Ақ кеме
«Ақ кеме» кітабында әдебиеттегі көне дәстүр – синкретикалық жанр байқалады. Атап айтқанда көркем туындыда ертегі, аңыз, тәмсіл, трагедия, фантастика жанрларының барлығы дерлік көркемдік тәсіл ретінде қолданылған. Суреткердің әр туындыдан кейін жаңа шығармашылық сатыға биіктегені көзге анық шалынады. Повестегі ақ кеме – жазушының белгілі бір меңзеуі, астарлы ойы, айтар сыры. Ақ кеме – баланың күте-күте аңсары ауып, санасын сарғайтқан белгісіз әкесі қызмет атқаратын мекен-жай іспеттес әсерде қалдырады. Әкесіне асыққан жас баланың аңсауы, сағынышы да ерекше аңғарылады деп білемін.
Повесте ұрпақтар жалғастығы, сабақтастығы мәселесі баланың жүргізуші-солдатпен өзара әңгімесінде нақты көрсетіледі. Ата-бабалар шежіресін білу, жеті атаға дейін жаңылмай айту кейіпкерлердің мінез-құлқы және іс-әрекеті арқылы емес, өзара диалог арқылы беріледі. Бала әкесін де, шешесін де көрмеген, есіне түсіре алмайды. Бірақ әкесінің Ыстық көлде матрос болғанын біледі. Ал анасы әкесімен ажырасқан соң, баласын атасына қалдырып, өзі қалаға кетеді. Содан кейін одан бірде-бір хабар болмаған. Бала Ыстықкөлде жүзген ақ кеме ішінде әкесі бар екенін, оны көргісі келетінін армандайды. Жазушының «Ақ кеме» повесінде қосақабат өрілген екі сюжет бар. Бірі – баланың ақ кеме туралы ертегісі. Екіншісі – атасының, яғни Момын қарияның Ана-бұғы туралы ертегісі.
Кейіпкерлер:бала,Момын-қария,Оразқұл,жүргізуші-солдат.
Робинзон Крузо
Адам баспаған иесіз аралда қалған Робинзон Крузо адамзат өркениетінң жүріп өткен жолын қайта өткеріп, өз тіршілігін қалпына келтірген. Р. Крузо қауіпті де алмағайып жалғызілікті ғұмырында пешенесіне жазылған адам төзгісіз қиындықтардың бәріне төтеп берген. Адамның ақыл–парасаты мен ерік–жігерінң сынға түсіп, шар болаттай шындалуының әдеби–көркем баянының үздік үлгісі баяндалған.
Ертегі
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.
Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады.
Ақ кеме повесінде және Робинзон Крузо әңгімесінде ертегі ретінде айтуға болады себебі екеуінде де қиял ғажайып мақсатты түрде пайдаланып әңгіме әрі қарай өзінше дамып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |