Киіз басудың жаңа технологиясы Жүн түрлері және жүннен жасалатын бұйымдар Түйе жүні



Дата05.04.2020
өлшемі247,66 Kb.
#61586
Байланысты:
№10СӨЖ Киіз басу

Киіз басудың жаңа технологиясы

  1. Жүн түрлері және жүннен жасалатын бұйымдар

Түйе жүні — жабағы, боздақ, шуда деп үшке бөлінеді. Жабағы деп – түйенің ұйысқан, киіздей болған жүнін айтады. Жабағының астынан өсетін үлпілдек жүнді боздақ дейді. Жабағы жүнінен жеңіл, жылы күпі тіккен, шапанға салған, әртүрлі жіптер иіріп шекпен, белбеу тоқыған. Түйенің шуда жүні дегеніміз — мойнындағы, тізесіндегі, екі өркештің үстіндегі салалы қылшық жүні. Бұдан жамау-жасқаулық жіп иіріледі. Ертеде шуда жіппен тон-шалбарларды тіккен. Сонымен қатар шуда жіптерді шертер сияқты ән-күй аспаптарына ішек жасауға пайдаланған.

Түйе жүні



Қой жүні және одан жасалатын бұйымдар. Қазақ халқының ескі заман дәуірінен сөнбес мұра болып, ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, ұзақ жылдар өзіндік тарихымен елімізді бүкіл әлемге мәдени қол өнерімен танытып келген«далалық өркениеттің» алтын бесігі Ұлы Дала кеңістігінде қалыптасқан.

Қой жүні – қой терісінде өсетін түк, түбіт, қылшық. Қой жүнінен киіздің кейбір түрлері мен иірілген, жіптерінен киім тігіліп, кілем, бау-басқұр тоқылатын, арқан-жіп есілетін және тұрмыстық, шаруашылық бұйымдар жасалатын, қойдан қырқып алынатын ең маңызды өнім. Қойдан басқа да жүн, түбіт, қыл-қылшық беретін малдар болғанымен, олардан алынатын өнім қой жүнімен салыстырылғанда өте аз түседі. Төрт түліктен алынатын барлық жүн мөлшерін салыстыра қарағанда, бүкіл өнімнің 80-90 пайызын қойдан алады. Өндірілетін барлық жүн түрінің 10-15 пайызы ғана түйе, ешкі, жылқы түлігінің үлесіне тиеді. Мұның өзі қазақ жерінде көне замандардан бері қой өсірудің қаншалықты маңызды болғанын көрсетеді. Қой жүні басқа мал түрлерінің жүнінен өзінің мынадай қасиеттерімен ерекшеленеді:

–  қой жүні мейлінше мықты; оның мықтылығын өзінің жіңішкелігіндей сымтемірдің беріктігімен салыстыруға болады;

–  жіңішкелігі дәл өзіндей заттардың бәрінен қой жүні жеңіл;

–  қой жүні жылуды жақсы сақтайды;



–  қой жүні созылғыш; қой жүнінен жасалған киімнің және т.б. бұйымдардың (тоқым, алаша, кілем, дорба) су мен дымқылдан иленбейтіні соған байланысты;

  • қой жүні бояуды жақсы сіңіреді, ұзақ уақыт бойы бояуын жоғалтпайды.

Қой жүні түліктің жас ерекшеліктеріне, қойдың дене мүшесіне (қой денесінің қай жеріне өскеніне), жыл маусымына, жүннің сапасы мен құрамына қарай ажыратылады.


Ешкі жүнін түбіт, қылшық деп екіге бөледі.

Түбіт – ауыл шаруашылық малдары мен аңдардың жіңішкелігі 25 мкм-ге жетпейтін, жіңішкежүн талшықтары. Биязы жүнді қойлар мен түбітті ешкі тұқымдарының жүн жабындысы түгелдей түбіттен тұрады. Түбіттің басты қасиеттері – жылу сақтағыштығы, көп ылғал сіңіргіштігі, т.б. ескере отырып мата, тоқыма киімдер, кілем, аяқ киім, киіз, т.б. бұйымдар жасауға мүмкіндік береді. Технологиялық және тауарлық сапасы физикалық қасиетін (жіңішкелігі, ұзындығы, беріктігі, серпімділігі, түсі, жылтырлығы, т.б.) анықтайды. Түбіт көбіне ақ, қара, қоңыр түсті болады. Ақ түсті түбітті кез келген түске бояуға болатындықтан, жоғары бағаланады. Түбіттің басқа жүн талшықтарынан (аралық талшық, қылшық, өлі және құрғақ қылшықтар) басты морфол. айырмашылығы – құрамында бос, ауалы кеңістіктің, елеулі өзек қабатының болмауы. Осы ерекшелік түбіттен жіңішке де мықты жіп иірілуін, соған орай, сапалы да әдемі мата, киім-кешек тоқылуын қамтамасыз етеді. Асыл тұқымды биязы жүнді қой, түбітті ешкі шаруашылығында түбіт сапасы мен мөлшері негізгі селекц. белгілердің бірі болып табылады. Осы шаруашылықтардың эконмикалық тиімділігі де елеулі деңгейде түбіт өнімділігінің мөлшері мен сапасына байланысты. Соңғы уақытта әлемдік нарықта “Арнайы талшықтар” деген атпен танымал болып отырған жіңішкелігі 17 мкм-ге дейінгі меринос қой, түйе, альпака, лама және ешкі түбіттеріне деген сұраныс тұрақты түрде артып отыр. Жіңішкелігі 19 мкм 1 кг түбіт 21 мкм түбітпен салыстырғанда 2 есе, ал 17 мкм түбіт 19 мкм түбітпен салыстырғанда 2 есе қымбат. Әлемде ең қымбат түбіт – австралия мериностарының биязы жүні. Осыған орай ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі Мал шаруашылық және ветеринария ғылым-өндірістік орт-на қарасты Қой шаруашылық ғылыми-зерттеу инстуттының ғалымдары биязы жүнді қойларды өсіру, асылдандыру және ешкі шаруашылық бөлімдерінің ғалымдары арнайы ғылыми жұмыстардың әдістемеліктеріне сай қой, ешкі және өте жіңішке түбітті түз тағылары – жабайы арқар мен иір мүйізді жабайы ешкілерді түраралық будандастыруда пайдалана отырып, жіңішке түбітті мал топтарын шығару жұмыстарын іске асыруды қолға алды.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет