Кеңестік қазақ әдебиеті: повесть жанрындағы ауыл өмірінің берілуіне баға беріңіз



Дата22.12.2023
өлшемі14,14 Kb.
#198759
Байланысты:
32.Кеңестік қазақ әдебиеті
ЖПТ -205 30.09.21, ЖПТ -205 30.09.21, ЖПТ -205 30.09.21

Кеңестік қазақ әдебиеті: повесть жанрындағы ауыл өмірінің берілуіне баға беріңіз
Кеңестік кезең тұсында нағыз қазақ әдебиетінің негізі қаланды. Оған дейін қазақта әдебиет болмады деген сөз емес, дәл сол қазақта бар әдебиеттің өркендеп, кең көсілуіне, құнды да көркем болуына әсер етті. Әдебиет дамып, прогрестік жолға түсті. Қазақ әдебиетінде әлемге танымал шоқтығы биік тұлғалар пайда болды. Олар – А. Байтұрсынұлы, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин, М.Дулатұлы, М. Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, І.Есенберлин, Қ. Аманжолов, М.Мағауин, М.Мақатаев. Бұл тұлғалар алып арнаға, адамзат ақыл ойының дариясына айналды.
Қазақ әдебиеті енді негізі қаланып, дами бастағаннан кейін де осынау ұлы тұлғалар әдебиеттің байып кеңеюі үшін әртүрлі бағыттағы шығармаларды жазды. Ол кезеңде ұлт зиялылары әдебиетпен де, қоғамдық өмірмен де айналыса жүретін. Көшбасшы тұлғалар өте білімді, оқып-тоқыған, ілім үйренген жандар болатын, олар өздерінің оқыған, үлгі алған әртүрлі шетел әдебиеттерінен тәлім ала отырып қазақ әдебиетін де көркейтті. Оған дейін қалыптасқан қазақтың ауызша әдебиеті енді үлкен бір арнаға – жазба әдебиетке айналды. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті еркін ойлы, өзіндік өрнегі мен нақышы бар, тілі көркем, бояуы қанық өзге бір әлем еді. Дәстүрлі әдебиетті, яғни, ауызша әдебиет нұсқаларын сақтай отырып өзгеше, ештеңеге де ұқсамайтын ұлттық әдебиеттің негізі қаланды.
Әсіресе, кеңес дәуірінің алғашқы жылдарында, яғни, ХХ басында қазақ топырағына роман жанры келе бастады. Барлық жазушылар дәл осы прозадағы роман жанрына машықтана бастады. Әр дәуірге бір жанр тән дейді ғұламалар. Дәл солай, кеңес кезіндегі қазақ әдебиетіне роман жанры тән десек қатеспеспіз. Алғаш қазақ романын М.Дулатұлы жазды, «Бақытсыз Жамал» 1910 жылы шықты. Одан Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», «Қартқожа» тәрізді үлкен-үлкен, профессионалды романдары жазыла бастады. Ж. Аймауытовтың қазақ романына алып келген жаңалығы – психологизм тәсілі болатын. Кейін бұл әдіс қазақ романдарында кең қолданыс тапты. Өлеңмен жазылған, алайда қазақ әдебиетінде роман атанып кеткен С. Мұқановтың «Сұлушаш» романы да жаңаша леп болып келді. Ал қазақ романистикасында ең үлкен әрі мақтанышпен айта алатын, шоқтығы биік шығарма М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы болатын. Мұның өзі – қазақ романы әлемдік тарихына өз бесігінде ержетіп, өз үнін, сәнін сақтай еркін қосылғанына нақты дәлел. Алғашқы романдардың тақырыптары өзара үндес, тақырыптас еді, көбінде әйел тақырыбын қозғайтын: «Бақытсыз Жамал», «Қамар Сұлу» (С. Торайғыров), «Ақбілек» (Ж. Аймауытов), «Қалың мал» (С. Көбеев), «Мұңлы Мариям» (Ш.Құдайбердиев), «Адасқандар» (С.Мұқанов).
Кеңестік кезең әдебиеті қазақ әдебиетінің құнарын арттырған, құндылығын кеңейткен кезең болды. Жазушыларымыз бен ақындарымыз да қазақ әдебиетін байыту мен дамытудың жолында аянбай еңбек етті. Әрі олар ұлттың рухани қазынасын негіздеді. Соған сай олар да ұлттың санасында мәңгі қала білді. Қазақ әдебиеті адам, қоғам, ұлт, бостандық, тәуелсіздік, елдік мәселелеріне терең бойлай алған ойшыл-философ, тума талант, ірі суреткерлер елдің болашағы мен ертеңіне қатты көңіл бөлді. Талантты қаламгерлердің қолынан туған шығармалар тек бір ұлттың ғана келешегін жасамады, сонымен қатар бүкіл адамзаттың тарихын жасады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет