> Aizhanym🎀:
Кәсіпорынның кредиторлық және дебиторлық қарыздарын аудиторлық тексеру дебиторлық қарыздардың құрылуын қарастырудан басталады. Ол үшін дебиторлық қарыздар бөлімінің синтетикалық шоттары бойынша есебінің дұрыс жүргізілуін тексереді.
Өнімді (жұмыс,қызмет) сатудан түскен кіріс қосымша құн салығын,акциздерді және тағы сол сияқты салықтар мен төлемдерді, сонымен қатар қайтарылған тауарлар құны сатудан шегерулер, бағадан шегерулер алынып тастап көрсетіледі.
Негізгі қызметтен кірістер тауарлық материалдық босалқыларды сатудан, қызмет көрсетуден сонымен қатар негізгі қызмет түріне байланысты сый ақы, процент, дивидент, ренталық төлемдер түріндегі кірістерден алынуы мүмкін. Онын шамасы құжаттар мәліметтері негізінде 6000-бөлімінің шоттарының кредиті бойынша анықталады. Кәсіпорындар қазіргі кезде өнімді сатудан түскен түсімді есептеу әдісі бойынша анықтайтын болғандықтан сату мерзімі деп өнімді жөнелту, жұмыс қызметті беру және банкке төлем құжаттарын беру уақыты саналады. Өнімді сату қаржы айналымының сонғы сатысы болып табылады. Оның көлемі кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі сауда айналымы мен рентабельдік көрсеткіштерге байланысты. Сондықтан сату процесі өнімді өткізу мен және сату мен байланысты кәсіпорын басшыларының басты назарында болады. Оны жоспарлау кәсіпорынды тапсырыстармен қамтамасыз етуден басталады. Соның негізінде номенклатура бойынша жоспарлар жасалынады. Тапсырыстар, өнімге тапсырыс берушілермен материал мен жабдықтаушылармен келісіледі. Сатып алушылардың тапсырыстарының ассортименті, жөнелту мерзімі, өнімнің саны, сапасы,бағасы,есеп айрысу формасы келісім-шартта қарастырылады.
Сату және қаржылық нәтижелердің қалыптасу кезеңі бойынша тест жүргізу кезінде аудитор осы кезең арқылы шаруашылық операцияларының өтуін куәландыратын ақпараттарды зерттейді.
Сату және қаржылық нәтижелердің қалыптасу кезеңі дайын өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) сатумен, негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің және басқа да активтердің сатылуымен, кәсіпорыннан шығуымен байланысты шаруашылық операциялары кіреді. Бұл операциялардың нәтижелері бойынша кәсіпорында дебиторлық қарыздар пайда болады және қаржылық нәтиже анықталады.
Бұл кезеңнің шаруашылық операцияларын тексеру үшін аудитор ішкі ақпарат көздерінен алынған мәліметтердің де, сыртқы көздерден алынған мәліметтердің де дұрыстығына дәлелдеулер алады. Осы цикл аудитінің орталығы 1210 «Сатып алушылардың және тапсырысшылардың дебиторлық қарыздары» шоттарының дебеті мен кредитін растау болып табылады.
Бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесі мен сату және қаржылық қорытындының қалыптасу кезеңі бойынша олардың арасындағы байланыс аудитінің мақсатына қол жеткізу көзқарасымен 1210 «Сатып алушылардың және тапсырысшылардың дебиторлық қарыздары» шотының мысалында келесі сызба арқылы көрсетіледі.
Кредит Дебет
6010 1010
6210 Дебет Кредит 1020
6250 1210 1210 1030
6280 1040,1050
3130
2-сызба. Сату кезеңінің бухгалтерлік есеп шоттарының өзара байланысы
Келтірілген тексеру әдісі бұл циклдағы аудит орталығы 1210 «Сатып алушылардың және тапсырысшылардың дебиторлық қарыздары» шотының дебеті мен кредитін растау болып табылатындығын дәлелдейді. Бұл шотта сатып алушылардың және тапсырысшылардың өнімді жөнелткен кәсіпорынның алдындағы қарызының нақты бары мен қозғалысы жөніндегі ақпараттар жинақталады.
Шоттың дебетінде дайын өнімдерді келісім бағасы бойынша сатып-өткізу және қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.
> Aizhanym🎀:
Кредитінде сатып-өткізілген өнім үшін төлемдердің келіп түсу операциялары, алдын-ала алынған аванстардың есепке алынуы, қайтарылған тауарлар бойынша дебиторлық қарыздардың жойылуы, қайтарылған тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы, жеңілдіктер беру, сенімсіз борыштарды кезеңдік шығыстарға жатқызу және т.б. көрсетіледі.
