Кейіннен естімей қалған тұлғаларды кохлеарлы импланттан кейінгі оңалту жұмысының ерекшеліктері оңалтудың бастапқы кезеңінде қолданылатын әдістемелер Оңалтудың негізгі кезеңінде қолданылатын әдістемелер Оңалтудың динамикасын бағалау



Дата20.01.2023
өлшемі30,71 Kb.
#165998
Байланысты:
Куатжан апай 06
dosty-brlk-pen-yntyma-negz, жеке даму карта орысша, Қашықтан оқыту технологиясының маңызы

Кейіннен естімей қалған тұлғаларды кохлеарлы импланттан кейінгі оңалту жұмысының ерекшеліктері 1 Оңалтудың бастапқы кезеңінде қолданылатын әдістемелер 2 Оңалтудың негізгі кезеңінде қолданылатын әдістемелер 3 Оңалтудың динамикасын бағалау
Кохлеарлы имплантацияға науқастарды іріктеу және отаның мазмұнын ашып көрсететін бірнеше мақалалар жазылған. Біз тек осы отаға дейінгі және отадан кейінгі естіп сөйлеуін педагогикалық оңалтудің ерекшеліктерін ғана ашып көрсетпекпіз.Есту қабілеті зақымдалған балалар негізгі екі топқа бөлінеді: нашар еститіндер және естімейтіндер. Халықаралық топтастыруға сүйенетін болсақ нашар естушіліктің төрт деңгейін, естімеушіліктің екі деңгейін ажыратуға болады. Кохлеарлы имплантация құрылғысы естімейтіндерге және нашар естушіліктің үшінші және төртінші деңгейіне тағайындалады. Бірақ, осы кохлеарлы имплантация отасына тағайындаудың бірнеше ережелері ұсынылған. Соның ең негізгісі отаға дейінгі алты ай шамасында естуі зақымдалған балалар үздіксіз түрде қолайлы таңдалған сандық есту аппараттарын тағуы қажет және жай тағып қана қоймай сурдопедагогтан, логопедтен түзету курсынан өту міндеттеледі. Есту қабілеті зақымдалған балалармен педагогикалық түзету жұмысында сурдопедагогпен логопедтің алатын рөлі ерекше. Себебі, отаға дейінгі есту аппаратымен естіп қабылдауда, кохлеарлы имплантация құрылғысын орнатылғаннан кейін науқас өзбетінше ауызша сөйлеу тілін меңгеруде көптеген қиындықтар кешеді, кей жағдайда мүлдем игере алмауы да мүмкін. Аталған мамандар науқастың есту аппараты арқылы қалдық есту деңгейін жетілдірумен, егер науқас кейіннен естуін жоғалтқан болса ауызша сөйлеу деңгейін сақтап қалумен жұмыс жасайды. Есту аппаратын тағу арқылы науқас естіп қабылдауға тәжірибесін жинайды және ауызша сөйлеу тілін жетілдіре түседі. Отаға дейінгі педагогикалық түзету жұмысы үздіксіз және өнімді жүргізілсе отадан кейінгі науқастың естіп қабылдауын жетілдіру, ауызша сөйлеуін дамыту, дыбыс айтуын қалыптастыру жеңіл әрі тез жүргізіледі.
Сөйлеу тілін меңгергенге дейін есту қабілетін жоғалтқан барлық балалар кохлеарлы имплантацияның көмегімен дауыстың қалыпты күшін естуге және дыбыс ортасына қалыпты бағдарлануға қабілетті. Әйтсе де ұзақ естіп-сөйлеуін оңалту курсын қажет етеді және оның тиімділігі баланың ота жасау кезіндегі жасына, оның жеке ерекшеліктеріне байланысты болады . Кохлеарлы имплантация жасаудың және қолданудың ең тиімді кезеңі 2-3-жасқа дейінгі уақыт болып табылады. Себебі, жоғарғы жүйке жүйесінің есту және сөйлеу орталықтарында аталған жас кезеңінде сырттан келіп түскен ақпараттарды өңдеу тез әрі жеңіл өтеді . Біздің елімізде кохлеарлы имплантацияның көмегі арқылы естіп, сөйлеу деңгейін бағалайтын қазақтілді әдістеме жоқтың қасы деп айтуға да болады. Бұл мәселені шешуде кохлеарлы имплантталған балаларға арналған мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді, отадан кейінгі оңалту жұмысын қамтамасыз ететін және мамандардың (сурдопедагогтың, логопедтің, психологтың) қызметін реттейтін тұрғылықты жерден түзету орталықтарын ашуды қажет етеді.