
«Қыз –қуу»
Мақсаты: Балаларды ұлттық ойын түрімен таныстыру.
Қазақ халқының ойынын ары қарай жетілдіріп дамыту.
Икемділікке, шапшандылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Балалар арасынан бір ер бала, бір қызды(ағаш атпен) қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені. Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.
Картотека №72
Қимылды ойын: «Егінші мен егін»
Мақсаты: шапшаңдықты дамыту, қимыл-қозғалысты арттыру.