Сатып-өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу циклы аудитінің негізгі бағыттары – дайын өнімді кіріске алудың толықтығын, сатып-өткізуден алынған табысты және сатып-өткізілген өнімнің өзіндік құнын есептеудің дұрыстығын, сонымен бірге дебиторлық борыштардың пайда болуын анықтау.
2. Қаржылық қорытынды есептің қалыптасуы мен сату кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі
Өнімді жөнелту және сату дұрыстығын тексеруге аудитор мыналарды анықтау қажет:
- Дайын өніммен жабдықтауға келісім шарт жасалғаны және олардың толтырылуынын дұрыстығы.
- Өнімді жөнелту құжаттарының толтырылуының дұрыстығы.
- Жөнелтілген өнімге баға белгілеу дұрыстығы.
- Жабдықтауға жасалынған келісім-шартқа сәйкес өнімді жабдықтаушыдын жеткізу бойынша шығындар төлемін ескере отырып босату бағасынынң белгіленуінің дұрыстығы.
- Жөнелтілген өнім үшін банкке төлем талап тапсырмаларын берудің уақытылығы.
- Егер өнім тікелей жабдықтаушының қоймасынан босатылатын болса , өнімді босату бойынша құжаттардың толтырылу дұрыстығы.
- Дайын өнімнін қоймалық есебінің ұйымдастырылу дұрыстығы.
- Өнімді (жұмыс, қызмет) жөнелту және сатудың аналитикалық және синтетикалық есебін жүргізудін дұрыстығы.
- Өнімді жөнелту және сату бойынша бухгалтерлік жазулардын дұрыстығы.
- 6000- негізгі қызметтен түскен кіріс бөлімшесінін шоттары бойынша жазулардын Бас кітап жазуларына және қаржы шаруашылық қызметінін нәтижелері туралы есеп беру формасына сәйкестігі.
Құрамына нормативтік-құқықтық құжаттарға, нұсқауларға және кәсіпорында бақылауды ұйымдастыру жөніндегі ережелерге сәйкестікке тексеру жүргізу, бақылау сәттерін тестілеу және талдамалық процедуралар жүргізу кіретін ішкі бақылау жүйесінің процедураларын зерттеу аудиторға тәуекелдікті бағалауға мүмкіндік береді. Бақылау тәуекелдігі, әсіресе, басшылардың дәлдік, бағалау, құқық және міндеттемелер сияқты пайымдаулары бойынша төмен бағаны сирек алады, сондықтан аудиттің бұл бағыттары бойынша объектіге қатысты тексеру жүргізу қажет.
Қаржылық қорытынды есеп берудің дұрыстық категорияларын басшылыққа ала отырып, сатып-өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу циклы аудитінің негізгі мақсатын білдіретін басшылықтың ең басты пікірлері анықталады:
-толықтық категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау;
-дәлдік категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау;
-нақты бар болу категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау;
-бағалау категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау;
-құқық және міндеттемелер категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау;
-ашып көрсету категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау.
сату және қаржылық қорытындының қалыптасу кезеңі бойынша тексерілетін құжаттардың тізімі төмендегі кестеде келтіріледі.
Сату және қаржылық қорытындының қалыптасу кезеңі аудитін жүргізу кезіндегі ақпарат көздері 4-кестеде көрсетілген.
Кесте-4 сату және қаржылық қорытындының қалыптасу кезеңі аудитін жүргізу кезіндегі ақпарат көздері
№
Ақпарат көздері (нысандардың атаулары)
1
Бизнес-жоспары
2
Өнімдермен жабдықтау келісім-шарттары, келісім төл құжаттары
3
Қаржылық қорытынды есеп беру
4
Есеп регистрлері, типтік шоттар жоспарының 1210,1420 және т.б. шоттары бойынша
5
Тапсырыстар, төлем құжаттарының көшірмелері
6
Шот-фактуралар
7
Тауарлы-көліктік накладнойлар, шығыс накладнойлары
8
Кедендік декларациялар, сертификаттар
9
Есеп айырысуларды салыстыру актілері
10
Орындалған жұмыстардың актілері, орындалған жұмыстарды тапсыру-қабылдау актілері
11
Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу тізімдемесі
12
Жөнелтілген тауарларды түгендеу актісі
13
Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу нәтижелерін салыстыру ведомосты
Аудиторлық процедуралардың маңыздыларының бірі – дебиторлық борыштарды реттеу. Бұл растаудың негізгі міндеті – бар болу, бағалау және дәл болу мақсаттарына қол жеткізу.
> Aizhanym🎀:
Егер сатып- өткізудің барлық көлемі сатып алушылардың есеп регистрлеріне кірмеген болса, онда алынуға тиісті шоттарбойынша сомалардың азаюын баланс баптарын тестілей отырып ашу мүмкін емес. Сатып-өткізу көлемінің және дебиторлық борыштардың азаюын бәрінен бұрын нақты жүзеге асырылған, бірақ жөнелтудің есебі арқылы өтпеген операцияларға тексеру жүргізу кезінде және талдамалық процедуралар арқылы анықтауға болады.
Растау жөнінде берілген сұрауларға сатып алушылар көңіл аудармаған кезде аудитор тауармен ілесіп барған құжаттарды қарайды. Дебиторлар мен кредиторларға жеке клиенттердің сальдолары бойынша тексеру жүргізу өнімді жөнелту және табыс алу бойыншща ілесіп барған құжаттарды қарау жолымен орындалады.
Объектіге қатысты тексеру жүргізу кезінде аудиторлар дебиторлар шоттарының елеулі сальдосын және өткен кезеңдерде борыштарды туындатқан шоттарды егжей-тегжейлі зерттейді.
Өзінің қорытынды пікірлерін аудитор тексерілген бастапқы құжаттардың және есеп регистрлерінің мәліметтерімен, орындалған бақылау арифметикалық есептеулердің нәтижелерімен негіздейді. Аудит өткізу барысында табылған қателерді және бұзушылықтарды аудитор жұмыс құжаттарына тіркейді.
3. Дебиторлық қарыздар аудиті
Есеп айырысу жағдайы дебиторлық қарыздардың болуымен сипатталады, ол кәсіпорынның қаржы жағдайы тұрақтылығына елеулі ықпал жасайды.
Есеп айырысуды бақылаудың ықпалды тәсілі дебиторлық және кредиторлық берешектердің, кірістік құжаттарды тіркеудің дұрыстығына функционалдық аудитті уақтылы өткізу, тіркелген құжаттарды төленген құжаттармен салыстыру болып табылады. Бұл тұрғыдан қарағанда, кірістік ордерлер бойынша алынған ақшаны иемдену, ұрлану жағдайларының бар жоқтығын анықтау қажет. Кассалық ордерлерді тексеруде және төлеушінің қолына құжат беруді тіркеудің жоқтығы немесе шоттардың төленбеуін атап өту маңызды.
Дебиторлық берешектің функционалды аудитінің негізгі процедураларының үлгі бағдарламасы келесі кестеде ұсынылған.
Кесте-4 Дебиторлық берешектің функционалдық аудитінің бағдарламасы
Аудит процедуралары
Ақпарат көздері, бағалау тәсілдері мен критерийлері
1
2
1. Келісім-шарттың міндеттеме-лерін орындау мен дебиторлық берешектің шынайылығын тексеру
Жабдықтау-келісім-шарттар, шарттарды, жабдықтаушыларды, шот-фактураларды, нарядтарды, тапсырыстарды тіркеу жур-налдары
2. Дебиторлық берешек есебі, жабдқтауды және оларга төлеуді бақылау функцияларын орындауды талдау
Есеп, аудит және ішкі бақылау-стандарттары, нұсқаулықтар, бұйрықтар, үкімдер, бастапқы құжаттар, 1200бөлімінің шоттары
3. Мәліметтерді жинау мен деби-торлық берешек түрлері, көлем және мерзімдер бойынша жіктеу
Сатып алушылармен, есеп беретін адам-дармен, кәсіпорын қызметкерлерімен және басқа дебиторлармен есеп айырысуларды түгендеу материалдары (түгендеу мен есептерді салыстыру, дебиторлардың қатынас хаттары және т.б.)
4.Дебиторлық берешектің жағдайын дебиторлармен есеп айырысуды түгендеу, өткізу жолымен тексеру
Бас кітап, 10 журнал-ордер, «Күмәнді талаптар бойынша резервтер» аналитикалық есепті, «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі» шоттары бойынша мәліметтерді кәсіпорын басшысының дебиторлық берешекті есептен шығаруға арналған бұйрығы
5. Дебиторлық берешектің жара-тылысы мен көлемін талдау және төлемеу себептерін анықтау
6. Күмәнді талаптар бойынша ре-зервті жасаудың негізділігі мен оларды пайдаланудың дұрысты-ғын тексеру
7. Дебиторлық берешекті уақ-тылы өтеудің зандылығы мен _ шынайылығын талдау
*
журнал-ордерлер, сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі жөніндегі тізімдеме 1210 шоттары бойынша аналитикалық есеп мәліметтері
1
2
8. Сатып алушылармен, тапсырыс берушілермен, есеп айырысуды атқарудың, вексельмен төлегендегі операцияларды көрсетудің дұрыстығын тексеру
Контрагенттермен шарттар, төлем тап-сырмалары, банк көшірмелері, анықта-малық-нормативтік ақпарат
9. Дебиторларға тілек-талапты ре-сімдеу мен ұсынудың уақтылығы мен дұрыстығын тексеру
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен шарттар, дебиторларға және т.б. тілек-талаптар
10.