Акустикалық сигналдарды күшейтетін есту аппаратынан кохлеарлы имплантацияның айырмашылығы акустикалық сигналдарды тек күшейтіп қана қоймай, есту жүйкесін белсендендіріп тұратын электрлік импульстарға айналдырады.Кохлеарлы имплантация бұл тек хирургиялық жолмен жасалатын ота ғана емес, отаға үміткер науқастарды іріктеу, кешенді диагностикалық тексеру (сурдопедагогтың және логопедтің тексерунінен міндетті түрде өту), хирургиялық жолмен ота жасау және отдан кейінгі естіп сөйлеу тілін оңалтудан тұратын іс-шаралар жүйесі болып табылады.Кохлеарлы имплантацияға үміткерлер жоғарыда шолып өткеніміздей отаға дейін кем дегенде алты айға дейін сандық есту аппаратын үздіксіз тағуы қажет. Қазіргі уақытта сандық есту аппараттарын өндіруші бірнеше Европа елдерінің, Американың, Австралияның ірі компаниялары бар және олар жылдан жылға есту аппараттарын қажет ететіндерге арнап ең қолайлысын өндіруде. Десек те есту қабілеті терең зақымдалған жандар үшін қандай қолайлы, сандық есту аппараттары жасалмасын қоршаған ортадағы барлық дыбыстарды естуі қалыпты адамдарша естуіне мүмкіндік бермей отыр. Бірақ, мұнда біз ешбір көмегі жоқ емес тек толық ауызша сөйлеу тілін меңгеруіне көмегін тигізе алмауын атап кетіп отырмы.Отаға дейінгі алты ай көлемінде есту қабілеті зақымдалған балалармен жүргізілетін ең бірінші жұмыс түрі - ол балаға есту аппаратын үздіксіз тағуға үйрету. Есту аппараттарын алғаш тағайындаған күннен бастап ол ойын баласы үшін өте қызықты «ойыншық» болып көрінеді. Есту деңгейіне қарай бағдарламаланған есту аппараты қоршаған дыбыстарды, кейбір жоғары жиілікті дыбыстарды қабылдауда жағымсыздық тудырмайды. Бірақ аталған талаптар сақталмаған жағдайда есту аппаратын үздіксіз тағу балаға қолайсыздық әсер тудырады, әрине ол баланың есту аппаратынан бас тартуына дейін әкеліп соғуы мүмкін.Қолайлы таңдалған есту аппаратымен жүргізілетін келесі жұмыстың түрі - баланы қоршаған дыбыстарға (машина, жел, құстар дауысы, жақын адамдарының дауысы) қызықтыру болып табылады. Кохлеарлы имплантқа үміткер науқастың көптеген қоршаған дыбыстарға жауап реакциясы болмайды. Мұндағы біздің басты міндетіміз баланың есту мүмкіндігіне қарай естіп қабылдауын жетілдіру.
Үздіксіз алты ай есту аппаратын тағып, қалдық естуін жетілдірген науқасқа ота жасап, кохлеарлы имплантация құрылғысын орнатуға болады. Отадан кейінгі оңалту курсы баланың жеке ерекшеліктеріне қарай қысқа және ұзақ уақыттық болып бөлінеді. Ота ерте жасалған балаларға ауызша сөйлеу тілін игеруге шамамен екі жылдай уақыт керек болса, үш жастан кейін жасалған балаларға одан да ұзағырақ уақыт қажет болады.
Қоршаған дыбыстарды имплант арқылы өңдеу жоғарыда айтып кеткеніміздей есту аппаратынан біршама ерекшеленеді. Отадан кейінгі педагогикалық оңалту жұмысы да бірашама өзгеше. Алғашқы түзету курстарында бала кохлеарлы имплантпен дыбыстарды қалай қабылдайтынын тексеріп аламыз. Егер бала отаға дейін тек жоғары жилікті және кейбір қоршаған дыбыстарды ғана естісе, отадан кейін ол барлық жиіліктегі (жоғары, орта және төмен жилікті дыбыстар) дыбыстарды, тілдік емес (құстардың сайрауы, жаңбырдың даусы, иттің үргені) және тілдік дыбыстарды (жеке дыбыстар, буындар, сөйлемдер) естиді және ажырата алады.Кохлеарлы имплантациядан кейінгі оңалту жаттығулары акустикалық ақпараттарды қабылдауға қабілеттілігін дамытуда келесі сатыларын өзіне қосады: акустикалық сигналдардың бар және жоқтығын анықтау; акустикалық сигналдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау (біртүрлі және әртүрлі); адамның дауысын және басқа тілдік емес тұрмыстық дыбыстарды ажырату; тұрмыстық сигналдарды тану; дыбыстардың түрлі сипаттары бойынша анықтау (жиілігі, ұзақтығы, жоғарылығы және т.б.); сөйлеу тілінің жеке дыбыстарын ажырату және тану, сөйлеу тілінің сегмент аралық сипаттарын (интонация, ритімін), фонемалық белгілерін (қатаң, ұяң, үнді, қаттты және жұмсақ, артикуляциялық орнын т.б.); жеке сөздерді, сөйлемдерді тану; біркелкі сөйлеу тілін түсіну; кедергі келтірілген жағдайда сөйлеу тілін және тұрмыстағы дыбыстарды түсіну және ажырату. Әрине бұл жерде аталған процесстер бірден бола қоймайды, тек белгілі кезектілікпен нәтижелі болатын жұмыс.Соңғы уақытта кохлеарлы импланттардың жетілуіне қарай және осындай науқастарды оңалту бойынша тәжірибенің жинақталуынан кохлеарлы импланттқа науқастарды іріктеудің ережелері. Қазіргі таңда қосымша бұзылыстардың (көрудің зақымдалуы, балалар церебральды сал ауруы, зият қазымдығы) болуы кохлеарлы имплантация үшін қосымша көрсеткіш болып таболып табылады. Зияты зақымдалған кохлеарлы имплантталған балалармен жұмыс тәжірибесі де кездеседі. Ауызша сөйлеу тілін дамытудың шектеулі мүмкіндіктеріне қарамастан импланттың көмегімен жоғарыда аталған балалар қоршаған ортадағы дыбыстарға бейімделе алады. Есту қабілетін ауызша сөйлеу тілін меңгергенге дейін жоғалтқан 8-15 жас аралығындағы балаларға кохлеарлы имплантация орнатуға көптеген мамандар келіспейді. мұндай балалардың тілді меңгеру құзыреттілігі және есту тәжірибесі едәуір төмен, ал тілді меңгеруге деген жоғарғы ми орталықтарының қабілеті ерте жастағы балалармен салыстырғанда нашар. Аталғанның бәрі ауызша сөйлеу тілін түсінуге және өзіндік сөйлеу тілін қалыптастыруда мүмкіндіктері шектеулі екендіктерін көрсетеді. Бұл жағдайда баланың дыбыстар әлімін естіп және өмір сүруіне деген жеке қызығушылығы ғана маңызды болып табылады. Көбінесе кохлеарлы имплантацияға барудың шешімін ата-аналар қабылдайды да, баланың өзі қажет етеді ма, жоқ па түсініксіз жағдай болып қала береді. Әрине оның салдары, біздің мемлекетімізде жасөспірім жастағы балалар имплантты қолданудан бас тартады, мұндай жағдайлар көптеген дамыған мемлекеттердің тәжірибесінде де кездесіп жатыр. Бөлімшеде Ресей Федерациясының СанктПетербург қаласындағы кохлеарлы имплантацияға дейінгі және кейінгі оңалту шаралары бойынша тәжірибесі бай «Құлақ, тамақ, мұрын және тіл патологиясының ғылыми зерттеу институтында» білім жетілдіру курстарынан өткен мамандар (сурдопедагогтар, логопедтер) қызмет етіп келеді. Бөлімшенің басты міндеті - есту қабілеті зақымдалған балаларға (есту аппаратымен, кохлеарлы имплантпен протезделген) кешенді медициналық педагогикалық көмек көрсету болып табылады. Орталықта аудиолог сурдологпен сурдопедагог, логопед тығыз бірлесе отырып көмек көрсетеді. 
Есту қабілеті зақымдалған балаларды қоғамға кіріктірудің негізгі жолдарыныңбірі кохлеарлы имплантацияның көмегімен ауызша сөйлеу тілін меңгеруге көмектесу. Басқа дамыған мемлекеттердей біздің мемлекетімізде де есту қабілеті зақымдалған балаларды кохлеарлы имплантацияның көмегімен оңалту ең тиімді жол болып тұр. Кохлеарлы имплантацияға дейінгі және кейінгі педагогикалық оңалтудың өзіндік орындары бар. Отаға дейін ешбір түзету жұмысын жүргізбестен отадан кейінгі нәтижелі түзету жұмысына ұмтылу мүмкін емес. Аталған тақырыптағы бірнеше мәселелерді зерттеу тек сурдопедагог, логопедтердің ғана емес медицина қызметкерлерінің қызығушылығын да оятып отыр. Кохлеарлы имплантация мәселесі медицина мен педагогиканың тоғысқан жері десек те қателеспейміз. Сол себепті де бұл тақырыпты әлі  де зерделеу маңызды болып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет