Киіз үй[1] — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.[2]
Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.
Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстанжер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.
Үй құрамы
Киіз үй сүйегі
Киіз үй қаңқасын немесе киіз үй сүйегін атадан балаға мирас болып келе жатқан шеберлік кәсіпті меңгерген, өнер қонған шаңырақтар дайындайды. Ежелгі аты “қаңқа” сөзі болғанымен соңғы атау қазіргі ауызша да, әдеби тілде де көбірек пайдалануына байланысты біз де “киіз үй сүйегі” атауын пайдаландық.
Киіз үй сүйегі арнайы дайындалған ағаш сырықтар мен бұтақтардан дайындалады. Олар желге, жабылатын киіз салмағына, әсіресе кенеттен пайда болатын дала құйынына шыдамды етіп жасалынуы қажет.
Киіз үй формасының дөңгелек түрде алынуы, барлық бөлшектерінің бір-бірімен айналмалы, қозғалмалы (шарнирлі) етіп жалғастырылуы киіз үйді жел екпініне, жер сілкінісіне төзімді етеді жҽне киіз үйдің бұндай қасиеттері кездейсоқ құйын соғып, не қатты дауылға шыдамай құлаған жағдайда үйлерді аз ғана шығынмен қайта тұрғызуға мүмкіндік береді.
Өмірлік тәжірибе құлаған киіз үйдің ең көп зақымданатыны уық қаламдары екенін көрсетіп жүр. Бұндай жағдайға ұшыраған киіз үй сүйектері зақымданған уық қаламдарын сәл ұзартып, қайта қаламдаумен шектеледі де, үй қалпына келтіріледі
Шаңырақ
Басты мақаласы:Шаңырақ Киiз үйдегi кеңiстiк — қазақ дүниетанымының тоғысқан жерi. Осында адам дүниеге келедi, үйленедi және соңғы сапарға аттанады. Яғни адамның түздегi тiршiлiгiн қоспағандағы өмiрi осында өтедi.
Киiз үй — ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, киiз үй баспана ғана емес арғы әлеммен байланыстырып, қаскөй рухтардан қорғайтын киелi орын. Қазақ үйдiң киесi шаңырақтан бастау алады.
Шаңырақ — қасиеттi. Шаңырақ — күннiң символы. Шаңырақ көтерiлiп жатқанда ешкiм сөйлемейдi. Өйткенi ұлы iс атқарылып жатқанда үнсiздiк орнауы тиiс. «Жетi уық шаншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi» деген сөз осының дәлелi. Шаңырақтың төрт күлдiреуiшi — төрт тарапты бiлдiредi. Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз.
Ертеректе шаңыраққа үрлеген қарын байлап қоятын болған. Оның мәнiсi, құт құйылады деп есептеген.
Шаңырақтың астында ошақ орналасады. Ошақ — адамның оты. Шаңырақтың үстiнде Алланың оты маздаса, төменде адамның оты лаулайды.